Литература
1.Селигман МартинЭ. П.Новая позитивная психология: Научный взгляд на счастье и смысл жизни/ Перев.с англ. — М.: Издательство «София», 2006. —368 с.
2. Бадьина Н.П. Психологическая подготовка выпускников к ЕГЭ // Педагогическое Зауралье, 2005. - № 1. – С.33-35.
3. Чибисова М.Ю. Психологическая подготовка к ЕГЭ: работа с учащимися, педагогами, родителями. - М.: Генезис, 2008.
4. Практикум по психологии состояний / под ред. А. О. Прохорова. С.-Пб.: Речь, 2004. – 480 с.
5. Практикум по общей экспериментальной и практической психологии. / Под ред. Крылова А. А., Маничева С. А. – СПб.: Питер, 2010. – 559 с.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
Мухамедгалиева А.
ғылыми жетекші: Карибаева Г. М., психол. ғ. к., доцент
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» /1/деп санайды.
Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың
(бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата- аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік – педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез – құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.
Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы
И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
-
дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
-
жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
-
психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
-
ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
-
қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.
Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.
Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
-
Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
-
қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
-
заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
-
жұмыссыздық (нақты және жасырын);
-
экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
-
өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
-
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
-
балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы
-
темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
-
Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
-
толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;
-
ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
-
отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
-
ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
-
ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.
-
Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы:
-
оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырлуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
-
мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
-
жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің туындауы;
-
мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.
Жасөспірімдердің түрлі себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды.
Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектпеке барудан қасақана бас тартуы сиықты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін.
Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды).
Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.
Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен ықпал жасайтын бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады.
Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқандай жүрмесе және көңіл тоқтатып тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы депрессия түріндегі немесе өте сирек кездесетін шизофрения түріндегі айтарлықтай жиі таралған эмоциональды күйзелістің негізінен деп санауымызға толық дәлел болады.
Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.
Онан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясын немесе әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды қоздырып өршіткен жоқ па? Симптомның үй ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет.
Балалар мен жасөспірмдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:
-
балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандардың таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
-
оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;
-
мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік мамандардың құзырында.
Жасөспірмдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.
Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
-
оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:
-
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
-
оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;
-
оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
-
оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоғары да көсретілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
«Қиын» жасөспірімдер, «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәрбиелену» ұғымы де кеңінен қолданылады.
«Қиындықпен тәрбиелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.
«Қиындықпен тәрбиелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.
«Қиын» жасөспірімдер намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін» /2/ , - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.
Л.С.Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» (1936ж.) еңбегінде ол былай жазады : «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы» /2/ да нәтижеге жетуге болады. Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі – аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.
Соғыстан кейінгі жылдарда қиындықпен тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу себептерін, мінез-құлықтағы таңқаларлық ауытқушылықтарды, жеке адам дамуының динамикасымен байланысын терең зерттей бастады.
1950-70 жылдары зерттеушiлер негiзгi зейiндерiн ,,Қиындықпен тәрбиеленетiн,, балалар мен жасөспiрiмдерге себепшi болатын әлеуметтiк-психологиялық және психо-педагогикалық факторларға бөледi.
1970-80 жылдары «Қиындықпен тәрбиелену» мәселесi отандық ғылымда жан-жақты зерттелiндi.
Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды. Мұндай мінезге ол аффектілі (жан – күйзелісі, қайғыру). Психологиялық ерекшелегін алды және бұл саладағы баларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы салдарынан, өте күшті эмоционалды қайғыру және жан-күйзелісінен болады. Л.С.Славина екінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдай да меңгермеуді жатқызады.
Әдебиет
1. Бейсебаева С.Б. « Жастардың девиатттық мінез – құлқының дамуына әсер ететін факторлар ». Весник КазНУ Серия юридическая. № 3 2003.
2. Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000.
3. А.В.Хомич. Психология девиантного поведения /Учебное пособие
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь. 2007. – 344 бет.
5. Раттер М. Помощь трудным детям. - М., 1987.
Тұлғаның ойлауын дамытатын негізгі факторларды теориялық талдау
Наубаева Х.Т. пед.ғыл. докторы
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры,
педагогика және психология факультетінің деканы
Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындаған экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салауатты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын қарым-қатынас. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін-өзі танып, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Тұлғаның қалыптасуында негізгі факторлардың бірі – ол қарым-қатынас. Қарым-қатынас адамды толық түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туғызады. Тарихи – қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын анықтайды.
А.Н.Леонтьевтің, Л.А.Венгердің, П.Я.Гальпериннің, В.В.Давыдовтың, А.В.Запорожецтің, Н.Ф.Талызинаның, Д.Б.Элькониннің және қазақстандық психологтар Ә.Алдамұратовтың, С.М.Жақыповтың, В.К.Шабельниковтың, С.Қ.Бердібаеваның, М.О.Резванцеваның, О.С.Саңғылбаевтың жұмыстары әр түрлі психологиялық функцияларды қалыптастыру процесінің заңдылықтарын және басқада оқытудағы іс-әрекет тәсілдерін дамытудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту интеллектуалды дамудың төменгі сатысынан жоғарғы сатысына өтуді ғана қамтамасыз етпейді. Ол солардың құрылымына негіз болады. Жаңа құрылымдар сырттан жай ғана әкелінбейді, ол бұрынғы жасалған үлгілер негізінде оқыту процесінде жасалады. Бұл процесте сыртқы стимуляция оқушылардың ішкі белсенділігі арқылы әрекет етеді. Жаңа құрылымдардың қалыптасуы балалар әрекетінің интериоризациясы мен экстериоризациясының өзара байланысымен сипатталады. Жаңа тапсырма мен байланысты әрбір жаңа әрекет, сыртқы әрекет бұрын қалыптастырылған ішкі әрекеттерге сүйенеді. Жеке адамның сыртқы және ішкі әрекеті берілген іс-әрекетке ортақ процесті құрайды, сондықтан В.С.Библер былай деп тоқталды: мұнда “дейін” және “кейін” деген ұғымдар жоқ. Жеке адам ортақ іс-әрекетті сезіне отырып, саналы түрде көздеген мақсатына бағыттайды. Жоспарлау ойлау функциясы сияқты іс-әрекеттің тиімді формасы болады.
Л.С.Рубинштейн өзінің шығармашылық жолының барлық кезеңдерінде субъекті мен объектінің арасындағы психикалық қатынас іс-әрекет ретінде жүзеге асады. Ол «Психология негіздері» монографиясында «тұтастық» принципін сана мен іс-әрекет бірлігінің жүйелі түрде ашып көрсете келе, адам өмірінің барлық кезеңдерінде өзіндік психика туындап қана қоймайды, сонымен қатар іс-әрекет барысында қалыптасады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық дамуына оқыту іс-әрекетінің әсері әр түрлі. Ол оқытушының оқушыға білім беруінің негізіне байланысты. В.О.Ключевский былай деген “мұғалімге тіл өзінің ойын жеткізу үшін ғана берілмеген, ол басқаның ойын ояту үшін” беріледі. Мұғалімнің оқушылармен күнделікті жасалатын қатынастарының бәрі де сөз арқылы іске асады. Сондықтан сөздерді үйлестіріп айта білуге байланысты, балаға айтылатын сөздің өтімді келуі олардың танымдық іс-әрекетіне әсері өте зор. Мұғалімнің оқушылармен қатынас жасаудағы қолданылатын сөздері неше түрлі болып келгенімен, балаға әсер етуі жағынан алып қарағанда, оларды негізінен екіге бөлуге болады. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше, оның ісі ұнамды болған жағдайда, осы баланың өзіне сездіру үшін қолданылады. Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде, оған қатты талап қойып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданылады. Оқыту жағдайында жалпы мақсат ретінде оқытушы мен оқушының арасында танымдық мақсат орын алады, ол көп мақсаттардың ішінде оқытушы мен оқушының қажеттілігі мен қызығушылығына жауап бере отырып, оқыту процесінде біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекет негізінде жүзеге асады. Әр оқушының танымдық іс-әрекеті түрліше болғандықтан, оқытушының сөздерінің бәрі бір дауыс ырғағымен айтылмай, тиісті жерінде үйлестіріле қолданып отырса ғана нәтиже бермек.
Оқыту процесінде балалардың даму мәселесі педагогика мен психологияның жалпы мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің педагогикалық аспектісі оқытудың тәрбиеленуші сипаты, оның ақыл-ой дамуының қозғалысына әсері. Ал психологиялық аспектісі – балалардың ақыл-ой дамуының ішкі заңдылықтарын ашады. Оқытуды психологиялық мәселе ретінде А.Н.Леонтьев зерттеді. Ол оқыту процесінде меңгерілген білімдерді практикалық тәжірибемен біріктіру қалыптасушы адамның санасын ғана емес іс-әрекетін де жетілдіреді, дамытады. Осындай күрделі қарама-қайшылықты процесте ақыл-ой дамуында мәнді өзгерістер өтеді.
Бастауыш мектеп оқушысының даму деңгейін анықтау күрделі және перспективалық жұмыс, ол үшін оқытудың дамытушылық жағын бағалау және бақылап отыру қажет. Оқушының ойлауының дамуын анықтау деңгейі осы бақылаудың бір түрі болып табылады. Кеңестік психологияда ойлау іс-әрекет әдістемесі балаларда, негізінен, мектептік оқыту барысында қалыптасады.
В.В.Давыдов осыған байланысты: «Қоғам дамуындағы тарихи дәуірге байланысты әрбір жеке адам тәрбие мен оқыту меншігіне ойлау тәсілі мен өзінің іс-әрекет формасын алады», - деп жазады/1,15 бет/ .
А.З.Зак өзінің ғылыми еңбегінде бастауыш мектеп оқушыларының теориялық ойлауының дамуына тоқталған. Ол ойлаудың логикалық және психологиялық жағын қарастыра келе, мынадай қатарға бөлді: бірінші, теориялық ойлау танылатын объект туралы ұғым қалыптастыруға бағытталады, ішкі, қажетті байланыстарда көрінеді. Эмпирикалық ойлау, керісінше, дайын, белгілі танымдық объект, сезімдік қабылдау мен сыртқы байланыстарға тән. Екінші, теориялық ойлауды пайдалана келе адамның танымдық объектісін талдау және біріктіруді бейнелеуде олардың мәнді байланысын пайдаланады./2,11 бет/
Қазіргі кездегі оқытудың белсенділік әдістемесін біз ертедегі грек ғалымдарынан іздеп көрейік. Платон өзінің ұстазы деп санаған Сократ оқыту әдістемесін қолданды, кейіннен сократтық әдістеме деп аталды. Мұның негізгі барысы диалогтық басқару болды, тыңдаушылары арасында дискуссиялар өтіп, өздерінің мәселелерін шешумен қоса, әңгіменің туындау барысында, сонымен қатар, білім де алды.
С.М.Жақыпов: «Қазіргі оқытудың белсенділік әдістемесінің негізінде топтық дискуссия жатыр. Оның негізгі белгілері мәселенің болуы (шындықтағы, өндірістік, танымдық) және оның шешімі топпен бірлескен түрде орындалады», – деп тоқталды. Негізінде, бірінші (ерте грек) және екінші жағдайда да жоғары деңгейдегі бірлескен танымдық дамуда оқыту формасы мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің мазмұнын ұйымдастыру біріккен-диалогтық болады. “Біріккен-диалогтық” терминін қолданғанда, әрекеттің біріккен мінездемесі ретінде сызып көрсетуге болады, тек қана оқушылардың арасында емес, оқытушылармен қатынаста оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты жағдайында қалыптасады. Біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекет жаңа психологиялық білім беру болып табылады. /3,113 бет/
О.К.Тихомиров өзінің «Ойлау психологиясы» еңбегінде біріккен іс-әрекет классификациясын екі түрлі мағынада қарастырады. «Біріншіден, біріккен ұғымын оған қатысушылардың «оқушы мен оқытушы» іс-әрекет өнімділігінің жалпы құрылымы, ортақ туындаған ниет, мақсат, мән және қорытынды өнімділік ретінде қарастыруға болады. Екіншіден, біріккен творчестволық іс-әрекетті “бірлескен” ұғым ретінде түсініп, қалай толықтырылады, осы жағына тоқталу қажет» деп атап өтеді. /4,72 бет/
Осындай біріккен-диалогтық іс-әрекет бастауыш мектепте балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын оқыту процесінде толығымен жүзеге аса бастайды. Бастауыш мектеп оқушысы ойлауының күрделенуі оқыту процесіне байланысты болғандықтан, олардың ақыл-ой сапасы құрылымдарға ие бола отырып өзіндік жеке тұлғада көрінеді. Бұл сапалар көптеген белгілер арқылы анықталады; мәнді мәселені шешуде, жаңа білімді меңгеру мен талдап қорытудың жылдамдығы, жеңілдігі мен кеңдігі темпіне байланысты. Оқытудың жетістігі осы сапаларға байланысты да, оған қабілеттілік оқытудың компонентері болып табылады. Оқытудың барысына және оқушының жас ерекшелігіне бұл сапалар әсер етіп, білім берудің деңгейі мен заңдылықтары ұсынылады.
З.И.Калмыкова: “Оқытудың негізінде біз жеке адамның өзіндік интеллектуалдық жүйесінің қозғалысының, күрделілігінің, ақыл-ойдың сапалы құрылымын, осыған байланысты оқыту процесінің өнімділігін анықтаймыз”, - деп атап өтеді.5,13- бетФилософия энциклопедиясында “интеллект” деген сөзге «бұл термин оймен бір мағынада қолданылады» деп анықтама беріледі. М.М.Мұқанов: “Бұл анықтама біздерді қанағаттандырмайды” дей отырып, кеңес психологы Б.Г.Ананьевтің соңғы жылдары жазған еңбектерінде интеллектіні ой қабілетіне тән нәрсе деп санаған пікірін қолдайды. Бұл пікірді басшылыққа ала отырып, біз ақылды не «интеллектіні» ой процесінің жемісі екенін дәлелдейміз. Адам баласының ойы бірқатар ғылымның-философияның, психологияның, жоғары нерв қызметі физологиясының, математикалық, логикалық, кибернетиканың зерттеу пәні болып табылады. “Тіл – ойдың тікелей әрекеті” деген К.Маркстың пікірі баршаға мәлім.
Ойлану деп мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлану – дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі ұғымдар мен сөйлемдер де бір емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттелініп отырылады. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған.
Сондықтан А.В.Брушлинский бұған: “Зерттеуші ойлауды процесс ретінде оқиды, ал зерттеуші үшін ол іс-әрекет ретінде қолданылады”, - деп тоқталған. Ойлау процесінің жүзеге асу шартына адамның бұрынғы тәжірбиесі мен бағыты және ойлануға итермелейтін мотивтері жатады/6,81 бет/.
Қазақтың көрнекті психологы М.М.Мұқанов: “Тіл - көлік, ой - жолаушы, әркімнің басы станция. Әркімнің ойы тіл көлігіне мініп, бір кісінің басынан екінші кісінің басына көшіп жүреді”, - деді./7,81 бет/ Сондықтан ойлауды оның логикалық және психологиялық жақтарының бірлігі ретінде қарастырып отырамыз. Біріншіден, ойлау таным объектісі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталады және ішке қажетті байланыстар мен оның мәнінде көрінеді. Екіншіден, ойлауды бала таным объектісінің көмегімен талдау және біріктіру негізінде оның мәнді байланыстарын қолданады. Үшіншіден, ойлау негізінде бала танымдық объектінің мәнді қатынасын талдау мен біріктіру нәтижелерінің бағалануын бақылайды.
Сонымен қорыта айтқанда, қарым-қатынас процесі барысында, яғни адамның басқа адамдармен өзара-әрекеттің арнайы формасында, түсініктермен, идеялармен, қызығушылықтар, нұсқаулармен және т.б алмасу жүзеге асады. Қарым-қатынаста нақты индивид басқа адамдар жасаған, «рухани байлық қорын» игереді, осыған орай оның жекелік тәжірибесінің шектелуі жойылады; сонымен қатар қарым-қатынас арқылы ол осы «қорға» өз жасағандарын енгізеді. Осымен тұлға өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алатынын көруге болады. Бұдан баланың танымдық дамуының тікелей қарым-қатынасқа тәуелділігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |