Құнанбаева Д.Ə


Өнімнің өмірлік циклі кезеңдері бойынша шығындардың құрамы



бет20/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
шб кытап ()

Өнімнің өмірлік циклі кезеңдері бойынша шығындардың құрамы


Өмірлік цикл бойынша жаңа өнімнің толық шығындарын анықтау келесі шарттарды орындауды талап етеді:



  • есептіліктің толықтығы, яғни өмірлік циклдің барлық ке- зеңдері бойынша шығындарды есептеу;

  • тұтынылатын барлық ресурстардың есебі;

  • цикл сатыларын анықтаудың бірынғай методологиясын жəне шығындардың құрамы мен мазмұнының бірыңғай жікте- луін қолдану;

  • өмірлік циклдің кезеңдеріне сəйкес келетін шығындарды есептеу əдістерін қолдану.

Өнімнің экономикалық өмірлік циклі бойынша ресурстар- дың жиынтық шығындары ресурстардың барлық түрлерін қол- данумен байланысты ҒТТКЖ бастап істен шығу немесе ути- лизация кезеңдеріндегі шығындардың құндық қалпы болып табылады.
Осындай жалпы шығындар тауардың экономикалық бəсеке- ге қабілеттілігін анықтайтын тұтыну бағасын (Бтұт) құрайды. Сондықтан тек тауардың толық экономикалық өмірлік циклінің шығындары өнім өндіретін кəсіпорынның тиімді қаржылық-ша- руашылық қызметі үшін маңызды болып табылады.
Өнімнің экономикалық өмірлік циклінің кезеңдерінде есеп- ке алынатын шығындардың іріктелген құрамы 4.2-кестеде сипатталады.
Өмірлік циклдің жеке кезеңдеріндегі шығындар көлемі – өнімнің сипаттамаларына, оның техникалық күрделілігіне жəне жаңашылдығына байланысты. Түбегейлі жаңа, техникалық күр- делі жəне ғылыми сыйымды өнім ҒЗТКЖ-ына, кейбір жағдай- ларда өмірлік циклдің басқа кезеңдеріндегі шығындардан бір- неше есе артық шығындарды талап етеді.
Экономикалық өмірлік цикл кезеңдері белгілі түрде шы- ғындарды есептеу əдістемесіне əсер етеді. Мысалы, ҒЗТКЖ ке- зеңінде шығындарды іріктеп жұмыс кезеңдері бойынша есеп- тейді. ҒЗЖ кезеңінде шығындар бəсекеге қабілетті бағамен анықталатын шекті, лимиттік болып белгіленеді. Өнім үлгісін əзірлеу үшін техникалық тапсырмаларды орындағанда шығын-
дардың жалпы сомасын анықтау дəлдігі жоғарылайды: ТКЖ шығындары жəне өндірісті дайындау шығындары нақтыланады, өндірістің лимиттік шығындары үлестік еңбексыйымдылық пен материалсыйымдылық көрсеткіштерді есептеумен толықтыры- лады. Өнімнің үлгісін жасау жəне сынау кезеңінде ресурстар шығынын нақтылау деңгейі, оларды өнімді дайындау кезеңінде іріктелген жоспарлау нормалары мен нормативтері ретінде қа- былдауға мүмкіндік береді.


4.2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет