Н. С. Алпысбаева


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата30.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#500169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Хабаршы №1, 2024-449-463 (1) (1)

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№1 (131), 2024
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
452 
және оқытудың тиімділігін арттыратын қуатты дидактикалық құрал – интербелсенді 
құралдар болып табылады. 
Интербелсенді оқыту құралдарын, «интербелсенділік», «интербелсенді оқыту» 
ұғымдарын зерттеумен көрнекті ғалымдар А.А. Журина, Т.И. Долгова, Т.В. Ильясов, 
В.С. Тоискин, Н.А. Савченко, Е.И. Виштынецкий айналысқан. Е.И. Виштынецкий мен 
Н.Ю. Вислобоковтың пікірінше, интербелсенді оқыту мынадай бірқатар мәселелерді шеше 
алады: білім алушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, білім алушылар арасында 
эмоционалды байланыстарды орнатады және т.б. [2, 113-б.]. «Интербелсенділік», 
«ақпараттық» ұғымдары – білім беруде интербелсенді өзара әрекеттің сипаты мен дәрежесін 
көрсететін жеткілікті кең ұғым екенін көрсетті. Оқытудың заманауи аудиовизуалды 
интербелсенді құралдарын пайдалана отырып, оқытудағы интербелсенділік өзара 
түсіністікке, өзара іс-қимылға, білім алушы үшін маңызды міндеттерді бірлесіп шешуге 
әкелетін диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды көздейді, білім алушылардың 
танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Г.Б. Кондакова 
компьютерлік оқыту бағдарламалары, мультимедиялық технологияларға негізделген оқыту 
жүйелері, коммуникациялық құралдардың оқу процесінде өзін жақсы жағынан көрсеткенін 
анықтаған [3, 21-б.]. М.С. Помелованың пікірінше, интербелсенді құралдардың көмегімен 
үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеп, әртүрлі формада ұсынуға болады: мәліметтерді тіркеу
жинақтау, сақтау, өңдеу және т.б. [4, 178-б.]. 
Жоғарыда аталғандардың ішінде электронды оқулық жайлы республикалық ғылыми-
тәжірибелік орталығының директорының орынбасары Саят Омаровтың айтуынша, соңғы екі 
жылда «Келешек-2030», «Алматыкiтап баспасы», Bilim Media Group білім беру порталы, 
«Бөбек» 
Ұлттық 
ғылыми-тәжірибелік 
білім 
беру 
орталығы, 
«Білім 
беруді 
ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы», «Ұлттық ақпараттандыру 
орталығы» АҚ, «Жаңа білім беру технологиялары» ЖШС баспалары сараптама үшін 
өздерінің электронды оқулықтарын жолдаған [5]. А. Абубаеваның еңбегінде электронды 
оқулық білім алушының уақытын үнемдейтіні, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген 
және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал ететіні туралы 
баяндалған [6, 124-б.]. Білім алушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып, білімін 
тереңдете алады. Міне, осындай мүмкіндіктердің барлығы оқудың мотивациясын күшейтеді, 
білім алушылардың тілге деген қызығушылығын, оқуға белсенділігін арттырады.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№348 бұйрығына сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптарына арналған «Қазақ 
тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасындағы талаптарды ескере отырып, әр білім 
алушының бойындағы жеке қабілеттерін, жеке тұлғалық қасиеттерін анықтай алу керек [7].
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде 
қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың 
негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету. 
Қазақстанда қазақ тілін дамыту әдістемесінің дамуы А. Байтұрсыновтың [8], мектепке 
дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік дағдысын дамытуда тілдің 
маңыздылығы отандық педагог ғалымдардың Н. Құлжанова [9], Б.Б. Баймұратова [10], 
Қ.М. Меңдаяхова [11], К.М. Метербаева [12] және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. 
Ғалымдардың еңбектерінде ана тілін оқыту және тіл дамыту әдістемесінің мәселелері 
қарастырылған.
Қазақ тілі сабағында білім алушылардың есту, сөйлеу, оқу және жазу қабілеттері 
ерекшеленеді. Осыған байланысты Толга Байындыр өзінің зерттеуінде жазба тілдің ауызекі 
тілден кейін пайда болғанын, ауызекі тілден соң жазба тіл орын алатынын, ауызекі тіл – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет