433
ұйқысыздық
немесе ашуланшақтық, барлық әлемге көңілі тол-
мау – күйзелістің белгілері. Осы жерде бұл жағдайға бір нәрсе
жасауға бола ма деген сұрақ туындайды. Күйзелісті айналып
өтуге бола ма?
Бұл сұраққа жауап міндетті түрде кері. Күйзелістен мүлдем
құтылу мүмкін емес. Себебі олардың табиғаты – рефлекторлы.
Бұл ағзаның қолайсыз жағдайларға автоматты түрде жасалатын
реакциясы. Бұл адамның табиғи қорғанысы. Оны өшіру – адам-
ның өмірін жоюымен, сыртқы ортаны сезіне алмайтындай етуі-
мен пара-пар.
Басқару психологиясы бойынша аталған мәселелерді өмірлік
жайттармен байланыстыру мақсатында, яғни теориялық негізде-
рін практикамен ұштастыру үшін оқу құралында қолданбалы
бөлім ұсынылған. Онда басшылық өзіне, қол астындағы маман-
дарға, топтық үрдістерге және құбылыстарға байланысты дұрыс
шешім
қабылдауға бағыттайтын, олармен жақынырақ танысуға
мүмкіндік беретін бірнеше сынақ әдістері мен әдістемелер, тест-
тер орын алады. Сонымен қатар танымал экспресс-диагностика
бойынша басшы тұлғасының кәсіби қасиеттеріне арналған әдіс-
темелер ұсынылады. Басшы тұлғасының кәсіби маңызды қасиет-
терін анықтауға арналған әдістемелер бойынша: «Әлсіз басшы-
лардың белгілері», «Бағынушыларды жазалаудың жеті ереже-
сі», «Менеджерлердің сегіз типтік қателіктері (Э. Шварц пен
А. Маккензи бойынша)», «Басшыңыздың кім екенін айтыңыз, ...
бұл сізге қалай әсер ететінін біліп аласыз», «Жетекші стилі»,
«Басшы қызметіндегі адамдардың типтері», «Басшының басқару
стилін өзіндік бағалау», «Тұлғаның
шығармашылық әлеуетінің
деңгейін бағалау», «Басқару біліктілігін анықтауға бағытталған
әдістеме (И.А. Аглуллинаның авторлық тесті)» қарастырылады.
Оқу құралы, бірінші кезекте, түрлі сала бойынша басшылық
қызметте жұмыс жасап жүрген тұлғалар мен болашақта осы
сала бойынша үлкен жетістікке жету бойынша алдына мақсат
қойып, сүбелі еңбек етіп жүрген болашақ мамандар (студенттер,
магистранттар, PhD докторлар), басқару психологиясы саласы
бойынша қызығушылық танытып жүрген
оқырмандарға арна-
лады.