Н. Н малофеевтің арнайы педогогиканың эволюциялық даму кезеңін талдау



бет2/5
Дата19.02.2024
өлшемі100.55 Kb.
#492361
1   2   3   4   5
Спец пед Улпан

Негізгі бөлім
1.Арнайы педогогика саласы. Көптеген жылдар бойы дефектология саласындағы мүмкіндігі шектеулі тулғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі басқа ғылыми салалармен бірігіп қарастырылып келеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуі дефектологиялық зерттеулерде клиникалық, психологиялық жане педагогикалық тұрғысынан зерттелген. Дамуында ауытқулары бар балалар туралы Аристотель заманынан белгілі. Тән саулығына табынушылық көп ғасырлар бойы құрылған ежелгі Спартада ауытқулары айқын білінетін адамдар (және бірінші кезекте балалар) өлім кесілген болатын.
Кейіннен медицина дами келе осындай балаларға көмек көрсету мәселелері көтеріле бастады. Дамуында бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетудің бірінші кезеңі қалыпты жағдайдан ең айқын білінетін ауытқулары бар балалармен байланысты еді - бұл психикалық және интеллектілік ақаулар.
Арнайы педагогика аралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен, арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып, педагогикалык ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды. Арнайы психология зақымдалган психикалық ерекшеліктерін, оның ішінде себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, танымдық әрекеттері мен эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын зерттейді.
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, оның бір саласы ретінде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілерін құрастырады.
Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теория мен практикада «арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары қатар колданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік көзқарастар бойынша «коррекция», «қолдау» түсініктерімен сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі «special» атауының түп-тамыры бойынша «ерекше, жеке» деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.
Арнайы педагогика - педагогикалық білімнің құрамдас бір бөлігі болғанына қарамастан, көлемді ғылым саласы (латын тілінен аударганда specialis - түс, түр) деген мағынаны береді. Нақты түрдегі қабылданған анықтамасы, арнайы педагогика – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы ментехнологиясын зерттейтін ғылым.
Арнайы педагогиканын нысаны-педагогикалық феномен ретінде қарастырылатын ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды арнаулы оқыту процесі.
Арнайы білім берудегі зерттеулер мен педагогикалық көмек көрсету жұмысының субъектісі - мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогиканың пәні - арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі, дамудағы кемшіліктердің алдын алу, түзету мен жою, олардың әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың қағидалары, мазмұны мен әдістері.
Арнайы педагогиканың мақсаты - психикалык немесе дене дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен оларды
әлеуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет