Н. Саденова басқару шешімдерін әзірлеу



бет2/9
Дата17.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#141908
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Келтірілген жіктеу топтарын құрайтын басқарушылық шешімдер арасында корпоративтік, эвристикалық және виртуалды салыстырмалы түрде жаңа болып табылады.


2.2-кесте – Басқарушылық шешімдердің типтері

Классификациялық белгі

Басқарушылық шешімдердің топтары

Проблеманың қайталану дәрежесі

Дәстүрлі

Әдеттегі емес

Мақсаттың мәнділігі

Стратегиялық

Тактикалық

Ықпал жасау сферасы

Ғаламдық

Жергілікті

Іске асыру ұзақтығы

Ұзақмерзімді

Қысқамерзімді

Шешімнің болжанатын салдарлары

Түзетілетін

Түзетілмейтін

Шешімді әзірлеу әдісі

Формализденген

Формализденбеген

Таңдау критерийлердің мөлшері

Біркритерийлі

Көпркритерийлі

Қабылдау нысаны

Жеке дара

Алқалы


Шешімді тіркеу тәсілі

Құжаттандырылған

Құжаттандырылмаған

Ақпаратты қолдану сипаты

Детерминделген

Ықтималдық

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың корпоративтік сипаты басшылардан компанияның корпоративтік нұсқауларын, ережелерін, мораль мен құндылықтарын сақтауды талап етеді. Бұл басшылардың бастамасын және бекітілген стратегиядан ауытқуды шектейді («оңға немесе солға қадам - жіберілмейді»).

Ақпаратты өңдеудің эвристикалық әдістері интуицияға, жалпылауға, түсініктерге, тәжірибеге, асоциацияларға негізделген. Бұл экономикада, басқаруда және басқа әлеуметтік ғылымдарда ақпарат әрқашан қисынды, айқын болмайтынмен және нақты процестерді әрдайым дұрыс көрсетпейтінмен байланысты. Мұндай ақпаратты әңгімелесу, талқылау, жетекші сұрақтарды қою, ойлауды белсендендіру арқылы өңдеу мен бағалауға болады.

Басқарушылық шешімдерді тіркеудің виртуалды әдісі электрондық поштаның, электрондық қол таңба мен мөрінің біртіндеп енгізуімен байланысты. Электрондық қол таңба мен мөр компания басшылығын алыс қашықтықтарға құжаттардың түпнұсқаларын қымбат тасымалдаудан босатады.

Кез келген шешім таза оң нәтижелерге ие болуы мүмкін емес екенін атап өту керек. Кез келген нәтижеде теріс жағдайлар бар. Сондықтан кез келген ұйымдық шешім – бұл келісім. Әрбір жағдайда басшы шарасыз теріс жағдайлар арасында таңдау жасауы керек. Жақсы басшыға кез келген шешімде теріс элементтердің болуы психологиялық ықпал жасамауы керек, яғни басшыларға келешекте шешім қабылдауға бөгет жасамауы керек.

Әртүрлі ұйымдарда әртүрлі шешімдер бір адаммен де, алқалы да қабылдануы мүмкін. Бұл шешім деңгейіне, ұйым құрылымына, өкілеттіктерді делегирлеу деңгейіне байланысты. Әдетте стратегиялық жоспарлы ең күрделі шешімдер алқалы қабылданады, бұл оңтайлы емес шешім қабылдау тәуекелдігін азайтуға және шешім қабылдайтын адамдарға моральдық жүктемені төмендетуге көмектеседі.

Шешімдер қабылдау процесі – психологическиялық процесс. Адамдар, шешім қабылдай отырып, әрқашан да қисынды шешімдер қабылдап отырмайды. Шешімдер спонтандықтан жоғары қисындыға дейін өзгереді. Сондықтан да шешімдерді қабылдау процесі интуитивті, пайымдауға негізделген және рационалды сипатқа ие болуы мүмкін, бірақ та шешім сирек қандай да бір категорияға қатысты.

Интуитивті шешім – бұл басшыда шешім дұрыс деген сезім болуы негізінде қабылданған шешім. Мұнда басшы барлық мүмкін нұсқаларды қарастырмайды, олардың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есепке алмайды және жағдайды түсінуді қажетсінбейді.

Пайымдауға негізделген шешімдер жиі интуитивті сияқты көрінеді, себебі олардың логикасы айқын емес. Мұндай шешім – бұл біліммен немесе жинақталған тәжірибемен шартталған таңдау.

Бар жағдайларда баламалы шешімдердің нәтижесін болжау үшін адам бұрын ұқсас жағдайларда болғаны туралы білімді қолданады. Шешімдерді қабылдаудың мұндай әдісі оң да, теріс те жақтарға ие. Оң жағы - көптеген жағдайлар расында қайталану тенденциясына ие және шешім қабылдаудың мұндай әдісін қолдану уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі, өйткені басшымен шешім өте тез және қосымша ақпаратты жинаусыз бен оны талдаусыз қабылданады.

Бірақ та мұндай шешімдер шынайы түсінуде өте жиі кездесетін дұрыс мағына негізінде қабылданады. Бұдан басқа берілген шешім қабылданатын ақпарат адам қажеттіліктерімен және басқа факторлармен бұрмалануы мүмкін. Сонымен бірге пайымдаулар әмбебеп немесе абсолютті жаңа жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді, өйткені шешім қабылдайтын тұлғаның таңдауды негіздеу үшін қажетті тәжірибесі жоқ. Пайымдау әрдайым тәжірибеге сүйенетіндіктен, ол шешім қабылдау бағдарын басшыға бұрыңғы жағдайлар бойынша таныс бағытқа жылжытады. Бұл басшы жаңа баламалардан айрылып қалуына алып келуі мүмкін.

Рационалды шешім – бұл объективті талдау процесі көмегімен негізделген шешім. Бұл әдетте 5 қадамнан тұратын құрылымданған процесс, бірақ қадамдар саны проблеманың өзіне байланысты.

Шешімдер қабылдау процесіне жоғарыда айтылғандардан басқа келесі факторлар әсер етеді: басшының жеке бағалауы, шешімдер қабылдау ортасы, ақпараттық шектеулер, тәртіптік шектеулер және т.б.
2.2 М. Мескон бойынша басқару шешімдерінің типологиясы

Ұйымдық шешім — бұл алатын қызметіне байланысты міндеттерін орындау үшін басшы жасауға міндетті таңдау. Ұйымдық шешімнің мақсаты — ұйым алдында қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету. Сондықтан да ең тиімді ұйымдық шешім болып шынында іске асырылатын және соңғы мақсатқа жетуге ең үлкен салым жасайтын таңдау табылады.

Ұйымдық шешімдер бағдарланған және бағдарланбаған болып жіктеуге болады.

Бағдарланған шешім математикалық теңдеуді шешу кезінде қолданылатын ұқсас әрекеттер немесе қадамдардың белгілі реттілігін іске асыру нәтижесі. Әдетте мүмкін баламалардың саны шектелген және ұйым белгілеген бағыттар шегінде таңдау жасалуы қажет.

Бағдарламалауды тиімді ұйымдық шешімдерді қабылдаудағы маңызды қосымша құрал деп санауға болады. Шешім қандай болатыны анықтап алып, басшы қателік мүмкіндігін төмендетеді Мұнымен уақыт та үнемделеді, себебі бағыныштылар сәйкес жағдай болған кезде әр жолы жаңа дұрыс процедураны әзірлеуі керек емес. Басшылықтың шешімдерді белгілі бір жиілікпен қайталанатын жағайларға жиі бағдарламалайды.

Басшыда шешімді қабылдау процедурасы шынында жөн және дұрыс екенінде сенімділігінің болуы өте маңызды. Егер бағдарланған процедура жөн емес және дұрыс емес болса, оның көмегімен қабылданған шешімдер тиімсіз болады, ал басшы өз қызметкерлерінің және қабылданатын шешімдер әсер ететін ұйымнан тыс адамдардың құрметін жоғалтады.

Бағдарланбаған шешімдер. Бұл типтегі шешімдер белгілі түрде жаңа, іштей құрылымды емес немесе белгісіз факторлармен байланысты жағдайларда қажет болады. Қажетті қадамдардың нақты реттілігін алдын ала құру мүмкін емес болғандықтан, басшы шешім қабылдау процедурасын әзірлеу керек. Бағдарланбаған шешімдерге келесі типтегі шешімдерді жатқызуға болады: ұйымның мақсаттары қандай болуы керек, өнімді қалай жақсартуға болады, басқарушылық бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіруге болады, бағыныштылардың мотивациясын қалай күшейтуге болады. Ұқсас жағдайлардың әрбіреуінде (бағдарланбаған шешімдерде жиі болатындай) проблеманың нағыз себебі фактордың кез келгені болуы мүмкні. Сонымен бірге басшы таңдаудың көптеген нұсқаларына ие.

Тәжірибеде кейбір басқарушылық шешімдер ғана таза түрде бағдарланған немесе бағдарланбаған болады. Кейбір бағдарланбаған шешімдер соншалықты құрылымданған, оларды қабылдайтын тұлғаның жеке бастамасы толығымен жойылады. Ең күрделі таңдау жағдайында да бағдарланбаған шешімдерді қабылдау әдістемесі пайдалы болуы мүмкін.


Бақылау сұрақтары
1. Басқарущылық шешімдер қалай жіктеледі?

2. Тіркеу әдісі бойынша басқарушылық шешімдердің түрлерін атаңыз.

3. Шешімдерді қабылдау процесі қандай сипатқа ие болуы мүмкін?

4. Интуитивті шешім дегеніміз не?

5. Пайымдауға негізделген шешімнің мәні неде?

6. Шешімдерді қабылдау процесіне қандай факторлар әсер етеді?

7. М. Мескон бойынша басқарушылық шешімдердің типологиясы қандай?

8. Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдердің айырмашылығын атаңыз.


3 Басқаруды ұйымдастыру шешімді қалыптастыру жүйесі ретінде
3.1 Басқарушылық шешімдер және оларды қолдану сфералары. Шешімді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің ерекшеліктері

Шешімді қабылдау – басқару теориясының ең маңызды пункті және басқарушылық қызметтің маңызды құрама бөлігі.

Басқарушылық тәжірибеде шешім деп басқарудың соңғы нәтижелерінің баламалы нұсқаларынан біреуін таңдау аталады.

Шешімді әзірлеу – бұл проблеманы анықтаудан оны тәжірибелік шешуге дейінгі әрекеттердің реттілігі, ал шешімді іске асыру – бұл тәжірибелік шешімнің өзі, одан соң бақылау, белгіленген мақсаттармен нәтижелерді салыстыру және (қажет болса) қабылданған шешімді белгіленген мақсат жағына түзету болады.

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу сфералары едәуір ауқымды. Олар басқаруда, менеджментте, әкімшілікте, басшылықта кең қолданысқа ие. Бұл түсініктердің негізгі мазмұны 3.1-кестеде келтірілген.
3.1-кесте – Басқарушылық шешімдер түсініктерінің негізгі мазмұны

Түсінік

Кең мағынада

Тар мағынада


Басқару

Қоғамда және табиғатта басқару құбылыстарының, қатынастарының және топтарының барлық жүйесі

Басқару объектісін технологиялық ұйымдастыру

Менеджмент

Әлеуметтік басқарудың жалпы қағидасы; адамдарды басқару өнері мен ықпалы

Өндірісті басқару. Қойылған мақсаттарды ұйымдастыру бойынша қызмет

Әкімшілік


Әкімшілік-мемлекеттік басқару; әлеуметтік-саяси менеджмент.

Мақсаттарды әзірлеу мен қою, ұйым саясатын анықтау

Басшылық


Билік институттарының иерархиялық жүйесі

Адамдарды тәкелей басқару

3.1-кестесінде келтірілген түсініктерді іске асыру процесінде басқарушылық шешімдер қызметтің келесі түрлерінің процестерінде орын алуы мүмкін.



Стратегиялық жоспарлау ұйымның мақсаттарына жету үшін нақты стратегияларды әзірлеуге алып келетін басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі.

Басқарушылық қызметті басқару басқару аппаратының кәсіпқойлығын жетілдіру мақсатымен қабылданатын басқарушылық шешімдермен байланысты.

Ішкі және сыртқы ортамен коммуникациялар басқарушылық шешімдерге компания қызметі үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға бағыт береді. Бұл басқарушылық шешімдер жабдықтаушылармен және тұтынушылармен, клиенттермен, өз компанияның қызметкерлерімен және жақын жердегі халықпен қатынастарды қозғайды.

Адам ресурстарын басқару – бұл жағдайда басқарушылық шешімдер ынталандыруды, белсендендіруді және жұмылдыруды көрсетеді.

Басқарушылық кеңес беру жағдайлық типтегі басқарушылық шешімдермен байланысты. Бұл шешімдер персоналдың немесе азаматтардың (жеке сұрақтар бойынша қабылдау), басқа ұйымдардың басшыларының, мемлекеттік, жергілікті немесе корпоративтік басқарудың бақылаушы органдарының жолығуларымен байланысты дайындалады және іске асырылады. Берілген қызмет шеңберінде басқарушылық шешімдер талаптарға, мүдделерге, сұрақтарға және т.б. жауаптарды көрсетеді.

Қызмет көрсетуші және өндірістік қызметті басқару басқарушылық шешімдерді ұйымның пайдаланудағы жүйесін, оны қайта құрусыз, жетілдіруге бағытталған. Басқарушылық шешімдер бухгалтерия, кадр бөлімі, маркетинг бөлімі қызметтерін, өндірістік цехтарды басқаруды және т.б. жетілдірумен байланысты.

Ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру ұйымды реформалау мен қайта құрылымдауға бағытталған басқарушылық қызметтерде көрінеді. Мұндай шешімдердің нәтижелері ұйымның миссиясына, оның құрылымына, шығарылатын өніміне, кадрлық саясатына, сыртқы ортамен қатынастарға маңызды өзгерістер енгізеді.

Шешімді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің ерекшеліктері

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау мен іске асыру мінеттері көптеген ерекшеліктерге ие.



Мұндай ерекшеліктерге жататындар:

- сындарлық, шешімнің терминалды нұсқасын таңдау құндылықтардың тиісті жүйесі негізінде және нақты басқарушылық проблеманың мазмұнымен сәйкес жүзеге асырылатынын білдіреді;

- терминалдық, процесс қабылданған шешімді іске асырумен аяқталатынын білдіреді;

- бейресмилік, нақты басқарушылық шешімдерде қажетті толықтықпен және дәлдікпен мазмұндала алмайтын элементтердің болуын білдіреді;

- белгісіздік, ақпараттық жоспарда басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру міндеттері әдетте алуан түрлі белгісіздік жағдайларында шешілетінін білдіреді;

- тәуекелдік пен жауапкершілік, басқарушылық міндеттердің көбі тәуекелдік және онымен байланысты шешімді қабылдайтын тұлғаның жауапкершілігі жағдайында шешілетінін білдіреді;

- байланыстылық және ие болушылық, басқарудың нақты міндеттері тәуелсіз болып табылмайтынын, олардың өзара байланысқан, өзара әсер ететін, дәйіктілікпен және біруақытта шешілетін міндеттердің қандай да жалпы жүйесіне кіретінін білдіреді
2 Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыруға талаптар

Басқарушылық шешімдерге негізгі талаптар мен оларды қамтамасыз ету жағдайлары 3.2 кестесінде келтірілген.


3.2-кесте – Басқарушылық шешімдерге талаптар және оларды қамтамасыз ету жағдайлары

Басқарушылық шешімдерге талаптар

Талаптарға жету жағдайлары

1 Басқарушылық шешімдердің күші бар заңдылықпен және компанияның жарғылық құжаттарының ережелерімен сәйкестігі -

Заңгер, референт жағынан бақылау немесе өзін-өзі бақылау

Басшыларда сәйкес өкілеттіліктерінің болуы

Бөлімдер мен қызметтер туралы ережелерді және қызметтік нұсқаулықтарды әзірлеу

2 Басқарушылық шешімдер мәтінінде анық мақсатты бағыттылық пен атаулықтың болуы (атқарушыларға әзірленетін шешім неге бағытталатыны және қандай құралдар қолданатыны айқын болуы керек)

Әрбір қызметкерге дейін мақсаттар, орындау мерзімдері, қолданылатын ресурстар туралы ақпаратты жеткізу

3 Басқарушылық шешімдер нысаның оның мазмұнына сәйкестігі

Заңгер, референт жағынан бақылау

4 Уақыттылықты қамтамасыз ету (озуға да, қалуға да болмайды)

Басшының білімі мен интуициясы,

жағдайды нақты бағалау



3.2-кестенің соңы

Басқарушылық шешімдерге талаптар

Талаптарға жету жағдайлары

5 Шешім мәтінінде өз-өзіне немесе бұрын іске асырылған шешімдерге қарама-қайшылықтарын болдырмау

Заңгер, референт жағынан бақылау немесе өзін-өзі бақылау

6 Басқарушылық шешімдердің техника- лық, экономикалық және ұйымдасты- рушылық орындалуының мүмкіндігі

Мамандардың немес сарапшылардың қорытындылары

7 Басқарушылық шешімдердің орындалуының ішкі немесе сыртқы бақылауы үшін параметрлерінің болуы

Жұмыс құжаттарын жасау, аудит өткізу

8 Экономикалық, әлеуметтік, экология- лық және басқа салалырында басқа- рушылық шешімдерді іске асыру кезінде мүмкін жағымсыз салдарларды есепке алу

Сыртқы сарапшылардың қорытындылары, тәуекелдерді бағалау

9 Негізделген жағымды нәтиже мүмкіндігінің болуы

Есептер мен ұсыныстардың жиынтығы

Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінде төрт негізгі қатысушыны бөліп көрсетеді: шешімді тапсырушы, шешімді жасаушы, шешімді орындаушы және шешімді пайдаланушы. Әрбір қатысушыны бірнеше адам, топтар немесе ұйымдар көрсетуі мүмкін.

Шешімді тапсырушылар ретінде келесілер болуы мүмкін:

- шешімдердің орындалуын ұйымдастыратын немесе атқарушылар ретінде оны өздері орындайтын басшылар;

- келешек шешімнің орындалуын төменде тұрған басшыларға беретін жоғары тұрған басшылар;

- басқарудың немесе биліктің бақылау органдары (үкімет, акционерлер, бақылаушы кеңес, сот органдары, қоғамдық ұйымдар және т.б.).

Шешімді тапсырушылар бір уақытта шешімді жасаушылар мен орындаушылар болуы мүмкін.

Шешімді жасаушылар ретінде болуы мүмкін: жеке мамандар, соның ішінде басшылар, жобалық ұйымдар, заң және бақылау органдары, қоғамдық ұйымдар.

Шешімді орындаушылар ретінде қызметтік нұсқауларға немесе келісімдерге сәйкес мұндай міндеттерге ие компаниялардың немеме қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болуы мүмкін.

Шешімді пайдаланушылар болып табылады: персонал немесе халық, олар үшін шешім дайндалады, іске асырылады, басқарудың сәйкес деңгейінің басшылары, ұйымдар немесе бөлімшелер.



Басқарушылық шешімді дайындау мен іске асыруды ұйымдастыру

Басқарушылық шешімді дайындау мен іске асырудың ұйымдық құрылымы 3.1-суретінде көрсетілген.



3.1-сурет – Басқарушылық шешімді дайындау мен іске асырудың ұйымдық құрылымы
Бақылау сұрақтары
1. Шешімді әзірлеу және шешімді іске асыру дегеніміз не?

2. Басқарушылық шешімдер қайда қолданады?

3. Қызмет көрсетуші және өндірістік қызметті басқарудағы басқарушылық шешімдер.

4. Шешімдерді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің ерекшеліктерін атаңыз.

5. Басқарушылық шешімдерге қандай талаптар қойылады?

6. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінің негізгі қатысушыларын атаңыз.

7. Шешімді жасаушылар ретінде кімдер болуы мүмкін?

8. Шешімді пайдаланушылар болып кімдер табылады?

9. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асырудың ұйымдық құрылымын сипаттаңыз.
4 Басқару шешімдерін мақсатқа бағыттау
4.1 Басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезіндегі мақсаттың басымдығы

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру процесі жоспарланған мақсатқа жетуге бағдарланған болуы керек. Мақсатқа бағдарлау басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың кәсіби басқарушылық технологияларды қолдану нәтижесінде жеткізіледі. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиясы – бұл ұйымның жалпы және басты мақсаттарына жету үшін басқарушының персоналға басқарушылық ықпалын жүзеге асыру дағдысы, шеберлігі және өнері. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиясы келесілерден тұрады:

- ақпаратты жинау мен өңдеу әдістері мен құралдары;

- персоналға тиімді ықпал ету тәсілдері;

- ұйым мен басқарудың қағидалары, заңдары мен заңдылықтары;

- бақылау жүйелері.

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиялары құрамына басқарушылық шешімдерді әзірлеудің мақсаттық технологиялары және процессорлық технологиялар кіреді. Процессорлық технологиялар мақсаттық технологияларға қызмет етеді, мақсаттық технологияларға қатысты олар құралдар болып табылады. Мақсаттық технологиялар ынталылық-мақсаттық, бағдарламалық-мақсаттық және регламенттік технологиялардан тұрады. Мақсаттық технология – бұл мақсаттардың жағдайлардан басымдығына негізделген технология. Мақсаттық технология шешімді қоздыратын ықпалдарды жоюға емес, мақсатқа жетуге бағдарлайды.

Мақсаттық технологияның негізгі пәні мақсат болып табылады. Ұйым мақсаты – бұл ұйым үшін тіленген және мүмкін, қоғам үшін қажетті және қолайлы процесс (құбылыс). Процесс ретінде мақсат ұйымда қабылданған даму тенденциясын көрсетеді. Құбылыс ретінде мақсат қандай да өнімді жасаудың соңғы сатысын анықтайды.

Мақсат аса ұсақ мақсаттарға (мақсаттар иерархиясы) бөлінуі мүмкін, әрбір мақсат екі міндеттен кем емес қалыптастыруы керек.

Мақсаттық технологияны іске асыру кезінде ортақ және пропорционалдық авторлықты бөліп көрсетуге болады. Ортақ авторлық – бұл нәтижелер мен тапсырмаларды орындаудың барлық бағдарламасына басшылар мен орындаушылардың тең құқығы. Пропорционалдық авторлық – бұл бағдарламаға қатысқандар барлық қатысушыларының шығындары (материалдық, интеллектуалды және т.б.) қатынастарымен анықталатын барлық бағдарлама мен тапсырма нәтижелеріне немесе олардың бөлігіне құқығы.



4.2 Мақсаттық технологияның ынталылық-мақсаттық, бағдарламалық-мақсаттық және регламенттік технологиялары

Ынталылық-мақсаттық технология

Берілген технология тапсырмаларды орындаудың әдістері мен құралдарын көрсетусіз оларды беруге негізделген және ынталы мен кәсіби орындаушыға арналған. Ынталылық-мақсаттық технология 4.1-суретке сәйкес басшымен қызметкер немесе топ үшін тапсырманың тек соңғы мақсатын, сонымен бірге оған жету механизмін көрсетусіз орындау мерзімін әзірлеуді ескереді. Мұнда мақсатқа қандай да себептер бойынша қол жеткізілмеуі мүмкін (1 қисық), мақсатқа ескерілген мерзімде немесе одан бұрын жету мүмкін (2 қисық), мақсатқа ескерілген мерзім шегінен жету мүмкін (3 қисық). Ынталылық-мақсаттық технология бағынушылардың ынталы шешімдері үшін үлкен еркіндік береді.

Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:

- ұйым немесе оның бөлімінің қызметкерлерінің штаты 10 адамнан көп емес;

- тапсырманы орындау уақыты оны беру уақытынан бастап 1 айдан аспауы керек;

- персоналдың жоғары кәсіпқойлығы немесе басшы жағынан оған үлкен сенімділік;

- жаңа тауарлар, қызметтер, ақпарат немесе білімдер өндірісі;

- ұжымдағы тұрақты бейресми қатынастардың болуы.



4.1-сурет – Ынталылық-мақсаттық технологияны іске асыру сызбасы


Берілген технология үшін ұйымдық қатынастардың сызықтық сызбасы тиімді. Тапсырманы орындау кәсіпқойлығы тапсырманы орындаушының біліктілігімен анықталады, ал басшының біліктілігі екінші ретті рөлге ие. Технология мақстақа жетуге кепілдік бермейді.

Бағдарламалық-мақсаттық технология

Бағдарламалық-мақсаттық технология тапсырмаларды орындау құралдарын, әдістері мен уақытын көрсетумен орындалу үшін тапсырмаларды (мақсаттарды, міндеттерді) беруден тұрады, бұл орындаудың аралық жағдайларын сыртқы және ішкі бақылауы туралы нұсқаулар бар. Тапсырманы орындау кәсіпқойлығы басшы біліктілігімен анықталады, ал орындаушы біліктілігі екінші ретті рөлге ие. Бағдарламалық-мақсаттық технология 4.2-суретке сәйкес әдетте мақсатқа жетуге кепілдік береді.



4.2-сурет – Бағдарламалық-мақсаттық технологияны іске асыру сызбасы


(T1, Т2, Т3 и Торын мерзімдерде A1, А2, А3, А4жоспарланатын нәтижелер)
Бағдарламалық-мақсаттық технологияны қолдану 3 негізгі нәтижелерге алып келуі мүмкін:

- белгіленген аралық мәндерден жарамды ауытқулар кезінде белгіленген мерзімде мақсатқа жету;

- белгіленген аралық мәндерден маңызды ауытқулар кезінде белгіленген мерзімде мақсатқа жету;

- белгіленген мерзімде мақсатқа тұрақты жетпеу.

Берілген технология басшымен басқару мақсаттарын, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сонымен бірге мерзімді және үрдістің аралық мәндерінің жағдайларын әзірлеуді ескереді. Егер қандай да бір белгіленген аралық мәнге қол жеткізілмесе, онда оны орындауға қосымша ресурстар беріледі, егер белгіленген аралық мән жоспарланғаннан асып түссе, онда ресурстар бөлігі басқа қажеттіліктерге аударылады және мақсатқа ескерілген мерзімде қол жеткізіледі.

Бағдарламалық-мақсаттық технология қазіргі білімге, экономикалық-математикалық әдістерге және ақпараттық технологияларға негізделеді.

Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:

- қызметкерлер штаты 1000-1500 адамнан аспауы керек;

- тапсырманы орындау уақыты оны беру уақытынан 1 жылдан аспауы керек;

- басқарушылық және өндірістік ресурстардың анықтылығы мен қол жетерлігі;

- басқарушылық және өндірістік еңбектің анық бөлінуі;

- ұзақ уақыты бойы сериялық және жаппай өнімді шығару;

- типтік процедуралардың, жағдайлар мен шешімдердің үлкен көлемі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет