ӘДЕБИЕТ
1.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). -Алма-Ата, 1961. -406-407 бб.
2.Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.) –Т. 4. -М.-Л., 1940. -58 б.
3.Сонда, -513-516 бб.
4.Cонда, -226-228 бб.
5.Cонда, -47-50; 54; 62-65 бб.
6.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). -744 б; История Букеевского ханства. 1891-1852 гг. Сборник документов и материалов. -Алматы, 2002. -11-20 б.
7.Материалы по истории Казахской ССР. (1785-1828 гг.) -Т.4.-Л., 1940. -513-515 бб.
8.Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887.-99-103 бб.; Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. -292-293 бб; Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. -89-92 бб.; Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. -Санкт-Петербург, 1867. -62 б.; Ежегодник. Материалы для статистики Туркестанского края. Под редакцией Н.А.Маева. -Санкт-Петербург, 1872. -115-116 бб.; Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть. -Ташкент, 1889. Приложения №1.- 1-7 бб.; Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -104-111 бб.; Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина. -Петроград, 1917. -54-64 бб.
9.Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887. - 99-100 бб.
10.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. - 293б.
11.Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. - 90-91 б.
12.Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. -Санкт-Петербург, 1867. - 62 б.
13.Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть. -Ташкент, 1889. Приложения №1. - 1-7 бб.
14.Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -110 б.
15.Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 7. Актюбинский уезд. -Т. 8. -Воронеж, 1903. Сведения о киргизских ордах и родах по волостям Актюбинского уезда. -7-13 бб.; Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статической партией Тургайско-Уральского переселенческого района. Уральский уезд. -Оренбург, 1909. -88-89 бб.; Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 5. Кустанайский уездь. -Т.5. -Воронеж, 1903. -219-230 бб.
16.Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 5. Кустанайский уездь. -Т.5. Приложения. -35 б.
17.Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. -Т.2. -Алма-Ата, 1985. -148-167 бб.
18.Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. -Алматы, 1991. - 80 б.
19.Тынышпаев М. История казахского народа. Составители и авторы предисловия проф. Такенов А.С. и Байгалиев Б. -Алматы,1993. -224 б.
20.Досмұхамедұлы Х. Аламан.(Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар-Ғ.Әлесов, А.Мектепов, Ш. Керімов.) -Алматы,1991. -176 б.
21.Букейхан А.Н. Казаки Адаевского уезда. Мына кітапта: Материалы особого комитета по исследованию союзных и автономных Республик, Вып. 3. Серия Казахстанская. Казаки. Антропологические очерки С.Х.Баранова, А.Н. Букейхана и С.И.Руденко. - Ленинград, 1927. -58-82 бб.
22.Халид Құрбанғали. Тауарих хамса: (Бес тарих). Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. -Алматы, 1992. -304 б.
23.Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Ч.1. -Алма-Ата, 1959. -8-17 бб.
Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. (Вопросы этнической и социальной истории.) -М., 1982. -135 б.; Арғынбаев Х., Мұқанов М., Восторов В. Қазақ шежіресі хақында. (Құрастырған Ә.Пірманов.) -Алматы, 2000. - 464 б.
24.Толыбеков С. Қазақ шежіресі. -Алматы, 1992. -144 б.; Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. (Жауапты ред. Ш.Құрымбайұлы.) -Ташкент, 1994. - 144 б.; Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. -Алматы, 1993. - 168 б.; Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші Жүз рулары (Шежіресі мен тарихы.) -Алматы, 1994. - 110 б.; Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. - 160 б.; Неталиев М. Қазына. -Алматы, 2002. -248 б.; Жақыпұлы Қ. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -324 б.; Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -464 б.; Әбдіұлы Т. Кіші жүз-Жетіру-Табын аталығының шежіресі. -Қызылорда, 2004. - 248 б.
25.Бердәулетов К. Бұқарбай батыр. (Өмірі мен ерлік жорықтары.) -Алматы, 1992. -128 б.
26.Салқынов С. „Асау-Барақ” немесе табын тарихына кіріспе. -Алматы, 2004. -320 б.
27. Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина. -Петроград, 1917. -54-64 бб.; Ә.Диваев. Тарту. (Құрастырған, алғы сөзін және түсініктемелерін жазған Флора Оразаева). –Алматы, 1992. - 256 б.
28.Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки. -54-64 бб.
29.Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. - СПб., 1897. - 394-395 бб.
30.Кердері Әбубәкір. Қазағым. Өлең, толғаулар, айтыс, жырлар. – Алматы, 1993. -255б.
31.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Шежіре. - 6 б.
32.Сонда, -11 б.
33.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Қазақтың шежіресі. -7 б.
34.Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -28 б.
35.Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -26-27 бб.
36.Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. -160 б.
37.Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. (Жауапты ред. Ш.Құрымбайұлы.) -Ташкент, 1994. -123 б.
38.Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. -Алматы, 1993. -107 б.
39.Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші Жүз рулары (Шежіресі мен тарихы.) -Алматы, 1994. -97 б.
40.Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -110 б.
41.Шоңбай Жұбанов. Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Шежіре-дастан. -17 б.
42.Әбдіұлы Т. Кіші жүз-Жетіру-Табын аталығының шежіресі. -Қызылорда, 2004. -11 б.
43.Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. – 154 б.; Толыбеков С. Қазақ шежіресі. -Алматы, 1992. -80 б.; Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -32 б.
44.Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан. Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -22 б.
45.Сонда, -22-24 бб.
46.Айтыс. Екінші том. -Алматы, 1965. -71-79; 138-144; 145-163; 210-212 бб.
47.Асау-Барақ (Ән-дастан). // Азия. 20 (100) 1994. мамыр; Ілиясқызы Р. Бөкенбай шоқысы. // Ақтөбе. 10 ақпан 1993 ж.; Жылқышиев Ж. Түмен баба. // Сыр бойы. 10 қаңтар 2002 ж.; Әбдіров А. Ер Барақтың жиендері. // Ақтөбе. 18 қыркүйек 1992 ж.; Барақ, Сәрке, Бәйтен батырлар. // Ақтөбе. 4 қыркүйек 1992 ж.; Асқаров И. Барақ батырдың тұсындағы елдің саяси және әлеуметтік жағдайы. // Ақтөбе. 22 маусым 1993 ж.; Күзенбаев Н. Жасыл тулы Ер Барақ. // Егемен Қазақстан. 7 мамыр 1996 ж.
Қ. Кемеңгер
Астана қ., Қазақстан
«ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫНЫҢ»
БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАДІРІ ХАҚЫНДА
Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым-қатынас іздерінің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына тиген Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбек – алдымен, тарихшыға, содан соң әдебиеттанушыға, тілшіге, өнертанушыға, өлкетанушыға, саятшыға, саяхатшыға, саясаттанушыға, әлеуметтанушыға бірдей қажет әрі тарихи, әрі этнографиялық, әрі философиялық пайымды туынды. Рухани өмірімізде үлкен жаңалық болып саналатын «Қазақтың ауызша тарихы» – біріншіден, қазақтың өзіне, одан кейін, елімізде мекен ететін барша ұлт өкілдеріне, Қазақстан деп аталатын мемлекетке керек дүние.
Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде былай жазады: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен» 1, 210 б.. Қай заманда да ойшылдар өзіне дейінгі дәуірге шолу жасап, өмір тынысын, қоғам мұңын түсінгісі келген. Ол өткен өмірдегі ата-баба тірлігі мен өз дәуірінің шындығын салыстыруға тырысқан. Өзі өмір сүретін ортаның дертін тауып, соны емдеудің жолдарын көрсетуге жолдар іздеген. Ұлы Абайдай ұлт қамын, ел мен жер тағдырын ойлап, Ақселеу Сейдімбек те өзінің соңғы кітабында терең пайымдаулар жасап кетті.
Қазақ ұлтының біртұтас бөлінбейтін этнос екендігін құрамындағы рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы көз жеткізген Ақселеу Сейдімбек өзінің фундаменталді зерттеуінде трайболизм секілді етегімізге жабысқан кеселдің тамырына балта шапқандай болады. Бүгінгі таңда рушылдық пен жүзшілдіктің отын үрлеуге тырысып жүрген кейбіреулердің бейшара әрекеттеріне аталған ғылыми дәйекті кітап тосқауыл болады. Себебі қазақ үшін рулық, тайпалық қоғамда өмір сүру табиғаттың өзінен дарыған нәрсе. Осы жөнінде алаш оқымыстысы Қошке Кемеңгерұлы былай деп жазады: «Ресейге бағынбай тұрғанда таңбасыз тайға, енсіз қойға ие болған қазақ елі – киіз үйді ғана мекендеген, толық көшпелі еді. Жекелену, хатте үй ішіне бөліну мүмкін болмаған көшпелі тұрмыстың арқандалған кіндік қазығы – ру еді. «У жесең – руыңмен», «Ордалы құлан ақсағанын білмейді» деп ақсақал аузына қараушы еді. Көшіп қону, кек алу, жаудан қорғану, көптен құн алып, құн төлеу, немеурін қосу, жылу жинау бір рудың ішінде міндет еді... Бір рудың ішінде талас-тартыс болмаған, бір рудың ішінен өзара қыз алдырмау – жанжал шығармау мақсатынан еді. Қазақтың жеті атадан беріден қыз алмауы, бір руға жеті атаға шейін өрбігендердің кіргенін көрсетеді. Және әр руды бір атадан өрбіген қан жақындығымен байланысқан деп қарауға болмайды, өйткені руынан кемдік көргендерден, жауда қолға түскендерден басқа руға мүше болып кеткендер көп. Сондықтан қазақтың руын – саяси-шаруа ұйымы деп қарау керек» 2, 38 б..
Этнолог ғалым, шежіреші Ақселеу Сейдімбектің кітабынан көкірегінде санасы бар кез келген адам қазақтың түбі бір атадан, бар қазақ бір-біріне бауыр, бәріне ортақ тіл мен дүниетаным, салт-дәстүр бар екендігін мойындайды. «Қазақтың ауызша тарихынан» жер жаһандағы он бес миллионға жақын әр қазақ өз атасын, айналып келгенде түп негізін табады, бар қазақтың құрылымын түсінеді. Қазақты құрайтын рулар мен тайпаларды жіліктеп көрсеткенде, ғалым ұлтымыздың сыртқы формасын, композициялық құрылымын танытады. Ал осы рулар мен тайпалардың мекен еткен ареалын, таңбасы мен ұранын, негізгі ата кәсібін, қоршаған дүниеге көзқарасын, өмір жайлы танымын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, жырлаған жырын, тыңдаған ертегісін, шырқаған әнін, күмбірлеткен күйін, жыл құсымен бірге жүрген әсем көшін көркем тілмен суреттегенде Ақселеу Сейдімбек қазақ деген халықтың жанын, оның ішкі мазмұнын жайып салады. Сондықтан қазақты түсінгісі келген адам «Қазақтың ауызша тарихын» оқығаны ләзім.
Кітаптың ұлт үшін құнды болатын тұсы – ол сол ұлтты ұйыстыруға, бар қазақтың басын біріктіруге үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда қазақстандық ұлт идеясын насихаттап жүрген саясаттағы шолақ атқамінерлерге бұл еңбек тойтарыс береді. Қазақстан мемлекетін мекен ететін басқа ұлт өкілдеріне де аталған еңбектің пайдасы зор деп білеміз. Себебі олар Ақселеу Сейдімбектің кітабынан мемлекеттің титулдық ұлты – қазақтың болмыс-бітімін, өзіндік ерекше сипатын, мәдениеті мен дүниетанымын жете түсінеді. Олар қазақ жайында орыс, кеңес тарихнамасы арқылы айтылып келген кейбір жалған түсініктің сырын ашады. Жеті атаны білу институты мен жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің қыр-сырын ұғады. Ағайын арасындағы сыйластық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қалай болғанына көздері жетеді. Сондықтан аталған еңбекті алдымен орыс пен ағылшын тілдеріне, одан кейін өзге тілдерге аударып, кең насихаттағанымыз міндет.
Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектерінде қазақтың түп тарихы туралы таңбаланып қалған тарихи деректер бертінгі заманда алаш қайраткерлерінің зерттеулерінде біршама тиянақталып жазылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ тілінде кітап шығару ісі жандана түскен кезеңнен ауызша сақталып келген тарихи дерек бірте-бірте қағазға түсе бастады. Әрине, оған дейін де кітапқа жазылған кейбір тарихи мәліметтер болды. Алайда олардың мазмұны мардымсыз, саны аз еді. Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, О.Әлжанұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы, С.Асфендиярұлы, М.Шоқайұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, С.Садуақасұлы сынды қазақ оқымыстыларының еңбектерінде төл тарихымызға қатысты құнды дүниелер мол жинақталды.
Кітап шығару ісінің жанданғаны елдің сауатын ашып, оқу-білімге ұмтылған жастарға игі ықпалын тигізді. Дей тұрғанмен, осы заманауи жаңалық, бір жағынан, көшпелі мәдениеттің құлдырауына, соның ішінде тарихи дүниені жадымызда сақтап, оны ауызша таратуға келгенде шешендіктен қала бастағанымызға себеп болды. Ендігі заманда қағазға жазылған дүние ғана ақиқат шындық болып, сөзге тоқтаған, бір рулы елдің тағдырын бір ауыз сөзбен шешкен дәурен келмеске кетіп жатты. Көшпелі мәдениетпен бірге қазақтың тарихын ауызша тарататын, шежіресін жетік білетін, жыр-дастандарын таңды-таңға қосып айтатын сұңғыла ділмарлары мен шешендері, данагөй қариялары бірге кетіп бара жатты. Сондықтан Ақселеу Сейдімбек – тағдырдың жазуымен соңғы көштің соңғы арбасына мініп үлгерген, соңғы киіз үйінде тал бесікке тербеліп, бесік жырын ана сүтімен бірге сіңірген, дала данышпандарының ділмар сөзін тыңдап қалған ескінің көзі, келмеске кеткен көшпелі мәдениеттің өзі іспетті. Сондықтан «Қазақтың ауызша тарихын» басқа біреу емес, Ақселеудей сол мәдениеттің соңғы тұяғы әрі телегей теңіз білімі бар ғалымның жазғаны заңды дүние. «Ақселеу Сейдімбекті елтануға алып келген феномен – қалайда, Арқада туып, қаймағы бұзылмаған ата жұрт салтын арда емуі. Оны ата салтымыздың адвокатына айналдырған да сол перзенттік парыз, терең тамыр» 3,- деп дәл жазады белгілі қаламгер Смағұл Елубай.
Қазақ даласының кей тұстарында өзінің сән-салтанатымен жарасқан көшпелі мәдениеттің ХХ ғасырдың ортасына дейін сақталып келгені тарихи шындық. Бейбіт елді отарлауға келген патша үкіметі, оның заңды жалғасы кеңестік империя асқақ рухты далалықтарды бағындырудың жалғыз жолы ғана барын түсінді. Олар табиғат аясында табиғатпен бірге тіл табысып, беймарал тірлік кешкен көшпелі қазақ елін отырықшылдыққа тарту керек деп ұйғарды. Қазақты ата кәсібі мен төл мәдениетінен айырсақ, ат үстінде күн кешкен қайсар мінезді халық жуасиды, рухы жаншылады. Бірте-бірте тілі мен дінінен, ақыр аяғы жерінен де жат қыламыз деп жоспарлады сұрқия саясатын отарлаушы ел. «Отырықшылдық адамдардың өмір-салтын өзгертті. Бұрынғыдай, жыл құсы сияқты көктем мен жазға ілесіп, жазыла көшіп, желпіне қонып, табиғатпен тіл табыса жүріп тіршілік құратын заман көрген түстей болған. Енді табиғатпен жағаласатын, табиғаттың бермесін тартып алатын заман туған... Күні кешелер ғана көшпелі өмірдің дәмін татқандар үшін отырықшылдық деген бейне бір сау басына сақина тілеп алғандай, қарап жүріп аққұла бейнетке ұрынғандай болып көрінетін» 4, 692 б.,- дейді Ақселеу Сейдімбек. Жазушы қиналған қауымның ортасында болып, елге келген зауалдың ащы дәмін өзі де татып көрді.
Ғалым еңбектің екінші тарауында қазақтар арасындағы бір ғана туысқандық атаулар жүйесін бүге-шігесіне дейін таратып, әрқайсысының ішкі мазмұнын көркем тілмен тамаша түсіндіріп береді. «Дәстүрлі қазақ қоғамында туысқандық жүйе деген, әрбір жеке адамды тұтас этножаралыммен сабақтастыратын, жай ғана сабақтастырып қоймай, әрбір жеке адамға этностың бір мүшесі екенін терең сезінетін, сол арқылы жалпы этникалық туысқандық жүйені әркімнің жақсы білуін өмірлік мұқтаждыққа айналдыратынын, нәтижесінде «қарға тамырлы қазақ» деп аталатын біртұтас этнос аясындағы барша тіршілік-әрекетті реттеп отыруға тегеурінді ықпал ететін және әлеуметтік қатынастардың барлық деңгейлері мен типтеріне бірдей қатысы бар этноақпараттық кеңістік екені ілгерідегі тараушаларда біршама сараланды» 4, 181 б.,- деп жазады. Қазақ түсінігіндегі туыстық атаулар жүйесінің этномәдени, саяси-әлеуметтік сипаты бар екендігін Ақселеу Сейдімбек осы еңбегінде дәйекті дәлелдеп береді.
Кітаптың «Қазақтың қария сөздері» атты үшінші тарауында этнограф ғалым ел аузында сақталған ескі сөз арқылы қазақтың даналығын көрсететін мысал келтіреді. «Тарбағатай жағына қалың жылқыны апарып, аман сақтап қаламын, биылғы жылы жұт болады деген Алтайдан жылқы иесі Ішпекбай жұттың боларын қайдан білдің дейді. Сонда Алтай: «Биыл ең төлшіл құс – бозторғай атаулы жалқы жұмыртқадан салды; шөп буыны ерте қатты; маусымда шешек ататын бұдыр мия гүлдемеді, гүлдемеген соң, бұршақ қабына дән бітпеді; жыл құстары жылдағыдан ерте қайта бастады; ай жиі қораланатын болды; жылқы біткен жарау тартып, шілде айында ыққа қарап жусайтынды шығарды; айғырлардың жал-құйрығы ұйысып қалды; бөгелек сиреп кетті» 4, 257 б.,- деп жұттың он бір белгісін айтып береді. Мұндай мысалдар кітапта мол ұшырасады. Яғни, еңбектің құндылығы білімімізге білім қосатын танымдылығында, терең мағлұмат беретін ерекшелігінде дер едік. Сонымен қатар, «Қазақтың ауызша тарихының» бағасының биік болатыны – дәстүрлі қазақ мәдениетін дәріптейтін үлкеніміз бен кішімізге бірдей тәрбие беретін дидактикалық туынды екендігінде.
Зерттеу еңбегінің «Шежіре және тарих», «Қазақтың туысқандық жүйесі», «Қазақтың қария сөздері», «Шежірелік айғақтар» атты тарауларында Ақселеу Сейдімбек қазақтың ауызша тарихының теориялық анықтамасын береді, ауызша тараған, онда орнаған дала заңдарын түсіндіреді. Кітаптың «Қазақ болмысы» деген соңғы бесінші тарауы «Этнографиялық түйін» атты тараушадан тұрады. Онда жазушының қазақтың жанын жайып салатын тарихи негізі бар оймақтай әңгімелері беріледі. Оларды біз ілгерідегі тарауларға жасалып отырған түйін, ой қорытындысы деп бағалаймыз. Былайша айтқанда, теориялық оқулықтың хрестоматиясы іспетті мысалдар.
Тұрғындарының сана-сезімі космополиттеніп бара жатқан қалалық ортада шаң басып көмескіленуге айналған байырғы салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың нұсқаулығындай, адамдар арасындағы бауырмалдық қарым-қатынастарымыздың, атадан қалған туған мәдениетіміздің анықтамалығындай бола алатын «Қазақтың ауызша тарихы» әр қазақтың отбасында болғаны абзал.
ӘДЕБИЕТ
-
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сөздер – Алматы: Жазушы, 1995. – 384 б.
-
Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Алаш, 2005. – 320 б.
-
Смағұл Елубай. Қазақтану // Алты Алаш, № 3, 2009.
-
Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 бет.
Б.Ж. Кемелбеков, Е.Т.Жасымбаев
Алматы қ., Қазақстан
ШҰБАРТАУ ТӨЛЕҢГІТТЕРІНІҢ АҢЫЗ-ШЕЖІРЕЛЕРІНДЕГІ
ҒАЖАЙЫП ДЕРЕКТЕР
Өздерін төлеңгітпіз дейтін аталар ұлан –байтақ қазақ жерінің қай тарапынан да кездеседі, олардың ішінен шыққан ұлы тұлғалардың да аттары тарихқа алтын әріптермен жазылған. Өкінішке орай осы күнге дейін біздің тарих ғылымы төлеңгіт әулеттеріне қатысты бір салмақты кітап ұсынған жоқ. Төлеңгіттердің шыққан тегі де белгісіз, олардың қоғамда атқарған қызметі де түсініксіз, құрамы да нақты анықталмаған. Осы себептерге байланысты біз өзіміз кәсіби тарихшы болмасақ та жүргізген ізденістеріміздің нәтижесін бірді-екілі жариялап оқырманның ыстық ықыласына ұсындық. Соның бір көрнекті нәтижесі 2011 жылы Алматы қаласында біздің жариялаған «Арғын Арыстан тегі-Мамадайыр, Мамашық, Барқы шежіресі және Шұбартау төлеңгіттерінің тарихы» аталады. Бұл аталған кітапта біз негізінен Шұбартау төлеңгіттерінің ішіндегі белгілі ата Мамадайыр, Мамашықтарды ғана қарастырып, олардың тарихына, әулеттік құрылымына байланысты деректерді қамтыдық. Сонымен бірге бұл кітапта қазақ шежіресіне қатысты аздаған деректерді, шежіре кестелерін бердік, бірақ Шұбартаулық төлеңгіттердің басқа аталарына материалымыз жетіспегендіктен толық көңіл бөле алмадық. Қазақта «өзін өзі танымаған шіркін, өзгені қалай танысын» деген ғажап бір мәнді сөз бар. Осы себепті біз бұл тақырыпқа қайта айналып келіп, Шұбартау төлеңгіттерінің ішіндегі Мамыт, Құсшы ата, Дейт ата, Ошақты елі, Сабаншы, Оңажіт, Әбілпейіз төре тұқымдарының шежірелерін қоғамдастырып «Шұбартау төлеңгіттері: тарихы, аталары мен тұлғалары, дәстүр –салты» атты кітап дайындадық. Бұл жаңа жарияланған кітапта біз өзімізді тануға қанша күш салғанымызбен төлеңгіт ортасында айтылып және қолданылып жүрген аңыздар мен ұғымдар, салт-дәстүрлер мен ғұрыптардың сыры ашылмағандары да бар. Біз осы мақалада ғылыми қауымға төлеңгіт шежеріне қатысты бірнеше деректерді ұсынуға бел байладық.
Алдымен көтерілетін мәселе-төлеңгіттер деген кімдер ? ХІХ ғасырда қазақ тарихына байланысты жазған Ресей тарихшыларының ішінен А. Левшин, Н. Небольсин, Л. Мейер, М. Красовский, А.Харузин, Н.Аристов, Н.Крафт, А.Янушкевич, А.К. Гейнс, Н. Гродеков, М.Бродовский, Ш.Уәлиханов, Ф.Зобнин т.б. төлеңгіттер туралы пікірлер мен мәліметтер қалдырған. Осылардың ішінен қазақтар туралы толық сипаттаманың авторы А.Левшин «мы не составляем особый класс из теленгутов или прислужников ханских и султанских...(они) принадлежат вообще к простому народу и пользуются одинаковыми с ними правами» дейді (Левшин А.И., с.292). Осыдан-ақ Ресей тарихшыларының қазақ мемлекеті туралы ХІХ ғасырдың басындағы түсінігі тым жұтаң болғанын байқауға болады.
ХХ ғасырдың басында да төлеңгіттердің шығу тегі, әлеуметтік институттары, қоғам ішінде орны мен маңызы, құқықтық қатынастары т.б. бойынша зерттеушілердің ішінде бір жақты пікірлер қалыптаса қоймаған жоқ. Дегенмен қазақ жерінде қызмет істеген орыс шенеуніктерінің арасында төлеңгіт мәселесіне қызығушылық танытқан зертеушілер пайда болды. Солардың бірі Ф.К.Зобниннің «К вопросу о невольниках, рабах и тюленгутах в киргизской степи» деген еңбегін ерекше атап өткен жөн. Себебі бұл төленгіт мәселесіне арналған және төлеңгіттер мен құлдардың ара жігін ашып береген еңбек. Қазақ жерін отарлау, саяси институттарды жою барысында Ресей командирлері де төлеңгіттер институтын біржолата құрту үшін, оларды құлдардың тұқымы деп жариялаған кездері болды. Осыны пайдаланып Қарақаралы дуанының басшысы Жамантай (Тұрсын) Шыңғысұлы өз қарамағындағы төлеңгіттердің малын тартып алмақ болып, оларды орыстар өткізген санаққа құл есебінде кіргізеді. Осылайша ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары Қарқаралы аймағында Жамантай Шыңғысұлы мен Шама Абылайханұлы т.б. төрелер мен төлеңгіттердің әр түрлі әулеттерінің арасында ауыр күрес басталды. Ф.Зобниннің екінші бір жазғаны қазақ төлеңгіттері Алтай телеңгіттерінің тұқымы деген мәселеге қарсылығы, ол «казахские тюленгуты не могли быть прямыми потомками теленгитов...» дейді (Зобнин Ф.К., 45 б.). Бұл біздің ойымызша дұрыс пікір, дегенмен қазақ төлеңгіттерінің ата-бабаларының ішінде тым көне шежіреге жалғасатындары бар, бұған бірнеше жерде дәлел келтірдік. Алтай телеңгіттері Ғұн империясы ыдыраған уақытта тау қойнауларында аман -есен сақталып қалған патшаларды, яғни шаньюйді қолдаушы топтар мен қызметшілерден құралған қауым болуы тиіс. Ғұн төлеңгіттерінің үлкен тобы қазақ даласына шашырай қоныстанып мемлекетке қызмет істеуін жалғастыра берді. Оның бір мысалы Байырғы Түрік қағанаты кезінде төлеңгіттердің қайтадан көтерілуі.
Ф.Зобниннің бізге қызықты үшінші мәліметі Шұбартау төлеңгіттерінің ХІХ ғасырдың ортасында ресми қағаздарда арғынның көз басын (о о) қолдануы.
Патша замынанда Семей облысында еңбек еткен тамаша өлкетанушы Н.Коншин төлеңгіттерді «хан мен сұлтандарға жартылай тәуелді жағдайда болған адамдар...Олардың шығу тегі және құқықтық жағдайы осы күнге дейін белгісіз. Қалай десек те, төлеңгіттер қазақ халқының түсінігінде ешқашан құлдармен теңестірілмеген» деп жазады. 1884 ж. Дала генерал-губернаторының тапсырмасы бойынша Қарқаралы уездік басқармасынан Н.Коншин болыстықтардың тізімін, рулық құрамын және үй санын алып оны жариялайды. Бұл кестеден Шұбартау төлеңгіттері жөнінде біршама мәлімет аламыз және оны кітапта пайдаландық. Ә. Бөкейханов 1902 жылғы Ф.Щербина жүргізген санаққа қатысып, төлеңгіттердің Қарқаралы уезінде қанша отбасы барын анықтап, шаруашылықтары жөнінде шағын сызбасын келтіреді. Бұл мәліметтер де Шұбартау төлеңгіттеріне қатысты дерек көзі ретінде аса пайдалы.
Семей өлкесін зерттеушілердің бірі Н.А. Логутов «төлеңгіттер әскери жорықтарда хандардың негізгі сенімді арқа сүйер тіректері, әскери күш ретінде қызмет жасайтын жартылай тәуелді адамдар. Бастапқыда төлеңгіттер тек қана тұтқындардан құралса, кейін уақыт өте келе әр түрлі себептермен кедейлікке ұшыраған қазақтар пана табу үшін өз руластарынан кетіп төлеңгіттікке өте бастады. Төлеңгіттердің ханға деген тәуелділік дәрежесі әр уақытта өзгеріп отырды. Құлдықтың дамуымен және қазақ халқының өмір сүруінің жағдайының төмендеуімен төлеңгіттер тәуелділігі өзгере түскенімен, бұл өзгерістер төлеңгіттердің толық басыбайлыққа өтуіне әкелген жоқ. Қалайда болсын жартылай тәуелді болып қалып, бір ханнан басқа бір ханға өтуіне немесе тіпті қожайынынан бір жола кетуге ерікті болды» деген біздің ойымызша салмақты пікір білдірген.
Төлеңгіттер тақырыбы бойынша революцияға дейіңгі жеткен жетістік кеңестік кезеңде осы тақырыппен айналысқан бірқатар зерттеушілер үшін үлгі болып қалды. Бұл тақырыптың шешілмеген даулы тұстары, түйіткілді сұрақтары өкінішіке орай арнайы тақырыпқа айналмай қала берді.
Қазіргі Шұбартаулық төлеңгіттердің арғы аталары ежелгі теле бірлестігі ғұндарға дейін –ақ белгілі болатын, ал олардың ұрпақтары ғұн империясына қызмет жасады. Байырғы Түркі қағанаттарының да мемлекетшіл күшері де сыртқы және ішкі жаулармен соғыста төлеңгіт топтарының көмегені сүйенді. Алтын Орда заманында бұл институт қайта жаңғырды және үлкен империясының бірнеше жүз жыл өмір сүруіне тірек болды. Тек қана мемлекетке ғана қызмет етуді дәстүр қылған бұл топтың өкілдері Алтын Орда ыдыраған уақытта Мәскеу патшаларына қызмет жасап, орыстың дворян әулеттерінің негізін салды. ХУ ғасырдың ортасында Қазақ хандығы құрылған уақытта Керей мен Жәнібекке қызмет жасаған ортағасырлардағы төлеңгіттердің қалған жұрнақтары болатын. Бір қызығы Қазақ хандығы тағдырдың сынына түскен уақытта еркін рулардың ішінен небір мықты әулеттер келіп хандар мен сұлтандарға, шын мәнінде мемлекетке қызмет істеп төлеңгіт атанып кетті. Оның бір жарқын мысалы қазақ тарихында аты белгілі, қазақ хандарының бірнеше ұрпағына қызмет жасаған Арыстан аталық әулетінің Тарбағатай мен Алтайға аттанған Әбілпейіз сұлтанды қолдап төлеңгіт атанып кетуі. Берген антына адал ер жүрек жауынгер төлеңгіттер Тәуке хан, Әбілмәмбет хан, Әбілпейіз сұлтан және Абылай хан құрған қазақ мемлекетіне тірек болды. Бүгінде ұрпақ өзін төлеңгіт руынан шыққанын ұмытпай, мақтанышпен айтады.
Шұбартау төліңгіттерінің үлкен бөлігін жоғарыда аты аталған Арыстан аталықтың Мамадайыр, Мамашық аталатын батыр ұлдарынан туған ұрпақ пен ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ- Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХУІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған.
Осы төлеңгіт құрама елі жайында қазақтың асылы Әлихан Бөкейхан да тарихи деректер жазып қалдырған. Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5-наурызда Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында туғаны белгілі. Ал,Тоқырауын болысы Өмірзақ бабамыздың қонысы бір көрші ел, сондықтан Әлихан Бөкейханның «Өмірзақтың дәулетіне, Жаназардың қуатына жиылған ел», - деп айтылады» деп жазуының басты себебі осы ел жақсылары туралы тарихтың оған бала кезінен белгілі болуынан деп айтамыз. Ф.А.Щербина экспедициясының құрамында болып, қазақты жерге орналастыру мәселесімен түбегейлі танысып зерттеген қазақ азаматы осы экспедиция зертеулерінің нәтижесін «Материалы по киргизскому землопользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалатинская область, Каркаралинский уезд. Родовые схемы киргиз Каркаралинского уезда» деген атпен шығады. Бұл зертеу материалдарында Әлихан Бөкейхан қазақтар туралы шынайы мәліметтер келтіріп, төлеңгіттердің рулық құрылымдары туралы да жазады. Міне осы экспедиция материалдарындағы еңбегінде:- «Мамадайыр Абылайханның төлеңгіті болған; онда өз руымен көшіп келіп, хан маңайына қоныстанған Жаназар атты қалмақ батыры да болыпты; Мамадайыр руының Өмірзақ атты байы Жаназармен жақын болып, үнемі бірге көшіп- қонып жүріпті; біріншісі малын аямаса, екіншісі Өмірзақтың малын жауларынан қорғап жүріпті; олар өз араларына қорған, баспана іздегендердің бәрін қабылдай беріпті; Мамадайыр мен Қалмақ рулары өздерімен қосылғандардмен бірге «Құрама» қауымын құрапты; кейінен оларға қырғыздың - Құсшы руы қосылыпты. Олардың бәрі бірге Шұбартау болыстығының «төлеңгіттерін» құрайды. Олар жөнінде: «Өмірзақтың дәулетіне, Жаназардың қуатына жиылған ел», - деп айтылады» - деп жазады және 1892 жылы 1000 шаруашылықтан тұрған Мамадайырлар болғандығы айтылады ( Материалы по киргизскому землепользованию,117- бет).
Сонымен қатар біз үшін ең басты мәселе, Әлихан Бөкейхан бабаларымыз туралы жазумен бірге, осы материалдағы жер пайдалану картасына да Өмірзақ бабамыздың жатқан жерін «Өмірзақ бейіті» - деп белгілеп көрсеткен. 1840 жылы Ресей империясының әскери бас штабтың топографиялық карта негізінде жасалған бұл мемлекеттік жер пайдалану картасы түскен. Картадағы Өмірзақ бейіті Шұбартау мен Тоқырауын болыстарының шекарасындағы түйіскен Бектау ата тауы баурайындағы Еспе өзенінің бойында жатыр, яғни Балқаш қаласынан Қарағандыға қарай автокөлік жолының 41 км-ен оңға бұрылғанда (оңтүстік- шығысқа) Еспе өзеніне қарай 7 км қашықтықта орналасқан. Бабамыздың бейіті осы хатталған деректердің арқасында, бүгінгі күнге дейін белгісіз боп келген бабамыздың басы 2011 жылдың маусым айының басында ғана ұрпақтарына белгілі болды. Сонымен қатар Жаназар батырдың да Өмірзақ бабамызбен бірге жатқаны осы жолы анықталды. Әрине жоққа жәрдемші, барға ақылшы болған Өмірзақ пен Жаназар екеуінің күйзелген елге арқа болған еңбегіне бас иген жұрт, бабаларымыз бақиға аттанарда жанынан табылғанына, өсиеттерін алып, төлеңгіт құрама елін сақтауға ант еткеніне сенеміз. Нақты осы себептен де бабаларымыздың жамбастарының жерге тиген жердің табылуы да осыны дәлелдейді. Бабаларымыздың қасиеттілігі де осы жолы, ұрпақтарына берекенің бастауы, елдіктің ұйытқысы тек қана бірлікте екенін тағы бір көрсетіп кетуінен көрінді.
Төлеңгіттердің сол «құрама қауымдағы» басқа жұрттан өздерін оқшаулауландырып көрсететін тұрмыс салттарындағы ерекшеліктері де аз болмаған. Мәшһүр Жүсіп айтқандай, олардың ұрпақтарындағы бір мінез: бір айтса беттен қайтпайтын қисықтығы, жаудан беті қайтпайтын батырлығы (шетінен жаужүрек батыр), дүниеге қызықпайтын тақуалығы, бақсылықтары, емшілік қасиеттері оларды өзге қазақтан оқшаулау көрсететін болған. Әбілғазы баһадүр «Төлеңгіт, Орасут, Көстмай деген үш ру ел де туыс елдер еді. Бұлардың ішінде ауруларды жақсы емдейтін емшілері көп еді» (Әбілғазы, 40 б.) деп, төлеңгіттердің емшілік, көрікпелдік қасиеттерін атап көрсетеді. Төлеңгіт ұрпақтарында тұқым жалғаған емшілер аз болмаған. Сақыдан тараған Ақтабын әулетін ел ішінде «Таз» деп атап кеткен. Бұл әулетте де түс жорушы, көрікпел адамдар аз болмаған. Көрші отырған ел, Қаракесектен де тараған Таз руы бар. Жалпы қазақ руларының құрамында Таз деп аталатын ел аты көп кездеседі. Таз сөзі тақыр бастылықты білдіреді. Қазақтың таз -тазша сөзінің мәселесі көне заман түріктерінің абыздық культінен бастау алатын мифтік ұғым.
Мысалға, ежелгі «таздар» туралы мағлұматты скифтердің арғы жағында тұратын « аргиппейлер» (грек тілінде тақыр бастылар) туралы б.з.д. 5 ғасырда жазған Геродоттан білеміз. Геродот олардың қару ұстамайтындығын, тағам ретінде тек жемістер мен жылқы сүтін ғана пайдаланатындығын, көрші елдердің оларды «әулие» санайтындығын айтады. Олар жеті тілде түсінесе алады, және көрші елдердің дауларына билік жасап, шешіп отыратынын да атап көрсеткен. Сонымен қатар б.з. 5-6 ғасырлардағы Эфталиттердің де жеті тайпалы «таз басты» абыздар болғаны туралы деректер кездеседі. Қазақтың Тазша баласының мифтік бейнесі осы ежелгі Таздар деп аталған абыздар мектебі жинақтаған дүние таным туралы ұғымдарының, ғасырлар өте келе ұмытылып, қарабайланған ертегілік дәстүрінде сақталғанын байқауға болады. Қазақтың бақсылығы осы көнеден келе жатқан абыздық таздық ұғымынан бастау алады. Қазақ арасындағы бұрынғы бақсылардың ең зоры, ең ескісі атасы Қорқыт деп саналады. Ш.Уәлиханов бақсылық туралы: «Қазақтар болжаушы сәуегейді бақсы дейді. Бақсылар адын ала болжамын өздерінің рухы атынан айтады. Бақсы кейін келген мұсылман дініне ыңғайластырып, рухтарын періште деп те атайды. Бақсы ойны Қорқыт әулие қобызы күйінің сөйлемдеуінде өтеді. Бақсы көмекке жын рухтарын шақырады. Әрбір жынның аты болады... Бақсылар аурудың иесі «зұлым рухтар» деп, олардың қатарына албасты, көнаяқ, жезтырнақ, сөрел, орман перісі, жын және шайтандарды жатқызған», - дейді. Әрбір бақсының өзіндік үні мен зарлы әні арқылы зікірі кезінде Аллаға жалынып, белгісіз рухтардан көмек сұрауымен зікір уағында және соңында айтқандары оны тыңдаушыларды өзіне тез сендіріп иландырады. Мәселен, “Аспандағы көк пері, Көп перінің ішінде, Аты жақсы дәу пері. Су ішінде су пері, Сұмырайға ұқсаған қу пері, Жын ішінде жын пері, Жынданбай - ақ жүр пері. Ай астында ақ пері, Жеті пері келерме?! Толықсып тұрған айдай боп, Жеті ласкер жатырма?! Өз алдына дардай боп, Шаһияр атың дос екен, Шайтан менен Әзірейіл, Пендеңізге қас екен”, - деп зарлаған бақсы өзіне жоғарыдағы өлең шумақтарындағыдай жын рухтарын шақырады. Әрбір жынның аты болады. Ойын немесе зікір салу кезінде бақсы уақыт өткен сайын жанталасып, әбден шегіне жеткенде әлі құрып құлайды. Бақсы біраз жатып есін жиған соң орнынан тұрып, бір шетінен бастап әр адамға жеке тоқтап ауруын, жат қылықтарын, жоғалған затын, реніш кайғысын, нәрестелі боларын, болашағын т.б.-ларын айтады. Кейбір бақсылардың ойын үстінде бетінде, маңдайында темір инелер пайда болады. Тырнақтары пышаққа айналады. Өз кеудесін өзі балтамен шапқылайды. Бұл бақсының жындарының сиқыры. Олар бақсы алдында әйел, шал, кожа және қыз бейнелерінде келіп қаз-қатар тізіліп түрады. Бақсы қып-қызыл етіп қыздырған темірді тілімен жалайды, денесін ұрады бірақ күймейді, пышақты өз денесіне тигізіп тесіп көрсетеді, бірақ кейін белгі қалмайды тағы да басқа кереметтерді жасайды. Осының бәрі адамның көз алдында жасалғанымен әлі құпиялық жұмбақ күйінде қалуда. Бірде Майқы би: «Жыпырлаған жұлдыздан, Жартыкеш болса да ай артық. Биік – биік жотадан, Су сыйлайтын сай артық. ... Тіршілік берген һаммеге, Барлығынан күн артық»- деген даналық сөзінен кейін, қобызын алып: «О, дариға – ай, о, дариға – ай!» дей беріпті. Зарлы үнмен: «Болғанда ақырзаман саулайды жел. Тоқтыға мың қарабас бір қозы тел, Тоқтыны мың қарабас еміп тұрып, зарлайды тоймадым деп пәруәрдігер. Болғанда ақырзаман су тарылар, Жігітке қарап тұрған қыз артылар. Көз жұмсам, һамме бүлік көріп тұрам, Бұдан соң қалай көңіл шарты болар». Немесе, «Әлі заман өзгерер, Өзгергенін көз көрер. Мінгенің арба болар, бар құс қарға болар. Жансыз арба ат болар, Өз балаң өзіңе жат болар. Темірден құсың болар, Ұрпағымның көргені сұс болады. Еркек билік түл болар, Сиыр пұл болар, Еркек жасып ит болар, Қатын тұлданып би болар. Төсекке есеппен жатарсың, Жыныс зарпын ақшаға сатарсың. Баққаның өсек, сөз болар. Сары судан ас шығар, жер тақыр болар.... Енді төрт мың жылда, дүние тамәм болар»-деп, жасаған болжамдық тұжырымдарының кейбіреуі бүгінде шындықтың елесінде көрсетуде
Көріпкелдік те – адамның ой арқылы белгісіз ішкі және сыртқы күштердің әсерімен ғарыштық жүйемен байланысқа шығып хабар алатын, алған хабарды жерге жеткізуші, өңдеуші, бөлуші және таратушы жоғары жиілікті сезімтал қасиеті. Көріпкелдік адамның ойы арқылы жүзеге асатындықтан, ой ғарыштық жүйемен телепатиялық байланыста болады да, өз хабарын жеткізеді әрі жауап алады. Бұл тас төбедегі, қарақұстағы ми қызметіндегі (шишковидная железа, гипофиз) түсініксіз күрделі өзгерістер арқылы жүзеге асатын жүйелік құбылыс түрі. Сондықтан да «Қарақұс» бақсылықта темірқазық жұлдызымен тікелей байланыста. Осы «төбе» ұғымына қатысты бір формула: « Төртеуі түгел (кемел) болса, Төбедегі келеді; алтауы ала болса, ауыздағы кетеді». Мұндағы «алтау»- төменгі алты Сезімнің мүшелері. Үлкендердің айтуынша, төлеңгіттердің, сыртқы пішіндерінің бір ерекшелігі, мысалға Мамыт (желден) ұрпақтары, бастың маңдай жағы мен екі самай қапталын ғана тақырлап алып, шаштың қалған бөлігін тас төбеден желкеге қарай «тұлым» қылып өсірген және осы ежелгі алтайлық дәстүрлерін олар балаларына шаш қоюда осы күнге дейін сақтап келеді. Шапқан аттың жалымен бірге желбіреген олардың тұлымдары оларды ерекше айбынды да сұсты етіп көрсетіп, жаудың мысын басатын болған. Төлеңгіттің қыздары да шаштарын дара, «айдаһар бұрым» қылып өрген. Қиылған немесе бастарын жуғанда түскен шаштарын жинап, далаға шашпай бөтен көзге түспесін деп, тығып қоятын ырымдары болған. Марқұм шешеміз Жақия сартабынның қызы. Шешеміздің кезінде құс жастығының арасына жиып, сақтаған шаштарын мүрдесімен бірге жерлеген болатынбыз. Бұл әдет - ырымның астарында алтайлық төлеңгіттерше «жұла» адамның көзге көрінбейтін тоғыз «жандарының» бірі, сүлде сыңары өлген адамның шаштарын жинап алады деген ежелгі ұғым жатыр.
Жаназар туралы ел аузындағы сақталған тағы бір әңгімедегі алтайлық төлеңгіттердің ежелгі сенім нанымынан бастау алатын Жаназардың екі қара шұбар жыланы туралы мифтік (тотемдік ) аңызы. Жалпы өзіміз көрген ел үлкендері ақсақалдар мен төлеңгіттің қарт әжелерінің де бата бергенде «аруақ қара шұбар жылан қорғап жүрсін» деп, бата қайырып жатқанына өзіміз талай куә болдық. Мысалға, 1974 жылы өзімнің үйлену тойымда бата берген Уанас ұрпағы Үмітбек ақсақалдың 90 жастағы жастағы шешесі Жамал апа: «қарағым Бекен, ата бабаңның аруағы қарашұбар жылан киең болып, қорғап жүрсін»,- деп, мені бір түрлі әсерге түсірген батасы әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Ел ішінде осы «тотемдік» астары сақталған «қарашұбар жылан» туралы ауыз екі әңгімені Шұбартаулық шежіреші Сейсенбай Бәуов ақсақал (Бәуов С . мақаласы) , Әділжан Өнербаев өз баспа еңбектерінде атап көрсетеді (Өнербаев.Ә., 103 б.). Ел аузындағы Жаназардың «қара шұбар жыланы» туралы аңыздың төркіні мына әңгімеде: «Бірде Абылайхан қалмаққа қарсы соғысқа аттанып бара жатқан қазақ қолын Жаназарды тосқызып екі- үш күн аялдатыпты дейді. Бұған ел наразы болыпты, азғантай адамдарды күттің деп. Жаназар суыт жүріп Абылай қолына түнде жетіп, ұйықтап қалса керек. Абылай Жаназарды шақырып келуге кісі жіберіпті. Шақырушы сарбаз келсе Жаназар шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен, екі емшегін кеудесіне оралған екі қара шұбар жылан еміп жатқанының үстінен түсіпті. Қорқып кетіп Абылайға айтса, Абылай келіп көріп, әйтпесе Абылай бола ма, таң қалған жиылған жұртқа «Бұл қарашұбар жылан Жаназардың киесі екен, олай болса оң мен солын емген егіз жыландай Жаназардан аруақты ерлер туып, айдаһардай ту ұстаған ұрпағы болады» деп айтқан екен дейді. Абылай осылай деп айтып Жаназарға, «иә аруақ қолдасын » деп батасын беріпті деп айтады. Абылайдан бата алған Жаназардың соғысқа барғанда қамал бұзған ерліктерін көрген қазақтар Абылайдың азғана қолды неге екі- үш күн тосқанын сонда барып бірақ түсінген екен. Жаназардың және қасындағы көзсіз батырлар тобының атағы содан соң көпке тараған. Бұл оқиға осы күнге дейін шындыққа еш қатысы жоқ, аңыз түріндегі ауыз екі әңгіме деңгейінде қаралып келді. Шындығында, осы мифтік жылан бейнсінде ата бабамыздың ежелгі деректерді берудегі далалық ойлау дәстүрі жатыр деп айтуға болады.
Болған тарихи оқиғаларды жазба дүниесі жоқ ата бабаларымыз далалықтарға тән эпостық жыр, ертегілік, шежірелік аңыздар түрінде көркем сөз бен мифтік образдар арқылы, ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға сақтап жеткізіп келді. Осы ел аузында сақталып келген тарихи естеліктегі, батырдың екі емшегін кеудесіне оралып емген «екі қара шұбар жылан» туралы мифтік сюжет - Жаназардың киесі екі жылан болған, сонымен қатар «емшекті емудегі» оқиға ататегіміз Айдаһар жыланнан тарадық деген, яғни «тотемдік» ежелгі алтайлық төлеңгіттің нанымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен екі жыланның ұйқыдағы батырдың денесін орап алып жатудағы оқиға мәнісі - ата баба рухының жылан кейпінде көрінуі, яғни аруақтың қолдауы деп те түсінуге болады. Қазақта бұл сөзді «аруақ қонды», яғни «аруақты адам» деп те айтады. Осы оқиғаны талдай отырып, аңыз желісін былай деп түсіндіреміз: бұл кезеңде Жаназардың аруақты батыр кейпінде елге танылмал болғанын және оның қол астындағы төлеңгіт сарбаздарынан басқа «айдаһардай ту» көтерген жаудан беттері қайтпайтын, ержүрек екі «қарашұбар жылан» бірге туған ағасы Ерназар мен інісі Кұназардың да айтылуын байқаймыз. Жаназарда осындай қауқарлы күш болғанын аңыздағы Абылайдың жауға аттанарда Жаназар қолының келуін күтіп, қазақ қолын екі үш күнге аялдатты деген мәліметте жатыр. Жаназар өмірінің отыз жылын ат үстінен түспей елін қорғағаны төмендегі «Жаназар батыр батасы» аталатын жырдан анық білінеді:
Қалқаным бар, сауытым,
Найзамда бар, оң қолда.
Талай жауды түйрегем,
Ел шетіне басқанда.
Дүрліктіріп елімді
Қанға бөгіп тастардай,
Келіп жеткен жауларды,
Ығыстырдым ырқынан,
Шығарып бір жерімнен.
Ата баба талайлар,
Бірге жүрген тізелес.
Талай батыр оң қолға
Сегізін бірдей жайратып,
Жүре берер едік біз,
Жау шетіне тигенде.
Жаназардай бабаңды,
Іздеп талай жер бастың,
Аяғыңның ізі бар,
Өтіп кетіп жүрдің ғой.
Жүрегіңе нұр толып,
Балаларым тұрсың ба
Бүгіндері берейін
Келген басқа батамды.
Аруақты қадірлеп,
Қастерлеп жүрген балалар,
Қамықпаңдар, жатқан бір
Осы жерде дара бір
Тұлға болған бабаң бар
Бабаңның берер батасын
Алып бүгін қайт балам
Тұмар қылып тағып ап,
Биікке қойып сақтарсың
Айтқан сөзін жекелеп
Берейін бүгін бабаңнан
Артымнан ерген ұрпағым.
Батырдың ұрпағы деп бүгінде
Алыңдар жеке бір бірлеп
Жақсылық болсын қашанда
Батырлық жетсін бәріңе
Батыр болып, ел қорғап
Бабаңнан қалған өрендер
Жалғасын талай өмірде
Жеткерсін қазақ жерлерін
Биіктеген аспанға.
Заңғар көктен нұр шашып,
Нұрлансын мынау ел бүгін.
Жерге төксін жаңбырым,
Жабырқамай жүріңдер
Жүректе мұң тоқтатпай.
Елді сақтап қалған бір
Аталарың болған бір
Балалары тұрсыңдар
Әрі қарай жалғасып,
Өмірді өмір сүріңдер.
Халыққа қызмет қылыңдар,
Тайсалмай, мендей боп,
Жауға қарсы жүріңдер.
Жолатпаңдар жеріңе,
Қалқан болып тұрыңдар.
Қашанда бір қасқайып,
Мынау тұрған еліңе.
Ел ішінде Өмірзақ бабамыздың жанама аты «Көкмойын құс» болғанын қариялар күні кешеге дейін айтып отыратын. Қарқаралы, Шұбартау өңірінде Өмірзақтың жанама аты «Көкмойын құс» болуы, бізді сол кезеңнің тарихи оқиғалар желісімен сабақтастырылған, атамыздың қадір - қасиетін анықтап, көрсететін әлдебір тарихты іздеуге жетелейді. Көкмойын құстың «көкмойын» сөзіне қарап, оның келбет- тұрпаты ұзын мойынды, сирақты, тырнаға немесе дегелекке (аист) ұқсас құс деуімізге болатын сияқты. Филология ғылымдарының докторы, әдебиет зерттеушісі Сағатбек Медеубекұлы құтанға не тырнаға ұқсас құстың ертеде қарқара деп аталғанын жазып, аңыздарды қарастырып, жалпы «қарқара» атауына түсініктер берген екен (Медеубекұлы С. мақаласы). Қырғыздар тырнаның бір түрін «Қарқара» деп атайды. «Қара түннің бауырынан, Қарқара болып үн қаттым» деген халық әніндегі «көк мойынды» Қарқара құс бейнесінің Өмірзаққа жанама ат болуына қандай қатыстылығы бар, осы құс туралы не білеміз? «Осы қарқара құстың мифтік болмысы қандай?», - деп жауап іздеген Қондыбай Серікбол С. Медеубекұлы келтірген аңызға назар аударады, онда: «қалмақ ханының жас тоқалы аққудың етіне жерік болады. Хан болса қара халыққа жарлық береді. Ақуды атып алуға ешкім шықпайды. Хан қаһарына мініп, жаза қолдануға көшпек болады. Сонда осындай істі орындауға бір жас мерген келіседі. Мерген екі шарт қояды, біріншісі – қалмақ ханы тұтқындағы қазақ жігіттерін босатуы керек, екіншісі - жігіттің өзінің атып әкелген аққуын өзі ғана сойып, өз қолымен хан тоқалына пісіріп әкеліп беруі керек. Осы шартқа хан келіседі. Мерген аққуды тірілей ұстап әкеліп, хан тоқалына көрсетіп: «таңертең осы аққудың етін жейсің», - деп кетіп қалады. Таң ата бере мерген жігіт буын бұрқыратып құс етін алып келеді. Жас тоқал сүйсіне жеп, жерігін басады. Мезгілі жеткенде ұл табады. Бір перезентке зар болып жүрген хан қуанады. Шартты орындайды. Мерген, болар іс болған соң, ханға бар шындықты айтады. Сөйтсе, тоқалға бергені аққудың еті емес, қарқараның еті екен. Ашуланған ханның ашуын басып, мерген осындай алдаудың себебін түіндіреді. Аққудың киелі құс екендігі, оны өлтірген соң тоқалға да, ханға да, мергенге де, бүкіл елге де жамандық келетіндігі айтылады.
Бірақ осы оқиғадан кейін бұл өңірге бірде – бір қарқара оралмапты. Бұған қатты өкінген қазақ елі оны киелі құс деп бағалапты. Сол киелі құстың заты болмаса да, аты кейінгілерге жетсін деп бұл аймаққа Қарқара деп ат қойыпты». Бұл жердегі қарқара құс бейнесі мифтік «бала беру», «қалыңдыққа қамқорлық жасау» функциясына ие болып тұр деген Қ. Серікбол «Кейбір дәстүрлерде баланың тууын ләйекпен (аист) байланыстырады («аист принес ребенка»), қарқара туралы аңызда да нақ осы сарын аңғарылатын сияқты», деп жазады. Яғни Қарқара, Шұбартау өңірінде осы «Көк мойын құс» ұғымының «құт» түсінігіне қатыстылығын аңғарамыз. «Шұбартау елінің құты» делінетін Өмірзақтың мифтік сипатамасы да осы киелі «көк мойын» құс бейнесіне қатысты болуы да кездойсоқ емес. М. Қашғари «Түрік сөздігіндегі» Шу қаған туралы аңыздағы тылсымдатылған қаладағы ләйлектер, қарқаралар... «түнгі» Күнің түнгі аспанда, Құс жолы бойымен сапар шегіп, мемлекет құруға мүкіндік беретін құт (фарн) алуы жөніндегі миф болып шығады» (Қондыбай, 228 б.).
Сапиолла Томанұлының:
«...Атамның
Жанама аты «Көкмойын құс»,
Сарыарқада
Бітпеген онсыз жұмыс.
Ақжол
Жұрты ол десе ішін тартқан,
Табады
Мал іздеген одан тыныс» –
деген толғауындағы Өмірзақ та осы көк мойын құс мифтік болмысынан туындайтын: Құс жолы бойындағы немесе Ақжол жұртының «жер -суының иесі», «елге қамқорлық жасау», сипатында бейнеленген. Бұл Өмірзақ Шұбартау жеріне Әбілпейіз сұлтанды бастап келген, қалың елге құт болған әйгілі адам. Өмірзақ аталық- Түркістанда қазақтың үлкен ордасына қызмет еткен Арғынның Алтайынан бастау алатын үлкен Сайдалы Арыстан әулетінің Шұбартаудағы бір бұтағы, Әбілпейіз сұлтанның қолдаушысы, балаларының қамқоршысы. Қазақтың асылы, алаштың көсемі Әлихан Бөкейханның «Өмірзақтың құтына, Жаназардың қуатына жиылған ел», - деп жазуының басты себебі де осы тарихтан бастау алады. Белгілі тарихшы Ж.О.Артықбаев «Әбілмәмбет ханның төлеңгіттерімен араласып кеткен Арыстан аталықтың Мамадайыр, Мамашық ұрпақтары Шұбартау тобын құрайды» деп көрсетіп, Ә. Бөкейхановтың «Әбілмәмбеттің кенже үйі – қарашаңырағы Шұбартау елінде, күнгей Саяқта» деп жазғаны осыларға қатысты дейді: «Қарашаңырақты қорғауды міндетіне алған топ өзінің міндетін абыроймен орындады, солардың арқасында біз кәзір Жетісу, Алтай мен Тарбағатайға иелік етіп отырмыз» (1, № 46б 12/ 06/ 2012) .
Достарыңызбен бөлісу: |