Шығындарды жоспарлау əдістері
Жоспарлау мақсатына, жоспарлау мерзімінің ұзақтығына, жоспарды əзірлеу кезеңдеріне, өндірілетін өнім номенклатура-
сының анықтығына, яғни бастапқы ақпараттың толық болуына байланысты, жоспарланған шығындар келесідей жолдармен анықталады:
қажетті шығындар шамасының дəлме-дəл сметалы-нор- мативтік есебі (тікелей есептеу əдісі) арқылы;
шығындардың базалық деңгейінің болжамды өзгерісін ірі- ленген есебі арқылы.
Тікелей есептеу əдісі бойынша шығындарды жоспарлауда бірінші кезекте қосалқы цехтардың шығындар сметасы жасала- ды, кейіннен олардың қызметтері негізгі өндіріс цехтарының арасында бөлінеді жəне барлық басқа кешенді шығындардың сметасында көрініс табады. Бұл есептеулер жоспарланған мер- зімде өнімнің барлық номенклатурасын анықтауға дейін орын- далуы мүмкін.
Қосалқы цехтардың өнімінің өзіндік құнын жоспарлауға мыналар кіреді:
əрбір цех бойынша шығын сметасын жəне барлық цехтар бойынша жиынтық сметаны құрастыру;
өнім бірлігінің өзіндік құнын немесе қосалқы цехтардың қызметтерін калькуляциялау;
цехтар жəне басқа да тұтынушылар арасында, сонымен қатар негізгі өндірістің өнімінің өзіндік құнына қосу үшін қолдану бағыты бойынша жалпы шығындарды бөлу.
Кейіннен өндіріске қызмет етуге жəне басқаруға кеткен шы- ғын сметасы жасалады:
Өндірілетін өнімнің алдын ала болжанған сома, номенкла- тура мен ассортимент туралы ақпарат түскенде, тікелей шы- ғындар баптары (материалдар, жұмысшылар жалақысы) шығын нормасы мен бағасы, еңбексыйымдылығы мен жалақы ставкасы бойынша тікелей есептеу əдісімен анықталады.
Жалпы өндірістік жəне жалпы шаруашылық шығындар сме- тасын үйлестіру мақсатында, біріншіден, смета бойынша осы шығындардың көлемін цехтың немесе барлық кəсіпорынның өн-
діріс жұмысшыларының негізгі жалақысына бөледі, сөйтіп нор- матив табылады. Кейін нақты өнімнің өзіндік құнында аталған шығындардың көлемін анықтау үшін, осы нақты өнімдегі негізгі жалақы мөлшерін нормативке көбейтеді.
Басқа өндірістік жəне коммерциялық шығындар тиісті өнімдердің өзіндік құнына тікелей кіреді немесе сол өнімдердің толық өзіндік құны арасында өндірістік өзіндік құнға пропор- ционалды бөлінеді.
3.1-кестеде өзіндік құн баптары жəне оларды есептеу тəсілі- нің нұсқасы берілген.
3.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |