Зерттеушінің айтуынша,
жас жеткіншектер тез шаршауға бейім,
сондықтан оларға музыка пәні мұғалімі әр тұрлі жұмыс формаларын
алмастыра отырып, жұмыс жоспарын мозайкалы жүйемен құру керек. Бұл
кезде сабақтың көңіл-кұй өрісіне бағытталған дұрыс.
Ал енді, жеткіншекерге қарағанда жас өспірімдер күш-қуатының
молдығымен ерекшеленеді. Олар берілген жұмысты құмарлықпен тез әрі
жылдам орындайды. Мұндай кезде жас өспірімдердің басым көпшілігін
организімінде өзгерістер болып жатқанын пән мұғалімі есте ұстау керек.
Әсіресе, ән сабақтарында өте мұқият болғаны жөн. Өйткені жас
өспірімдердің
дене құрылысы дамып, бойы өсіп, дауыс шымылдығында
өзгерістер жүре бастайды. Бұның барлығы қалыпты физиологиялық даму.
Тағы бір ескеретін жағдай – ұл баламен қыз баланың физиологиялық
дамуы әр басқа: қыз балаларда жеңіл өтсе, ұлдарда күрделі жүреді, ұл бала
мен қыз баланың арасында қарым-қатынасы да өзгереді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың жас өспірім айырмашылықтарын
ажырата біліп, олардың физиологиялық дамуын, мінез-дүниесімен сезе
білген мұғалім ғана оқушылардың музыкалық қажеттіліктерін
қанағаттандырып, музыкалық тәрбие
беруде өз мақсатына жететіні
күмәнсіз.
Достарыңызбен бөлісу: