Н. С. Алпысбаева



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата30.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#500169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Хабаршы №1, 2024-449-463 (1) (1)

Ключевые слова: начальный класс, ученик, интерактивные средства, казахский язык, 
программа, урок, будущий учитель. 
 
Кіріспе 
Қазіргі білім беру жүйесінде сын тұрғысынан ойлай алатын, бейтаныс ортада өзін 
жақсы жағынан таныта алатын, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана алатын 
түлектерге сұраныс артып отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы білім беретін 
ұйымдардың маңызды міндеті – білім беру бағдарламаларын жетілдіру және мұғалімдердің 
біліктілігін арттыру болып табылады. Жоғары оқу орындарының оқу процесінде студенттер 
белгіленген білім жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен қатар өз көзқарасын жеткізуде 
ауызша және жазбаша сөйлеу нормаларын, сөйлеу мәнерінің ережелерін білуі керек. 
«Бастауыш сыныптарда сөйлеу қызметінің репродуктивтік (тыңдалым мен оқылым) 
және продуктивтік (айтылым мен жазылым) түрлерін дамыту бойынша әдістемелік 
ұсынымдарда» мектеп білім алушының еркін сөйлеуді қалыптастыруына ықпал етеді. Білім 
алушылардан: сұраққа толық жауап беруді, белгілі бір жоспар бойынша айтуды
қайталамауды, дұрыс сөйлеуді, көлемді ақпараттарды дәйекті түрде қайталауды үйрену 
міндетін талап ету керек делінген [1].
Бастауыш сыныпта білім алушылар ауызша және жазбаша әдеби тілдің нормаларын 
игере бастайды, сөйлеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әр түрлі қарым-қатынас 
жағдайында тілдік құралдарды қолдануды үйренеді. Сондықтан, қазіргі уақытта бастауыш 
сыныптарда қазақ тілін оқытудың әр сабағының мақсаты - білім алушылардың сөйлеу 
әрекетін дамыту болуы керек.
Қазақ тілін оқытудың міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға тікелей байланысты: 
бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне
екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті 
құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына: бағдарламалар, 
оқулықтар мен оқу құралдары және қазіргі таңда өте тиімді болып табылатын интербелсенді 
құралдар жатады. 
Сондықтан бастауыш сыныптарда білім алушыларды белсенді жұмысқа тартатын
олардың танымдық қызығушылығын дамытатын, материалды жақсы игеруге ықпал ететін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет