Бюджеттік циклдің негізгі кезеңдері
№
|
Кезең
|
Кім жүзеге асырады
|
Мерзімі
|
Бюджеттік комитеттің қызметі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Жоспарлау кезеңі
|
1
|
Бюджеттік кезеңге
мақсаттар қою
|
Ұйымның жоғары
басшылары
|
00 жылдың шілде айы
|
Келесі бюджеттік цикл- ге өз жұмыстарының
регламентін жасайды
|
2
|
Бюджет жобасын жасау үшін ақпарат жинау
|
Ұйымның маркетингтік, технология- лық жəне эко- номикалық
қызметі
|
00 жылдың тамыз – қыркүйек айлары
|
Бюджеттік құжаттардың форматын, ұсыну формасы жəне бюджет- тің орындалуын бағалау
критерийлерін бекітеді
|
3
|
Жинаған ақпаратты талдау мен жалпылау, бюджет
жобасын құру
|
ЖО
басшылары
|
00 жылдың қазан айы
|
Бюджет орталықтарын үйлестіруді қамтамасыз етеді
|
4
|
Бюджет жобасын бағалау жəне қажет болған жағдайда
түзету
|
Бюджеттік комитет
|
00 жылдың қараша айы
|
Бюджет жобасын қарастырады
|
5
|
Бюджетті бекіту
|
Ұйым басшы- сы (бюджеттік комитеттің төрайымы)
|
00 жылдың желтоқсан айы
|
Бюджеттің орындалуына жауапты тұлғаларға ақпаратты жеткізеді
|
Орындалу кезеңі
|
6
|
Бюджетті орындау жəне ағымдық көрсеткіштерді
түзету
|
ЖО басшы- лары жəне бюджеттік комитет
|
01 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары
|
Бюджеттің орындалуы туралы ағымдық есепті қарастырады. Қажетті түзетулерді бекітеді
|
7
|
Ауытқуларды ағымдық жəне соңғы талдау
|
ЖО
басшылары жəне бюджеттік комитет
|
жылдың қаңтар – желтоқсан айлары
жылың қаңтар – ақпан
айлары
|
Елеулі ауытқуларға жауаптыларды анық- тайды жəне жағдайды түзету шараларын жасайды
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Аяқталу кезеңі
|
8
|
Бюджеттің орындалуы туралы есеп ұсыну жəне есептік жылға ұйым мақсатта- рының орында- луын талдау
|
Ұйымның жоғары басшысы жəне бюджеттік комитет
|
02 жылдың наурыз – сəуір айлары
|
Жоғары басшыға бюджеттің орындалуы туралы есеп дайындайды
|
9
|
Ағымдағы кезеңнің бюдже- тін түзету жəне болашақ бюджеттерді жасау бойынша ұсыныстар
жасалады
|
Бюджеттік комитет
|
02 жылдың мамыр – маусым айлары
|
Ағымдағы (02 ж.) бюджетке түзетулер бекітеді, Келесі бюджеттік кезеңге бюджет туралы ережелер бекітеді
|
Бюджеттің орындалуы туралы есепті бітіргеннен кейін тəжі- рибеде аз уақыт аралығында келесі бюджетті дайындауға кірісу керек.
Бюджет түрі жəне бюджетті құру əдістері
Алға қойылған мақсаттарға байланысты бюджеттің келесі түрлері ажыратылады:
жалпы жəне жеке;
икемді жəне статикалық.
Кəсіпорынның жалпы қызметін қамтитын бюджет жалпы бюджет деп аталады. Оның мақсаты – кəсіпорынның əртүрлі бө- лімшелерінің сметалары мен жоспарларын, яғни жеке бюджет- терін біріктіру жəне қорытындылау.
3.1-cуретте əртүрлі белгілері бойынша бюджеттің жіктелуі берілген.
Кəсіпорынның жалпы (басты, негізгі) бюджеті екі бөлімнен тұрады:
операциялық бюджет;
қаржылық бюджет.
Операциялық жəне қаржылық бюджеттер бір-бірімен өзара тəуелді жəне өзара байланысты бірқатар жеке бюджеттерден тұрады.
3.1-cурет. Бюджеттің жіктелуі
Ұйымның бюджетін құру тізбектілігі келесі 3.2-суретте көр- сетілген.
Бюджеттер басқару бухгалтериясы мен жауапкершілік орта- лығы басшыларымен құрылады. Бюджетті құру үдерісі төмен- нен жоғары қарай жүзеге асырылады.
Операциялық бюджетті құру өнімді сату жоспарын анық- таудан басталады. Бұл жоспарлау үдерісінің ең жауапты сəті, мұнда нарықты зерттеу, маусымдық өзгерістерді жəне басқа факторларды ескере отырып сұраныс динамикасын анықтау, бəсекелестердің стратегиясын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
3.2-cурет. Ұйымның жалпы бюджетінің схемасы
Сатылым бюджеті кəсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері- мен ғана емес, нарықта өнімді өткізу мүмкіншіліктерімен анық- талады. Өнімді сату көлемін жоспарлау кезінде əртүрлі əдістер қолданылады: математикалық əдістерді қолдану арқылы статис- тикалық болжамдар, өнімді өткізу бөлімінің мамандарының экс- перттік бағалауы жəне т.б. Сатылым бюджетіне байланысты өн- діріс бюджеті жасалады, оның негізінде материалдарды сатып алу шығындары, еңбек шығындары, жалпы өндірістік шығын- дары бойынша бюджеттер құрылады.
Əрі қарай коммерциялық шығындар мен маркетингтік шы- ғындар бюджеті дайындалады. Бюджет құру бойынша жұмыс- тардың соңғы мақсаты пайда мен залал жоспарын жасау болып табылады. Қаржылық бюджетті құру үш кезеңмен өтеді, егер капитал салымы қарастырылатын болса немесе екі кезеңнен – ақша қаражаттарының бюджетін құрудан бастап болжамды ба- лансты құрумен аяқталады.
Бюджеттердің құрылу əдістемесіне байланысты қысқаша сипаттамасын қарастырайық:
«төменнен жоғарыға» жəне «жоғарыдан төменге» қағида- сы бойынша құрылған бюджет. «Төменнен жоғарыға» құрылған бюджет ақпаратты жинау жəне орындаушылардан төменгі дең- гейдегі менеджерлерге, əрі қарай компанияның басшыларына біртіндеп жіберуді көздейді. Осындай бюджеттердің негізгі кем- шілігі келісімге келуге көп уақыт кетеді, бастапқы ақпарат бір деңгейден басқасына өту барысында өзгеруі мүмкін, яғни бұр- малануы мүмкін. «Жоғарыдан төменге» қағидасы бойынша құ- рылған бюджет кері қағида бойынша қарастырылған. Бұл бюд- жет түрінде өз орындаушыларының пікірі ескерілмейді, ал бас- шылық бюджеттеуге қажет болатын толық ақпаратқа ие емес де- ген кемшілігі бар. Əдетінше, тəжірибеде бюджеттердің екі түрі- нің сипаттамаларын қамтитын аралас нұсқа қолданылады;
ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді бюджеттер. Жиі ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді бюджеттеу бір үдеріске бірігуі мүмкін. Мұндай жағдайда қысқа мерзімді жоспар əзірленген ұзақ мерзімді бюджет шеңберінде жасалады жəне оны қолдай- ды, ал ұзақ мерзімді бюджет əрбір қысқа мерзімді жоспарлау- дың соңында нақтыланады;
үздіксіз (жылжымалы) бюджет. Ай (квартал) біткеннен кейін ескі бюджетке жаңа қосылады. Өте жоғары белгісіздік жағдайында қолданылады. Бюджеттеуді келесідей жүргізсе бо- лады: жоспарланған жылдың бірінші кварталына ең толық бюд- жет құру, əрі қарай бюджеттер жуықтап көрсетіледі жəне орын- дау барысында нақтыланады;
баптар бойынша құрылатын бюджет. Басқа бапқа көшіру мүмкіндігі жоқ əрбір жеке шығындар баптары бойынша қатаң шектеулі сома қарастырылады;
уақыт кезеңге бағытталған бюджет. Мерзім соңында қал- ған бюджеттік қаражаттары келесі мерзімге өтпейді. Бұл əдістің кемшілігі: жоспарланған уақытта қаражаттың жаратылуы бір- келкі емес болуы. Мерзімнің соңында менеджерлер қалдық қа- ражаттарды тез арада тиімсіз жұмсайды, өйткені егер қаражат- тар толық игерілмейтін болса, басшылар келесі мерзімге бюд- жетті қысқартады деген менеджерлерде қорқыныш сезімі пайда болады;
статикалық (қатаң) жəне икемді бюджеттер. Статикалық бюджеттің сандары өндіріс көлеміне байланысты емес (тұрақты шығындар жиынтығы). Қатаң бюджетке жататындар: қол жет- кеннен бастап құрылатын бюджет (жалғастырушы бюджет), баламалы бюджет (даму жағдайдың бірнеше нұсқаларын бол- жамдайды), нөлдік деңгейдегі бюджет. Икемді бюджеттің шы- ғындары кейбір параметрлерге байланысты (өзгермелі шығын- дар жиынтығы, əдетінше, өндіріс немесе сатылым көлеміне бай- ланысты). Икемді бюджет қағидасы бойынша негізгі жəне қо- сымша материалдарға, кесімді жалақыға жəне тағы басқаға шы- ғындар сметасы жоспарланады. Ол ұйымның ресурстарын ағым- дық жəне стратегиялық мақсаттарға бөлу кезінде маңызды рөл атқарады;
– нөлдік деңгейдегі, жалғастырушы, жағдайдың бірнеше нұсқасын қарастыратын бюджеттер. Біріншісі – қайта-қайта ба- сынан, нөлден құрылатын бюджет. Екіншісі – бұрынғыға ағым- дық өзгертулерді ескеретін түзетулерді енгізеді. Жалғастырушы бюджетті құруға оңай жəне аз уақыт кетеді, бірақ бюджеттеу үдерісінде нөлден басталатын бюджетте болмайтын қателер қайталануы мүмкін. Бюджеттің үшінші түрінде – жағдайлардың бірнеше нұсқасы болғандықтан ағымдық уақытқа ең қолайлысы таңдап алынады, бұл жағдайда бюджеттің кейбір баптары бірне- ше мəнге ие болады жəне нəтижесінде олардан біреуі ғана алынады;
қолжетімсіз жəне қолайсыз бюджеттер. Біріншісінде қойылған мақсаттарға тəжірибеде жету мүмкін емес, екіншісін- де мақсаттар қолжетімді болғанымен кəсіпорынға пайдалы емес болып табылады;
жалпы жəне жеке бюджеттер. Жалпы бюджет кəсіпорын- ның барлық қызметін қамтиды, оның мақсаты – кəсіпорынның
бөлімшелерінің жоспарлары мен сметаларын (жеке бюджеттер деп аталады) біріктіру жəне қорытындылау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |