ІІ ТАРАУ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МУЗЫКА ӨНЕРІ Музыка - өнердің ішіндегі ең ерекше орын алатын өнер. Өнердің ең
сезімтал түрі де осы өнер. Адам музыканы тек жан дүниесімен қабылдап
сезінеді, оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да балаға музыканы
сезіндіру арқылы қабылдатып, музыка өнерінің құдыретін жеткізе аламыз.
Өйткені, музыкалық шығарманың басқа өнерден айырмашылығы оның
мәнерлілігінде. Сол себептен музыканы балаға жай сөзбен емес, өнер
тілімен ғана ұғындарып бере аламыз (А.А.Мелик- Пашиев).
Музыкалық білім берудің қоғамдағы педагогика философиясында әр
түрлі пікірлер бар: алғашқылары, музыканы жеке тұлғаның көркемдік,
әсемдік, құндылықтың дамуына әсер ететін құрал ретінде қараса, енді
біреулері, музыкалық білім беруде жеке тұлғаны ең алдымен музыкалық өз
құндылықтарын түсіндіру негізінде тәрбиелеу керек дейді.
Сондықтан да, бүгінгі таңда музыкалық білім процесінде музыканы
жалпы қоғамдағы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншілік
туғызатын ерекшелік ретінде қарастырады.
2.1 Музыкалық білім беруді жүзеге асырудағы музыкалық өнердің қызметі Сәби алғаш дүниеге келгеннен бастап музыканың сиқырлы күшіне
бөленеді, ол оның ішкі жан-дүниесіне бойлай еніп, әсер етеді.
Музыкамен қарым-қатынас жасау, бір жағынан жеке тұлғаның
рухани дамуын, өзіндік өрістеуін жақсартса, екіншіден, музыкалық
қызметтің ұжымдық түрі (хормен және ансамбль құрамында ән айту,
бірлескен музыкалық ансамбльде ойнау т.б.) оқушылардың музыкалық-
шығармашылық қызметінің дамып, қалыптасуын қамтамасыз етеді, оларды
музыканы ұжымдық түрде сезініп, жақындастыра түседі.
Музыкалық білім беру жүйесі (тәрбие, оқыту, дамыту) оқушының
эстетикалық сезімін, көркемділікті, әсемдікті сезініп, түйсінуін өнер мен
қоршаған ортаның бір-бірімен үйлесімділігін арқылы эстетикалық ләззат
алуына жағдай жасайды.
Музыка өнерінің өзіне тән қоғамдық қызметі бар. Ол қызмет жас
ұрпаққа музыкалық тәрбие беріп, оқыту барысында анықталады.
В.Н.Холопова ол қызметтерді былайша жіктеп көрсетеді:
коммуникативтік қызмет, ақиқат болымыстың бейнелену қызметі,
7
этикалық, эстетикалық, қағидалық (каноническую), эвристикалық,
танымдық-ағартушылық және қоғамдық-өзгертушілік.
Музыкалық білім беруде бұл қызметтер бір жағынан өзге де
қоғамдық қызметтермен бірлесе әрекет етсе, екіншіден орардың өзіндік
бағыт-бағдарымен ерекшеліктері бар.