Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Культура и искусство в современной



бет7/9
Дата15.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#137494
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Культура и искусство в современной

образовательной системе. -

Астана, 2001. С 14-18
Қарамолдаева Д.О. Алматы

РОК - МУЗЫКА СТИЛІ ТАРИХЫНАН

Музыкадағы «стиль» ұғымына терең бойласақ, ол белгілі бір мазмұнды білдіру үшін қолданылатын музыканы мәнерлеу кұралдар жүйесі больш табылады. Әдебиеттердегі бұл жайындағы тұсініктемелерде «музыкалық шығармалардың стилъ ерекшеліктерінің бірлігі, белгілі бір кезеңнің - тарихи шарттарына, композитордың көзқарасы мен олардың шығармашылық әдісіне, музыкалык - тарихи кезеңнің жалпы зандыдықтарына сүйенеді» делінген. Мәселені осы тұрғыдан талдау аталған сұрактың үш бағытта қарастырылатынын меңзейді (тарихи, ұлттық, жеке).

Біздің тоқталғалы отырғанымыз - рок стилінін калыптасу тарихы. Рок-музыка өткен ғаеырдың 50-жылдарында Америкада пайда бола бастады. Оған тән белгілер - оның электрлі - музыка аспаптарында орындалуы және осыған орай олардың, тек өздеріне ғана тән дыбыс ерекшеліктерінің болуы. Қандай да болмасын дәстүрлі аспаптарда рок стилінде орындадатын музыкаларға қажетті дыбыс бояуы мен күшейту құралдарын таба және сол қалаған мәнерде жеткізе алмайсың. Яғни, рок стиліндегі орындалатын музыкалық шығармалар тек элекрлі аспаптарда ғана ойналуы тиіс деген сөз. Рок музыка стилінің тарихына тоқтала отырып, оның осы ерекшелігіне назар аудара кетуді жөн көрдік.

Аталған стилъдің қалыптасып, әрі карай өте тез шапшаңдықпен дамуына, сол кездегі музыкалык туындылардың орындалу ерекшелігінің үш түрлі бағыты себепкер болды. Атап айтар болсақ: коммерциялық максатта туындаған жеңіл музыка; кантри-энд вестерн және ритм-энд-блюз. Бұл бағыттардың ішіндегі ең «құдіреттісі» коммерциялық мақсатта туындаған жеңіл музыка еді. Өйткені, оның, тындаушылары көп және бұл бағытты ұстанғандар да жетерлік болды. Аталған бағытты ұстанғандар негізінен «крунинг» деп айдар тағылған стильде ән салушылар болды. Оның мәні-майда қоңыр дауыспен, әнді жүрек елжірете, үзілдіріл микрофонмен айту.

Кантри-энд вестерн болса, ол негізінен белгілі шығармалар тыңдаушылардың талғамын қанағаттандыратын бағыт болып табылады. Оны бұл бағытты ұстанушылар орындайтын шығармалардың тақырыптық мазмұнынан байқауға болады (жол, саяхат, матрос, ковбойлар т.б.).

Үшінші бағытымыз - ритм-энд-блюз. Бұл бағыттың негізінде негрлердің блюзі мен анық та айқын би ырғағы жатыр – «Қарапайым негрдің қуанышы мен кайғысынын көрінісін бейиелейтін блюз алғашқы кездерде ак нәсілді бозбалалардың көңіл көтеруіне арналған негізгі құралға айналды, оның шын мәніндегі мазмұнын ешкім қажет қылған жоқ. Мәтіннің эмоциялык әсерін мәнерлеп күшейте түсу үшін пайдаланылатын аспаптық сүйемелдеу тәсілдері, оның мазмұнынан тыс, сырттай осерлік пен үстемелік үшін ғана колданылатын» - деп жазады музыка зерітеушісі Ю.Форкельман.

Осы ритм-энд-блюз негізіндегі алғащқы рок стилінде орындалған музыкалық шығармалардың ішінде, жастар арасына кең тарағаны рок-н-ролл болды. Бүл кездегі тындаушыларға рок-н-ролл королі атанған Элвис Преслидің есімі жаксы таныс.

60-жылдардағы аталған стильде орындаушылардын көрңекті өкіліне әиші-композитор Боб Диланды да жатқызуға болады. Өзінің әнді фольклорлық орындау мәнерін рок стилімен шебер ұштастыра білуі арқасында жаңадан қалыптасқан «фольк-рок» бағытының тууына себепкер болды.

Оның көрнекті өкілдеріне Белорустің «Песняры», Украинаның «Кобза», Ресейдің «Ариэль» ансамбльдерін жатқызуға болады. Бұл бағытты ұстанушылар Қазақстан Республикасында да көптей шыға бастады. 1968 жылы Қазақтан мемлекеттік қыздар педагогика институтында «Айгүл» вокалды - аспаптык ансамблі құрылды. Одан басқа «Шертер», «Жетіген» т.б. ансамбльдерді айтуға болады.

«Айгүл» ансамблі ұлттық музыка өнеріміздің сан қырлы иірімдерін пайдалана отырып, халых қазынасына айналған «Қамажай», «Ал-қызыл тас», «Дайдидау», «Гүлдерайым», Құрманғазының «Ақбай», «Аман бол шешем, аман бол» күйлері мен әндері секілді тамаша туыңдыларды сахнаңа шығарды. Америкадан бастау алған рок-музыканың әсері басқа шетелдердегі аталған музыкалык, стильдің қалпы ұштасуына өте зор ықпал етті. Егерде өткен ғасырдың 50 - жылдарының ортасында ритм-энд-блюз стилі Англияда мүлдем белгісіз болса, 60 - жылдарының басында жастар арасында кеңінен таралып, жер-жерлерде көптеген ансамблъдер құрылып, етек жая бастады. Олардың орындаған музыкалары «биг-бит» немесе қарапайым бір сөзбен ғана «бит» деп аталды. Оның негізі ырғактан құралды. Бит (ағылшынша Беаі) тікелей «соғу», «ырғақ», «қағу» деген ұғымды білдіреді. Ойнау ерекшелігіне келер болсақ, егер рок-н-роллда барлық топ мүшелері әуен ырғағын бірдей орындаса, «бит» топтарында ырғақ өрнегі негізінен бас гитара мен ритм гитараға және соқпалы аспаптарға бөлініп беріледі. Былайша айтсақ, бір тактіде орындалуға тиісті ырғақ өрнегінің бірінші үлесін бас гитара мен соқпалы аспаптардың үлкен барабаны, әрі қарай ритм гитара жалғастырады, жалпы ырғақты байытатын тұтасымен соқпалы аспатттар сүйемелдеп отырады.

«Бит» топтары негізінен үш гитара және соқпалы аспаптардан тұрды, кейінірек электроорган қосылды. Бұлардың тағы бір ерекшелігі - оның әрбір мүшесі әрі әнші, әрі аспапта орындаушы болуы тиіс. «Бит» музыканың ең көрнекті өкілдері ағылшынның «Битлз» тобы болды. Олардың музыкалык бағыты «роккенроллға» негізделген және «твист» ырғағы мен «госпэлдің» ән айту мәнерінің косындысынан қалыптасты. Негрлердің «госпэл» деп аталатын діни музыкасы тек Америкада ғана емес, басқа да көптеген шетелдерде өзінің орындалу мәнерімен рок музыканың қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Бұндағы ең басты мәселе - госпэлдін өзіне ғана тән орындау мәнері. Бұл мәнерде орьшдаушылар сахнада толығымен өзін-өзі ұмытып, ән құдіретіне беріледі, арасында айкай-үйқайға, дүбір-дүбірге де жол беріледі, оның ырғағы бірнеше рет құбылып өзгеріп отырада. Госпэлдің тағы бір қыры - аспаптык ырғақтың бір ырғақта үзіп-үстін қайталануы және әр кайталанған сайын адамның дене-бетін қоздыратын түрлі дыбыс эффектілерін колдану, оның өзіне ғана тән гармониялык айналымдар, әннің сұрак-жауап негізіне құрылуы. «Битлз» тобының тек Англияда ғана емес, әлемнің музыка өнерінде жарқырап шығуы олардың оз репертуарын басқа ансамблдерге ұксатпай, үнемі жаңаша үлгі іздестіруге мәжбүр етті. Таза электрлі музыкалык аспаптардан басқа, кейбір камералық аспаптардың үндерін және классикалық музыканың түрлі элементтерін колданды. Басқа ұлт музыкаларының ырғақтары мен интонациясы да «Битлз» репертуарындағы шығармалардан көрініс тапты.

Олардың ізбасарлары бұрынғы Кеңес Одағында да көптеп шыға бастады. Атап айтсак, кезінде атақты болган Молдованың «Норок», Ресейдің «Поющие гитары», «Самоцветы», «Весслые ребята», Әзірбайжанның «Гая», Украинның «Червона рута», Грузияның «Орэро», Қазақстанның «Досмұқасан», «Гүлдер», «Степные маки» тағы баска көптеген өнер ұжымдары. Бұл топтар ВИА (вокалды - аспапты ансамбльдер) деп аталды. Аталуы бөлек болғанымен ұстанған бағыты жоғар төңірегінде болды. Әрине, әр ансамбльдің өзіндік қолтанбасына сол елдің тарихы, дәстүрлері, әдет - ғұрпы, халық тілі және тағы басқалары әсер етті. Оларды дүрсілдеген ырғактан басқа да иірімдер пайда бола бастады. Қазіргі кезден рок-музыка жалпы көпшліктің, оның жастардың өзіне ең бір етіне жакын, музыка алемінде орны бар, құрылысы жағынан оте күрделі, қарама-толы, қуатты да, мықты кұбылыс атанды десек

Жоғарыда келтіргендей, рок - музыка стилі де күрделі, халықи және кәсіби болсын, ол музыканың салаларына терең бойлай еніп, өзінің ықпалын тигізді, орындалып жүрген көпшілік әндердің жолы роктың әсерінен елеулі өзгеріске ұшырады (эмоция жағынаң болсын, түрлі орындау тәсілдерін, дыбыс-құбылта колдану, интонациялық жағынан болсын). Оны жылдардың орындаушыларының репертуарынан бай болады. Аранжировка жасаушылар (әрине, кәсіби деңгейі жоғары білімділері) әсіресе, халык әндерін, көптен орындалмай «архивте» жатып қалған композиторлар әндерін барынша құбылтып, алуан түрлі ырғаққа түсірді. Оның барлығы бірдей жоғары үлгіге сай дей алмаймыз. Әрине, дегенмен де көггшілік кеңілінен шығып, «емірге екінші рет қайта келіп» жатқан әндер қаншама.

Мысалы «АБК» тобының орындауындағы «Қүсни-Қорлан», М.Арынбаевтың орындауындағы Ыбырайдың «Гәккуі», Сәмединованың орьшдауындағы «Құралай», «Тәмирис» тобының орындауындағы «Есік алды долана», ән «Толағай», «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы», Батырхан Шөкеевтің орындауындағы «Япырай», А.Нұрмағамбетованың орындауындағы «Шилі өзен», Р.Рымбаеваның орындауындағы «Шақырады көктем» т.б.

Өткен ғасырдың 50 - жылдарынан бастау алып, осы уақытқа дейін «өмір сүріп» келе жатқан рок музыканың өзі де көп жылдары өзінің құрылымы жағынан күрделі езгеріске толы. Қатардағы рокенроллдан жоғары деңгейдегі туындылар - өнер қатарына көтерілді. Рок музыканың өзіне ғана тән оның негізі болып есептелетін карапайым да қарадүрсін елкі ырғақ та осы уақытқа шейінде өзінің құрылымы жағынан орындауға өте күрделі өрнекке айналды. Осы бағытта білім алғандар болмаса, қатардағы өнерпазға мұндай ойнап кету өте қиынға соғатыны хақ.

Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Айтар болсақ: харды-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, дшо, файк, фыожн, фольк - джаз т.б.

Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның (музыканың) басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай да бастады. Ағылшынның «Сгеат», Американың «Сһісаро» қатарын алатын болсак, олардың шығармаларындағы рок, джаздың ұйлесімділік тапқаны соншалык, кай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің белгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э.Фитццжеральд, Дж.Смит, Д.Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильден шығармаларды орыпдады.

Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның ішінде мысалы ретінде «Исус-Христос - суперзвезда» - рок операсын, «Волосы» - рок мюзиклі, Бернетайнның рок-мессасын, Қазакстаңдық А.Серкебаевтың «Маугли» рок - балетін т.б. алуға болады.

Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарыктау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2006 жылы, жұрт кұлағы таза, үңді, табиғи дыбысты іздей бастағандай.

Поп музыкасы. (Мақалалар жинағы) құраст. Фрадкина Э. А., Л., 1977.
М.М.Нағымова (Орал)

МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

Қазіргі кезде мектептерде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәжірибе жинақталған дей тұрғанмен музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе берілген тақырыпты ашу мақсатында материалдарды зерделі пайдалану жолдары аз зерттелген. Музыка сабағында қолданылатын өнер материалдарын сабақтастыкта қолдана білуде көп қиналамыз.

Оқушы бойьнда өнер туындыларының тұтастай көрінуі үшін салыстырмалы, қарама - карсылық принциптерді пайдалана отырып, шығармаларды тез қабылдауға әсерін тигізіп, танымдық қызығушылығын тудыратын тәсілдерді көбірек берген жөн. Окушыларға шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез-құлқының өзгешелігін ескеріп, тиімді өткізуге тырысқан дұрыс.

Өнер соның ішінде музыка адамның сеніміне, адамгершілік сезімталдық қасиеттерінің қалыптасуына игілікті әсер етеді. Сондықтан да халық өз ұрпағының өнердің сан-саласынан толык мағлұматы болуын аңсап, қатты көңіл бөлген. Өнер шығармаларының түрі де, мазмұны да сан алуан. Оны тыңдата, көрсете, білдіре отырып, достықка, жолдастыкқа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулуға болады.

Музыка - ерекше өнер түрі. Оның көп жакты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яки сәби шағынан басталып, жүйелі жалғасын тапқаңда ғана көркемдікті, әдемілікті терең сезіне біліп, жан-жакты, ақылды, парасатты, тәрбиелі болуға баулуға болады. Өнерді сабақтастыра беру жолдарын көрсету үшін республика көлемінде (Алматы, Павлодар) берілген сабақ жоспарларын ұсына отырьш, шығармашылыкта жеткізілген осындай тұтас тарихы бар, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, жалғасын тапқан өнер аркылы өнегелік сезімдерін дамытып, танымдық деңгейін көтеруге болатынын дәлелдеуге тырыстық.

Сабақты кұрастырған: М.Өтемісов атындағы БҚМУ "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Нағымова Мендығаным Мергенбайқызы.

Сабақтын тақырыбы: "Өнер өлмес, жалғасын тапса..."

"Мәңгіліккпен үндесе білген өнердің ғана көсегесі көгереді"

Ә.Кекілбаев

Сабактың мақсаты: Қоркыт, Әл-Фараби сынды ұлы адамдармен таныстырып, олардың өнеріне тән ете отырып, үйлесім гармониясы бай, келісімді өнердің бір халықтың шеңберінде шектеліп қалмай, оның сюжеті, мазмұны бірнеше халыққа ортак болатынына "Битлз", "Веселые ребята", "Дос-Мұқасан" ансамбльдерінің репертуарын тыңдата отырып, осындай жалғасын тапқан музыка өнерінің мәңгілік екендігіне көздерін жеткізу.

Көрнекілігі: Видеопроектор, теледидар аппаратура, композиторлар портреті, әннің сөзі, ноталық материал, бас қобыз, сырнай аспаптары.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс.

Өткізу әдісі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі.

2) Жаңа материалдармен таныстыру.

Әлемнің тұтас көрінісін жасайтын, сонымен бірге, ой мен сезімнің тұтас бірлігін беретін адам әрекетінің бір түрі ол - өнер. Сондықтанда, халық өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпактан-ұрпаққа жеткізген. Өнер -жеке тұлғаның сезіміне, ойына, ерік-жігеріне әсер етіп, оқушының жекелік қасиетін, ой-пікірін, оның рухани әлемін, көзқарасын, рухани қабілетін дамытады.

Қорқыт - атақты жырау, дарынды күйші, кемеңгер ойшыл. Қорқыт

атадағы аңыз-әңгімелер философиялык ойға толы және мазмұнды, ғасырлар өтсе де өзінің мәнін жоғалтпаған, өмірдің үнемі өзгеріп, жаңарып отыратындығын сөз етіп, "Өлмейтін емір кілті - өнер" - деп ой толғайды.

"Өлімді өнермен жеңуі" - асқан кобызшы күйшілігінің әрі эпостық жырлармен музыкасының арқасында жазушы Мұхтар Әуэзов "...Қорқыт өлмеудің амалын өнерден табады" - деп жазады. "VII - ғасырдан жеткен Қоркыт күйлері өзінің бар тарихи болмысымен есіктегі малшыға да, төрдегі ұлыққа да бірдей түсінікті еді. Қорқыт күйлерінің күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз орындалатыны қайран қалдырады. Бұл ұлы далада жасалған мәдениеттің біртұтастылығын, біртектілігін, даралығын әйгілейді, яғни, Қорқыт күйлері көркемдігімен, көнелігімен, көптігімен ғана назар аударып қоймайды, шындықты көркем бейнелеуде адамгершілік, дүниетанымдық сипатымен, саф тазалығымен, тіршілікпен қойындасып жатқан шынайылығымен халық арасында өз мәнін жойған жоқ" - деп жазады ғалым Ақселеу Сейдімбек.



Қорқыттың күйі "Қорқыт ". Тындау.

Тарихымыздағы ұлы түлғалардың бірі - шығыс философы Әл-Фараби. Әл-Фараби "Музыканың үлкен кітабы" атты трактатында музыка теориясы гармония - үйлесімділік, яғни, музыканы жүрекке қондыра қабылдаудың психологиясы, музыкалық шығармаларды орындаудың әдіс-тәсілдері сияқгы өзекті мәселелерді сол кездің өзінде-ақ терең ғылыми талдап, дәлелдей білсе, күні-бүгінде өз мәнін жоймай, музыка ғылымы мен өнердің дамуына үлкен әсерін тигізіп отыр. Ұлы ғұлама ғалым музыка теориясы бойынша:



  • музыка - адамның жан дүниесіне көркемдік жағынан әсер етеді;

  • ән мен музыка адамда көркем, эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы,
    кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал жасайды,- деп, тұжырымдар жасаған.

"Фараби сазы " композиторы Кенжебек Күмісбеков

а) тыңңату, әңгімелеу

б) виолончельде орындап, негізгі тақырыбына дауыс жаттықтыру.

Қазақ ССР-ң еңбек сіңірген өнер кайраткері, талантты композитор Кенжебек Күмісбеков - Қызылжар өңірінің азаматы (Павлодар өңірі). Ол профессионалды қазақ музыка өнерінің жан-жакты дамып, көркейе түсуіне өзіндік үлесін қосқан. "Дала сыры", "Қорқыт туралы аңыз", "Фараби сазы" т.б. көптеген шығарма, поэмалар жазып, күй өнерін, оның ізгі дәстүрін жалғастыруда шығармашылықпен еңбек еткен. "Фараби сазы" атты күй - поэмасы қазақтын ұлы ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толу мерекесіне арналған шығарма.

Өнер, соның ішінде музыка, бір халықтың шеңберінде шектеліп калмаған. Сюжеті, мазмұны бірнеше халыққа ортақ болған. Тілі, түсі бөлек болса да, музыка әр елде аудармашысыз-ақ өз жалғасын тапқан.

Соның бірі, тарихта өзіндік орны бар, рок-музыканы дамытушы британдық "Битлз" тобы. "Битлз" тобы Ливерпуль каласында 50-жылдардың аяғында құрылды. 1963 жылы - альбомын шығарды, 60-жылдардың ортасынан бастап әйгілі рок-тобына айналып, бірнеше альбом-дискілерін шығарды. "Битлз" көне мен жаңаны үйлестіре білді. Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон, Ринго Старр.



"Битлз " тобыныц орындауында бір ән тыцдау.

Шетелде дамыған рок-музыка, Ресей елінде өз жалғасын тапты. Тек "рок" деген сөз жоғарыда отырған бастықтарға ұнамай, сондықтан да жаңадан ұйымдастырылған ұйым (ұжым) ВИА - вокалды аспаптар ансамблі деп аталды. Рок-музыка топтарына қарағанда құрамы көбірек, толықтырылған. Ырғақ беретін ұрмалы аспап (барабан) пен бас гитарадан баска 2 гитара, клавиштік аспап, үрлемелі топқа (саксофон, тромбон, труба) бірнеше солистер, т.б., олардың бірнеше үнтаспалары, магнитофондык ленталары шықты.

1967 жылы Москвада "Веселые ребята" ансамблі құрылды (жетекшісі Павел Слободкин). 20 жылдан астам уақыт ішінде бұл ансамбльдің құрамында Александр Буйнов, Александр Барыкин, Вячеслав Малежик, Вячеслав Добрынин, Александр Градский, Алла Пугачева т.б. болып, жұлдызға айналып жеке бөлініп шықты.

Осы кезде "Самоцветы", "Песняры", "Ариэль" т.б. ансамбльдер құрылып, жастардың сүйікті топтарына айналды.

Соның бірі қазақстандық, аты аңызға айналған, кұрылғанына 35-жыл толған тойларын атап өткен "Дос-Мұкасан" ансамблі. "Дос-Мұқасан" ансамблі 1967 жылы (жігіттер ансамблі) болып құралған болатын.

Жайдарман (халыц әні), Туган жер (М.Құсайынов) — тындау.

"Дос-мұқасан" репертуарынан "Су тасушы қыз" әнін үйрету.

а) Әнді орындап беріп, көрсету; ә) Әннің сөзін қимылмен үйрету; б) Әннің әуенін үйрету; г) Мәнерлеп орындау.

Сабақты қорытындылау:

Ойланайықшы, балалар: "Мәңгілікпен үндесе білген өнердің ғана көсегесі көгереді" дейді халык жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамыз. Өлмейтін өнер деп, осындай жалғасы бар, өнерді айтамыз. (Үйде шығарма жазып келу).



Сабақ тақырыбы: "Жарасымдылықпен жалғасқан достық".

Мақсаты: а) Қазақстандағы Ресей жылына байланысты екі елдің тарихи мәдениетімен, өнерімен таныстыра отырып ,,Еділ – Жайық,, әні арқылы оқушыларға ежелден келе жатқан казақ пен орыс халқының достығын ұғындыру;

б) Балаларға өзге халықтың мәдениетін, өз халкының мәдениетімен салыстырмалы түрде таныстыру. Ән-күй шығармаларын тыңдату аркылы дәстүрді сақтауға, елін сүюге тәрбиелеу және өзге халықтың мәдениетін құрметтеуге үйрету;



в) Сабақ тақырыбына байланысты достык, жарасымдылық, жалғастық, ынтымақтастық ұғымдарын пайдалана отырып, саяхат сабақ арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • екі ел арасындағы достықтың тарихи негізін түсінеді;

  • екі халық арасындағы мәдени өнері, салт-дәстүрінің тығыз байланыстылығының мәнін ұғады;

  • достық, сыйластықтың өмірге қажет екенін біледі.

Сабак түрі: Аралас сабақ.

Көрнекіліктер: домбыра, карта, екі ел жалауы, күйтабақ, күйсандық, портрет-суреттер, сөз-жұмбақ.

Ұйымдастыру бөлімі: Сынып 2 топқа бөлініп, колдарына Қазақстан мен Ресейдің жалаулары беріліп, сыныпқа кіреді.

Мағынаны тану:

  • Менің байқауымша бүгін бізде бір-біріне көршілес Қазакстан мен Ресей елінің азаматтары келіп отыр екен.

  • Қонақтарымызды бір-бірімен тереңірек таныстыра кетейік. Осы екі ел бір-біріне қалай орналасқан?

- Іргелес, жақын, көршілес екен.

  • Ал осы жақын көршілер арасында не орнауы қажет, қандай қарым-қатынаста болу керек деп ойлайсыңдар.

  • Әрине татулық, бейбітшілік, достык көпірі болуы керек.

  • Осы екі ел дұниежүзінің кай материгінде орналаскан?

  • Еуразия.

  • Қазақстан Еуропа мен Азия елдерін косып жатқан "Алтын көпірі" .

  • Қазакстан аркылы Ресей Азия елдерімен байланысын орната алады.
    Жалпы бір сөзбен айтқанда "Қазақстан достықтың алтын көпірі".

  • Осы достық аясында өткен, биылғы жылдар тарихта қандай жыл деп аталды?

Олай болса достық жылдарына байланысты осы екі елге саяхат жасап көрейікші.

  • Ал енді Қазақстандықтар болып, сапарымызды Ресей елінен бастайық.

  • Маған Қазақстанға шекаралас Ресей қалаларын атап берінізші?

  • Ендеше, Ресей калаларына сапар шегіп мәдениеті ән-жырларымен танысып қайталык.

Сапарымызды Астрахан жерінен бастасақ. Бұл қала бір кездері қазақтардың атақонысы болған. Кезінде Бөкей хандығының Астрахан губерниясына қарағандығы да белгілі. Бүгінде бұл жерде 140 мыңнан астам қазактар тұрады екен. Бір кездері қазактың күй атасы атанған – Құрманғазы бабамыздың осы өңірде ізі қалған екен. (Құрманғазының суретін көрсету).

  • Қандай күйлерін білесіздер?

  • Мынау қандай күйі?

"Аман бол, шешем, аман бол!" күйін Қазақстан жерінен әкелген сәлемдеме ретінде ойнап берейікші?

  • Енді сапарымызды әрі қарай Саратов жерінде жалғасақ.

  • Бұл қала Еуропадағы ең ұзын өзендердің бірі - Еділ бойында орналасқан. Сәл аяңдап, осы жерден әдемі бір шығармадан үзінді тыңдайықшы.

  • Жаңа біз шығарманы (күйді) кандай аспапта орындадық?

  • Енді домбыра аспабына арналған шығарманы, казіргі заман талабына сай «ямахамен» қосылып орындалуын көрейік. Бұл шығарма "Саратов саздары" деп аталады.

  • Келесі аялдайтын каламыз - Самара. Портты қала. Мәдениетімен қоса ірі өнеркәсіп (машина заводы) экономикасы да жақсы дамыған қала.

  • Балалар, осы әдемі қала туралы қандай ән бар еді?

  • Әнді Қазақстанның халық қаһарманы, халык әншісі - кім еді?

  • Роза Бағланова апамыз бірінші рет орындады. Апамыздың орындауында "Ах, Самара" әнін тындап көрейікші.

  • Әдемі әннің әлдиімен Орынборға келіп қалыппыз ғой.

  • Орынбор - Қазақстанның ежелгі астанасы. Осы жерден әже-апаларымыз оранатын түбіт орамалдары тоқылады екен (шаль, пуховый платок) /Орамал көрсету/.

  • Мына әнді тындап көрейікші, ән не туралы екен.

  • Бұл ән орыстың ұлы композиторларының бірі, 100 жылдығын тойлайын деп отырған «Музыка» бағдарламасын жасаған – Дмитрий Борисович Кабалевскийдің (хормен айтайықшы) "Наш край" әні /Кабалевскийдің суретін керсету/.

  • Әнге дауыс жаттықтырып, елімізге әндетіп қайталык.

  • Енді сапарымызды Қазақстан қалаларында жалғастырайық. Көршілес Ресейлік достарымызға еліміздің мәдениетін, әдемі қалаларын, әсерлі ән-күйлерін, ұлы тұлғаларын таныстырайық.

  • Сапарымызды Қазақстаннын Шығысынан бастайық.

  • Алдымызда Семей елі. Семейді айтқанда кім есімізге түседі, кіммен мақтана аламыз? Аты ЮНЕСКО-ға тараған мерей күнін тойладык?

  • Иә, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев /Абайдың суретін көрсету/.

  • Абай атамыздың акындығынан басқа тағы кандай өнерін білеміз? Сазгер. Қандай әндерін білесіз?

  • Сол Абай әндерінің негізінде А.Жұбанов пен Л.Хамиди "Абай" операсын жазды.

  • Операдан "Ажардың ариясынан" үзінді тыңдалық.

  • Ән ұнады ма? Әдемі әнмен Павлодар жеріне асайық.

  • Жол кысқарсын, Павлодарға жеткенше әдемі бір шертпе күй орындап берейін.

  • Тәттімбеттің "Көкейкесті" күйі.

  • Күмбірлеген күй әсерімен Павлодарға да жетіп қалыппыз ғой.

  • Павлодарлық қандай ақындардың өлендерін, әндерін білесіздер?

Бұл жер дәстүрлі әншілердің мекені: Жаяу Мұса, Естай, әнші Майра Уәлиқызы т.б. дүниеге келген. Ал мына бір әнді тыңдап көрейікші.

  • Кімнін, әні?

  • Жолымыз кысқарсын, Майраның "Майра" әніне дауыс жаттықтырайық.

  • Қос құрлық Азия мен Европаның тоғысқан жерінде орналаскан Батыс өңірі ежелден көршілес елдер арасындағы рухани байланыстар мен әдеби шығармашылыктардың көпірі болған мекен.

  • Еліміздің Батыс аймағына кай қалалар кіреді? Ақтөбе, Орал, Атырау.

  • Батыс Қазакстанды айтканда кімдермен төбеміз көкке жетеді?

  • Қандай күйші-сазгерлер, ақындар, батырларды білесіз?

  • Құрманғазы, Дина, Даулеткерей, Сейтек, Мұхит, Махамбет т.б.

  • Сапарымызда біздер әндер айттық, күйлер орындадык, шығармалар тыңдадық. Енді өлең оқитындарыңыз бар ма? (Махамбеттің өлеңдерін сұрау).

  • Олай болса осы киелі топырақ, киелі мекенге тоқтамай кету мүмкін емес.

  • Қараңыздаршы Орал қаласы қандай өзеннің бойында орналасқан? Бастауын Орал тауынан алып, Ресейдің Челябинскі, Орынбор жерімен
    ағып, Каспийге барып құяды. Жайық немесе Урал өзені .

  • Ал балалар, Жайыкпен катарласа ағып, арнасын Каспийге кұятын Ресейде қандай өзен бар еді?

  • Біз саяхат жасаған қала қай өзеннің бойында деп ойлайсындар? (Иә, Еділ немесе Волга өзені екен).

  • Достықтың куәсіндей катар ағып жатқан егіз, кос өзен "Еділ мен Жайықты" жырламаған ақын, әнші кем емес.

- Әнші- сазгер І.Жакановтың "Еділ мен Жайық" әнін үйреніп қайтайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет