Егер сіз 16-23 балл жинасаңыз – онда нашар әңгімелесу-
шісіз. Сізге көп оқып, көп жұмыс істеп, келіссөздер жүргізуді
үйрену керек.
Егер 9-15 балл жинасаңыз – онда сізге біраз кемшіліктер
тән. Сіз айтылған пікірлерге сын көзбен қарайсыз, сізге жақсы
әңгімешіге тән біраз қасиеттер жетіспейді; асығыс пікір түюден
аулақ болыңыз; әңгіменің қалай айтылғанына емес, мазмұнына
көбірек көңіл бөліңіз; айтылған нәрсенің астарында не сыр жат-
қанын білуге тырысыңыз; әңгіме кезінде көбірек икемділік көр-
сетіңіз, әріптесіңізбен санасуға үйреніңіз.
Егер сіз 3-8 балл жинасаңыз – онда жақсы әңгімешісіз, бірақ
кейде әріптесіңізді толық түсінгіңіз келмейді екен. Сыпайы түр-
де оның айтқанын қайталап, ойын толық және анық түсіндіруіне
мүмкіндік берсеңіз, өз ойлау екпініңізді оның сөйлеу екпініне
бейімдесеңіз, бір-біріңізді жақсы ұғынуларыңыз мүмкін, әңгіме
қорытындысы жағымды әрі тиімді болып шығады.
Егер сіз 0-2 балл жинасаңыз – онда тамаша әріптессіз. Сіз
тыңдай аласыз, сіздің іскерлік және бейресми стиліңіз айнала-
ңызға үлгі бола алады.
429
ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғамның қарқынды дамуы елімізде басшылықтың ғана бі-
лікті болуын талап етпейді, сонымен қатар мамандардың да пси-
хологиялық жағынан ойлары жоғары, білімдері кемел болуын
талап етеді. Қазіргі кезеңді басшылыққа психологиялық басқару
негіздері бойынша білімдері мен жоғары басқарушылық мәде-
ниетті талап етудің дәл кезеңідеуге болады. Осыған байланысты
туындап жатқан мәселелі жайттардың шешімін табу мақсатында
көптеген жоғары оқу орындарында басқару психологиясы жаңа
пән ретінде енгізіле бастады.
Басқарушылық қарым-қатынас – оқу құралының басты маңыз-
ға ие түрткісі болып табылады. Онда басқарудың теориялық
ережелерінің негіздерін Ресейде де, шетелде де басқару іс-тәжі-
рибесімен біріктіруге тырысады; теория мен практиканың сабақ-
тастығын, олардың өзара байланысы мен тәуелділігін көрсетеді.
Бұл идеяның түйіні оқу құралының құрылымында және әрбір
тараудағы негізгі маңызды мәселелерді анықтауда жетекші орын
алады.
Әлеуметтік құбылыс ретінде және адам тәжірибесінің сала-
сында басқару ғылыми зерттеу пәні болғаннан әлдеқайда ерте
пайда болды. Адамдарға бірлесе жұмыс істеуге қажеттілік пен
қабілеттілік тән болғандықтан, бұл олардың іс-әрекетінің үйле-
суін, келісуін, кооперациялануын, яғни бірлескен әрекеттерін
басқаруды талап етеді.
Басқаруға психологиялық тұрғыдан талдау жасамастан бұ-
рын, басқарудың жалпы сипатын, басқарудың әлеуметтік фено-
менін, басқару ғылымының мәні мен басқарушылық ойларды
дамытудағы негізгі басқару мәдениетін, үрдістерді қарастырған
жөн. Ресейлік танымал тарихшы С.М. Соловьев, жалпы ғылым-
ның негізгі баспалдағы болып саналатын ең қажетті ұғымдар
мен теориялық идеяларын негіздейтін кез келген ғылымның өзі-
не тән көбейту кестесі болатындығы туралы пікір білдірген бо-
латын. Оқу құралының бірінші тарауында осы аталған «көбейту
кестесі» туралы ой бөлісеміз.
Басқару туралы ғылымның даму үдерісі басқару теориясы-
ның дамуын тежейтін ішкі қарама-қайшылықтармен бірге жүре-
430
ді. Бұл дамуға ықпал ететін факторлар өндірістің қарқынды да-
муы, оны жетілдіру мен қарқынды жүргізу жолдарын табысты
ұлғайту негізі ретінде іздестірумен байланысты болады. Бұл
себептердің барлығын білу – басқару ғылымының даму тарихы
туралы дұрыс түсінік үшін қажет. Тек соңғы жылдарда ғана
оның теориясының дамуындағы ең нәтижелі кезең болды, деген-
мен мұндай мәселенің маңыздылығын ескере отырып, оны көп-
теген жылдар бұрын күтуге болатын еді. Басқару теориясын рә-
сімдеуде Ф. Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» (1911)
еңбегінің маңызы зор. Ф. Тейлор ғылыми басқарудың негізін қа-
лаушы болып есептелінеді. Басқарудың ғылым ретінде пайда
болуына үлкен бизнестің (нарықтың) қалыптасуы әсер етті, яғни
қазіргі техниканың артықшылықтарын пайдалануға тырысу
және жұмысты орындаудың әлдеқайда тиімді тәсілдерін ашуға
тырысқан ізденімпаз адамдардың шағын тобының жетістігі
болды.
Сонымен заманауи басқару ғылымы бірте-бірте әлеуметте-
нумен психология бағытына ауыса бастағанын байқауға болады.
Қазіргі уақытта ұйым ішінде адамдардың әлеуметтік-психоло-
гиялық ерекшеліктерін ескере отырып, адамның белсендіру
жолдарын іздестірумен қатар олардың кез келген өндірістің бір-
лескен тиімді жұмыстарын жетілдіру шарттары анықталады.
Көп жағдайда басқару психологиясы көпжақты дамыту, негізгі,
жеке психология ғылымының объектілерін, зерттеу пәндерін
нақтылайды. Сөйтіп бұл тарауда басқару психологиясының даму
тарихына шолу жасала отырып, ғылыми тұрғыда өзінің дербес-
тігін айқындағанын байқауға болады.
Басқару үрдісінің тиімділігі басқарушының нақты, қалай
басшылық жасауына тікелей байланысты екендігі мәлім. Олай
болса, басқарушының жеке кәсіби-маңызды сапалары мен бас-
қару іс-әрекетіндегі алғышарттары туралы екінші тарауда сөз
қозғалады.
Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі жеке іс-әрекеті негізгі
орын алатындықтан, оны зерттеу мен басқару іс-әрекетінің бас-
ты мәселесі болып табылады. Бұл іс-әрекетті психологиялық
зерттеудің қиындықтарын, іс-қимыл мәселесін жалпы ұйымдас-
тырушылықтан бөліп көрсетуді ескеру қажет. Олар:
431
1. Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен
тығыз байланыста болады. Басқару іс-әрекетінің психологиясын
қарастыруда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң
және теріс нәтижелері болады. 2. Басқару іс-әрекеті тұтастай
пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс
жақтары: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық, т.б.
басым болды. 3. Басқару іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан психоло-
гиялық зерттеу өте қиын, өйткені бұл жерде психикалық нақ-
тылық сияқты айқын емес сала зерттеу тақырыбы болып табы-
лады. Сондықтан басқару іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қара-
ғанда, оның сыртқы байқалымдары көбірек зерттелген, яғни бас-
қару – үнемі адамдармен қарым-қатынасты жұмысты талап
етеді. Олар – қазіргі заманғы бағыныштылар, олардың қызметке
бейімделуі, олардың мінез-құлқы мен қызметінің негізгі ретте-
гіштері қалай реттелуі мүмкін? Осы сұрақтардың шешімі оқу
құралының үшінші тарауында қозғалады.
Жетекші іс-әрекетін сипаттау үшін келесі мәліметтер маңыз-
ды болады. Қабылдаудың жеке-стильді айырмашылығы да бас-
қару іс-әрекетінде белгілі бір рөл атқарады. Стильдің мынадай
негізгі – аналитикалық пен синтетикалық және екі қосымша –
аналитикалық-синтетикалық пен эмоционалдық түрлері белгілі.
«Синтетикалықтар» үшін құбылыстардың қорытылған бейнесі-
не олардың мәнін анықтауға бейімділіктері басым болып келеді.
«Аналитиктер» болса тетіктерін, бөлшектерін, жан-жақты баян-
далуын атап көрсеткенді жөн санайды. Бұл ерекшеліктердің
комбинациясы, бірақ айқындығы кем болғанда, аналитикалық-
синтетикалық типке тән. Эмоционалдық тип жағдайға жоғары
сезімдік әсермен ерекшеленеді, бұл оны баламалы қабылдауға
кедергі келтіреді. Басшы мен оның бағыныштылары арасындағы
өзара қарым-қатынас әрдайым басқарушылық қарым-қатынас
нысаны болып табылады. Басылымның төртінші тарауы осыған
сәйкес қарым-қатынас үлгілері, басқару әсерінің негіздері, іс-
керлік қарым-қатынастың негізгі түрлеріне арналады.
Дау-дамай жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуымен қатар
дамыды десек қателеспейтiн шығармыз, өйткенi тiршiлiк иесi-
нiң сұрыпталып, сақталуы мен тiршiлiк етуiн жалғастыру үшiн
күрес жүргiзуге тура келедi. Алғашқы ғасырлардың өзiнде-ақ
432
адамзат өмiрiнде болған қақтығыстар мен олардың шешiлу жол-
дары жайлы көп толғанған. Дау-дамай бұрыннан ғылыми зерт-
теудiң объектiсi болмаса да, өзiндiк тарихи орны бар және
кейбiр басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне
заманнан бастау алады. Әлеуметтiк дау-дамайлар бiрнеше бел-
гiлерi бойынша жiктеледi. Мысалы, дау-дамайдың шешiлуiне
байланысты: толық шешiлген, жартылай шешiлген және ше-
Достарыңызбен бөлісу: |