Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Сіз қандай әңгімелесушісіз?



Pdf көрінісі
бет155/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   164
Ахтаева

 
Сіз қандай әңгімелесушісіз? 
Кез келген адаммен, жолдасыңызбен, тікелей бастығы-
ңызбен, отбасыңыздың мүшесімен, тіпті бейтаныс адам- 
мен әңгімелескен кезіңізде сіздің бойыңызда қанағаттанба-
ғандық сезімін немесе реніш туғызатын жағдаяттарды атап 
көрсетіңіз. 


427 
Жағдаяттар нұсқалары: 
1. Әңгімелесуші маған әлдене айтуға мүмкіндік бермейді
менің айтарым бар, ол менің аузымды ашуыма кезек бермей, өзі 
сөйлей береді. 
2. Мен сөйлеген кезде әріптесім үнемі сөзімді бөле береді. 
3. Ол сөйлесіп отырған кезде менің бетіме ешқашанда тура 
қараған емес, сол себепті кейде маған ол мені тыңдап отыр ма, 
жоқ па деген ой келеді. 
4. Мұндай адаммен әңгімелесу уақытты босқа өткізгенмен 
бірдей. 
5. Әңгіме кезінде ол үнемі күйбеңдеп отырады: қаламсап 
пен қағаз оған менің сөздерім мен ойларымнан маңыздырақ 
сияқты болып көрінеді. 
6. Ол еш уақытта езу тартып, күлген емес. Мұндайда мен 
біртүрлі ыңғайсызданып, күдіктенемін. 
7. Ол әр уақытта сұрақтар беріп, айтылған нәрселерді тәп-
тіштей қайталап, менің ойымды бөле береді. 
8. Мені оның мысы басады деп айта алмаймын. 
9. Ол менің сөздерімнің өңін айналдырып, басқаша мазмұн 
береді. 
10. Естімегенсіп, бір нәрсені қайтара сұрайды. 
11. Ол мені аяғына дейін тыңдап болмастан, сөзімді бөледі, 
содан соң менімен келіскендік білдіреді. 
12. Сөйлесіп отырған кезде ол үнемі басқа бір нәрселермен 
айналысып отырады: қаламсабымен ойнайды, темекі шегеді, 
көзілдірігін сүртеді, соған қарап, мені ықыласпен тыңдап отыр 
деп айта алмаймын. 
13. Ол менің ойымды қорытады. 
14. Ол әрқашанда менің айтқаныма сөз қыстыруға тырыса- 
ды. 
15. Ол әңгіме кезінде маған қас қақпастан тесіле қарайды. 
16. Ол маған сынағандай кейіппен қарап қояды. Маған бұл 
біртүрлі ыңғайсыз әсер етеді. 
17. Мен бір ұсыныс жасасам, ол «Мен де солай ойлаймын» 
деп шығады. 
18. Ол әңгімеге аса қызығушылық білдірген адамдай басын 
жиі изейді, аһылап-үһілейді, жиі қоштайды. 


428 
19. Мен бір байсалды істер айтсам, ол әзіл-оспаққа айнал-
дырып, анекдот айтады. 
20. Әңгіме барысында ол жиі-жиі сағатына қарай береді. 
21. Кабинетіне кіріп келгенімде, ол барлық мәселені жиып 
тастап, бар ықыласын маған аударады. 
22. Мен бір нәрсеге бөгет жасап отырғандай ыңғай білді-
реді. 
23. Ол айтқандарымның бәрін мақұлдап, қолдауымды талап 
етеді, әрбір сөзінен кейін: «Сіз де солай ойлайсыз ба?» немесе 
«Сіз қарсысыз ба?» деген сұрақтар қояды. 
Өзіңізде қанағаттанбаушылық пен реніш туғызатын жағдаят-
тарды санаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет