Н. Н малофеевтің арнайы педогогиканың эволюциялық даму кезеңін талдау


Н.Н Малофеевтің арнайы педогогиканың даму тарихын жіктеуі



бет3/5
Дата19.02.2024
өлшемі100.55 Kb.
#492361
1   2   3   4   5
Спец пед Улпан

2.Н.Н Малофеевтің арнайы педогогиканың даму тарихын жіктеуі.

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларды жеккөрушіліктен қамқорлыққа алуға дейінгі кезең(Хғ-1198)

Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғаммен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым –қатынас өте төмен дәрежеде болды.Ол кезде оларды азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды. Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды. Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сенушілер алып келді.Олар діни сезімталдықпен жан ашу қасиетін енгізді.Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде емес, ол әр бір христианның міндеті болып жарияланды.

2.Есту және көру мүшелерінің мүкісі бар балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең(ХІІ-ХVІІғ)

ХІІ ғ. мен ХVІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кеміс тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды. Орта ғасырлар кезінде батыс еуропалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістікті ата-аналарының кінәләрі үшін жіберілген деген. Олармен қарым-қатынасқа түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Естімейтін және көрмейтін балаларды жеке дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін заңды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты жанұядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты.

3.Сенсорикалық кемістігі бар тұлғаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең(ХVІІ-ХХғ)

Үшінші кезең кеміс балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылумен ерекшеленеді.Ең маңыздысы кеміс тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін заңды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі.Мысалы, 817 ж – Дания – естімейтіндерді міндетті түрде оқыту туралы акт; 1873 ж – Саксония – көзі көрмейтіндерді, естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды

4. Кейбір мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең(ХХғ басынан -70 ж)

Мектепке дейінгі және мектептен кейінгі білім беру мекемелерінің мектептерімен қатар пайда болуын; көлденеңінен - ​​арнаулы мектептердің түрлерінің өсуін айтамыз: егер кезең басында үш олар (есту, көру және интелектуалды бұзылыстары бар балалар үшін), содан кейін соңында - жекелеген елдерде олардың саны саңырау, нашар еститін, соқырлар, нашар көретіндер, саңырау-соқырлар, сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектептерді қосқанда жиырмаға жетеді.
Әрбір елдегі төртінші кезеңнің жоғарғы шегі жалпыға бірдей міндетті бастауыш тегін білім беру туралы заңның және дамуында кемістігі бар балаларды оқытуға қатысты кейінгі актілердің қабылданып, күшіне ену уақыты деп санауға болады.

5. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бас бұру кезеңі (ХХғ 70ж аяғы-ХХІғ)

Кемсітушілікпен күресу жаңа мәдени норманың – адамдар арасындағы айырмашылықтарды құрметтеудің қалыптасуына ықпал етеді. Дәл осы кең ауқымда кемсітушілікке қарсы тұрғыда арнайы мектептер мен мектеп-интернаттар сегрегация институттары ретінде танылады, ал бұқарадан оқшауланған арнайы білім беру жүйесі кемсітушілік деп танылады. Ал егер эволюцияның алдыңғы кезеңінде қоғам, біз көрсеткендей, арнайы оқу орындарын ұйымдастыру үшін күрескен болса, енді баланы арнайы мектепке орналастыруды оның құқығын бұзу және «әлеуметтік белгіні ілу» ретінде қарастыра бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет