Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет147/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   164
Ахтаева

Адамдарды басқару стилі 
 
Жауапты әріптеспен, ар-ұятты бағалаушылармен, әділетті 
меңгерушімен жұмыс істеу әркім үшін де жағымды. Бірақ әр-
кімде әрқашанда ондай бола бермейді. Біреуі шеттен тыс өзім-
шіл, екіншісі енжар. Біреулері берілген жұмысқа көңіл бөлмесе, 
басқасы мүлдем жалқау. Ал мыналар әрқашан жақсы жұмыс 
істеп жүрген, кенеттен өзгеріп кетеді. Біреуі қызғаншақ, екін-
шісі бастықты ұнатпайды – екеуі де бастықты шалып қалғысы 
келеді. Жұмысшылардың теріс әрекеттерін санап жеткізе ал-
майсың. Бірақ нәтижесі біркелкі: дау-дамай, мерзімінен өту, 
санасыз жұмысшы, жұмыс уақытының бос өтуі, кадрлар тұрақ-
сыздығы.
Мұндай құбылыстармен күресу бір сәтте оңай секілді – жұ-
мыстан қуу, тәрбиелеу, қадағалау. Бірақ әрбір тәжірибелі же-
текші үшін мұның бәрі іс жүзінде өте қиын екені белгілі. Жұ-
мыстың бәрі бүлініп болған соң, қашан қудалайсыз? Қалай қу-
далайсың, егер керек орынға маман таба алмасаң, ал жұмыс 
күннен-күнге көбейіп жатыр! Иә, содан соң жаңа жұмысшың 
бұрынғыдан нашар болмасына кім кепіл?!
Енді тек соңы жаман болмай тұрып, жұмысшылардың мінез-
құлқын болжай отырып, теріс іс-әрекеттерді бейтараптандыра 
тәрбиелеу қалды. Бұл жерде әрбір жетекшіге тән қайраткерлік 
стильдерінің түрлерін қарастыра алдық, сіз келесі тест сұрақ-
тарына жауап беріңіз. Ол сізбенен жетекшіңіз арасында кәсіптік 
қайраткерліктің қай стилі қолданылады, соны анықтауға көмек-
теседі.
Әр топтағы нұсқасын оқып, сіздің жетекші туралы пікірі-
ңізге сай келетінін көрсетіңіз.
1. Орталықтандырылған басқарма, барлық жұмыстар жай-
лы дәл соған баяндап тұруын талап етеді.
2. Барлық қол астындағылармен бірге шешуге тырысады, 
өте маңызды және шұғыл шаруаларды ғана өзі шешеді.
3. Кейбір маңызды жұмыстарды жетекшінің қатысуынсыз 
шешеді, оның жұмысын басқалар орындайды.
4. Үнемі бір нәрселерді тапсырады, бұйырады, талап етеді, 
бірақ ешқашан сұрамайды.


408 
5. Бұйрық берген, орындамауға мүмкіндік жоқ.
6. Бұйрық беруді білмейді.
7. Оның орынбасарлары білікті мамандар болғанын қалайды.
8. Жетекшіге орынбасары, көмекшісі болып кім жұмыс істеп 
жатқаны бәрібір.
9. Оны тек жұмыстың орындалғаны қызықтырады, ал адам-
дардың бір-бірімен қарым-қатынасы бәрібір.
10. Жұмысқа қызықпады, іске тек сыпайылық танытып келеді.
11. Өндірістік тапсырманы орындай отырып, адамдармен 
жақсы қарым-қатынаста болуды қалайды.
12. Қол астындағылардың талаптануын жетекші талап етпейді.
13. Қарамағындағылар өздігінен жұмыс істеуіне жағдай жа-
сайды.
14. Жетекшіні сынағанға ренжімейді, қайта соған қарап тың-
дайды.
15. Оны сынағанды ұнатпайды және ол туралы жасыр-
майды.
16. Айтылған сынды тыңдайды тіпті шара қолданса болады, 
бірақ ештеңе істемейді.
17. Жетекші өз іс-әрекеті үшін жауап беруге қорқады және 
өз жауапкершілігіне көп жүктеме алмайды.
18. Жауапкершілікті өзі және қарамағындағылармен бөлі-
седі.
19. Жетекші шешімді өзі қабылдайды және бас тартады.
20. Қарамағындағылармен жиі кездеседі, әсіресе тәжірибелі 
жұмысшы ретінде.
21. Қарамағындағылар кеңес беріп қоймай, нұсқау да жасай 
алады.
22. Қарамағындағылар қарсыласқанда оған кеңес беруге жол 
бермейді. 
23. Көбіне қатардағы жұмысшымен емес, орынбасарлары-
мен және төмен деңгейдегі бастықтармен кеңеседі.
24. Қарамағындағылар үнемі қатынаста болады ұжымдағы 
жағдай туралы, алдағы жеңу керек болатын қиындықтар туралы 
әңгімелеседі.
25. Қандай да бір жұмысты орындау өз қарамағындағылар-
ды жиі көндіруге тура келеді.


409 
26. Қарамағындағылармен үнемі сыпайы, еркін қарым-қаты-
наста болады.
27. Қарамағындағылармен қарым-қатынаста немқұрайдылық 
танытады.
28. Қарамағындағылармен қарым-қатынасы тактикалық емес, 
тіпті дөрекі.
29. Күрделі жағдайда өз міндеттерін нашар орындайды.
30. Күрделі жағдайларда ереже бойынша басқарудың қатал 
әдістерін қолданады.
31. Күрделі кезде өзінің басқару тәсілдерін өзгертпейді.
32. Тіпті өзіне таныс емес мәселелерді өзі шешеді.
33. Егер бір нәрсені білмейтін болса, оны көрсетуге қорық-
пайды және басқалардан көмек сұрайды.
34. Ол өзі әрекет етпейді, басқаның әсер етуін күтеді.
35. Меніңше, ол онша еңбекқор емес секілді.
36. Ол талап қойғыш, сонымен қатар әділ.
37. Ол өте қатал болады.
38. Нәтижелерді бақылай отырып, әрқашан оң жақтарын 
байқап, қарамағындағыларды мақтайды.
39. Ұжымның және қарамағындағылардың жұмысын үнемі 
қатал бақылауда ұстайды.
40. Жағдайды әрдайым бақылауда ұстайды.
41. Жетекші тәртіпті сақтай алады.
42. Қарамағындағыларға жиі ескерту, сөгіс жариялайды.
43. Тәртіпке әсер ете алмайды.
44. Жетекшінің қатысуында қарамағындағылар үнемі күш-
пен жұмыс істейді.
45. Жетекшімен жұмыс істеген қызықты.
46. Қарамағындағылар өздерімен-өздері.
Сонымен ұжымды басқару стилінің астында қазіргі таңда қан-
дай ұғым жатыр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет