VIII ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФОРМАЛАРЫ
8.1 Музыка сабағы жалпы музыкалық білім беру жүйесінің
негізгі формасы екендігі
Мектептердің оқу жоспарында міндетті
пән ретінде бекітілген,
«Музыка» сабағы 1 – 4 сыныптарда аптасында 1,5 сағат, жалдық жүктеме
бойынша 51 сағат (204 сағат) көлемінде жүргізіледі. 8 - 11 сыныптарда
жыл бойына «Өнер» сабағы ретінде 17 сағат бөлінген. Сондықтан да соңғы
кездері музыка өнерінің қайраткерлері жалпы білім беретін мекемелердегі
«өнер» сабағы сағаттық жүктеменің төмендігіне наразылықтарын
білдіреді. Олар, әсіресе бастауыш сыныптарда музыка сабағын көбейтуді,
барлық мектептердігі музыка сабағына және мұғалімдеріне жағдай жасау
керектігін айтып жүр.
Қазіргі кезде білім беру Мемлекеттік
стандарт бойынша бастауыш
және жалпы білім беретін мектептерде «Музыка өнері» пәнін оқыту
бекітілген. Төмендегі берілген мәтіндер (қысқартылып алынды – Н.Д.)
негізгі нормативтік құжат болып есептелуі.
Осы бойынша жұмыс
жоспарларын, әдістемелік ұсыныстар,
тәжірибешілік сабақты
ұйымдастыруға бағытталуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: