3. Арнайы педогогика саласындағы отандық және шетелдік авторлар еңбегі.
1)Шетелдік авторлар еңбегі
-Француз психиатр дәрігері Филипп Пинель (1745-1826) алғашкы рет есі ауысқандарға адамгершілік көзқарас білдіріп, сондай-ақ осындай ауруларға ғылыми ынғайын тапты.
-Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840) - «деменция» түсінігін, «ақыл кемшілігі»ұғымыненгізді.
-Эскироль жарыместіктің симптоматикалық жіктемесінің негізін салушылардың бірі болды.
-Песталоцци (1746-1827) алғашкы рет жарымес балаларды ерекше формада оқытып тәрбиелеу қажет деген ойын білдірді.
-Жан Итар (1775-1838) терең интеллектілік ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің медициналық-педагогикалық бағытының негізін салды, оның ішінде медициналық тәсіл басым болып отыр.
- XIX ғ. ортасындағы жаратылыс ғылымдары саласында ашылған іргелі жаңалықтар жарыместіктің сипаты мен мәнін түсінуде екі жаңа:анатомиялык-физиологиялык (Б. Морель, Э. Крепелин,A.Берштейн, Г. Трошин жане т.б.) және психологиялық-педагогикалық (Ж. Филипп, П. Бонкур, Т. Симон, А. Бинэ жэне т.б.) бағыттың пайда болуына себеп болды. Э. Крепелин (1856-1926) «олигофрения» ұғымын енгізді.
-Л.С. Выготскийдін бірден қолга ағган мәселесі дефектологияны ғылыми тұрғыдан іздестіру. Осы бағытта ол дамуында кемістігі бар балаларды зерттеп, оларға сапалы тәлім-тербие беру мен оқытудын өзіндік әдіс-тәсілдерін іздестірді. Дамуында кемістігі бар балалардың психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды одан әрі өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттігіне көңіл аударады. Дамуында кемістігі бар балалардың денесі мен ақыл-ой кемістігін толықтырып отырудың талап-тілектері балалардың жеке басының дамуымен ұштасып отыратындырына ерекше мән берді.
Л.С. Выготский зерттеулерінде қамтылган маңызды мәселенің бірі - бала психикасын дамытуда оқыту үрдісінің алатын орны мен ақыл-ойын жетілдіруде жетекші фактор екендігін айрықша атап көрсетеді. Ол өзінің бұл пікірлерін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, оқыту ісін үнемі баланың табиғи дамуынан ілгері жүргізу керек деді. Л.С. Выготский анықтаған тағы бір маңызды мәселе - жекелеген психикалық қызметтердің даму мен қалыптасуы бала дамуының түрлі кезеңдерінде бірі ерте, бірі кеш дамып, адам санасында түрліше деңгейде болатындығын өзі жүргізген тәжірибелер арқылы баяндайды.
Л.С. Выготскийдін айтуы бойынша, әр кемістік бірнеше сатылы болады. Органикалық, яғни биологиялық ауытқу кемістіктің бірінші сатысы болып есептелсе, сол кемістіктің салдары - оның екінші сатысы болып табылады.
2)Отандық авторлар еңбегі
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Р.А. Сүлейменова мен Г.Д. Хакимжанованын «Зарубежный и отечественный опыт включения детей со специальными нуждами в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения» кітабы жарық көрді. Сонымен, Қазакстанда мүмкіндігі шектеулі
балаларға ерте жастан коррекциялық көмек көрсету жүйесінің негізін салушы Р.А. Сүлейменова болып табылады.
-Өмірбекова Қ.Қ "Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IV деңгей) балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру"
-Сүлейменова Р.А "Мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте коррекциялық-педагогикалық жәрдем көрсетудің ұйымдастырушылық-технологиялық негіздері"
-Намазбаева Ж.И "Ақыл-ойы кем балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктері".
Достарыңызбен бөлісу: |