Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
dis

Оқыту экспериментіне алынған топта элективті пән ретінде «Қазіргі қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» курсы дәріс сабақтармен 
басталды. Дәріс сабақтардың кіріспе дәріс түрінен басталып, «шолу дәрісі», 
«проблемалық дәріс, кеңес дәріс, дуэт дәріс, сұхбат дәріс, дәріс-конференция, 
дидактикалық түрлері жүргізілді. Мәселен «Фольклордағы мифологияның
зерттелуі» тақырыбында қазақ фольклорының зерттелу тарихын, фольклордың 
ауызекі сипаты, халықтығы, көпнұсқалылығы, синкреттілігі, тарихилығы
дәстүрлілігі, ұлттық сипаты т.с.с. кіріспе дәрісі арқылы жүзеге асырылды. Ал, 
«О. Бөкей повестеріндегі аңыздық-мифтік желінің көркемдік қызметі» деген 
мәселе проблемалық дәрісі арқылы жүргізілді. Жалпы әрбір дәрісте студенттің 
белсенділік көрсетуі оқу-үдерісі кезеңінде де бақылынды әрі дәріс соңындағы 
керібайланыс арқылы да айқындалды. Әр дәріс сабағынан кейін қолданылған 
керібайланыс түрлері: 
1. Дәріс сабағының мазмұнынан анықтау сұрақтары; 
2. Интервью парағы; 
3. Кері байланыс матрицасы: (ұсыныс, кеңес, сын, баға); 
4. Стикердегі жазбалар т.б. кері байланыс түрлерімен студенттердің білу, 
түсіну деңгейі анықталды.
Жүргізілген интерактивті дәрістер бойынша керібайланыс құралдарында 
көрсетілген студенттердің білім, түсіну дәрежесі төмендегідей: 
Практикалық сабақтарда оқу-танымдық дағдыларды түсіну, талдау, 
сараптау, қолдану, бағалау деңгейінде жұмыс жүргізудің мүмкіндігі мол. 
Эксперименттік жұмыс барысында оқыту әдістерін таңдау және оларды 
үйлестіру категориялар мен ұғымдардың мазмұнымен, олардың жоспарланған 
дәйектілігіне сәйкес қалыптасу сатысымен және аудиторияның білім-білік 
дәрежесіне қарай анықталды. Осы орайда әдістемелік еңбектер мен оқытудың 
таңа технологияларын сараптай отырып,практикалық (семинар) сабақтарын 
сын тұрғысынан ойлау технологиясында жүргізілді. СТО технологиясының
тәсілдері сабақ мақсатына қарай жүйеленді, Мәселен, бірінші (қызығушылықты 
ояту) кезеңінде «Миға шабуыл» (жұптық, топтық тапсырмаларда); «басты 


136 
терминдер», «Еркін жазба», «Т-кестесі», «Дұрыс және теріс мәлімдемелер», 
«Идеялар қоржыны», «Кластер», «Кілт сөздер» сияқты тәсілдер сұрыпталды. 
Ал оқу-таным үдерісінің екінші мағынаны тану кезеңінде «Инсерт – 
мәтінді таңбалау жүйесі», «Аялдап оқу», «Ақылдың алты қалпағы», «Ойлау 
карталары», «Кубизм», «Автормен сұхбат», «Әдеби шеңбер», «Дананың 
кілттері», «Қос жазба күнделігі», «Қолжазба күнделігі» қатарлы тәсілдер 
қолданылды(3.2. тараушасы).
Оқу-таным үдерсінің үшінші қорытынды деңгейінде «Эссе», 
«Қабырғадағы жазбалар», «Фишбоун», «РАФТ» «Дөңгелек үстел» т.б. 
тәсілдері қолданылды.
Практикалық сабақтар барысында жоғарыдағы берілген педагогикалық 
тәсілдер студенттер тарапынан «жеңіл», «күрделі», «тиімді», «тиімсіз» 
өлшемдері бойынша бағаланып, қорытындысы шығарылды.
Кесте 5- Қолданылған әдістерге берілген пайыздық көрсеткіші 
 

«Ойлау карталары» 
«тиімді»
«тиімсіз»
«күрделі»
«жеңіл» 
Пайыздық көрсеткіші 
45% 
15% 
25% 
15 % 

«Кубизм» 
«тиімді»
«тиімсіз»
«күрделі»
«жеңіл» 
Пайыздық көрсеткіші 
50% 
10% 
20 %
20 % 

«Дананың кілттері» 
«тиімді»
«тиімсіз»
«күрделі»
«жеңіл» 
Пайыздық көрсеткіші 
45% 
15% 
30 % 
10 % 

«Әдеби шеңбер» 
«тиімді»
«тиімсіз»
«күрделі»
«жеңіл» 
Пайыздық көрсеткіші 
53% 
10%
17 % 
20 % 
Соның нәтижесін есептеп, саралағанда, прозалық шығарманың көркемдік 
қырларын тануда, авторлық шығарманың сюжеті мен композициясын 
талдағанда, идеялық бағытын айқындауды қолданылған тәсілдердің 
әрқайсының үлесі болғанын аңғаруға болады. Топтық жұмысты бағалауға 
арналған тапсырма құрамында қолданылған әдіс-тәсілдер қамтылды. Соның 
нәтижесінде оқыту эскпериментінің тиімді-тиімсіздігін айқындау мүмкіндігі 
туды. Әр әдіске жеке тоқталмай көркем шығарманы игеру, талдау, талқылау 
арқылы мағынаны тану үдерісіне қолданылған әдістерге берілген пайыздық 
көрсеткіш төмендегідей:


137 
Сурет 9 - Қолданылған әдістердің пайыздық көрсеткішінің динамикасы 
Эксперимент кезінде алынған нәтижелер оқу үдересін тиімді ұйымдастыра 
білгенімізді, әдістемелік жүйенің дұрыстығын көрсетеді. Әдістемелік жүйе
зерттеу барысындағы болжамымызды дәлелдейді. 
Оқыту эксперименті кезінде студенттермен кері байланыс, бағалау 
қағаздарындағы жауаптары, топтық жұмыс қорытындылары, стикердегі пікір-
лері ұйымдастырылған оқу-таным үдерісін тиімді екенін айқындайды. 
Қорытынды эксперимет оқу кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілді. Бұл 
кезеңнің мазмұны мен міндеті оқыту әдістемесінің мақсатына бағындырылды. 
Қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер, ағымдар мен бағыттардың 
категориялары туралы теориялық және әдеби білім қалыптасыру, прозалық 
шығармалардағы көркемдік өлшемдерді талдай білу шығарманы терең 
қабылдау мен түсінуге қызмет етеді, сонымен қатар сауатты оқырманды 
тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады деген болжам бойынша әрекет жасалды.
Сондықтан қорытынды экспериментінің сұрақтары мен тапсырмалары бұл 
болжамды растау немесе жоққа шығару қажеттіліктерінің өтеуіне қызмет етті. 
Сонымен қатар студенттердің теориялық білімін айқындайтын ашық, 
жабық тест түрлері, шығармашылық тапсырмалар (эссе) да негізгі 
қорытындыларымызға үлес қосты.


138 
Эссе тақырыптары: 
1. «Күй» повесіндегі кейіпкерлер образы 
2. «Атау кере» повесіндегі жалпыадамзаттық құндылық 
3. Т.Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» әңгімесіндегі өмір шындығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет