Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамға қауіпті іс-әрекет істегені үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге және жазалануға жасы толған адамдар ғана қылмыстың субъектісі болып табылады. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстын. субъектісі болып табылмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапка тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚҚ 89-95-баптар). Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез-құлкының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам деп саналады. Бұл — есі дұрыстықтың бірінші белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі кдсақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптьшықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады. Өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар қылмыстық, жауапқа тартылмайды. Қылмыстық кодекстің 16-бабында есі дұрыс еместіктін түсінігі берілген. Онда:
1. Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты меы қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
2. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін,—делінген.
Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заңдылық (психологиялық) белгіні қолданады. Заңдылық, белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін басқара алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған кабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол
аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болады.
Сондықтан медициналық, белгі міндетті түрде заңдылық белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медициналық белгінің түсінігі сот-психиатрия ғылымы белгілеген жалпы ережелерге негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған:
1. Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения, желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал ауруына шалдығу, кәріліққе байланыстыдамыған есаландық және басқалары.
2. Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік есалаңдық, паталогиялық маскүнемдік, белая горячка т. б. аурулары. Бұл аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуі де мүмкін.
3. Кемақылдық. Бұл — адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады.
Кемақылдықтың үш түрі бар. Дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі), идиотия (ауыр түрі).
4. Психикасының өзге де дертке ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ, адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудын, әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақатған пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады. Заңдылық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады. Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін яғни, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып, адамнын, өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенімен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезендер де болады. Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина кызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені тартып алуда өз мінезқұлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақта наркотикалық тәуелділіққе байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін-езі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танылғанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің екеуінде немесе аурулық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппен есі дұрыс емес деп танылған адамдар қылмыс субъектісі болып табылмайды, демек, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-белігінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға тартпау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінін мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді, мұндайда сот-психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі ауысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайындауы бойынша медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18-бабында мас күйінде істеген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Мастықтың екі түрі бар: физиологиялық және патологиялық мастық.
Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық жатады. Мұндай жағдайда қылмыс істеген адамды есі дұрыс емес адамның қатарына жатқызуға өсте болмайды.
Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе басқа есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның әсерінен өзінің іс-әрекеті туралы есеп беруден қалған, өзін-өзі басқару қабілетін жоғалтқандар жатады. Сот-психиатриялық сарапшының қорытындысына сәйкес, мұндай адамдар есі ауысқан деп танылуы мүмкін.
Сондай адамдарға медициналық түрдегі еріксіз емдеу шаралары қолданылады. Ал айыққаннан соң өзінің істеген қылмысы үшін жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалғанда мас болудың себебі, мастықтың дәрежесі және оның қылмыс істеуге ықпалы есепке алынады.
Кайсыбір жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануы да, танымауы да мүмкін (ҚҚ-нің 54-бабы, 1 -бөлігі, «м» тармағы және 3-бөлігі).
Достарыңызбен бөлісу: |