Құнанбаева Д.Ə


Материалдық-өндірістік қорларды есептеу жəне бағалау əдістері



бет37/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
шб кытап ()

Материалдық-өндірістік қорларды есептеу жəне бағалау əдістері


Материалдық-өндірістік қорлар (МӨҚ) есебі бухгалтерлік есепке нақты өзіндік құн бойынша қабылданады.


Ақыға алынған МӨҚ нақты өзіндік құны: ҚҚС жəне басқа да төленетін салықтан басқа сатып алу үшін нақты шығындар сомасы.
МӨҚ сатып алу үшін нақты шығындарға төмендегілер жа- тады:

  1. Келісімшартқа сəйкес жеткізушіге (сатып алушыға) тө- ленген сома.

  2. МӨҚ сатып алумен байланысты ақпараттық жəне кеңес беру қызметтері үшін ұйымдарға төленетін сома.

  3. Кедендік баж салықтары.

  4. МӨҚ бірлігін сатып алуға байланысты төленбейтін са- лықтар.

  5. МӨҚ сатып алуға көмектескен делдалдық ұйымға төлене- тін сыйақылар.

  6. МӨҚ дайындау жəне оларды жеріне жеткізу бойынша шығындар, сақтандыру шығындарын қоса алғанда. Бұл шығын- дардың құрамына мыналар кіреді:

  • МӨҚ-ды дайындау жəне жеткізу шығындары;

  • ұйымның дайындық-қоймалық бөлімшесін ұстау шығын- дары, көлік қызметіне пайдалану жеріне МӨҚ-ды жеткізу бо- йынша шығындар (егер келісіммен бекітілген МӨҚ бағасына олар кіргізілмеген болса);

  • жеткізушілер ұсынған несие (коммерциялық несие) бойынша есептелінген пайыздар;

  • МӨҚ-ды бухгалтерлік есепке алуға дейінгі есептелген пайыздар, қарыз қаражаттар бойынша, егер олар осы запастарды сатып алуға тартылған болса;

  1. МӨҚ-ды жоспарланған мақсатта пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу шығындары. Бұл шығындар құрамына ұйым- ның өнімді өндіру, жұмыстарды жасау жəне қызмет көрсетумен байланысты емес, қорларды қосымша өңдеу, сұрыптау, орау жə- не олардың техникалық сипаттамаларын жақсарту бойынша ұйымның шығындары кіреді.

  2. МӨҚ-ды сатып алумен тікелей байланысты басқа да шы- ғындар.

МӨҚ өндіріске бірнеше құжаттар негізінде жіберіледі: сал- мағы, көлемі, аумағы немесе технологиялық үдеріс талаптары мен нормаларына қатаң сəйкестік шоты бойынша. Материалдар- ды жіберу кезінде есепке алудың қиындығы бірдей материалдар əртүрлі бағалармен сатып алынғанмен байланысты пайда бола- ды. Мұндай жағдайда нақты құнның бірнеше мəні болуы мүм- кін, сондықтан жіберілген материалдар құны есебінің бір əдісін таңдау керек. Жөнелтілген материалдар мен соңғы қорлардың құнын есептеу үшін келесі бағалау əдістерін ажыратады:

Əр бірліктің өзіндік құнын бағалау (тұтас идентификация- лау əдісі) есептіліктің жоғары дəлдігін қамтамасыз етіледі, бірақ бұл əдіс еңбексыйымды болып табылады, өйткені МӨҚ-дың үл- кен номенклатурасына байланысты өте үлкен көлемді ақпаратты өңдеу қажет, сондай-ақ қорлар үлкен партиялармен түсуі мүм- кін, бұл да есептілікті қиындатады. Əр өнім бірлігі бойынша өзіндік құнды бағалау əдетінше бірдей болмайтын МӨҚ бірлігі-
нің құнын, сондай-ақ өндірілген жəне ерекше жобаларға бөлін- ген тауарлар немесе қызметтердің құнын анықтау үшін қолда- нылады.
Орташа өзіндік құн əдісіне сəйкес белгілі бір мерзімде бо- латын барлық қорлардың орташа құны арқылы қорлар бағалана- ды. Мысалы, есепке алудың кезеңдік жүйесінде қорлар бойын- ша мəліметтер 7.1-кестеде көрсетілген.


7.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет