Құнанбаева Д.Ə


Шығындарды төмендету кезінде логистиканың рөлі. Қорларды басқарудың халықаралық тəжірибесі



бет40/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
шб кытап ()

Шығындарды төмендету кезінде логистиканың рөлі. Қорларды басқарудың халықаралық тəжірибесі


Логистика (logistics ағылшын тілінен жабдықтау). Эконо- микалық əдебиеттерде логистика ұғымы бойынша əртүрлі түсі- ніктемелер келтіріледі. Француз мамандары логистиканы белгілі уақытта жəне өнімге нақты қажеттілігі бар белгілі орында мини- малды шығындармен өнімді қажетті көлемде алу үшін əртүрлі қызметтің жиынтығы ретінде түсіндіреді.


Батыс елдердің сатып алу қызметінің тəжірибесінде сəтті- ліктің негізін өндіруші мен жеткізуші арасындағы жақсы орна- тылған байланыстар қалайды. Жеткізушілермен қарым-қатынас- та келесі қағидаларды ұстанған жөн:

  • оларға фирма клиенттеріне қарағандай қарау;

  • қызығушылықтардың ортақ екендігін көрсету;

  • əрекеттер туралы екі жақты ақпарат алмасу жүргізу;

  • өзіңе алған міндеттемелерді ұстау;

  • іскерлік тəжірибеде жеткізушілердің қызығушылықтарын ескеру;

  • іскерлік салада тұрақты байланысты жалғастыру.

МӨҚ-ды пайдалану сатылап жүзеге асады: бастапқыда нақ- ты өнім өндіру үшін қажетті материалдар сатып алынып жеткізі- леді; содан кейін шығарылған өнім өткізіледі. Нəтижесінде ши- кізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жəне дайын өніммен əртүрлі операциялар жүзеге асырылады. Осы операциялар бойы материал ағымы пайда болады.
Материал ағымы (МА) – логистикалық операцияларға (тиеу, түсіру, тасымалдау, сұрыптау) байланған қозғалыстағы мате- риалды ресурстар, аяқталмаған өндіріс жəне дайын өнім.
Материал ағымы нақты параметрлермен сипатталады:

  • өнімнің номенклатурасы, ассортименті жəне санымен;

  • габаритті сипаттамаларымен (көлемі, аумағы);

  • салмақ сипаттамаларымен (брутто, нетто);

  • сатып алу-сату келісімшарттарымен;

  • тасымалдау шарттарымен;

  • құндық сипаттамаларымен жəне т.б.

Материал ағымы бөлшек санмен алымында жүктің бірлігі (дана, тонна жəне т.б.), ал бөлімінде уақыт өлшем бірлігі арқы- лы есептеледі.
Материалды нысандармен жасалатын белгілі əрекеттер жиын- тығы логистикалық операциялар деп аталады (ЛО). Ол тиеу, түсі- ру, тасымалдау, комплектация, қоймалау, орау жəне т.б.
Материалды ағым тұтынушыға жету жолында өндірістік, қой- малық жəне көліктік буындардан өтеді. МА логистикалық үдеріс- тің əртүрлі қатысушылары ұйымдастырады жəне бағыттайды.
Қорлардың құрылу себебі материалдық ресурстардың өнді- рісте жəне тұтынуда кеңістіктік пен уақытта сəйкестіксіз болып табылады. Қорларды құру қажеттігінің маңыздылығы материал- ды игіліктердің өндірісінің өсуімен байланысты. Жабдықтау – өндіріс – тұтыну үдерістің қатысушылары арасында жүктердің орын ауыстыру қажеттігі көлемі жəне номенклатурасы бойынша үлкен көлемдегі қорлардың пайда болуына əкеледі.
Өндірісте қорлардың құрылуы үздіксіз үдерісті қамтамасыз ету қажеттігімен байланысты. Келісімдерді орындау үдерісінде өнімді жеткізуде жəне оны түсіруде мерзімі мен көлемінде ауыт- қулар болуы мүмкін. Сонымен, қорлардың болуы мен жағда- йына кəсіпорын жұмысының ырғақтылығы байланысты.
Əлемдік тəжірибеде белгілі «дəл мерзімінде» (ағылшынша Just In Time, JIT) қорларды басқару жүйесі материалды ресу- рстарды жəне дайын өнімді логистикалық тізбек бөлімшелеріне тапсырысты орындауға қажетті көлемде дəл уақыт мезетінде жеткізу үдерістерін синхрондауды білдіреді. «Дəл мерзімінде» жүйесінің мақсаты – запастарды құрумен байланысты шығын- дарды минимизациялау.
«Дəл мерзімінде» жүйесін қолдануға мүмкіндік беретін жет- кізушілер мен сатып алушылардың арасындағы қарым-қатынас- тар ұзақ мерзімді шаруашылық байланыс сипатында болуы ке- рек жəне ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде құрылуы тиіс. Сонда ғана ортақ жоспарлауда келісімге келуге болады, техни- ка-технологиялық қажетті деңгейінің тоқайласуына жетуге, эко- номикалық мəмілеге келуге үйренуге болады. «Дəл мерзімінде» жүйесін пайдалану қорларды, қойма қуаттарына, персоналға қа- жеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді.
«Дəл мерзімінде» қорларды басқару жүйесінің артықшы- лықтары:

  • материалдар жəне аяқталмаған өндіріс қорларын қысқарту;

  • тапсырыстарды орындау уақытын қысқарту;

  • еңбек өнімділігін жоғарылату;

  • құрал-жабдықтарды толық пайдалану;

  • қалдықтар көлемін төмендету;

  • жұмысшылардың жауапкершілігін жоғарылату;

  • жеткізушілермен қарым-қатынасты жақсарту;

  • тұтынушылар жағынан сенімді дамыту.

Сонымен қатар «дəл мерзімінде» басқару жүйесін қолдану- дың бірнеше мəселесі бар:

  • жоғары бастапқы капитал салымы енгізу шығындары (за- манауи құрал-жабдық, кадрларды дайындау жəне қайта даяр- лау);

  • əдеттен тыс жағдайларда шешім қабылдау қабілетсіздігі (бұзылулар, жұмысшылар ереуілдері);

  • жоғары сапалы материалдарға тəуелділігі;

  • тұрақты өндірісте жұмыс істеу қажеттігі, сұраныстың ауытқуына байланыссыз;

  • тұтынушылардың өзгермелі мұқтаждықтарын қанағаттан- дырудағы əлсіз икемділігі;

  • қайта жөндеу уақытын қысқарту қиындығы;

  • жеткізушілердің «дəл мерзімінде» тəртібіне өту қабілетсіз-

дігі;

қабілетсіздігі.
Шығындар функциясын MINI жəне MАXI əдістерімен баға- лау. MINI жəне MАXI əдістерімен шығындарды қызметі бойын- ша есепке алудың мəні қандай да бір релевантты кезеңде ең тө- мен жəне ең жоғарғы белсенділік нүктелерін таңдау жəне осы екі нүктеге қатысты шығындардағы өзгерістерді салыстыру бо- лып табылады. Мысалы, 12 айға техникалық қызмет көрсету бойынша шығындардан іріктеме жасалды, белсенділіктің ең жо- ғарғы жəне ең төмен деңгейлері анықталды (7.3-кесте).
Сонымен, белсенділіктің артуы кезінде шығындардың өсуі ауыспалы бөлікке ғана келеді, өйткені тұрақты бөлігі өзгеріссіз қала береді. Демек, шығындардың өсуі белсенділіктің өсуіне бө- лу, белсенділік бірлігіне шаққандағы ауыспалы шығын (регрес- сия теңдеуде b мүшесі) болып табылады. Енді тұрақты шы- ғындарды (регрессия теңдеуде а мүшесі) табу керек.
7.3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет