Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет27/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   193
жоғары/төмен, көк жүзі/қара жер, жер/жер-
асты əлемі, оң/сол, шығыс/батыс, солтүстік/ 
оңтүстік т.б.; 
2) уақыттың құрылысына байланысты – 
күн/түн, жарық/ қараңғылық, жаз/қыс, көк-
тем/күз т.б 
3) түске байланысты – ақ/қара, қызыл/қара 
т.б. 
4) табиғат жəне мəдениет оппозициясы тұр-
ғысынан – дымқыл/құрғақ, шикі/піскен, табиғи/ 
жасанды т.б. 
5) əлеуметтік категорияға байланысты (жас 
мөлшерлік, генеалогиялық, қоғамдық əртүрлі 
мағынада) – еркек/əйел, үшкен/кіші, жас/кəрі, 
қыз/ұл, жат/жақын, кеңістіктік алыс/жақын, 
ішкі/сыртқы оппозицияларының метафорала-
нуына қатысты ұғым-түсініктерді біріктіретін 
жұптар т.б.
6) дүние бейнесінің жалпы модусын айқын-
дауға байланысты – киелі - қасиетті (сакраль-
ді-аксиологиялық) / пендауи, бұ дүниелік/бақи-
лық т.б. деп бірнеше жұптарға бөледі. Сондай-
ақ ғалым оппозицияның бірігіп келіп тұтастық 
құрайтын оң жəне сол бағаны арасындағы қа-
рым-қатынас бақыт/сор, өлім/өмір, тақ/жұп 
сияқты жалпы оппозициялардың көмегімен си-
патталатынына назар аударып, «осындай екі-
жақты белгілердің жиынтығына негізделіп
əмбебап таңбалық кешендер кескінделеді жəне 
олардың көмегімен адам əлемді игереді. Дүние 
бейнесінің əмбебап таңбалық кешендері əр-
түрлі кодтық жүйелер арқылы жүзеге асады. 
Əлемнің сан түрлі фрагменттері, кейіпкер- 
лері, нысандары əртүрлі кодтардың тұғырына 
алынады, осылайша астральдық, вегатативтік, 
зооморфтық, антроморфтық, гастрономдық, 
түстік, сандық, əуендік, саздық т.б. кодтар қа-
лыптасады. Өзара қарым-қатынасқа түсіп, ық-
пал ететін өзіндік шеңбер-аясы бар мұндай код-
тардың дүние моделінде қатарласа, қатпарласа, 
жанаса, тоғыса орын тебуі белгілі бір иерар-
хиялық классификацияны көрсетеді. Бұл күр-
делі конгломерат семантикалық тұрғыдан бір-
тұтас болып келеді, өйткені ол бірғана объек-
тіні– əлемді бірғана субъект – адам тарапынан 
сипаттайды» деген қорытындыға келеді [3, 6].
Барлық архаикалық мəдениет үшін əмбебап 
сипатта болып келетін бинарлық оппозициялық 
жүйе қарама-қарсылық ұстанымы бойынша 
бірнеше белгілерді (таңба, символ) жұптарға 
біріктіреді. Мұнда оппозициялық жұптың бір 
мүшесі - жағымды, ұнамды, қолайлы, екіншісі- 
жағымсыз, ұнамсыз, қолайсыз (пейоративный), 
А. Б. Нұржанова 


29 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
немесе біреуі таңбаланған, ал екіншісі таңба-
ланбаған белгілерді өз бойына жинақтайтыны-
мен ерекшеленеді. Мəдени дəстүрлердегі оппо-
зициялық жұптың символдық жіктелісінің бұл 
қасиеті туралы В.В. Иванов былай дейді: «Каж-
дый признак или символ внутри системы соот-
носится с одним ему противоположным и це-
лой серией признаков или символов, входящих 
в тот же ряд, что и данный» 
4, 106-б..
Бинарлық жұптар классификациясын cома-
тикалық фразеологизмдер астарындағы адамзат 
қоғамының рухани-мəдени жасампаздық біті-
мін танытатын халықтық білім қорын сарап-
таудың негізіне алу жəне адамның тəндік бази-
сін, креативтік ойлау жүйесін, танымдық іс-
əрекетін оның тілімен біртұтастықта зерттеудің 
тұғыры ету:
- біріншіден,
«барша адам баласына тəн 
биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана 
мен жады құрылыстарының жұмыс істеу прин-
циптерін айқындауға;
- екіншіден, адамзат атаулының ерекше қа-
білеттерін жүйелі зерттеуге; үшіншіден, адам-
ның табиғи болмыс-бітімнің əлеуметтік-мə-
дени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу 
бағыттарын талдап көрсетуге мүмкіндік береді 
5.
Осы тұрғыдан келгенде, дүниенің тілдік 
бейнесінің соматикалық фрагменттерін зерт-
теуде
бинарлық оппозициялық жұптар класси-
фикациясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қа-
тарында қолданудың маңызы зор. Себебі адам 
организмінің физиологиялық ассиметриясы (оң/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет