Құжаттық (деректі). Бұл стильдің жетекшісі құжаттарға,
жазбаша үкімдерге аса көңіл бөледі және «қағаздар әлеміне» ба-
тып кеткен. Өзінің уақыты мен күшін қағаздар және қандай да
бір анықтамаларға жұмсаған жетекші тексерулерден сақтануға,
«қорламаған жерлерін» жабуға ұмтылады. Бірақ оның қарама-
ғындағылармен ашық әңгіме, ұжымды тікелей басқаруға уақыты
болмайды.
Бұл стильдің оң бағыты болып мұндай жетекшінің құжат-
тары, түрліше жоспарлары және есебі, құжаттық алмасулары
әрқашан керекті тәртіппен сақтаулы болады. Әрбір тексеруші
412
іскерлік пен пысықтығын басқарушының кәсіпқойлығын қағаз
бойынша анықтай беретінін кім біледі. Мұндай жағдайда бұл
жетекші «тақырға отыруы» әбден мүмкін.
Көсемділік. Бұл стиль өзі сенетін проблемалардың шешіміне
ұжымды да шабыттандырады, егер бәрін болмаса да басым көп-
шілігін. Мұндай жетекші өзі жүргізген жоспарлардың, бағдарла-
малардың жүзеге асуына толық сенімді. Ол ұмтылушылық қабі-
летке ие және оны алдында тұрған проблемаларды шешуде қол-
данады. Егер көшбасшының шығармашылық қабілеті жоғары дең-
гейде болса, онда ол ұжым үшін де шығармашылық шабыт оятады.
Көсемдік стилінің кемшілігі – мұндай жетекші ұжымды
әкімшілік құралдармен кемсітеді.
Әкімшілік. Бұл стиль барлық нұсқаулықтарға, бұйрықтарға сай
іс-әрекет жасайтын жетекшілерді сипаттайды және қандай жолмен
болса да оның логикалық соңына дейін апарады. Жетекші-әкімші
өзінің айтқанында тұруға қабілетті, өзінің әкімшілік қысымын
түсіріп, «басқа пікірлерді» жеңе алады. Әкімшілік стильдің нашар
жағы «дау-дамайлы» жағдайдың орын алуымен сипатталады және
осының бәріне жетекші-әкімшінің өзі себепші болады.
Мүмкін, бұл стильдің кемшіліктер қатарына жетекшінің ме-
кемені басқаруда әкімшілік механизмнің білімін, қызметтік нұс-
қаулықтар білімін және сол сияқты биліктің басқа да атрибут-
тарын игергендігі жатады.
Басқарудың басты сипаты – ыңғайлылық. Жағдайдың өзге-
шілігіне тәуелсіз, жетекші басқарудың бірден-бір стилін ұтымды
қолдануы керек және оның әлсіз жақтарын жоюды білуі керек.
Қазіргі әсерлі жетекші күнделікті қайраткерлігінде өзінің
күшті, көбірек дамыған стильдік компоненттеріне, мүмкіндік-
теріне сүйенуге зәру.
Ұжымды басқаруда қолайлы стиль шығармашылық стиль
болып табылады, себебі жетекші әрбір жаңа басқару тапсырма-
ларын шешуде ыңғайлы, еппен осы және басқа әдістерін, құ-
ралдарын қолданады.
Шындығында, ұжымды басқарудың шығармашылық стилі –
бұл шынайы туындаған шаруашылық жағдайға байланысты,
оны шешуде қолданылатын мақсатқа және шартқа және құрал-
дарға қарамастан қолданылатын түрлі стильдер.
413
Біздің әрқайсысымызға басқа біреулерді бағалауға тура келе-
ді. Әрине, оны нақты жасау оңай емес, әсіресе қолыңызда пси-
ходиагностикалық әдістер болмаса. Ұсынылып отырған тест сіз-
дің психология саласында хабарыңыздың бар-жоғын анықтауға
көмектеседі.
Қатты ойға түспестен, көрсетілген сұрақтардың жауабы-
ның бір вариантын таңдаңыз.
Сіздің ойыңызша, әрқашан дұрыс екпінде болатындар, олар:
а) сыпайы, қарым-қатынасқа тартымды.
в) қатал тәрбиелі.
с) өзінің шынайы мінезін жасырады.
Сіз ешқашан ұрыспайтын жұбайларды білесіз. Сіздің ойы-
ңызша, олар:
а) бақытты.
в) бір-біріне сай, лайықты.
с) бір-біріне сенбейді.
Сіз бірінші рет көріп тұрған біреу сізге әңгіме айта бастай-
ды. Сіздің ол туралы ойыңыз қандай?
а) сөзшең.
в) қолайсыз жағдайдан осы жолмен құтылмақшы, себебі өзі-
не сенімді емес.
с) сізге жақсы әсер қалдырғысы келеді.
Сіз біреумен қызықты тақырыпта әңгімелесіп отырсыз. Ол
әңгіме барысында ымдап сөйлеседі. Сіздің ол туралы ойыңыз.
а) қобалжып тұр.
в) немқұрайды қарап тұр.
Сіз бір танысыңызды жақынырақ білгіңіз келді. Ең алдымен
қажеттісі:
а) оны қандай да бір ортаға шақыру керек.
в) оны іс барысында бақылау.
Мейрамханада біреу үлкен көлемде шайпұл тастайды. Сіздің
шешіміңіз?
а) ол әсер қалдырғысы келді.
в) оған даяшының жылы қабақ танытқаны керек.
с) қайырымды, ашыққолды.
Егер адам ешқашан сөзді бірінші бастамаса, онда ол туралы
сіздің ойыңыз қандай?
414
а) ол тұйық.
в) ол өте қатал.
с) өзін түсінбейді деп қорқады.
Сіздің пікіріңізше, тар маңдайлы адам, ол:
а) ақымақтау.
в) қырсық.
с) адам туралы нақты ештеңе айту мүмкін емес.
Адамдардың көзіне тік қарамайтын адам туралы не ойлай-
сыз?
а) бұл – оның кемшілігінің белгісі.
в) шын көңілмен емес.
с) өте сасқалақ.
Жоғары жетістікті адам үнемі арзан зат сатып алады. Сіздің
ойыңыз?
а) ол үнемшіл.
в) ол қарапайым.
с) ол сараң.
Қазіргі өз негізінде шығармашылық, диалектикалық стильде
ұжымды басқару туралы бүтін бір кітап жазуға болады. Диалек-
тік және шығармашылық түрде ойлау қабілетін сипаттайтын
белгілермен шектелейік.
Есептелген таңдаудан соң пайда болу қаупі бар тәуекелге
төтеп беру, қабілетіне ие болу, сезімталдыққа және шығармашы-
лық тәжірибеге сеніп қана қоймай, ғылыми негізделген есепке
де сүйену керек.
Мейірімді және әдепті, адамдардың әлеуметтік көзқарасына
лайықты болу, бірақ сонымен қатар жұмысқа және ұжымға бай-
ланысты талапшыл болу керек.
Қайта туындайтын тапсырмаларды шешуде ғылыми талапқа,
өтпелі тәжірибеге сүйену, бірақ сәттіліктің себептеріне ғана көңіл
бөле берместен, сәтсіздіктің себептерін ұқыпты зерттеп білу керек.
Өзінің күнделік басқару қайраткерлігінде келесі басқару ұс-
танымдарын ыңғайлы және сауатты пайдалана білу:
Нұсқаулық ұстанымы.
Ережелермен, нұсқаулармен басқару, қаулымен, бұйрықпен
емес.
415
Жақындық ұстанымы.
Мәселелерді пайда болған деңгейге жақын деңгейде шешу
керек.
Шұғыл ұстанымы.
Қарамағындағылардың іс-әрекетін бастық қалай бағалайты-
нын сезіну үшін, болып жатқан жайды шұғыл қабылдай білу
керек.
Тәрбиелік ұстанымы.
Жетекші қарамағындағыларды іспен және сөзбен тәрбиелеуі
керек.
Шыдамдылық ұстанымы.
Қарамағындағылармен қарым-қатынаста жетекші үнемі шы-
дамдылық танытуы керек.
Жауапкершілік ұстанымы.
Жұмысшы әсер ету жағдайы бар нәрсе үшін ғана жауап бе-
руі керек.
Басқару ұстанымдардың бұзылуы жағымсыз жағдайлар-
ға, ұжымдағы психологиялық жағдайдың бұзылуына әкеп со-
ғады.
Біреулер «жақсы болар еді, егер ...» деген ойлармен шекте-
леді, басқалар нақты іс-әрекет жасайды, осы мақсатта ұжымдық
іс-шаралар ұйымдастырады (мерекелер, кештер, т.с.с.), жақсы
жетекші ұжымдағы психологиялық жағдайды сақтауға ғана
емес, одан әрі дамытуға ұмтылуы керек
Ал сіздің жағдайыңыз қалай? Төменде көрсетілген тест кө-
мегімен өзіңіздің ойлауға немесе іс-әрекетке жақындығыңызды
анықтай аласыз.
Келесі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
1. Сізге шаруалы болған ұнай ма?
2. Жолдағы кептеліс немесе машиналардың ақырын қозға-
лысы сізді ашуландыра ма?
3. Бір жерден екінші жерге, бір жұмыстан екіншісіне асығып
жүруге жақынсыз ба?
4. «Бос отырсаңыз» және ештеңе істелмей жатқанда, өзіңізді
еркін сезінесіз бе?
5. Сіз көрермен емес, қатысушы болғанды қолдайсыз ба?
416
6. Егер көп адам лифтіні күтіп тұрса, сіз баспалдақпен көте-
рілесіз бе?
7. Сіздің жылдам әрекетіңізге басқалар шағымдана ма?
8. Демалыс күндері де сіз ерте тұрасыз ба?
9. Жаңа жобаны сезімталдықпен қабылдайсыз ба?
10. Адамдарды ұйымдастырған сізге ұнай ма?
Достарыңызбен бөлісу: |