Н. С. Алпысбаева



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата30.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#500169
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Хабаршы №1, 2024-449-463 (1) (1)

Бағалау критерийлері 
Төмен 
Орташа 
Жоғары 
ЭТ
(%) 
БТ 
(%) 
ЭТ
(%) 
БТ
(%) 
ЭТ
(%) 
БТ
(%) 
Берілген жоспар және тірек сөздері
бойынша ұсынылған тақырыпқа 
мәтін құрастырады және жазады 
13,3% 
(2) 
33,3% 
(5) 
26,7% 
(4) 
40% 
(6) 
60% 
(9) 
26,7% 
(4) 
Орфографиялық нормаларды 
сақтайды 
6,6%
(1) 
6,6% 
(1) 
53,4% 
(8) 
60% 
(9) 
40% 
(6) 
33,4% 
(5) 
Тыныс белгілерді дұрыс белгілейді 
6,6%
(1) 
46,8% 
(7) 
53,4% 
(8) 
26,6% 
(4) 
40%
(6) 
26,6% 
(4) 
Каллиграфия нормаларын сақтайды 
13,3% 
(2) 
26,6% 
(4) 
40% 
(6) 
46,8% 
(7) 
46,7% 
(7) 
26,6% 
(4) 
Зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдай отырып, оқытудың интербелсенді 
құралдарының көмегімен ұсынылған тапсырмалардың оң динамикасы байқалғандығын 
көрсетеді, өйткені жоғары деңгей 3 білім алушыға өсті, орта деңгей көрсеткіштері өзгеріссіз 
қалды, төмен деңгей 2 білім алушыға азайды.
Зерттеу нәтижелері эксперименттік топтағы білім алушылардың оқытудың 
интербелсенді құралдары арқылы орындаған тапсырмаларға қызығушылықтары артқанын 
көрсетті. Ал бақылау тобында мәтінді талқылау кезінде топтық белсенділіктің төмендігі 
байқалды. Тапсырманы түсіндіру кезінде көптеген сұрақтар туындады. Нәтижесінде 
шығармаларының өзі эксперименттік топтың жазбаларына қарағанда онша қызықты 
болмады. Оларда шығармашылық көзқарас қалыптаспаған, мазмұны нақты мәтінге жақын 
болды. Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, эксперименттік топта білім 
алушылардың шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылығы бақылау тобына 
қарағанда жоғары деңгейге жеткенін анықтадық. 
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер интербелсенді құралдар арқылы орындалған 
шығармашылық тапсырмалардың тиімді екенін, бастауыш сыныптағы білім алушылардың 
танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерінің артқанын, демек, тілдің даму 
деңгейін тез және тиімді қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетеді. 
Сонымен, оқытудың интербелсенді құралдары сабақтың әр кезеңінде белгілі бір жүйеде 
қолданылса, өткізген әрбір сабақ тиімді болатыны анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет