Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет6/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Коммуникативтік қызметі
Д.Д.Шостаковичтің сөзімен айтқанда: «Суреткер бір адамның ішкі
сезімін миллиондаған адамға жеткізе алады және де бүкіл адамзаттың жан
дүниесін бір адам ашып бере алады». Бұдан музыканың коммуникативтік
қызметі мүмкіншілігінің жоғары деңгейін көреміз. Өкінішке орай, осы
қызметтің бар мүмкіншілігі педагогикалық практикада толық қолданылмай
келеді (В.Н.Холопова).
Ақиқат болмыстың бейнелеу қызметі
В.Н.Холопова музыкадағы ақиқат болымысты бейнелеу қызметінің
үш аспектісін ашып көрсетеді: идеялардың бейнелеуі, сезімнің бейнелеуі,
заттар әлемінің бейнелеуі.
Білім беру процесінде бұлардың барлығы біртұтас мазмұнда
көрінеді. Әсіресе, оқышылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін
ескере отырып, музыка сабақтарында өнердегі ақиқат болымысты бейнелеу
қызметіне ерекше көңіл бөлініп, түсіндіріледі.
Бастауыш сыныптардағы оқушылар ең алдымен музыкада
бейнеленген адамның ішкі сезімін және өздерін қоршаған ортаның
бейнесін сезуі керек. Ал жоғарғы сыныптарда музыкадағы көркемдік
идеялардың бейнелеуін ашып көрсетуі тиіс.
Этикалық қызметі
Бұны А.С.Пушкин мына бір қанатты сөзінен көреміз: «... ақындық
асқақ шабытпен, оятатын әсем сезімді». Бұл сөзді музыкант – педагогтар:
«Әсемдік жақсылықты туғызады», - деп қоштайды. Музыканың этикалық
қызметін осыдан-ақ байқаймыз.
Эстетикалық қызметі
В.Н.Холопова музыканың эстетикалық қызметін «әдемілік» және
«үйлесімділік» категорияларын түсіндіреді. Оның айтуынша: «Әсемдік,
әдемілік, үйлесімділік әрдайым музыкалық туындының ең басты
көрсеткіштері болып келеді».
А.Г.Бутниктің зерттеунше, музыка өнеріндегі эстетикалық қатынасқа
жататындар: эстетикалық қабылдау, сезіне білу және бағалау. Автордың
айтуынша, бұл қатынастар музыкалық өнердің ерекшеліктеріне
байланысты айқындалады. Зертейшінің пікірінше, эстетикалық
қатынастың басты белгілеріне: музыкалық кемелділікті әсемдік көзқарасы
8


тұрғысында бағалау; әр жанрдағы туындыларды қанағаттанарлық сезімде
қабылдау; қабылдаудың әржақтылығы; сезімнің нақтылығы; музыкалық
туындылардың мазмұнына бағалаудың сәйкестігі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет