28
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
лердің əдістемелік қондырғыларының бірі ретінде
пайдаланудың лингвистика үшін маңызын былай
айқындайды: «По сути дела, это
все относится
не к чисто лингвистическому, а к логическому
или семиотическому аппарату, и в этом и
ценность
этой методики для лингвистики, так
как она не изолирует науку о языке, а вводит ее
в более широкий круг научных дисциплин»
2,
181
. Н.И. Толстойдың бұл пікірі гуманитарлық
ғылымдар саласында ғылыми зерттеудің əдіс-
тəсілдері мен ғылыми ұғымдық аппараты өзара
тоғыстырылып, пəндер пəнаралық сипат алып
отырған бүгінгі таңда да өзінің өзектілігін
жоғалтпаған құнды тұжырымдардың бірі болып
отыр.
Лингвистикалық зерттеулердегі адамның
жаратылыс-болмысын оның тілі,
сана-зердесі,
таным əлемі, адам өмір сүретін табиғи жəне
қоғамдық орта, адам жасаған мəдени таңбалар
жүйесі жəне соларға қатысты ұғым-түсініктер
арқылы зерделеу үдерісі лингвистикалық мето-
дологияны əлеуметтану, логика, математика,
философия т.б. ғылым салаларында қолданы-
лып келген əдіс-тəсілдермен байыта түсті десек,
бинарлық оппозициялық жұптар классифика-
циясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қатарын-
да қолдану тілдік
фактілерді логика-филосо-
фиялық, логика-когнитивтік, логика-мəдениет-
танымдық, логика-психологиялық тұрғыдан тал-
дауға жаңаша ренк үстемелеп, лингвистикалық
ғылыми талдаудың кешенді əдістемесін жасау-
ға белгілі дəрежеде ықпал етері сөзсіз.
Белгілі балкантанушы ғалым Т.В. Цивьян
өзінің «Модель мира и ее лингвистические ос-
новы. – М.: Ком Книга, 2006. 280-стр.» атты
еңбегінде бинарлық оппозициялық жүйе жəне
оның дүние моделін (бейнесін) сипаттаудағы
əдіс-тəсілдік мəн-маңызы мəселесін жан-жақты
қарастырады. Ғалым дүние моделі ұғымын «бел-
гілі бір тілдік жəне этномəдени дəстүр аясында
жүйеленген əлем туралы барлық түсініктердің
жиынтығы, ғасырлар
бойы қордаланған білім
қоры» деп айқындай отырып, оның мазмұндық
құрылымы бүкіл əлемнің кеңістіктік-уақыттық,
себептік-салдарлық, этикалық-ережелік, сан-
дық-мөлшерлік, мəндік-мағыналық, кескіндік-
кейіпкерлік, т.б. негізгі параметрлерін космо-
логиялық тұрғыдан сипаттауға бағытталатынын
айтады. Осындай ауқымды да əр алуан, аса
күрделі кешенді түсіну жəне түсіндіру үшін
бинарлық оппозициялық жүйелеу тəсілі қолда-
нылатынын сөз ете келе, Т.В. Цивьян негізінен
10-12 оппозициялық жұптан тұратын бұл жүйе-
ні іштей:
1) кеңістіктің құрылысына байланысты –
Достарыңызбен бөлісу: