Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan



бет42/46
Дата13.06.2016
өлшемі5.56 Mb.
#131499
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Әдебиет

  1. Василюк Ф.Е. Типология переживания различных критических ситуаций.// Психологический журнал, 1995, т.16, № 5, с. 104-115.

  2. Михалковская Н.В. Идентификация как механизм социально-психологической адаптации молодых рабочих в трудовых коллективах. М., 1986.

  3. Васильев В.Л. Этика в юриспруденции и предпринимательской деятельности. -М.,1995.

  4. Дерманова И.Б. Типы социально-психологической адаптации и комплекс неполноценности.// Вестник СПб. Университета, сер.6, выр.1, №6, с. 59-67.

  5. Коблянская Е.В. Психологические аспекты социальной компетентности.// Автореферат канд.дис. СПб, 1995.


Жасөспірім кезеңіндегі акцентуациялық мінез ерекшеліктерінің психологиялық зерттелуі
Тоқсанбаева Н.Қ.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, психол. ғылым.докторы

Жұмадилова А.Ә.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің психология бөлімінің 2 курс студентті
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «...жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетті.

Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір ағысымен байланысқан дамуындағы өзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс- тұрысы, оның қандай отбасында өскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас жасайтын ортасына тікелей байланысты. Алғашқыда шынайы, бір-бірімен ұқсас екі адам кейін келе бір-бірімен байланысы мүлдем болмаған адамдарға айналуы мүмкін, ал екінші жағынан өмір жағдайларының ұқсастығы, түбінде әртүрлі адамдар арасында ұқсас қырларын тудыру мүмкін. Адамдардың бір-бірінен ерекшеленуі мұндай өзгешеліктердің пайда болуы жолдарына қатысты емес. Бір адам екіншісінен сыртқы келбеті жағынан қалай ерекшеленсе, сол сияқты әр адамның психикасы да басқалардыкінен дәл солай ерекшеленеді.

Акцентуацияны зерттеумен П.Б.Ганнушкин, К.Леонгард, А.Е.Личко, Э.Фромм, Э.Шелдон, А.Шострем және т.б айналысты.

Адамның индивидуалдылығын анықтайтын қырлар төмендегідей психикалық топтарға топтастырылып беріледі: 1)Мүдделермен бейімділіктердің ортасы 2) Сезімдермен, еріктің бағытталу ортасы; 3)Қауымдастық ақыл ой ортасы. [1]

Жеткіншектер және жасөспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым көрсеткішті болуы және жасөспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті көрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін көрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият көз салу қажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бөлетін нақты сызықты көрсету оңай емес.

«Акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын.Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған қырлары» деген тіркестер қолданады. К.Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл өздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден «акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның өмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация – бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға өту тенденциясы бар қырлар. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады.

Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін.

Барлық акцентуацияларды Личко – адам өсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша өзгерістері ретінде қарастырырады. Бірақ сонда да олардың көбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе өмір бойы сақталып қалады.

Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз болуы мүмкін емес.

А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездемелік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт өте келе оның 80%-ке жуығы дұрысталады, жұмсарады, және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жабық немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты. [3]

К.Леонгардтың жұмыстарында арнайы атап көрсетілгендей, акцентуациялы сипаттағы адамдар психикалық ауру болып табылмайды. Кері жағдайда норма ретінде орташа деңгейді айтады, ал одан кез-келген ауытқу паталогия ретінде қарастырылмайды. К.Леонгардтың болжамы бойынша, ешқандай акцентуациялы сипаттағы ауру байқалмаған адам, жайсыз жаққа қарай дамып, ауытқуы мүмкін емес, бірақ жайлы жақтан қандай да бір ерекшелігімен көрінетінінің ықтималдығы төмен. [2]

Акцентуациялық мінез типінің екі негізгі жіктеуі бар.

Біріншісі Карл Леонгардтың (1968) және екіншісі Александр Евгеньевич Личконың (1977) ұсынысы болды. В.В.Юстицкий осы жіктеулерді салыстырып көрсетті. (1977)


К.Леонгард бойынша тұлға акцентуациясының типі


Мінез акцентуациясы типі, А.Е.Личко бойынша


Лабильді

Лабильді циклоид

Өте қозғалмалы
эмотивті

Лабильді

Демонстартивті

Истероидті

Сверхпунктуальный

Психоастеникалық

Ригидті-аффективті
Жөнге келмейтін

Эпилептоидты

Интравертті

Шизоидты

Қорқақ

Сенситивті

Неконцентрированный или неврастеникалық

Астено-невротикалық

Экстраветті

Конформды

Ерік-күші әлсіз

Тұрақсыз

-

Гипертимді

-

Циклоидты

ЕфимоваО.И., Скакун И.В.өз зерттеулерінде жасөспірімдер ортасындағы қауіп-қатерлердің психологиялық және әлеуметтік психологиялық факторларын оқып-тануды нақты міндет етіп қойды.Оның ішінде жасөспірімдер акцентуациялық мінезі,өзара қатынас стилдері, және суицидтік қауіп-қатердің айқындалу деңгейі.Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде суицидтік қатер көрінісі байқалмаған топтарда акцентуациялық мінез басымдылығы көрінбегенін дәлелдеді.Жоғарғы суицидтік қауіп-қатер жасөспірімдердің акцентуациялық мінезінің аффективті-экзальтивті және қозғыш типтеріне тән, бұл типтер зерттеу барысында басқа типтер арасында айқын басымдылық көрсетті (зерттеу тобының 70 пайызын құрады). Аффективті-экзальтивті тип көңіл-күйінің ауыспалылығымен, жарқын, айқын эмоцияларымен, эмоционалды күйінің үлкен диапазонымен сипатталады: бұл типтің өкілі қуанышты хабарға тез шаттанады және жағымсыз хабарға тез қайғырады.Бұл типтегі адамдардың мінез-құлқын жоғары эмоциялар,сезімдер,әуесқойлық сияқты негізгі бейнелер басқарады,сондықтан олар өз жүріс-тұрыстарын және рефлексияларын реттей алмай жатады. Осының нәтижесінде не істерлерін білмей қалу күйлерінен олардың ойлары тез арада суицидтік ниеттерге және суицидтік әрекеттерге ауысып кетеді.

Зерттеу жұмысымыз бірнеше эксперименттік кезеңдерден тұрды. Олар:

- зерттеу жұмысымыздың алғашқы тәжірибелік-анықтау кезеңі. Бұл кезеңде қалыпты жасөспірімдердің – 150; бойында акцентуациялық мінез бітісі байқалатын жалпы саны – 32 сыналушы және суицидтік жүріс-тұрысқа қатері бар 8 сыналушы қатыстырылды. Пайыздық арасалмағын төмендегі суреттен көруге болады:


полотно 18

Сурет - Тәжірибелік анықтау кезеңіндегі қалыпты дамудағы жасөспірімдер(70 %), бойында акцентуациялық мінез бітісі байқалатын (24 %), және суицидтік жүріс-тұрысқа қатері (6%) пайыздық көрсеткіштері.

Зерттеу жұмысымыздың барысында тәжірибе кезеңдеріне байланысты төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды:

1. Мінездің акцентуацияларын зерттеу сұрақнамасы.(К.Леонгард)

2.Тұлғаның жүйелік-мінездік қатынастарының экспресс-диагностикасы

3. В.А. Жмуровтың дифференциалды диагностикасының (ажыратып тексерудің) әдістемесі

4. Реактивті және тұлғалық мазасыздықтың деңгейін анықтау әдістемесі

(Ч. Д. Спилбергер – Ю. Л. Ханин)

5. Филипстің мектеп мазасыздығын диагностикалау әдістемесі.

Статистикалық болжам - математикалық статистика тілінде құрылған, белгісіз параметрге қатысты тұжырым. Кез-келген ғылыми болжам статистика тіліне аударуды қажет етеді. Аталмыш зерттеу кезеңдерін жүзеге асыру үшін ғылыми зерттеудің болжамдары анықталды. Әдетте, ғылыми зерттеу болжамдары теориялық сипаттамаларды тексеру үшін қолданылады. Ғалым А.Д. Наследовтың пайымдауынша, болжамдарды тексеруде ғылымилық әдістемені пайдалану зерттеуші әрекетінің арнайы жүйелілігін қажет етеді.

Ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістердің бірі – эксперимент (латын тілінен аударғанда «тәжірибе»). Эксперимент бастамасы – қоршаған орта құбылыстарын танып білу, бақылау. Яғни, ол танып білу құралының сенімді әдісі болып табылады. Эксперимент ғылым дамуының әр түрлі салаларында өз маңызын жоғалтпайды. Жалпы эксперимент жұмыстары теориялық болжамдарды тексеру үшін жүргізіледі. Теория нақты бөлшектер туралы білімдердің ішкі қайшылықсыз жүйесі болып табылады. Теория элементтері логикалық тұрғыда бір-біріне бағынышты болады. Тәжірибелік эксперименттің нәтиже көрсеткіштерінің тиімділігін зерттеуде, математикалық статистикалық әдістемелерінің маңызы зор. Осы ретте «математикалық статистика көп жақты пән... математикалық теорияларды оқып үйрену үшін, алдымен, қарапайым математикалық статистика негіздерін білу керек.

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелілігі тікелей ғылыми зерттеу болжамының айқын, нақты және мақсатты құрылуына байланысты болды.

Осыған орай, яғни кезеңдік эксперименттік зерттеу бағдарламасы негізінде, зерттеу жұмысының негізгі болжамы толығымен айқындалды.


Әдебиет

1. Леонгард К. Акцентуированные личности: Пер. с нем., Киев, Вища школа, 1981.

2. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Изд-во «Медицина», 1977.

Кудиярова Г.М. Жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар. – Алматы: Рауан, 1996. – 206 б.

Сидоренко Е. Методы математической обработки в психологии. - СПб.: Речь. 2001. – 349 с.

Тұлға қарым-қатынасында НЛП-ді пайдаланудың психологиялық маңыздылығы
Тоқсанбаева Н.Қ. , Жубаназарова Н.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
НЛП деген не –нейролингвистикалық жоспарлау (программалау) «Нейро» -ми және ақылды көрсетсе, осыған қатысты біз өз ойлауымызды қалай ұйымдастырамыз «Лингвистикалық»-ол тілге қатысты, яғни біз оны қалай пайдаланамыз, ол біздің өзімізге қалай әсер етеді. «Программалау» -мақсатқа бағытталған әрекеттердің іске асуын біз өз жүріс-тұрысымыздағы элементтерді қалай қалыптастыруға байланысты анықталады.

Сондықтан, НЛП –біздің тіл мен әрекетімізді басқа адамдармен бізді байланыстыруды, бір ойымыз бен екінші ойлауды байланыстыруды, қоршаған ортадағы сенің рухани өлшеміңді анықтайды.

Нейро-Лингвистикалық программалау кеңес берудің практикалық моделін береді. Біз үшін НЛП –кеңес беру –бұл пән, бірақ ешқандай да теориямен байланысы жоқ, ол субъектінің тәжірибесіне, оның қызығулар аймағына байланысты. Егер НЛП көмегімен кеңес беретін болсақ біз өткен ісіміз дұрыс па әлде қате ме, оны ешқандай жауапкершілікке алмаймыз. Ондағы кеңес беруде бізді қызықтыратыны оның жетістігі, тәсілдерді дұрыс қолдану, мысалы: НЛП –кеңес беру когнитивтік-бихевиоралды модель. Қандай клиентпен жұмыс бастамас бұрын оның негізгі тапсырмалары анықталады: Былай көрсетеміз


Жағдай және шартты рефлекстер


Жүріс-тұрысты басқару





Сенсорлық процестер

Аудиалды, кинестезиялық, ольфокторлық





Когнитивті нейро-лингвистиканы (ойлау,есте сақтау, ассоциация)

Бұл тұлғалық – бағыттылық тәсілдің моделі. Ол клиенттің сенсорлық – когнитивтік ерекше өзгешеліктер

ін, ішкі және сыртқы қажеттіліктерін өтелмеу факторларын олар шынайы түрде қалай ойлайды немесе қобалжиды. Мұны біз, мысалы тұлғаның мынандай бағалауы арқылы түсіндіріп көрейік. Бір ерлі-зайыпты жұбтар (екеуі де зейнеткер) күйеуі зейнетке шыққанннан бастап бір-бірімен келісе алмай, ылғи сөзге келіп қалып отырады. Кеңес беруші жұмыс барысында бұлардың үйіндегі келіспеушілікке көне, барылдақ кір жуатын машина себеп болған. 6-ай бұрын зейнетке шыққан күйеуіне кіржуатын машинаның үздіксіз гүрілі оның нерв жүйесіне әсер етіп, өте тітіркендіріп отырады. Оған бұл дыбыс екінші дүние жүзілік соғыстағы дүмпулерді елестетеді. Осы келіспеушілікті шешуге жаңа үлгідегі кір жуатын машинаны алу себеп болды. Бірақ әйелі оны мүлдем басқаша қабылдады. Оған «сенімді көне машина» қатты ұнайтын, дыбысы тыныштандырады, ерлі-зайыпты өмірдің асқақтаған немесе құлдыраған сәттерін бір ерекше ритмдік негізде ұзақ уақыт естіген әуен ретінде өзіне қабылдаған.

НЛП-да негізінен 4-принцип бар, осы көзқарасты барлық қадамда қайталап отырамыз. Бірінші (ең маңызды) принцип адамдар арасында өзара қатынас бар, бұл дегеніміз өзара түсінушілік және өзара сенім принципі. Мұны раппорт деп атайды /1.14/

Раппорт- дегеніміз екі немесе одан көп адамдарды өзара түсінушілігі сенім, қолдау процесі, сонымен қатар басқа адамнан реакция тудыратын мүмкіндіктерді құру. Кейде сіз мінез-құлықтың екі стратегиясынның біреуін таңдауға тура келеді, сізде өзіңізді екі жаққа бөліп тұрғандай сезінесіз. Сіз мұндайда өзіңізді -өзіңз бір істі орындауға көндіресіз, басқа бір мүшеңіз оны олай істемеуді талап етеді.

Бұл дене раппорты қаншалықты тереңдеген сайын олар бір-бірімен бірігіп, көмектесіп қиын жағдайларды шешсе, онда сіздің денсаулығыңызда жақсы болады.

Мұны рухани деңгейдегі раппорт деп адамның қоршаған ортадағы орны мен тұлғалық қасиетін жақсы білетіндігімен анықтаймыз.

Сіздер білетін шығарсыздар сыртқы атрибуттардың (материалдық жағдайы) барлығы жақсы бірақ ол бақытсыз болып жүретіндерді. Сондықтан, біз өзімізге қоршаған ортаны қаншалықты қолайлы ұйымдастырамыз, ол ішкі жағдайдан көрініс табады. Ішкі конфликтілер сыртқы конфликтілерді тудырады. Сондықтан НЛП-дің бірінші қадамы бұл ең алдымен өзіңе-өзің, содан кейін басқа адамдармен раппорт қою қажет.

Екінші принцип- бұл сізге не қажет екендігін нақты білу. Оны білмей тұрып сіз жетістікке жетесіз бе әлде жоқпа білмейсіз. НЛП-дің бұл принципіне мақсатты таңдау негізінде нәтижені анықтау жатады. Мұнда бүтіндей ойлау технологиясы жатыр.

Үшінші принцип – сенсорлық әсерге жоғарғы зейін қою қажеттілігі. Бұл дегеніміз, сіздің сезім мүшелеріңізді саналы түрде қолдануыңыз: қазір сізге не болып жатқанын көруіңіз, естуіңіз, сезінуіңіз. Тек осы қадам арқылы сіз өзіңіздің мақсатыңызға жылжығаныңызды сезесіз.

Төртінші принцип және соңғы қадам-мінездің икемділігі. Сізде мінездің стратегиялық таңдауы көп болған сайын, жетістікке жету мүмкіндіктеріңізде көбейеді.

Сондықтан, оны біз бірнеше нейрологикалық деңгейге бөліп қарастырамыз. Біз басқа адамдармен қарым-қатынасымызды әртүрлі деңгейде ұйымдастырамыз



  1. бірінші деңгей-қоршаған орта бұл- адамдармен қарым-қатынас жасайтын уақыт пен орын.

  2. Екінші деңгей – жүріс-тұрыс (сіз не істейсіз) бұл-біздің нақты саналы әрекетіміз. НЛП-да жүріс-тұрыс ой мен әрекеттің бірге қосылуы. Үшінші деңгей - қабілеттілік, дағды, біздің әрқайсымызда дағдылар жиынтығы бар, қалай жүреміз, қалай сөйлейміз. Оларды спорттық дағдылар, математикалық дағдылар, музыкалық аспаптарды ойнау дағдылары т.б.

  3. Төртінші деңгей – сенім мен құндылық. Бұл дегеніміз біз неге сенеміз және нені құнды деп ойлаймыз.Сенім мен құндылық біздің өміріміздегі маңызды қадамдарды анықтауға бағыттай отырып мотивтер анықталады.

  4. Бесінші деңгей –индивидуалдылық, мұнда сіз өзіңізді өзгертуге, дамытуға, тұрақты болуға қадамдар жасай аласыз.

-Алтыншы деңгей – руханилық, мұнда сіз өзіңізді сыртқы ортада және ішкі жағдайыңызды мағыналы байланыстыру қадамыңыз, оны былай көрсетуге болады.

Осы деңгейдің нәтижесінде сіз өзіңіздің алға қойған мақсатыңды орындауға қол жеткізесіз бірақ осы іс-әрекет қалай орындалғанын кейде «бізден тыс» өтеді. НЛП-да және қазіргі психологияның фундаменталдық зерттеулерге саналы және сана астарлы құбылысты қарастыруда бізді қоршаған дүниені, өзіңізді сезу-ол саналы әрекет, ал оны сезінбеу бейсаналық. Барлығы соған байланысты сияқты біздің санамыз шешім қабылдайды, ойлайды, талдайды, бағытымызды анықтайды. Бірақ психологиялық классикалық зерттеулерге сүйенетін болсақ біз санамыз бестен-онға дейінгі бірліктегі хабарларды біруақытта көзқарас аймағында ұстай алады, яғни жан-жағындағыларды естиді, көреді, аузындағы дәмді сезеді, қолының кітап ұстап тұрғанын, демалыс, тамыр соғысын т.б. бірақ сіз саналы әрекеттің шекарасы бар екенін сезесіз. Ал сана астары өте маңызды рөл атқарады. Ол санаға қарағанда әлдеқайда күрделі. Мысалы бұлшық еттің қозғалысы, өмірдегі болып жатқан барлық оқыған, білген құбылыстардың барлығын санастарлы деңгейде жүреді. Мысалы, Джозев өте көп мөлшерде темекі тартатын, ол өзінің күш жігерін салып оны саналы түрде тастағысы келді. Оның денсаулыққа өте зиянды екенін оқыды, ақшаны бекерге шашу деп ойлады, бірақ ол қоя алмады. Кейін оған болашақ өзінің жары болатын қыз кездесті, ол темекі шекпейді, бірақ оған темекі шегуді таста деп мәжбүрлеген жоқ. Ешқандай қиындықсыз темекіні тастап кетеді. Ол санаастарлы қызметтің көмегі.

Қарым-қатынас психологиясындағы тіл мәселесін зерттеу (НЛП лингвистикаға да тән, осы екі ғылымға да ортақ дүние ол- қарым-қатынастың вербалды жағы, сөздің құрылысы және сөйлеушілердің жеке қасиетті /2,153/.

Сіздің ақпаратты жеткізудегі атқаратын жұмысыңызға нақтырақ тоқталайық. Бастапқыда мына сұрақа жауап берейік: біздің айналамызда ішкі дүниемізде біз сөзбен айтып сипаттай алмайтын нәрселер көп пе? Ең болмаса жуықтап, сенімсіздеу, нақты болмаса да? Әрине, аз. Ал, сөз –біздің белгілік жазба қағаз ретінде елестетсек, онда біз, адамдар барлық жерге жазба қағаздарды жапсырып қояр едік. Жазба-қағазды ауыстыруға болады: «қалам» сөзі ертеректе «қаламсап» деп айтылған, бірақ сөздің мағынасы бұрынғыша өзгермей қалады: «бұл жазатын құрал».

А.Б.Добровичтың айтуынша адамның ерекшелігі сонда, заттардан оның қасиеттерін бөліп қарауды үйренгендігінде, өз бетінше бар болуын қарастыруы. Бұның бәрі сөздермен «белгіленеді». «Тас» -бұл жартас, жұмыр тас немесе беті тегістелген плита да тас болып саналады. «Дөңгелек» сөзі де күн, бас, алмаға да айтыла береді. Сонымен адамдар үшін шын өмір « заттанудан» тұрады, ал осы уақытта жануарлар үшін бұл беймәлім. Осындай сөздердің көп мағыналығы мәдениетті дамыған халықтар тілінде кездеседі /3.5/.

Егер адамның әлемі «заттанған» болса, бұл оның шын өмірде қабылдауын түбімен өзгертеді. Көптеген жануарлар бір-бірімен ырылдап, мияулап, үріп байланысып жатады. Дегенмен бұны тіл деп атауға болмайды, бірақ олардың басында осы дыбыс бірдей ойды тудырып, бір жағдайға қатысты түсінігі болуы мүмкік. Дыбыстарды түсіну оларға жас кездерінде үйретеді деп ойлауға болады. Әрине, бірінші кезде олар тек үлкендерге еліктеп, мимикаларын қайталап, дауыс шығарып үйірінде үйренуі мүмкін.

Шартты рефлекстер осы дауыстарды қимылдарды, шындықпен қосады. Бірақ қарапайым үйрену деп қарауға бомайды. Өйткені өмірі үйірде болмаған жануар мен осы жануардың үйірде жүргені екеуінің дауыстауы , мимикасы қимылдары бәрі өте ұқсас болып келеді. Осыған үйрену эвалюцияның нейроленгивистикалық жоспарлауы тек, жануарға тән іс-әрекеттер формасын жасауды қамқарлығына алған болуы керек.

Егер әр дыбысқа арнайы тек өзіне тән мәні болса «нан» сөзі әртүрлі тілде әртүрлі дыбысталуы мүмкін. Бастысы осы елдің барлық адамдарын осы дыбыстар жиынтығы «нан» деген түсінік беретініне, келіссе.. міне сонда ғана дыбыстар жиынтығы « сөзге айналып, тілдің құрамына кіреді».

Тіл-адамға берілген баға жетпес сый. «Тілмен айта алмағаныңды, саусағыңмен шұқып, көрсете алмайсыз»-дейді халық.

Сондықтан НЛП және психотерапия мұны «тілдесу өнері» деп атайды. «Біздің тіліміздің басты мәні, оның ерекше жеңілдігінде, тіл арқылы біз барлығын: «шектелген ойларымызды, ішкі лирикалық сезімізді жеткізу, риза болмау айғағы, жалындаған тентектік, дүр сілкіндірер құмарлық»- деп жазды

Кейде тілдер жұмсақ және қатты түрге бөлінеді: қатты тілдерде әр белгіге бір ғана түсінік қатысты болады. Мысалы математика символдарының тілі жатады. Бір түсінік өзгеріп толықтырылып, нақты маңызды ойлармен толтырылып жатса, басқалары ескеріліп, өзінің маңызын жоғалтып, ауыстыруды талап етеді. Бұл табиғи құбылыс.

Жұмсақ тілдер өзінің көп мағыналығымен ерекшеленеді. Мысалы, пантомима тілі. Мим арқанды тартып жатқанын, немесе жардың шетінде тұрғанын бейнелесе біз бірден түсінеміз. Бірақ оның бір пластикалық қимылын неге ұқсайтыны белгісіз. Егер ол өзінен біреуді қуса, артқа шегінетін еді, бетін қолымен жапса бұл қорқыныш болып саналады. Бірақ ол басқа нәрсе істейді. Біз толығымен түсінікті тілге аударып бере алмаймыз, бәрібір түсінеміз, сезінеміз.

Біз тілді ақпарат тарату үшін қолданған кезде ол сөзге айналады. Сол себепті тіл мен сөз бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екеуі тұтас бір нәрсенің екі аспектісі: Сөз дегеніміз- тілдің көмегімен араласу ( әсер ету, хабарлау, білдіру) қызметі. Сөз- бұл қызмет етуші тіл немесе вербальды коммуникация. Вербальды коммуникация құралы ретінде сөздер қолданылады. Біз сөздерді әр түрлі етіп пайдаланамыз: оларды дауыстап айтуымыз, іштей күбірлеуіміз, жазуымыз, ерекше ыммен белгілеуіміз мүмкін/4.110/.

Кей кезде тіл адамның шынайы бейнесін жасырады деп есептеледі. Сөйте тұра тіл сөйлеушінің еркінен тыс ойын көрсетіп беруі де ықтимал. Бала кезімізден бастап біз ана тілімізді ғана емес, өз заманымыздың, өз әлеуметтік тобымыздың, өз отбасымыздың барша қоршаған ортамыздың да тілін меңгереміз. Қарым-қатынастағы тіл мәселесі -танымдық процестер мен табиғи құбылыстар түрінде,ол : психологиялық кері байланыс, коммуникативті бөгеттер, коммуникативті әсер және ақпарат таратудың әр түрлі деңгейлерінің болуымен анықталады.

Соынмен қорыта айтқанда, нейролингвистикалық жоспарлау бұл психотехникалық тәсіл жүйесі, адам психикасына тиімді әсер етуге бағытталған іс-әрекеттің барлық аймақтарында нәтижелі болуға көмектесетін негізгі құрал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет