ТЕРМИНДІК СӨЗДІК
Адам –
қоғамдық-тарихи процестің, жер бетіндегі мате-
риалдық және рухани мәдениеттің субъектісі,
генетикалық жақтан өмірдің басқа формалары-
мен байланысты және ол формалардан еңбек құ-
ралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп
шыққан, түсінікті сөйлей, ойлай алатын, сана-
лы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Ол бірқатар ғы-
лымдардың: антропология, социология, этно-
графия, психология, педагогика, анатомия, фи-
зиология және т.б. зерттеу нысаны болып табы-
лады.
Адамның биотиптері –
нейрогуморальды негіз, симпатико-адреналиндік
жүйенің (САЖ) индивидуалды ерекшеліктері
бойынша іске асырылатын адам типологиясы. Үш
түрлі биотип ажыратылады: адреналиндік (А-тип),
норадреалиндік (Н – А-тип) және аралас.
А-типтің өкілдері жоғары мазасыздықпен, жо-
ғары жауапкершілік сезімімен, қол жеткізгенге
қанағаттанбаумен, шектік қысымдарға талпы-
ныспен ерекшеленеді.
Н – А-типтің өкілдері жоғары ішкі қысым-
дылықпен, тұйықтықпен, жасырындылығымен,
билікшілдігімен, мақсатқа талпынғыштығымен
сипатталады; жолы болмаушылық адамдарды
жүйке жүйесінің тозуына, жүрек қан тамырла-
рының ауруларына алып келуі мүмкін.
Аралас типтің өкілдері жоғары эмоционалды-
лығымен, көңіл-күйінің тұрақсыздығымен, жо-
ғары сезімталдығымен, эмпатиямен бірге қайғы-
руға қабілеттілігімен сипатталады. Төтенше жағ-
дайларда адамдардың биотиптік ерекшеліктері
аса қарқынды көрінеді.
Адамға жүйелі тұрғыдан
қарау –
адамның даму процесінде табиғи және мәдени
арақатынасы нәтижесінде оның психикасының
дамуы.
Авторитаризм –
(грек сөзі
«autoritas» – «билік, ықпал
ету») –
адам мінез-құлқына догматикалық талап қой-
ғыштық, беделді адамға сілтеме жасау арқылы
оның аргументациясы, жоғарыдан жіберілген
ережені еш қарсылықсыз орындауды талап ету,
тұлғааралық қатынастардың объективті негіз-
дерін асқындыру.
Әлеуметтік-саяси кесте ретіндегі авторитаризм
– мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси
435
институттарды ығыстыру, биліктің бір адамның
немесе бір органның қолындағы концентра-
циясы.
Авторитаризмнің шеткі формасы – тоталитаризм –
қоғамның іс-әрекетінің әмірлі, қатал репрессивті
кестесін, басқарудың апелляциялық емес коман-
далық әдісін жасау, тұлғаның өзіндік реттеу
мүмкіндіктерін шектеу. Адамның тоталитаризм
жағдайында ұзақ уақыт болуы оның тұлғалық
деформациясына алып келеді.
Ажитация – (латын сөзі –
agitatio – «қозғалысқа алып
келу») –
өмірге, қауіпке, апаттық жағдайларға және т.б.
психогендік факторларға аффективті жауап. Дау-
дамай, апаттық жағдайлардағы өте күшті қозу
күйі, әрекеттердің мақсатқа бағыттылығының
бұзылуы, асығуы, пайымдаулы іс-әрекетке қа-
білеттіліктің төмендеуі – аномальды психика-
лық күй.
Аморальдылық –
қоғамның моральдық ұстанымдарын қабыл-
дамау, әдептілік нормаларына ингилистикалық
қатынас, тұлғаның және әлеуметтік топтың ру-
хани күйреуі. Аморальдылықтың шеткі фор-
масы цинизм болып табылады, ол – өз қоға-
мының мәдениетіне, оның рухани құндылық-
тарына жақтырмай қарау, идеалдар мен әлеу-
меттік ұстанымдарды менсінбеу.
Амнезия – (грек сөзі – ἀ –
«теріс бөлшектер» + mnesia
«ес») –
ұмытшақтық, есінен айрылу, естің бұзылуы. Ре-
троградты амнезия – аурудың алдында болған
жағдайларға қатысты естің бұзылуы. Антеро-
градты амнезия – ауру басталғаннан кейінгі бол-
ған жағдайларға қатысты естің бұзылуы. Қор-
ғаныстық амнезия – жаралайтын жағдайларды
естен ығыстыру, ұмыту.
Андрогиния –
(латын сөзі,
andros – «ер», gunes –
«әйел») –
бір индивидте ер адамның да, әйел адамның да
қасиеттерінің болуы, әртүрлі жағдайларда мі-
нез-құлықтың маскулиндік немесе феминдік
ерекшеліктерін көрсете алу қабілеті.
Антиципация – (латын сөзі,
anticipatio – «күні бұрын») –
индивидтің жағдайдың ары қарайғы дамуын,
әрекеттің барлық мүмкін болатын нәтижелерін
алдын ала көре алу қабілеті, ақиқаттықты алдын
ала бейнелеуге қабілеттілік.
Апатия – (грек сөзі, аnatheia
– «бейтараптық») –
селқостық пен қызығушылықтардың әлсіреуі,
қоршаған шынайылықтың жағдайларына деген
немқұрайдылық, эмоциялық енжарлық.
Апперцепция –
(апперцептио – латын сөзі,
шынайылықтың заттары мен құбылыстарын қа-
былдаудың өткен тәжірибеге, тұлғаның индиви-
436
«ап» – үстеме жұрнақ,
«перцепцио» – «қабылдау») –
дуалды ерекшеліктеріне және психикалық күйі-
не тәуелділігі.
Ассоцианизм – (латын сөзі,
associatio – «екі немесе
одан да көп психикалық
құрылымдарда туындаған
психологиядағы
байланыс») –
психикалық қызмет етуін ассоциациялардың –
құбылыстар мен бейнелерінің арасындағы тұ-
рақты байланыстардың қалыптасуы арқылы тү-
сіндірілетін әлемдік психологияның негізгі ба-
ғыттарының бірі.
Ең алғаш ассоциациялар ұстанымын Аристо-
тель қалыптастырған: «Көрінетін сыртқы себеп-
терсіз пайда болатын бейнелер ассоциацияның
өнімі болып табылады». ХІХ ғасырда ассоциа-
циялардың және олардың нейрофизиологиялық,
шартты-рефлекторлық механизмдерінің қалып-
тасу жағдайлары зерттелген болатын.
Астения – (грек сөзі,
astheneia – «алқыну,
әлсіздік») –
жоғары деңгейде күшсіздік, қалжырау, тез шар-
шау мен тітіркендіргіште көрінетін нервтік-пси-
хикалық әлсіздік.
Атрибуция – (латын сөзі,
attributio – «иеленіп
жабыстыру») –
индивидке немесе әлеуметтік топқа тікелей қа-
былданбайтын ерекшеліктерді немесе басқа тұл-
ғаның мінез-құлқының себептерін түсіндіру ме-
ханизмі. Каузальды атрибуция – мінез-құлық
себептері туралы болжам.
Аутизм –
(грек сөзі, Эйген
Блейлер 1911 жылы ашқан
«өзім» және
ағылшын сөзі, infantile
autism –
«аут» – «тысқары кету») –
психикалық шеттелудің шеткі формасы, шынайы
өмірден алшақтап, адамның өзімен-өзі болуы,
сыртқы әрекеттер мен құбылыстарға немқұрай-
лылығы, индивидтің қоршаған әлеммен байла-
нысынан қашуы, өзіндік реттеу мүмкіндігінің
төмендеуі, идеялар мен түсініктердің тар шең-
беріне жақындық, эгоцентризм, қоршаған адам-
дардың мінез-құлқына эмоциялық реакциялар-
дың пара-пар еместігі.
Аффект – (латын
сөзі, affects – «жан
толқынысы») –
күтпеген жерден болған өте күшті эмоциогендік
әсерден туындаған, күшті импульсивті әрекет-
термен және эндокринді жүйенің қызметтік өз-
герістерімен бірге жүретін сананың уақытша па-
тологиялық емес ұйымдасуының бұзылуы, оның
«тарылуы»; ақиқаттықтың индивидтің тұлғалық
позицияларына қатал қарама-қарсылығынан, жан-
жалдан туындаған эмоциялық күй.
Аффект субъектінің қатал, ординарлы емес жағ-
дайдан пара-пар шығу жолын табуға қабілетсіз-
дігінде шеткі жағдайларда пайда болады. Аффек-
тогендік бейне индивидтің бүкіл психикалық іс-
әрекетінен басым болады, онымен байланысты
емес барлық процестерді топтайды және биоло-
437
гиялық эволюция процесінде қалыптасқан мінез-
құлықтың «апаттық» тәсілдерін (агрессияны, қа-
шуды, шынжырлануды) біріктіреді.
Аффект күйі кейін индивидтің өткен аффекто-
гендік жағдайдың жеке элементтерімен кезде-
суінде көрінетін аффективті іздер қалыптасты-
рады.
Заңгерлікте аффект (күшті рухани күйзеліс),
егер бұл күйді айыптаушының заңға сәйкес
емес әрекеттері туындатқан болса, жауапкерші-
лікті жеңілдететін және қылмыстық квалифика-
циясына әсер етуші жағдай ретінде қарасты-
рылады.
Аффективті әрекет –
субъектінің белгілі бір эмоциялық күйлерімен
бағытталатын және реттелетін әрекет, ондай
күйлерге батылдық, құмарлық, ұнатпаушылық,
құштарлық, кек қайтару, махаббат және т.б.
жатады. Аффективті әрекет түсінігін Макс Ве-
бер оны «Әлеуметтік әрекет» (мақсатқа рацио-
налды және құндылық-рационалды) түсінігінен
бөліп алу үшін енгізген.
Мақсатқа ұтымды әрекетке қарағанда және құн-
дылық-рационалды әрекетке ұқсас аффективті
әрекет нақты мақсатқа қол жеткізуге емес, әре-
кет субъектісінің эмоциялық өзіндік көрінуіне,
оның импульсивті өзіндік реттеуіне, құмарлық-
ты немесе құштарлықты қанағаттандыруға ба-
ғытталған.
Қозудан туған әрекет саналы мінез-құлық пен
бейсаналы реакциялардың арасындағы шекте
орналасқан. Олар ең аз саралануымен сипатта-
лады; осы ең аз шектен өту психикалық іс-
әрекеттің ұйымдасуының бұзылуына – аффект
күйіне алып келеді («Аффект» қараңыз).
Әдеттегі сана –
әлеуметтік қауымдағы басым эмпирикалық бі-
лім және түсініктердің жиынтығы.
Әлеуметтік бақылау
әлеуметтік нормаларға сәйкес адамның мінез-
құлқын реттеу мақсатымен қоғам әлеуметтік
және кіші топтағы тұлғаларға әсер ететін құрал-
дар жүйесі.
Әлеуметтік бейімделу –
индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына үйре-
нуі. Әлеуметтік бейімделудің типтері: 1) ортаға
белсенді әсер ету; 2) әлеуметтік топтық құнды-
лық бағдарлары мен мақсаттарын пассивті кон-
формды қабылдауы.
438
Әлеуметтік бейімделу индивидтің өзінің және
өз әлеуметтік байланыстарының бейнесіне пара-
пар әртүрлі әлеуметтік рөлдерді қабылдауына
байланысты. Әлеуметтік бейімделудің бұзылуы
әлеуметтік емес мінез-құлық, маргиналдылық,
ішімдікке салыну мен нашақорлық болып та-
былады.
Әлеуметтік ингибиция –
бөгде адамдарджың қатысуында іс-әрекеттің
төмендеуі.
Әлеуметтік-психологиялық
ахуал –
топ деңгейінің дамуына тәуелді, тиімді бірлесе
әсер ететін тұлғааралық қатынасының саласы.
Әлеуметтік күту –
әлеуметтік қауымдастықтың әрбір тұрғыдан
әлеуметтік-рөлдік талаптарын тиісті орындауын
күту (ата-аналардың рөлдері, ұстаздардың, әкім-
шіліктің, саяси лидердің, парламент депутатта-
рының, т.б. қызметтері).
Әлеуметтік стереотип –
әлеуметтік объектінің тұрақты, қарапайым (үс-
тірт) бейнесі, бөгде топтармен қатынасындағы
негативтік бағдарлар.
Әлеуметтік қабылдау –
адамдармен әлеуметтік объектілерді (басқа адам-
дар, өзін-өзі, әлеуметтік топ және қауымдастар)
қабылдау, түсіну, бағалау ерекшелігі.
Әлеуметтік-этностық
қарым-қатынастар –
ұлтаралық әлеуметтік қарым-қатынастардың кө-
рінісі. Әр ұлт өзінің ұлттық мәдениетімен, салт-
дәстүрімен, ұлттық өнерімен, ұлттық талғамы-
мен ерекшеленеді. Басқа ұлт өкілдерімен күн-
делікті өмірде қарым-қатынасқа түскенде өзінің
ұлтына тән ерекшелікпен көрінуге тырысады.
Әр ұлт өзіндік өнер ерекшелігімен дараланады.
Оны ұлттық сана-сезімнің, ұлттық мақтаныш-
тың көрінісі деуге болады.
Әсер –
индивидтің немесе әлеуметтік топтың басқа адам-
дардың мінез-құлықтарын, олардың позицияла-
рын, бағалауы мен бағдарларын өзгерту процесі
және оның нәтижесі. Бағытталған әсердің меха-
низмі сендіру мен пайымдау болып табылады.
Бағытталмаған әсердің механизмі – еліктеу және
жұқтыру. Әсер тура және жанама бола алады.
Әлеуметтік позиция –
бұл – индивидтің немесе топтың қоғам жүйе-
сіндегі орны. Адамның мінез-құлқы стилін рет-
тейтін, тұлға немесе индивидтің қоғам жүйе-
сіндегі орны.
Әлеуметтік рөл –
тұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік
мекемелердің қоятын талаптарына, әлеуметтік
күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.
439
Әлеуметтік фасилитация –
белгіленген әрекетті басқа адамдардың қатына-
сымен жеңілдету (соның ішінде қылмыстық топ
жағдайындағы қылмыстық әрекеттер).
Басқару –
басқарудың бағдарламасы және мақсаттын іске
асыру, іс-әрекет тәртібін өзгерту немесе қолдау,
құрылымды сақтау, мақсаттың дамуын қамта-
масыз ету және субъектінің басқару жүйесіне
әсер ету процесі.
Басқару психологиясы –
басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды
зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару
психологиясының негізгі міндеті – басқару жүйе-
сіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арт-
тыру мақсатында басқару қызметінің психоло-
гиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау
жасайды.
Басқару іс-әрекеті –
берілген тапсырмаларды тиімді орындауға үлес
қосатын «адам-адам» жүйесіндегі басшылардың
аналитикалық-конструктивтік, іс-әрекеттік-рет-
теулік, коммуникативтік және бағалау-түзету
функцияларын іске асырудан тұрады. Бұл әре-
кеттің ұжымдағы қызметтік және басқа да тап-
сырмалардың тиімді шешімін табуда маңызы
зор. Сондай-ақ бірлескен іс-әрекет міндеттерін
орындау үшін қызметкерлер тиімділігін қамта-
масыз ету болып табылады.
Басқару іс-әрекетін
белсенді ету –
үйлесімді қағидаларды айқындау мен дәлелдеу
процесі, сондай-ақ басқаруды іске асырудағы
объективті заңдарының талаптары айтылады.
Жетекшінің басқару функциясын үздік орын-
дауын қамтамасыз етеді.
Басқару іс-әрекетінің
психологиясы –
психология ғылымының жаңа жетекші бағыты.
Әртүрлі жағдайларда тиімді басқарудың шарт-
тары мен факторлары, механизмдері, заңды-
лықтарының қызметімен бекітіледі. Жетекшінің
өзіндік басқару қабілеті мен ойлауын қалып-
тастыру, қызметкерлердің өмірлік жаңа үлгілері
мен технологияларын қолдана отырып, іс-әре-
кетін шығармашылықпен басқару.
Басқару іс-әрекетінің стилі –
(стиль – латын сөзі, жазуға арналған стержень)
– жетекшінің жеке басқару қызметін іске асыру-
дағы қалыптасқан мінездің әдіс, тәсілдер жүйесі
болып және ішкі және сыртқы факторлардың
әсерімен дамиды. Жетекшінің жоғары стилін
таңдау белсенділеу көрсеткіштеріне сәйкес іске
асып, оның белсенділігінің құрылымдық-қыз-
440
меттік, психологиялық, нәтижелілік көрсеткіш-
тері арқылы көрініс тауып сыртқа шығады.
Басқару іс-әрекетінің
технологиясы –
жетекшімен басқару құралдарын қолдану мен
құрастыруы, ұйымдастыру-әдістемелік бағдары-
ның жиынтығы. Оған басқарудың тактикасы
мен техникасы, стратегиясы жатады.
Басқару менталитеті (ділі) – бұл жетекшінің басқару іс-әрекетіндегі дара-
лығы және жүйелі еңбегінің қайталанбауы.
Басқару өнері –
жетекшінің басқару құзырлылығының кемел-
денуі, жетекші өз міндеттеріндегі басқарудың
тұрақты жоғары нәтижелеріне қол жеткізуі,
жаңа технологияларын шығармашылықпен мең-
геруі және мықты ерік-жігерімен, адамгершілік-
патриоттық қарым-қатынасымен сипаттала-ды.
Басқару функциясы
(қызметі) –
бұл тапсырманың орындалу кезеңіндегі басшы-
ның міндеттерге сәйкестенген басшылық қыз-
метін атқару рөлі.
Басқару шеберлігі –
бұл жетекшінің жоғары деңгейдегі құзырлылы-
ғымен, тиімді озық технологияларды қолдана
отырып жетістікке жетуі, яғни жетекшінің жо-
ғары деңгейде басқару қабілеттілігі және тұрақ-
ты нәтижелерге қол жеткізуімен сипатталады.
Басшы –
ұжымды басқару және оның қызметін ұйымдас-
тыру функциялары ресми жүктелген адам. Бас-
шы өзін тағайындаған (сайлаған, бекіткен) инс-
танция алдында топтың (ұжымның) өз функция-
сын атқаруы үшін заңдылық жауаптылықта бо-
лады және қатаң тиянақталған санкциялау – ба-
ғыныштылардың өндірістік белсенділігіне ық-
пал ету мақсатында жазалау және көтермелеу
мүмкіндіктеріне ие.
Баурап алатын көңіл-күй
(навязчивые состояния) –
ырықсыз күйлерде туындайтын билеп алатын
түсініктер, ойлар мен түрткілерді ілестіріп жү-
ретін жағымсыз эмоциялық түрі – фобиялар
(қорқыныштар). Дені сау адамдарда осы күйлер
қатты шаршағанда, психикалық бәсеңдеу бары-
сында туындайды.
Бақылау локусі (Locus -
орны, бағыты) –
сыртқы күштерге индивид өзінің іс-әрекетінің
теріс нәтижесін жауапкершілікті басқа адам-
дарға артады. Мысалы, сыртқы күштерге (экс-
терналды бақылау локусі д.а.) немесе өзінің
тұлғалық ерекшеліктерінен (интерналды бақы-
лау локусі) көреді.
Интерналды бақылау локусінің иегерлері өте
әлеуметтік жағынан жауапты және мақсаты ай-
441
қын, мақсатқа жету жолында қайсар, өжет бо-
лып келеді.
Сыртқы байқау локусының иегерлері – жауап-
кершілігі төмен, өз шешімін жүзеге асыруда
ұзаққа созады, көп жағдайда конформды және
агрессивті болады.
Бейсаналылық –
саналы бақылаусыз (инстинктер) іске асырыла-
тын психикалық процестер.
Бәсекелестік –
өзара жарыс; біреуден озу мақсаты көзделген
талас, тайталасу, ерегісу, бәсекелесу. Өндіріс
құрал-жабдығы жекеменшікке негізделген қо-
ғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде
және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу
жолдарындағы өзара күресі, неғұрлым көп пай-
да табу жолындағы күрес.
Дарындылық –
индивидке белгілі бағытта (математика, музыка,
өнер, әдебиет, ғылым, спорт) жоғары нәтижелі
іс-әрекеттің мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
Дидактогения –
(грек сөзі,
didasko – «оқу», genesis –
«шығу тегі») –
ата-аналар мен ұстаздар және тәрбиешілердің
әдепсіздігінен туындайтын индивидтің жағым-
сыз психикалық күйі.
Динамикалық стереотип –
әдеттер мен дағдылардың нейрофизиологиялық
негізі, тұрақты шартты рефлекторлық реакция-
сының тітіркендіргішке жауабының жүйесі.
Дисфория – (латын сөзі,
dysphoria – «ішкі
тынышсыздық, қайғыны
күту сезімі») –
агрессивтік көріністерге дайын болу, ызалану,
жағымсыз эмоциялық күй.
Доминанта – (латын сөзі,
dominans – «үстемдік ету») –
мінез-құлыққа белгілі бағыт беретін жүйке жүйе-
сіндегі басым ошағының қозуы.
Ерік –
адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық
процестерді өзі детерминациялауынан және өзі
реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі
функциялары ретінде мыналар сараланады:
түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мо-
тивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда,
іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психи-
калық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке
барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақ-
саттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағ-
даятта физикалық және психикалық мүмкіндік-
терді жұмылдыру.
Еске түсіру –
бұрын қабылданған материалдың өзектенуі,
бұрын қалыптасқан бейнелердің қайта шығуы,
олардың уақыт пен кеңістіктегі локализациясы.
442
Іштарлық –
жетістік мотивациясының көріністері, игілікті
игеру барысында біреу немесе біреудің артық-
шылығы субúектімен эмоционалüды жағымсыз
бағалаушы, жеке қол жеткен табысына қысым
көрсетуі болғандай сезінеді. Жат жетістіктерге
тосқауыл қоятындай болып көрінеді. Оны дис-
кредитациялау, іштарлық адамды агрессивті
әрекеттерге итермелейді, индивидтің психика-
сына кері әсер етеді (бұзады, зақым келтіреді).
Іштей сөйлеу –
тілдік мәндерді ойлау, түсініктер мен операция-
лар жасау құралы ретінде, ойдағы басқа адам-
мен диалог ретінде шынайы коммуникация про-
цесінен тыс (ақылда) қолдану. Сырттай сөйлеу-
ден іштей сөйлеу құрылымның жасырынды-
ғымен ерекшеленеді.
Жалғыздық –
индивидтің психикалық күйі; мазасыздану, де-
прессия, әлеуметтік-коммуникативтік шеттету-
мен сипатталады.
Жауапкершілік –
тұлғаның мінез-құлқы әлеуметтік-нормалы та-
лаптарға, парызына, міндеттеріне сәйкес әлеу-
меттік бақылауға тұлғаның мінез-құлқы бағы-
нышты. Бақылау түрлері ішкі және сыртқы бо-
лып бөлінеді. Жауапкершілік – ол тұлғаның қо-
ғамға, қоғамның тұлғаға қойылған обúективті
талаптарын бұжытпай орындауы. Индивидтің
неғұрлым нақты мүмкіндігі және құқықтары кең
болса, соғұрлым жауапкершілігі жоғарылайды.
Тұлғаның әлеуметтік міндеті – өзінің мінез-
құлқын белгілі стандартқа бағындыруы.
Жатсыну (отчуждение) –
шынайы қоршаған ортаға индивид өзін-өзі қар-
сы қоюы, тұлғаның деперсонализациясы, инди-
вид базалық әлеуметтік құндылықтарды қабыл-
дамауы, бұл – тұлғаның криминалды мінез-
құлқының алғышарты.
Жетекшінің авторитарлы
стилі –
адамдардың іс-әрекетін басқаратын бұл стиль-
дің бір түрі, қатаң басқару түріне жатады, яғни
қоластындағы адамдардың пікірімен санаспай-
тын, олардың демократиялық мүмкіндіктерін
шектейтін стиль болып табылады.
Жеке тұлғалық –
жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелік-
терінің жиынтығы, басқа адамдардан өзінің
әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан си-
патталатын адам; индивидтің психикасының
өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т.
темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер си-
443
патында, перцептивтік процестер мен зият сана-
сында, қажеттіліктер мен қабілеттерінде көрі-
неді.
Жетекшілік –
әлеуметтік-психологиялық ерекше құбылыс. Топ-
тағы тұлғааралық қатынастар жүйесінде үстем-
дік пен бағыну, ықпал жасау және оған еру қа-
тынастары. Әлеуметтік топтың ішінде билік пен
ықпал уәкілдіктерінің жүзеге асырылуын белгі-
лейтін термин.
Жұқтыру –
эмоционалдық күйдің бір адамнан екінші адам-
ға психофизиологиялық байланыс деңгейінде
өтеді; әлеуметтік кенеттен ұйымдасу факторы.
Алайда бақылаудан шыққан психикалық жұғу
мінез-құлықтың нормалы-рөлдік құлдырауына
әкеп соғады, диструктивті «тобыр әсері» туын-
дайды.
Заңды жауапкершілік –
бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, құқық
нормалары санкцияларында белгіленген, мемле-
кет күшімен байланысты.
Заң психологиясы –
құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және әлеу-
меттік қатынастарда жалпы психикалық заңды-
лықтар мен механизмдерін зерттейтін қолдан-
балы психология саласы. ХІХ ғ. аяғында экспе-
рименталды психологияның дамуымен байла-
нысты заң психологиясы қарқынды дами бастады.
Зиялы қауым –
мәдениет пен ғылымның, техниканың салалары-
нан арнайы дайындығы, білімі бар ой еңбегінің
қызметкерлері.
Идентификация – (латын
сөзі, identifico –
«сәйкестендіру») –
әлеуметтік психологияда субъектіні белгілі әлеу-
меттік топппен теңестіреді (әлеуметтік теңестіру).
Инстинкт (латын сөзі,
іnstіnctus – «соқыр сезім») –
Мінез-құлықтың туа берілген жүйесінің жиын-
тығы. Негізгі тітіркендіргіштердің әсерінен бел-
сенділігі артады.
Интеллект – (латын сөзі,
іntellectus – «таным,
ұғыну»)
–
ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы.
Интериопризация – (латын
сөзі, interior – «ішкі») –
мінез-құлықтың бағдарлық негізін қалыптасты-
ру, ішкі психикалық құрылымына сыртқы іс-
әрекеттің әлеуметтік шартталуы негізінде игеруі.
Профессиограмма –
(латын
сөзі, Professio –
«мамандық» + Gramma –
«жазу»)
–
нақты кәсіпке қойылатын әлеуметтік, психоло-
гиялық және басқа талаптардың жүйесі және
тұлға мен іс-әрекет сапасы (мамандықтың адам-
дағы негізгі әлеуметтік-психологиялық сапа-
ларына қойылатын талаптар жүйесі).
444
Тұлғааралық қарым-қаты-
нас –
бірлескен іс-әрекет процесінде және қарым-қа-
тынаста адамдардың өзара объективті әсер ете-
тін әлеуметтік-психикалық құбылыс.
Ұйымдастыру іс-әрекеті –
бұл субъектілер мен олардың іс-әрекеттерін бай-
ланыстыратын практикалық іс-әрекеттер жиын-
тығы, сондай-ақ оның басқару процестері болып
табылады. Ұйымдастыру іс-әрекеттері жоғары
ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.
Қоғамдық пікір –
қоғамдық ортаның әртүрлі құбылыстарға жалпы
қызығушылықтарының бағытталуы және ұжым
қарым-қатынасындағы бағаланған пікірлер мен
ойлардың жиынтығы.
Кәсіби құзырлылық –
тұлғаның кәсіби іс-әрекетіне қатысты білімі, бі-
ліктілігі мен дағдысының өзара байланысқан са-
паларының жиынтығы.
Кәсіби шеберлік –
тұлғаның бойындағы кәсіби іс-әрекетінің қам-
тылған жемісі, тұлғалық кәсіби сапасы, оның
жоғары деңгейдегі білім, білік, іскерлігін дамы-
тудағы көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |