Мвдициналыќ сипаггаѓы мєжб‡рлеу шаралары


Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату



бет8/12
Дата03.01.2022
өлшемі204 Kb.
#451736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мансур курсовой

6. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

Қылмыстық кодекстің 73-бабы ауруға шалдығуына байланыс-ты жазадан босатудың тәртібін белгілеген. Осы бапқа сәйкес қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте кезделген медициналықсипаттағы мәжбүрлеу шарала-рын тағайындауы мүмкін (73-бап, 1-бөлігі).

Аурулығына байланысты жазадан босатуға заңда екі түрлі аурумен ауыру негіз бола алады. Өзінің әрекетінің мағынасын түсіну немесе оны басқару мүмкіншілігінен айыратын психикалық ауру немесе жазаны өтеуге кедергі жасайтын басқа қатаң ауру.

Аурудың бірінші түрі сот үкім шығарғанға дейін немесе үкім шығарғаннан кейін бірақ жазаны өтеуге дейін психикалық ауруға шалдыққан адамға қолдануға негіз болса, аурудың екінші түрі жазаны өтеу барысындағы адамдарға қолдануға негіз бола алады. Әділетгілік және адамгершілік принциптерін басшылыққа ала отырып, қылмыстық заң сотталғандарды аурулығына байланыс­ты жазаны өтеуден босату институтын жүзеге асырады. Психи­калық ауруға шалдыққан адамдарға сот жазадан босата отырып, оларға медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдана ала­ды. Олардың ауруханада болған уақыты жаза өтеу мерзіміне есептеледі. Аурудан жазылған ретте ондай адамдар жазалануға жатуы мүмкін. Қылмыстық заңға сәйкес психикалық ауруға шал­дыққан адам негізгі, сондай-ақ қосымша жазадан немесе осы жазаларды одан әрі өтеуден босатылуға жатады.

Сот үкімі шыққаннан кейін жазаны өтеуге кедергі жасайтын басқа науқасқа шалдыққан адам соттың шешімі бойынша жазадан босатылып немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Ауыр науқасқа шалдыққан адамдардың психикалық дертке шалдыққандардан айырмашылығы сол, мұндай адамдар өзінің әрекеттеріне толық жауап бере алмайды. Олардың жазаны өтеуіне басқадай ауыр науқастар кедергі келтіреді. Осыған байланысты мемлекет мұндай адамдарға ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып жазадан босатуды немесе жазаны жеңіл жазамен ауыстыруды қолдана алады.

Жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқастар сот-дәрігерлік сарапшы арқылы анықталады. Өзіне-өзі жарақат салған немесе қасақана өз денсаулығына зиян келтірген адамдарға бұл тәртіп қолданылмайды.

Осы баптың бірінші және екінші боліктерінде аталған адам­дар, егер осы Кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі өтпеген болса, олар сауыққан жағдайда қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы мүмкін.

Қамауға не тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған әскери кызметшілер өздерін әскери кызметке жарамсыз ететін науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан әрі өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлігі де неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін (73-бап, 3,4-боліктері).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет