Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет28/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193
сол) жəне адамның дене тұрқының вертикаль-
ды бағыттағы үштік жіктелісін (бас, кеуде, аяқ) 
арқау еткен соматикалық тілдік модельдер дү-
ниенің қарабайыр бейнесінде ұжымдық сана-
ның дуалистік жəне үшқабатты мифтік түсінік-
терін соматикалық кодқа түсіреді. Басқаша айт-
қанда, дуалистік көзқарас, немесе бүкіл əлемнің
ассиметриялық екі салаға бөлінуі, сол сияқты 
əлем жаратылысының үш қабаттан тұруы ту- 
мифтік сананың «бұ дүниелік <=> о дүниелік», 
«киелі <=>пəндауи», «қасиетті <=> қасиет-
сіз», «құтты<=>құтсыз» т.б. бөлінісін, əлеу-
меттік-қоғамдық сананың «əлді<=>əлсіз», «жақ-
сы<=>жаман», «бай<=>кедей» т.б. жіктелі-
сін басқаруы дүниенің қарабайыр бейнесінің 
соматикалық фрагментінде тұтастай көрініс 
табады.
Мəселен, адам дене тұрқының вертикальді 
бағыттағы ассиметриялық жіктелісінен туын-
дайтын оң/сол бинарлық оппозициясына қатыс-
ты ұғым-түсініктер адамзат қоғамының бүкіл
саласына қатысты көрініс береді.
Оң/сол қарама-қарсылығы кез келген халық-
тың діни наным сенімінде, салт-дəстүрінде, 
ырым-жоралғысында, өнер туындыларында, не-
келік қарым-қатынасында, этикетінде, кеңістік-
тік бағыт-бағдарын анықтауда, баспана, үй-
жайындағы жəне отбасылық орнында, соғыс-
тық іс-əрекеті мен қару-жарағында, өндірістік 
іс-əрекетінде орын алады. Мұнда «оң» жақтың 
«жақсылықтың» нышанына алынып, «ұнамды», 
«қолайлы» жағдайдарға қатысты жағымды мəн 
арқалауы, ал «сол» жақтың «жамандықтың» 
нышанына алынып, «ұнамсыз», «қолайсыз» 
жағдайларды меңзеп, «жағымсыз» мəнді біл-
діруі барлық мəдениетке тəн семантикалық 
əмбебап құбылыс болып саналады. Əр алуан 
мəдениетте оң/сол оппозициялық жұбының 
«оң» сыңары 
 «киелі», «қасиетті», «құтты», 
«күшті», «заңды», «дұрыс», «толық аяқталған», 
«айқын», «биік», «жоғары», «шығыс», «оңтүс-
тік» т.б., ал «сол» 
 «киесіз», «қасиетсіз», «екі-
ұшты», «əлсіз», «бұрыс», «сəтсіз», «жаманшы-
лық», «батыс», «солтүстік» т.б. мəдени корре-
ляциялар тізбегін түзеді. Əйтсе де, кей жағ-
дайда, адамның сол жағы жағымды, ал оң жағы 
жағымсыз бастау-арналардың символына алы-
натын тұстар да кездеседі. Оның себебін, орыс 
этнолингвистикасының негізін қалаушылардың 
бірі Н.И. Толстой, «оң» мен «сол» оппозиция-
сының күрделі символикасы əртүрлі элемент-
тердің немесе деңгейлердің символдық мағы-
наларының өзара қарым-қатынасына тəуелді 
болатындығымен түсіндіреді
6, 5-7.
Оң жəне сол бинарлық оппозициясын сла-
вян мəдениеті контексінде символдық-семанти-
калық тұрғыдан қарастыра келіп, Н.И.Толстой
бүкіл славян ареалына ортақ *levъ лексемасы-
ның табулық жəне эвфемистік себептерге бай-
ланысты үндіеуропа тілдерінде параллелі өте 
сирек кездесетінін айтады. «Үндіеуропалық
тілдерде «сол» ұғымын білдіру үшін əртүрлі 
жаңа сөз қолданыстарының, синонимдер мен 
эквиваленттердің, тіптен кейде мүлдем қарама-
қарсы мағынаны білдіретін тіркестердің қолда-
нылатындығы сол жақты тура түстеп көрсетуге, 
нақты атауға болмайтындығы туралы ғылыми 
жорамалдың дұрыстығын дəлелдей түседі»-
дейді ғалым 
7, 133-147.
Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарас-
тар жүйесінде «оң жақ» ұғымы үшін қолда-
нылған on лексикалық бірлігінің бірде «сəтсіз, 
құтсыз» дегенді, енді бірде «сəтті, құтты» деген- 
Дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозициялық жұптар негізінде 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 


30 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
ді білдіргендігін көне түркі сөздігінде тіркелген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет