Құнанбаева Д.Ə



бет43/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Кəсіпорын қорларының түрін атап кетіңіз.

  2. Қорларды бағалауда қандай талаптар қойылады?

  3. Қорларды бағалаудың негізгі əдістеріне сипаттама беріңіз.

  4. Материалдық-өндірістік қорларды басқару қандай сыртқы жəне ішкі факторларға байланысты?

  5. Қорлардың сатып алу көлемін реттеу мен қойма шаруашылықты ұйым- дастыру кəсіпорынның шығындарына қалай əсер етеді?

  6. Кəсіпорынның шығындарына əсер ететін «дəл мерзімінде» атты қор- ларды басқару жүйенің ерекшелігін көрсетіңіз.

  7. Тапсырыстың оңтайлы көлемін анықтау əдістемесін келтіріңіз.


  1. тарау


ӨНДІРІСТЕГІ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ НЕГІЗІНДЕ ШЫ- ҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУ


    1. Бухгалтерлік (қаржылық) жəне басқару (өндірістік) есебінің салыстырмалы сипаттамасы


Өндірісте шығындар есебі оларды нақты сандық бағалауға мүмкіндік береді жəне осымен шығындарды бақылау мен басқа- руда оның рөлі анықталады. Есеп нысаны əртүрлі белгілеріне байланысты жіктелген шығындар болып табылады. Шығындар есебінің маңызды сипаттамаларына толықтық, дəлдік, оператив- тілік жəне анықтық жатады. Шығындар есебі басқарушыға ша- руашылық шешімдерді қабылдауға қажетті экономикалық ақпа- рат береді.


Есеп мəліметтерін пайдаланудың толықтығы мен сипатына байланысты бухгалтерлік (қаржылық) жəне басқару (өндірістік) есеп деп ажыратылады.
Бухгалтерлік жəне басқару есебіне ортақ болып табылатыны олардың ақпараты шешім қабылдау үшін қолданылады. Мыса- лы, қаржылық бухгалтерлік есептің мəліметтері инвесторларға кəсіпорынның потенциалы мен болашағын, инвестициялаудың мақсаттылығын бағалауға көмектеседі, ал басқару (өндірістік) есебінің мəліметтерін менеджерлер басқарудағы бірталай мəсе- лелерді шешу үшін қолданылады.
Қаржылық жəне басқару есебі кəсіпорынды экономикалық басқару үшін мəліметтері қолданылатын ортақ экономикалық есептің өзара тəуелді жəне өзара шартты компоненттері болып келеді.
Бухгалтерлік (қаржылық) есеп қызығушылығы бар тұлға- ларды ресурстарды пайдалану құны, өндірістің жеткен жетістік- тері жəне кəсіпорын қызметін қаржыландыру əдістері туралы құжат түрінде көрсетілген ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есептің мəліметтері шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін кəсіпорынның менеджерлерімен, сондай-ақ сырттағы қызығушылығы бар тұлғалармен (акционерлер, қар- жыландыратын банктер, салықтық мекемесі жəне т.б.) пайда- ланылады.
Бухгалтерлік есеп төменгі бірқатар ұйымдастырылу ерекше- ліктеріне байланысты кемшіліктерге ие:

  • кəсіпорын менеджерлерінің бастамасын шектейтін ереже- лер мен көрсетілетін деректер көлемін қатал реттеу;

  • кейде шаруашылық шешім қабылдау үшін артық болатын жəне артық шығынға алып келетін есептің дəлдігіне қойылатын жоғары талаптар;

  • қызмет түрлері, өндірістік бөлімдер жəне жеке өнімдер мен қызметтер бойынша шығындарды, əсіресе жанама шығын- дарды əрдайым дұрыс бөлмеу;

  • есеп беру ұзақтығы (квартал, жарты жыл, жыл).

Нарықтық экономиканың дамуы дамыған елдерде басқару- шылық бухгалтерлік (қаржылық) есепті басқарушылық (өндіріс- тік) есеппен толықтыру қажеттілігін көрсетті.
Басқарушылық (өндірістік) есеп шығындардың түрі, қалып- тасу орны жəне калькуляциялау нысаны бойынша жоспарлауды, есеп беру мен талдауды, толық жəне қысқартылған өзіндік құн негізінде шығындарды нормативтік есепке алуды, өзіндік құнды калькуляциялау əдістерін, өндірістік инвестицияларды жоспар- лау, есепке алу жəне талдау əдістерін тұтас жүйеге біріктіреді.
Басқарушылық есеп бухгалтерлік есептің дамуының, эволю- циясының логикалық нəтижесі болып табылады. Нарықтық қа- тынас механизмі, нарықтың жаңа инструменттері мен өндіріс- тік-шаруашылық қызметті басқарудың жаңа əдістері мен құрал- дарының пайда болуы бұл жағдайларда кəспорынның табысты қызметін қамтамасыз ететін қосымша ақпаратқа қажеттілік ту- дырды. Елеулі өзгерістер техникада, технологияда жəне өндіріс- ті ұйымдастыруда болды. Өнімнің, оны өндіру əдістерінің, олар- ды ұштастыру нұсқаларының көп түрі пайда болды. Қазіргі жағ- дайда шығындар мен қызмет нəтижелері тек тұтас кəсіпорын ғана емес, сондай-ақ экономикалық өзіндік қағидасы бойынша жұмыс істейтін жеке өндiрiстік бірлік бойынша анықталады. Туындаған мəселелердің шешу нұсқаларының саны өсті, соны- мен қатар дұрыс емес басқару шешімінің бағасы да өсті.
Тəуелсіз жүйе ретінде басқарушылық есеп мəліметтерінің бөлектену қажеттілігі кəсіпорын қызметінің коммерциялық құ- пияларды сақтауға, белгілі бір шешім қабылданатын жағдайлар- ға талаптардың едəуір өсуімен байланысты. Қаржы есеп берудің көрсеткіштері барлығына болмаса да көбісіне қолжетімді. Оған коғамның немесе серіктестіктің ревизорлары, аудиторлар, салық органдары тексеру үшін ашық бухгалтерлік есепті жатқызуға болады, т.с.с. Қаржылық есеп беру жүйесі құзыретті тұлғаға тү- сінуге оңай, мөлдір болуы тиіс. Басқа жағдай – басқару үшін есеп, оның мəліметтері коммерциялық құпия тек сыртқы қолда- нушылар үшін ғана емес, сондай-ақ осы мəселеге тікелей қаты- насы жоқ басқарушы персоналдар үшін де құпия болып табы- лады.
Дəстүрлі бухгалтерлік есеп беру мұндай мəліметтер бере алмайды жəне кəсіпорынның қызметі мен дамуы туралы дұрыс емес көзқарастар туғызуы мүмкін. Кейде, мысалы, бухгалтерлік есеп мəліметтері кəсіпорынның кассасында, есеп айырысу жəне валюталық шоттарында көп ақша қаражаттарының болуын көр- сетеді, ал шын мəнінде бұл кəсіпорын шығынға ұшыраған. Келе- сі жағдай да болып тұрады: бухгалтерлік баланс өтімді қаражат- тарының жоқтығын көрсетеді, ал кəсіпорын пайда алып тұрады. Мұндай жағдай болашақты бағалау кезінде қателіктерге алып келеді. Қателіктерді болдырмауға басқарушылық есеп тұжы- рымдамасын қолдану мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік (қаржылық) жəне басқарушылық (өндірістік) есеп берудің салыстырмалы сипаттамалары 8.1-кестеде көрсе- тілген.


8.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет