Н. Саденова басқару шешімдерін әзірлеу


Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға тұлға абыройы ерекшеліктерінің әсері



бет5/9
Дата17.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#141908
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8.2 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға тұлға абыройы ерекшеліктерінің әсері

Абырой – бұл кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері.

Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға мінез-құлық пен абырой мазмұны, соның ішінде: мейірімділік абыройы, орнын толтыру абыройы, әріпшілдік абыройы, басу абыройы, қашықтық абыройы, өсиетшілдік абыройы және тәкаппарлық абыройы әсер етеді.

Әрбір түрі басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде тиімді қолдану облысына ие.

Қашықтық абыройы басшы мен оның шешімдерін орындаушылары арасындағы ақпаратта және байланыстарда кедергілерді жасанды жасау есебінен құрылады. Басшының немесе ақпараттың қол жетпестік әсері бағыныштыны ынталы шешімдерге жандандырады. Қашықтық абыройы сонымен қатар басшы өз шешімін қалай орындайтынын білмегенде және орындаушыларға үміттенген жағдайда тиімді.

Мейірімділік абыройы бағыныштыларға қайырымдылықты, жанашырлық пен мейірімділікті асырып көрсету есебінен жүзеге асыда. Жұбатушы рөлі бағыныштыларды біріктіреді және басшы шешімдерін орындау кезінде өзара көмекті күшейтеді. Бірақ жұмысты орындау уақыты әртүрлі дәлелді себептер бойынша созылып кетуі мүмкін.

Орнын толтыру абыройы тапсырманы орындау үшін күшті түрткі болатын себептерді (өтемдерді) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бағыныштыны орындалатын тапсырмаға емес, оны орындау үшін өтемдер мүмкіндігі қызығушылығы итермелейді. Өтем ақшалай түде, қосымша демалыс беруде, зейнеткерлікке шығу үшін қысқартылған өтілінде көрінуі мүмкін. Өте қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың бұл түрі жақсы нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Өсиетшілдік абыройы басшының басқару шешімдер пәніне әдейі жан-жақты қарау есебінен болады. Әрекеттер нұсқаларының әралуандығы бағыныштыда басшының жоғары біліктілігі туралы пікірді қалыптастырады және алған тапсырманы аса сапалы орындауға ынталандырады. Бірақ келешекте басшының тым ауқымды пайымдаулары тапсырманы орындауға бағыныштының қызығушылығын төмендетуі мүмкін.

Әріпшілдік абыройы басшымен тапсырманы орындаудың барлық элементтерін толық алдын ала әзірлеу мен оларды бағыныштыларға беру есебінен құрылады. Тапсырманы орындауды қатаң регламенттеу белгіленген уақытта берілген сапасы бар нәтиже алу ықтималдығын арттырады. Басшының кәсіпқойлығы шешуші рөлді атқарады. Әріпшілдік абыройы компания қызметінің бастапқы сатысында, яғни кадрларды орналастыру әлі аяқталмағанда және орындаушылардың кәсіпқойлығы жеткілікті жоғары болмаған жағдайда жақсы іске асырылады. Бірақ орындаушы рөлі шығармашылық элементтері жоқ қарапайым жұмысқа аударылады. Регламенттеудің мұқтаждығын бағыныштылар әрқашан нашар қабылдайды – бұл кадрлардың тұрақтамауына және тапсырманы орындау сапасының төмендеуіне алып келеді.

Тәкаппарлық абыройы бағыныштылар алдында басшы абыройын жасанды өсіріп айту жолымен қалыптастырылады. «Көпірме» абыройды жоғары тұрған бастықтар, басшы әріптестері немесе басшының өзі жасай алады. Абыройдың берілген түрі белгілі мөлшерде басшының бағыныштыларға өзі және басқа адамдар арқылы тиімді ықпал жасауға көмектеседі. Мұндай абырой виртуалды құрылымдарда, яғни басшы ұжымды тікелей емес, қашықтықтан басқарған кезде әсіресе тиімді. Бірақ бұл басшының өзін-өзі бағалауды шектен тыс арттыруға және абыройды біртіндеп толық жоғалтуға алып келуі мүмкін.

Басу абыройы билік артықшылығының компанияның негізгі персоналының, клиенттердің немесе контрагенттердің басқа қажеттіліктері мен мұдделерінің артықшылығынан басым болған жағдайда пайда болады. Абыройдың мұндай түрі басшыға тігінен де, көлденең де шешімдерді тез жүзеге асыруға көмектеседі. Басу абыройының жағымсыз жағы қатаң тәртіке біртіндеп өту болып табылады.

Бақылау сұрақтар

1. Адам ойының ерекшеліктерін сипатап беріңіз.

2. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыруға басшының қандай сипаттары ықпал етеді?

3. Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?

4. Абырой дегеніміз не? Оның түрлері қандай?

5. Қашықтық абыройы қай жағдайда тиімді?

6. Қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың қай түрін қолдану қажет?

7. Әріпшілдік абыройдың мәнін ашыңыз.

8. Басу абыройының жағымсыз жағын атаңыз.


9 Сыртқы ортаны талдау және оның басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға әсері
9.1 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру үрдісіне сыртқы ортаның әсері. Ұйым қоршауының алыс және жақын элементтері

Сыртқы орта компанияның қызметіне, соның ішінде БШ дайындау мен жүзеге асыру кезінде белгісіздік пен тәукелдер деңгейіне тура немесе жанама әсер ететін нақты бар құбылыстар мен процестердің жиынтығы ретінде қарастырылады.

Компанияның сыртқы ортасының екі қоршауы бар: алыс және жақын. Жақын қоршауына қатынастары заңнама бойынша екіжақты келісімдермен, шарттармен немесе міндеттемелермен регламенттелетін элементтер: клиенттер, бақылаушы ұйымдар, бизнестегі әріптестер, қаржы-несие мекемелері, қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғалар, бәсекелестер, тиісті қызмет облысының заң базасы жатады. Компанияның алыс қоршауына оның тікелей әсер ету сферасынан тыс болатын элементтер жатады:

- құндылықтар жүйесі мен олардың қоғамдағы басымдықтары;

- халықтың әлеуметтік және саяси дамуы;

- жергілікті және халықаралық іс айналымының дәстүрлері;

- елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай;

- салық жүйесі;

- саладағы, елдегі және дүниежүзіндегі экономикалық жағдай;

- әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік;

- институционалдық құрылымдар;

- табиғи катаклизмдер;

- халық толқуы;

- байланыстардың сыбайлас жемқорлығы.

Нақты компания үшін сыртқы орта элементтерін талдау кезінде жеті фактор қарастырылады. Бұл факторларға: бәсекелес, халықаралық, саяси, нарықтық, әлеуметтік, технологиялық, экономикалық факторлар жатады.

Бәсекелес бөлігі бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпараттардан тұрады: бизнес-жоспарлар, күшті және әлсіз жақтар, шикізат пен ақпарат көздері.

Халықаралық бөлігі сыртқы ортаның сәйкес элементтерінің жағдайына саяси қайраткерлердің және бизнесінің, жұртшылықтың реакциясы туралы ақпараттан тұрады.

Саяси бөлігі мемлекеттің ішкі стратегиясы мен сыртқы ортаның сәйкес элементіне оның қатынасы туралы мәліметтерден тұрады.

Нарықтық бөлігі өмірлік цикл қисығында сыртқы ортаның сәйкес элементтерінің жағдайы туралы ақпаратты, сатып алушылар жағынан берілген элементке қызығушылықты көрсетеді.

Әлеуметтік бөлігі сыртқы ортаның берілген элементі бойынша қоғамның немесе қоғамдық топтардың әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру дәрежесі туралы ақпараттан тұрады.

Технологиялық бөлігі сыртқы ортаның қарастырылатын элементіне техникалық және экологиялық қауіпсіздіктің, техника мен технологияның қол жеткізген деңгейін сипаттайды.

Экономикалық бөлігі сыртқы ортаның қарастырылатын элементінің қызмет етуінің экономикалық сипаттағы болжамдары, пайдалары, шығындары туралы ақпараттан тұрады.

Нәтижесінде әрбір компания сыртқы ортаны сипаттаудың берілген бөліктер бойынша өзі үшін оның әсер етуінің жағымды және жағымсыз жақтарынының объективті көрінісін құрастыра алады. Әрбір элементтің жағдайы әрбір комапния үшін түрліше бағаланады – біреуіне бұл элемент мүлдем әсер етпейді, ал басқаларға оның әсері маңызды болады.
9.2 Ұйымның жақын қоршауының және алыс қоршауының ерекшеліктері

Жақын қоршауының сыртқы ортасының элементтері 9.1-суретте көрсетілген, оларға тоқталып кетейік.

Клиенттер – бұл компания қызметін қолданатын немесе одан қандай да өнімді сатып алатын тұлғалар. Компанияның потенциалды клиенттері үшін әдетте жарнамалық материалдар қалыптастырылады.

Бақылаушы ұйымдар – бұл салық, әкімшілік, санитарлық және басқа бақылау инспекциясы; зейнетақылық, медициналық, әлеуметтік және басқа қорлар, әртүрлі комиссиялар.

Қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғалар – бұл өзінің жеке немесе корпоративтік мүдделерінен шыға отырып компанияның өркендеуіне мүдделі тұлғалар. Оларға компания қызметкерлерінің отбасы мүшелері, оның бағалы қағаздарын ұстаушылар, компания қосымша қамқорлық көрсететін зейнеткерлер; бизнесі компанияның өркендеуіне тәуелді ұйымдар (мысалы, сауда, ұызмет крсететін); жоғары тұрған бас және басқа компаниялар жатады.

Жұртшылық (қоғамдық пікір) халықтың санасында компания мен оның өніміне қатынасын қалыптастырады.

Тиісті қызмет облысының заң базасы.

Бәсекелестер (бәсекелестік) – нарықтық экономикаының мәндетті элементі.

Бизнестегі әріптестер – бұл жалға алу, серіктестік, мердігерлік, келісім, қаржылық және өтемдік келісімдер түрінде іске асырылатын компаниямен бірлескен қандай да қызметінің қатысушылары.

Қаржы-несие мекемелері – бұл компанияның қаржы циклына тікелей қатысатын ұйымдар. Олар есепті-кассалық, ипотекалық, несиелік және басқа операцияларды орындау үшін арналған.



9.1-сурет – Компанияның жақын қоршауының сыртқы ортасы
Алыс қоршауының сыртқы ортасының элементтеріне тоқталып кетейік.

Құндылықтар жүйесі мен олардың қоғамдағы басымдықтары

Құндылықтар жүйесіне материалдық, қоғамдық-саяси және рухани құндылықтар, соның ішінде жақсылық, әділдік, бостандық, сенімділік және т.б. туралы түсініктері жатады. Бұл жиынтық жағымды да, жағымсыз да құндылықтар жүйесін қалыптастыра алады.

Халықтың әлеуметтік және саяси дамуы

Берілген дамуды тіленетін деңгейге халықтың әлеуметтік және саяси қажеттіліктер мен мүдделеріне жақындау процесі ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік қажеттіліктер мен мүдделерге ақпаратқа, білімдерге, қарым-қатынасқа, отбасыға, шығармашылық еңбекке, өзін-өзі көрсетуге, демалуға қажеттіліктер жатады, ал саяси қажеттіліктер мен мүдделерге сенімге, отаншылдыққа, билікке және басқаруға қажеттіліктер жатады. Әлеуметтік және саяси даму деңгейі адамдардың еңбекке, бір-біріне, қарияларға, есірткіге, билік органдарына, мемлекеттің экономикалық саясатына қатынастарымен бағаланады.

Жергілікті және халықаралық іс айналымының дәстүрлері

Дәстүрлер заңнамалық актілермен реттелмейтін қандай да келісімдердің қатысушылары арасында өркениетті қатынастардың көпшілік мақұлдаған нормалар базасында қалыптастырылады. Дәстүрлердің дамуы қатынастар жүйесіне тұрақты кіретін оқиғалар есебінен жүзеге асырылады. Оқиға – бұл бұрын болған және мысал болатын немесе кейін болатын ұқсас жағдайлар үшін ақталған болатын жағдай. Берілген элементтің негізгі параметрлеріне келесілер жатады:

- іс айналымының дәстүрлерінің ауқымы;

- қоғамда іс айналымының дәстүрлеріне берілетін мән;

- компанияның қызмет сферасында іс айналымының дәстүрлерін сақтау статистикасы;

- іс айналымының дәстүрлерін бұзу үшін жауапкершілік.

Елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай

Елдегі саяси жағдай:

- қоғамның экономикалық құрылыммен және қоғамдық құрылыспен сипатталатын мемлекеттік басқару органдарының;

- партиялық ұйымдардың, қоғамдық таптар мен топтарының қызметімен анықталады.

Берілген элементтің негізгі параметрлері болып табылады:

- халықтың мемлекеттік билік органдарына сену деңгейі;

- мемлекеттік биліктің негізгі бағдарламаларын іске асырудағы халықтың тартылу дәрежесі;

- белсенді партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың саны;

- әлемдік қауымдастықпен елдің интеграция дәрежесі.

Саладағы, елдегі және дүниежүзіндегі экономикалық жағдай

Ол ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне, саланың, елдің немесе әлемдік аймақтың шаруашылық қызметінің құрылымы мен жағдайына байланысты. Берілген элементтің негізгі параметрлеріне жатады:

- негізгі акциялар мен облигациялардың өтемділік деңгейі;

- экономикалық жағдайдың тұрақтылық деңгейі;

- құлдырау-өсу циклінің ұзақтығы;

- инфляция деңгейі;

- инвесторлар үшін тартымдылық деңгейі.

Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік

Сыртқы орта жүйесінде жаңа элемент. Жүзеге асырылған басқарушылық шешімдердің маңызды жағымсыз салдарлар үшін, яғни адамдарға немесе табиғатқа келтірілген зиян үшін компаниялар мен жеке тұлғалардың гуманитарлық жауапкершілігін сипаттайды. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің параметрлері болып табылады:

- жауапкершілік кеңдігі;

- жауапкершіліктің уақыт интервалы. Ол мерзімсіз және берілген мерзімге болуы мүмкін. Мысалы, белгіленген тапсырманы орандау кезеңіне;

- жауапкершілікке берілетін мән;

- үлестік жауапкершілікке персоналдың тартылуы.

Институционалдық құрылымдар

Бұл құрылымдар компанияға қызмет көрсететін ұйымдардан тұрады, мысалы, сақтандыру, қаржы ұйымдары, қорлар, биржалар, делдал ұйымдар, соттар, қорғау фирмалары және т.б. Институционалдық құрылымдардың негізгі параметрлеріне жатады:

- қажетті қызметтерде компанияның қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі;

- пайдаланушылар үшін қызметтердің қол жетерлігі.

Салық жүйесі

Мемлекетпен жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру мен есептеу тәртібін анықтайды.

Келесі негізгі параметрлермен сипатталады:

- салықтар көлемі;

- салық салу деңгейі;

- өнім өндірісін ынталандыру сипаты;

- салықтарды жинауды ұйымдастыру деңгейі.

Табиғи және қоғамдық катаклизмдер

Берілген элемент форс-мажорлық та, жиі қайталанатын табиғи немесе қоғамдық аномалиялардан да тұрады. Табиғи катаклизмдерге жер сілкінісі, нөсер жауын, дауыл, домалақ найзағай және геомагниттік жағдайдың басқа бұзулары жатады. Қоғамдық катаклизмдерге мемлекеттік төңкерілістер, бандиттік төбелестер жатады.

Катаклизмдердің негізгі параметрлері болып табылады:

- табиғи және қоғамдық катаклизмдердің өзіндік тізімі;

- қайталану жиілігі;

- катаклизмдермен болған залалдар сипаты мен деңгейі;

- мүмкін залалдарды төмендету бойынша қорғау шараларының деңгейі.

Халық толқуы

Элемент халықтың көпшілігінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың қоғамдық қажетті деңгейінің нақты деңгейімен сәйкес келмеумен байланысты. Бұл материалдық және әлемдік қажеттіліктерге қатысты. Берілген элементтің негізгі параметрлері болып табылады:

- кедейлік шегінде тұратын адамдар пайызы;

- жұмыссыздық деңгейі және құрылымы;

- біріктіретін мақсаттардың немесе идеялардың болуы;

- қоғамның жіктелу деңгейі.

Байланыстардың сыбайлас жемқорлығы

Берілген элементке бөтен табыстарды қорқытып алу түрі ретінде рэкет пен жемқорлық жатады (жемқорлық — бұл айқын емес, ал рэкет — айқын қорқытып алу). Жемқорлық компанияларды бақылайтын қызметтермен байланысты мемлекеттік шенеуліктерге қатысты. Берілген элемент үшін негізгі параметрлері болып табылады:

- халықтың көпшілігінің нақты күнкөріс деңгейі;

- көлеңке бизнестің көлемі;

- компанияның жіберіп алған пайдасының көлемі;

- моральдық нұқсан.

Аталған элементтердің әрбіреуі нақты кезеңде өз параметлерінің белгілі мәніне ие. Сыртқы орта шешім қабылдайтын басшы үшін бұл элементтердің параметрлерінің тиімді және (немесе) тиімсіз мәндерінің жиынтығын қалыптастырады. Басқарушылық стратегияға байланысты басшы:

- компания қызметінде бұл параметрлердің мәнін қабылдай және есепке ала алады. Мұнда сыртқы орта БШ дайындаудың, жүзеге асырудың және нәтиже алудың енжар шектеушісі немесе тездеткіші рөлін атқарады;

- өз бизнес үшін сыртқы орта параметрлерінің әрекетін күшейте немесе әлсірете алады;

- компания қызметіне жағымды әсеріне қол жеткізе отырып, сыртқы орта элементтерін алдын ала ескере алады.
Бақылау сұрақтары
1. Компанияның сыртқы ортасының қоршауларына сипаттама беріңіз.

2. Жақын және алыс қоршауларының элементтерін атаңыз.

3. Қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғаларға кімдер жатады?

4. Елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай элементінің негізгі параметрлеріне не жатады?

5. Алыс қоршауының элементі – әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке сипаттама беріңіз.

6. Компания үшін сыртқы орта элементтерін талдау кезінде қандай факторлар қарастырылады?


10 Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асырудың белгісіздік және тәуекел жағдайларындағы тәсілдері
10.1 Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру кезіндегі «белгісіздік» және «тәуекел» туралы түсініктердің мазмұны

Әртүрлі деңгейдің басшылары жеткіліксіз немесе сенімсіз ақпараттар, кадрлардың жоғары тұрақтамауы, жабдықтаушылардың немесе сатып алушылардың арамдығы, заңнаманың, нарық конъюнктурасының жиі өзгеруі және т.б. жағдайларда басқарушылық шешімдер жиі дайындайды. Нәтижесінде басқарушылық шешімдер мәтінінде байқаусыз қателер болуы мүмкін. Басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру кезінде оны анық орындауды қиындататын ойда болмаған жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан басқарушылық шешімдердің нақты нәтижелері жоспарланған нәтижелермен әрқашан сәйкес келмейді. Олар тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін. Сөйтіп, басқарушылық шешімдер үшін белгісіздік пен тәуекелдер тән.

Белгісіздік қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат ретінде анықталады.

Тәуекелдік жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік жағымды да, жағымсыз да нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Белгісіздік қиын өлшенеді, әдетте оны сапалық – «көп немесе аз», «жоғары немесе төмен», «тиімді-тиімсіз» деп бағалайды. Ол пайызда сирек бағаланады, мысалы ақпараттың белгісіздігі 20 % құрайды, әзірленген шешімнің белгісіздігі 15 % құрайды.

10.1-суретке сәйкес әдетте белгісіздік басқарушылық шешімдерді дайындаумен, ал тәуекелдік басқарушылық шешімдерді жүзеге асырумен байланыстырады.

Белгісіздіктер басқарушылық шешімдерді дайындаудың бес процедурасымен байланысты. Олар тәуекелдіктердің пайда болудың негізгі себебі болып табылады. Сонда да тәуекелдіктер өз бетінше пайда бола алады, жоғарлай немесе төмендей алады. Сондықтан да басшыға ең алдымен белгісіздіктер көлемін қысқарту керек, ал екіншіден тәуекелдіктің жоғарлауының мүмкін арналарын анықтау мен оны төмендету арналарын белсенді қолдану керек.

10.1-сурет – Басқарушылық шешімдердің процедуралар жүйесінде белгісіздіктер мен тәуекелдер
Тәуекелдер мен белгісіздіктер бір түп тамырға ие және бір бірліктерде өлшенеді. Одан басқа, олар бір-біріне айнала алады. Белгісіздіктердің тәуекелдіктерге ауысуы жоғарыда қарастырылған болатын. 10.2-суретке сәйкес тәуекелдіктердің белгісіздікке ауысуы бір-бірне ілесетін бірнеше басқарушылық шешімдер болған кезде болады, онда алдыңғы басқарушылық шешімдердің тәуекелдіктері келесі басқарушылық шешімдер үшін белгісіздіктер бола бастайды.

10.2-сурет – Белгісіздіктердің тәуекелдерге ауысуы
Белгісіздіктер мен тәуекелдіктер құбылыстар ретінде де, процесс ретінде де қарастырылады. Құбылыс ретінде белгісіздік объекттердің немесе процестердің анық емес немесе толық емес сипаттарының, бірін-бірі жоққа шығаратын немесе жеткіліксіз ақпараттар жиынтығы. Мұнда нақты қызметкердің еркінен және санасынан тыс кейде пайда болатын және оқиғаның барысын өзгертетін форс-мажорлық оқиғалар жатады. Процесс ретінде белгісіздік біліксіздіктен немесе тапсырманың күрделілігінен қате шешімдерді қабылдайтын қызметкердің қызметі.

Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру тәжірибесінде белгісіздік бір тұтас ретінде қарастырылады, мұнда құбылыс процеспен жасалынады, ал процесс құбылысты қалыптастырылады.

Белгісіздіктер екі топқа бөлінеді: объективті және субъективті. Объективті белгісіздіктер басқарушылық шешімдерді әзірлейтін немесе жүзеге асыратын басшыдан немесе маманнан тәуелсіз болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйымнан тыс немесе оған басқарушылық шешімдер субъектісінің ықпалынан тыс болады. Субъективті белгісіздіктер кәсіби қателерден, қателіктерден, келісімге келмегендіктен, тапсырманың күрделігінен немесе уақыттың жетіспеушілігінен пайда болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйым ішінде немесе егер басқарушылық шешімдер субъектісі оған әсер ете алса, одан тыс болуы мүмкін. Субъективті белгісіздіктер сомалық белгісіздіктердің негізгі бөлігін құрайды.

Тәуекелдік басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудан алынған екі қарамы-қайшы нәтижелермен: жағымсыз (толық орындамау) және жағымды (жоспарлағанға жету) арақатынаспен анықталады. Әдетте тәуекелдік екі санның арақатынасы ретінде (мысалы, 1 : 9; 20 % : 80 %) немесе жағымсыз нәтиженің пайызы ретінде (мысалы, 0,01 %) бағаланады. Мысалы, 2,8 тәуекелдіктер он шешімнің ішінен екі жағдай ғана жүзеге асырылады дегенді білдіреді, 10 % тәуекелдіктер қабылданған шешімнің жағымды нәтижесі 10 % кепілдік берілмейді дегенді білдіреді; 50 % : 50 % тәуекелдік (фифти-фифти) процестің жағымсыз да, жағымды да нәтижелердің тең мүмкіндігін білдіреді. Белгісіздіктің төмен деңгейі кезінде тәуекелдер аз өседі және оны елемеуге болады. Белгісіздіктердің орташа және жоғары деңгейі жағымсыз нәтижені алудың тәуекелдігін жоғарлатады. Белгісіздіктің тым жоғары деңгейі жағымды нәтижелерге үміт қалдырмайды.


10.2 Белгісіздіктердің көбеюінен пайда болатын типтік қателердің тізімі

Белгісіздіктің жоғары көлемі кезінде компанияда пайда болатын типтік қателерді басқарушылық қызметтің бес құраушыларына топтастырылған: ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және құқықтық.



Қызметтің ұйымдастырушылық құраушысында қателер:

- білімдер базасын құру немесе таңдау кезінде;

- мәліметтер базасын таңдау, құру мен толтыру кезіңде;

- басқару процесін ұйымдастыру сызбасын таңдау кезіңде;

- компанияға және оның бөлімшелері үшін басқарудың ұйымдық құрылымын таңдау және (немесе) дайындау кезіңде;

- серіктес қатынастардың сыртқы құрылымдарын қалыптастыру немесе таңдау кезіңде (дүкендер, дилер жүйесі және т.б.);

- жиналыстар мен мәжілістерді өткізу сценарийлерін таңдау немесе құру кезіңде;

- серіктестер мен клиенттер туралы мәліметтерді құру кезіңде;

- қажетті мәліметтерді ақпараттық (технологиялық және қоғамдық) іздеуді ұйымдастыру кезіңде;

- персонал мен бөлімшелер үшін қызметтік нұсқаулардың жиынтығын таңдау немесе дайындау кезіңде;

- фирма жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді жинау кезіңде;

- серіктестермен сенімді жеке, ұжымдық және өндірістік байланыстарды құру кезіңде;

- компанияның іскерлік беделін қалыптастыру кезіңде болады.

Қызметтің экономикалық құраушысында қателер:

- компанияның немесе оның бөлімшелірінің бизнес-жоспарын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде;

- өнімге бағаның құрылымын таңдау немесе дайындау кезіңде;

- персоналды моральдық және материалдық ынталандырудың құралдары мен әдістерін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- компанияның салық салынатын базасын минимизациялау әдісін таңдау немесе дайындау кезіңде болады.
Қызметтің технологиялық құраушысында қателер:

- ұйымды және оның бөлімшелірін басқару технологияларын дайындау немесе таңдау кезіңде;

- ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа техниканы, сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау, сатып алу мен орнату кезіңде;

- сату мен өткізу нарықтарын зерттеу әдістерін таңдау кезінде;

- басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру кезінде әдістерді таңдау немесе дайындау кезіңде;

- ақпараттар, құжат айналымы, персонал мен ұйым үшін қауіпсіздік жүйесін дайындау немесе сатып алу кезіңде;

- кадрларды іріктеу мен орналастыру кезіңде;

- басқару мен өндіру жүйесіне өзіндік стандарттарын таңдау немесе дайындау кезіңде;

- басқару қызметтерінің тізімін құру мен оларды тарату әдістерін таңдау кезіңде;

- мақсаттар мен міндеттер, сонымен қатар оларды жүзеге асыру үшін құралдар мен әдістер тізімін құру кезіңде;

- өндірістің дамуына бағытталған технологиялық артық дайындаулардың өзіндік әзірлемелері үшін жүйені таңдау кезіңде болады.

Қызметтің әлеуметтік құраушысында қателер:

- әлеуметтік топтарды қалыптастыру әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- персоналды бағалау әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- адам потенциалын қалыптастыру әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- кәсіби ішкі оқытудың (ептіліктер, дағдылар мен тәжірибе) әдістемесін дайындау кезіңде;

- қарама-қайшылықтарды басқарудың әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет