Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет64/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Қорқыттың күйі "Қорқыт ". Тындау.
Тарихымыздағы ұлы түлғалардың бірі - шығыс
философы Әл-Фараби. Әл-Фараби "Музыканың үлкен
кітабы" атты трактатында музыка теориясы гармония -
үйлесімділік, яғни, музыканы жүрекке қондыра
қабылдаудың психологиясы, музыкалық шығармаларды
орындаудың әдіс-тәсілдері сияқгы өзекті мәселелерді сол
кездің өзінде-ақ терең ғылыми талдап, дәлелдей білсе,
күні-бүгінде өз мәнін жоймай, музыка ғылымы мен өнердің
дамуына үлкен әсерін тигізіп отыр. Ұлы ғұлама ғалым
музыка теориясы бойынша:
-
музыка - адамның жан дүниесіне көркемдік
жағынан әсер етеді;
-
ән мен музыка адамда көркем, эстетикалық
сезімдерді
туғызу
арқылы,
кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден
арылуына ықпал жасайды,- деп, тұжырымдар жасаған.
"Фараби 
сазы " композиторы Кенжебек
Күмісбеков
а)
тыңңату, әңгімелеу
б)
виолончельде орындап, негізгі тақырыбына дауыс
жаттықтыру.
Қазақ ССР-ң еңбек сіңірген өнер кайраткері, талантты
композитор Кенжебек Күмісбеков - Қызылжар өңірінің
азаматы (Павлодар өңірі). Ол профессионалды қазақ
музыка өнерінің жан-жакты дамып, көркейе түсуіне өзіндік
үлесін қосқан. "Дала сыры", "Қорқыт туралы аңыз", "Фараби
сазы" т.б. көптеген шығарма, поэмалар жазып, күй өнерін,
оның ізгі дәстүрін жалғастыруда шығармашылықпен еңбек
97


еткен. "Фараби сазы" атты күй - поэмасы қазақтын ұлы
ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толу
мерекесіне арналған шығарма.
Өнер, соның ішінде музыка, бір халықтың шеңберінде
шектеліп калмаған. Сюжеті, мазмұны бірнеше халыққа
ортақ болған. Тілі, түсі бөлек болса да, музыка әр елде
аудармашысыз-ақ өз жалғасын тапқан.
Соның бірі, тарихта өзіндік орны бар, рок-музыканы
дамытушы британдық "Битлз" тобы. "Битлз" тобы
Ливерпуль каласында 50-жылдардың аяғында құрылды.
1963 жылы - альбомын шығарды, 60-жылдардың ортасынан
бастап әйгілі рок-тобына айналып, бірнеше альбом-
дискілерін шығарды. "Битлз" көне мен жаңаны үйлестіре
білді. Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон,
Ринго Старр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет