Мвдициналыќ сипаггаѓы мєжб‡рлеу шаралары


Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және уыткұмарлық дертіне



бет6/12
Дата03.01.2022
өлшемі204 Kb.
#451736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мансур курсовой

4. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және уыткұмарлық дертіне

шалдыққан ауруларға қолдану

Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдарға қылмыс жасауына байланысты қолданылатын ме­дициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану (88-бап, 1-бөлігі, «г» тармағы). Есі дұрыс емес адамдарға қолданатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық жазамен бірге емес, онымен қатар тағайындалады және оның басқа түрлері болады.

Алкоголизммен, нашақорлықлен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қылмыс істеген ретте медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолданудың негізгі мақсаты, мұндай аурумен зардап шегетіндерді емдеп, осындай күйде олардың тағы да қылмыс істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң алкого­лизм, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен қылмыс істегендердің бәріне де медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолдануды талап етпейді.

Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан қылмыс істеген адамға қылмысы ұшін тағайындалатын жаза­мен бірге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың басты шарты осы дертке шалдыққан ауруларды еріксіз емдеуге жіберу қажет деген медициналық қорытындының және мұңдай емдеу, емделетін адамның денсаулығына зияны жоқ деген тұжырым бар болғанда ғана қолданылады.

Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған жоғарыда аталған адамдар арнаулы емдеу және емдеу режимін сақтай отырып, медицина мекемелерінде еріксіз емделуі тиіс.

Мұндай адамдар бас бостандығынан айыруға сотталған ретте олар жазасын өтеп жүрген кезде еріксіз емделуге тиіс, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, осын­дай емдеуді ұзарту қажет болған ретте арнаулы емдеу және емдеу режимі бар медицина мекемелерінде еріксіз емделуге тиіс.

Алкоголизммен, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шал- дыққандарға медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары сот үкімі бойынша тағайындалады және мұндай ретте емдеудің мерзімі және оның нақты түрі көрсетілмейді.

Еріксіз емдеуді тоқтату сол адам емделіп жатқан емдеу мекемесінің ұсынысы бойынша сот арқылы жасалады.

Спирт ішімдіктерін, наркотик нәрселерді немесе уытқұмарлық заттарын қасақана пайдаланатын және оның салдарынан оз отбасын ауыр материалдық жағдайда калдыратын адамдар қыл­мыс жасаған ретте сот оған жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза қолданумен бірге оның от-басының, енбек ұйымының және өзге қоғамдық ұйымның, прокурордың, қорғаншылық пен қамқоршылық органының немесе емдеу мекемесінің өтініші бойынша оны әрекет кабілеті шектелген деп тануға құқылы. Сот үкімінің негізінде мұндай адамға қорғаншылық белгіленеді.

Осы айтылған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу ша­раларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысында сараланған.

Кылмыс істеуге байланысты емес жағдайда алкоголизмге, на­шақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу шаралары Қазақстан Республикасы Президентінін 1995 жылғы 7 сәуірдегі зан күші бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға қарағанда қылмыс істемеген адамдарды көрсетілген дерттен емдеудіңнегізі, мерзімі, жағдайы, емдеуді ұйымдастыру тәртібі біркелкі емес, өзара айырмашылық-тары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет