Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

«Әкем, шешем, арғы атам солай өскен, 
Олардың да өкпесін есік тескен. 
...Кесені айналдырып қарай бердім, 
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп... 
 
«Тумыстағы мінезді ешкім жеңбес, 
Адамды әділ қылу қолдан келмес. 
Түзесе, жаратылыс өзі түзер», -
Деген сөзге сондықтан көңілім сенбес. 
 
«Себебі жаратса да адам адал, 
Бола алмайды» деген сөз құлаққа енбес. 
Себеп жоқ адам ұлы жаратпайтын
Және де еш нәрсе жоқ себепке ермес. 
 
Келіңдер сол себепті жаратуға! 
Жаратып ап, өмірге таратуға. 
...адам ұлы дүниеге жіберілген 
Себепті бағындырып, қаратуға»


27 
Осы өлеңдегі ақынның жеткізгісі келген қоғамдық тәрбие туралы ойлары
Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп 
болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деген сөздерінің желісінде тууы 
мүмкіндігін айтады.
Расымен де, өлеңде Абай мәтіні жасырын цитация күйінде 
келген. Автор графикалық тұрғыда бөгде сөз ретінде келтіріп, өз 
шығармасының контексін кеңейтуге ықпал ететіндей алған. Мұнда да ғалым 
мәтінаралық байланыстар деген терминді қолданбаса да, екі мәтін арасында 
байланыстың бар екенін көрсетеді және оның себебі уақыты жағынан бұрын 
өмір сүрген ақынның уақыты жағынан кейін шығармашылықпен айналысқан 
қаламгерге әсері деп түсіндіреді. Ғалымның бұл тұжырымдары, әрине, дұрыс. 
Бірақ ол өз зерттеулерінде автордың бұл қолданысы не үшін қажет, қандай 
тілдік миссияны атқарып тұр деген сұрақтарға толық жауап бере алмады. Ал 
қазіргі кездегі ғылыми еңбектер көмегімен жауап берсек: «жанр, композиция, 
образ және мотив – бұл филологиялық катергория, бірақ оны көшіру, өзіне 
енгізу бізге түсініксіз психологиялық, тұлғаның қалпы арқылы анықталады». 
Ал тұлғаның психологиялық қалпы – қаламгердің тілдік құзіреті, жады, білімі, 
өмірлік ұстанымы сияқты экстралингвистикалық факторлар да көркем мәтіннің 
вербалдық құрылымында көрініп отырады дегеннің дәлелі.
Ендігі қазақ әдебиеттанушыларының интертекст туралы ойларына кезек 
берелік. ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиетінің өкілі, әдебиет зерртеушісі, көрнекті 
ғалым М.О.Әуезов интертекст құбылысына жеке-дара көлемді зерттеу еңбегін 
арнамаса да, «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты мақаласында 
эпостық мұралардың туып, қалыптасуы туралы пікірлерінің жалпы интертекст 
табиғатымен ұштасып жатқандығын байқаймыз. «Халық арасында әлдебір 
батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең-жырды 
алғашқыда бір ақынның жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық 
дастанның тууына негіз қалауы ықтимал. Бір ақынның ауызынан екінші ақынға 
көшкенде дастан толысып, оқиғасы қалыңдап, молыға түсіп отырған. Эпостық 
дастанның туып, қалыптасуына ақындармен қатар халық та қатымқан, кей 
нұсқаны қабыл алып, кейбір нұсқаны жақтырмаған. Дастанның бар ақын 
жырлайтын тұрақты, түбегейлі нұсқасы жасалғанша осылай болған» [17. 157-б], 
- деген пікіріне сүйенсек, интертекстің халық фольклорының қалыптасуы мен 
дамуына, бізге дейін сақталуына тигізген әсерін байқай аламыз. Алғашқы 
мәтінде белгілі бір оқиғаға негізделіп шығарылған дастан мәтіндері келесі бір 
жыршының қайта жырлап, жаңаша жырлануына байланысты, авторлық 
реминисценция тәсілі негізінде жаңа бір мәтін түзіліп отырған. 
Қазақ әдебиеттануында интертекст теориясын зерттеп, өз ой-
тұжырымдарымен 
бөліскен 
ғалымдар 
қатарына 
А.Байтұрсынұлы, 
Е.Д.Тұрсынов, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева, Ө.Күмісбаев, С.С.Агибаева, 
А.С.Адилова, Р.Абдикулова, А.Б.Темирболат, т.б. жатқызамыз. 
Аталмыш элементті зерттеу барысында туындайтын негізгі мәселелердің 
бірі – «интертекстуалдылық» және «интертекст» терминдерін екі ұғым ретінде 
қарастыру мәселесі. С.А.Стройков, Ю.С.Степанов, Л.Грузберг, Е.Политыко



28 
И.К.Сидоренко, т.б. ғалымдар бұл екі терминді егіз ұғым ретінде қарастырады. 
Ал Пьего-Гро, Е.Г.Еременко т.б. зерттеушілер аталмыш терминдердің 
айырмашылықтарын атап көрсетеді. Пьего-Гро бұл екі терминнің мынандай 
терминологиялық екі айырмашылығын ұсынды: «Интертекстуалдылық – 
құрылғы, оның көмегімен бір мәтін екінші мәтінге қайта жазылады, ал 
интертекст – шығармамен ықпалдаса алу/алмауына (мәтін ішіндегі аллюзия 
қолданысында) және мәтінге кірігіп кете алу/алмауына (цитата жағдайында) 
қарамастан, шығармада бейнеленген мәтіндер жиынтығы». Е.Г.Еременко 
Пьеге-Гроның пікірен қолдай отырып, интертексті шығармада кездесетін 
мәтіндер жиындығы деп санап және интертекстуалдылық құрылғы, ол арқылы 
мәтіндегі интертексті санай алатындығымызды айтқан. Және ол екі терминнің 
бір-бірімен өте тығыз байланысты екендігін алға тартқан.
А.С.Әділова еңбектерінде аталмыш терминдерге мынадай анықтама 
береді: «Интертекст – басқа мәтіндермен байланысы түрлі маркерлер арқылы 
көрініп тұратын, уақыт жағынан кейін түзілген көркем шығарма және оған 
цитация қағидатымен кіргізілген лексика-семантикалық, коммуникативтік 
бірлік; интертекстуалдылық немесе интертекстуалды байланыстар – 
мәтінаралық байланыстардың жалпы атауы». 
«Интертекст» және «интертексуалдылық» терминдерінің анықтамасында 
ұқсастықтар басым. Оны біз жоғарыда келтірілген пікірлер мен анықтамалар 
арқылы дәлелдей аламыз. Жинақтайтын болсақ, Н.А.Кузьминаның «Интертекст 
– адамның шығармашылық ойының жемісі» деген пікіріне сүйеніп, 
М.М.Бахтиннің «бөгде сөз» деген атауын қолдана отырып, «интертекст белгілі 
бір шығармадағы «бөгде сөз», яғни басқа адамның шығармашылық ойы» - 
деген тұжырымға келуге болады. Және бұл терминге әр зерттеуші әр түрлі 
анықтама беріп жүр - «интертекст»: «мәтіндер жиынтығы», «мәтіндер жүйесі», 
«көркем шығарма», «коммуникативтік бірлік». Бірақ та, осылардың бәрі, 
М.Риффатер қолданған триада, А.С.Әділованың анықтамасы да, Л.Грузберг пен 
Н.Пьеге-Гроның ойы да бұл тұжырымды дәлелдейді. 
Көркем шығармадағы интертекстуалды элементтер дегенде
интертекст пен интертекстуалды байланыстардың типтерін ажырату керек. 
Зерттеушілер интертекстуалды байланыстардың көріністерін, берілуін 
(реализациясын) бірнеше топқа бөледі. Мәселен, Е.А.Попованың топтамасына 
интертекстің мынадай түрлері кіргізіледі: реминисценция, сюжеттік вариация, 
цитата жасау, инсцинировка, стилизация, «интертексуалды-атаулы ойын», 
аллюзия, антономасия, символика. Ал ғалым Е.М.Циглердің еңбектеріне 
сүйенсек мәтінаралық байланыстарға мыналар жатады: еліктеу, стилизация, 
мәтінді аяқтап жазу, мазмұндау, контаминация, пародия, бурлеск, апокрифтер, 
цитата, цитация, аллюзия, реминисценция, пастияяо. М.В.Тростников бұл 
байланыстардың классификациялануы төмендегідей деп түсіндіреді: 
1) Текстке ашық түрде цитаталарды кіріктіру, цитация, басқа автордың 
пікірін мәтінге кіріктіру 


29 
2) Образды қолдану, басқа шығармадағы образдық құрылымға белгілі бір 
мөлшерде сілтеме 
3) Басқа автордың идеясын, дүниетанымы, принциптерін қолдану, 
басқаның эстетикалық құндылықтарын көшіру.
А.К.Жолковскийдің құрастырған топтамасына қалыпты цитация (образ, 
мәтін бөлігі, сюжет), өмірбаяндық (жекелеген авторлар өмірбаянындағы 
ұқсастық, олардың қоғамдағы өмірімен ассоциация) және құрылымдық (өлең 
ырғағы, өлшемі, ұйқасы мен интонациясы), цитация кіреді. 
Әрине, интертекстуалды байланыстардың түрі туралы айтылған ойлар 
жетерлік. Бірақ жұмыста интертекст типтері арасынан жекелеген түрлерін ғана 
қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет