Национальной академии наук республики



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата27.01.2023
өлшемі4.66 Mb.
#468820
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
-------

М.Е. Рахметов
1*
, А.К. Садвакасова
1
, Peter Schmidt
2
, Г.А. Салтанова
3
1
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Нұр-Сұлтан, Қазақстан;
2
Братислав экономикалық университеті, Братислава, Словакия;
3
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан.
E-mail: maksot.raxmetov.96@mail.ru
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПЕДАГОГТАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ 
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ МОДЕЛІ 
Аннотация. Мақалада мемлекетіміздің сапалы білім беру жүйесінде 
заманауи цифрлық технологияларды бейімдеп оқыту формалары мен 
әдістері, қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері 
қарастырылады. Осы тұрғыда алғанда педагогикалық технологиялар, 
білім беру, оқыту тәсілдері мен білімді меңгерудің әртүрлі үдерісін құру, 
қолдану, анықтаудың жүйелі әдісі болып табылады. Қазіргі заманғы 
білім беруде қашықтан оқыту форматтары барған сайын жаңарып 
келеді. Сонымен қатар қашықтан білім беру қызметтеріне сұраныс күрт 
өсті және ол заманауи қарқынымен байланысты кәсіби маман даярлауда 
басты рөл атқарады. Сондықтан, қашықтан оқыту түрін кеңінен таратуға 
ықпал ететін интернет-технологияларды үздіксіз жетілдіріп отыру керек. 
Осылайша, адамның жаңа қажеттіліктері үнемі жаңарып отыратын 
жаңа заманауи талаптарды қалыптастырады. Бұл барлық салалардағы 
өзгерістерге алып келеді және жаңа парадигмаларға жол ашады. Білім 
беру - білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында үнемі өзгеріске 
ұшырайтын адам қызметінің бір саласы саласы. Қашықтықтан оқыту-бұл 
білім берудің заманауи түрі. Себебі, қашықтықтан білім беру студенттің 
қашықтықта қарамастан білім алуына мүмкіндік береді. Осылайша, 
жаңа технологияларды пайдалану есебінен қашықтықтан білім берудің 
тиімділігін арттыру үздіксіз үдеріс болып табылады (Култан және т.б., 
2007). Бұл мақалада қашықтықтан білім беру платформасын дамыту 
жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ, қашықтықтан білім беруді енгізудің 
және оқытуды тиімді жүргізудің заманауи тәсілдерін қарастыру 


132
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
жоспарлануда. Бұл қазіргі жағдайдағы қашықтықтан білім берудің 
ерекшелігін анықтауға, жинақталған білімді жүйелеуге және ғылыми 
пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: LMS, Wordpress, SCORM, синхронды оқыту, 
асинхронды оқыту, білім-онлайн платформалары, қашықтан оқыту 
технологиялары, виртуалды платформалар, онлайн байланыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет