Құнанбаева Д.Ə



бет66/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
шб кытап ()

Стратегиялық позициялауға негізделген шығындарды басқару тəсілдері




Шығындарды басқару акценттері

Негізгі стратегиялар

Шығындар негізіндегі көшбасшылық

Өнімдердің (қыз-
меттердің) диффе- ренциациясы

1

Жұмыс көрсеткіштерін бағалау кезінде жоспарланған шы-
ғындардың рөлі

Өте маңызды



Өте маңызды емес



2

Шығындарды басқару
үшін икемді бюджет- теудің мəні

Жоғарыдан өте жоғарыға дейін

Қалыптыдан төмен- гіге дейін

3

Бюджетті орындаудың
маңыздылығы

Жоғарыдан өте
жоғарыға дейін

Қалыптыдан төмен-
гіге дейін

4

Өнімді өткізу шы-
ғындарын талдау

Ресми түрде
орындалмайды

Табысқа жету үшін
өте маңызды

5

Баға құру үшін өзіндік құнның мəні

Жоғары

Төмен

6

Бəсекелестердің
бағаларын талдау мəні

Төмен

Жоғары

Стратегиялық бағытты таңдау кəсіпорынның шығындарды жоспарлау мен бюджеттеу мəселелеріне деген көзқарасын ай- қындайды. 12.3-кестеде түрлі стратегиялық бағыттардың жос- парлауға қатысты негізгі айырмашылықтар көрсетілген.


12.3-кесте
Əртүрлі стратегиялар үшін шығындарды жоспарлау мен бюджеттеуге қатынас








Стратегиялық бағыттың түрлері

Кеңейту

Қолдау

Жетістіктерді қолдану

1

Бюджеттің рөлі

Қысқа мерзімді жоспарлаудың құралы





Басқарудың (мəжбүр-
леудің) құралы

2

Бір жыл ішінде жоспарларды қайта қарау

Біршама оңай





Біршама қиын

3

Икемді жоспарлаудың маңызы

Біршама төмен





Біршама жоғары

4

Жоспарлаудағы бөлімше менед- жерлерінің рөлі

Біршама жоғары





Біршама төмен

5

Нормативті шы- ғындардың рөлі

Біршама төмен





Біршама жоғары

6

Бюджетті орындаудың маңызы

Біршама төмен





Біршама жоғары

7

Бақылаудағы басты назар

Динамиканы бақылау





Нəтижелерді бақылау

Осы кестедегі бағыттамалар өзге екі стратегиялар арасын- дағы ұстап қалу стратегиясының орташа жағдайын көрсетеді.


Стратегиялық бағыттылық мəселелерін (кеңейту, қолдау жə- не жетістіктерді пайдалану) бəсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін стратегиялық позициялау мəселелерінен бөлек
қарастыруға болмайды. Шығындар бойынша көшбасшылыққа қатысты таңдау жасай отырып, кəсіпорын өзіне кеңейту страте- гиясын жүзеге асыра алмайды, өйткені кеңейту стратегиясына тауарлы өнімнің портфелін үзіліссіз толықтыру мен жаңарту жатады.
12.2-суретте осы екі фактор арасындағы ұқсастықтар мен қарама-қайшылықтардың схемасы көрсетілген.




12.2-сурет. Шығындарды басқару жүйесін құрудағы сəйкестік пен қайшылық

Стратегиялық позициялауды қолдану əдістемесі тəуекелдің ықпал етуімен байланысты. Өндірісті диверсификациялау стра- тегиясын қабылдаған кəсіпорындар, шығындар бойынша көшба- сшылыққа бағытталған кəсіпорындарға қарағанда үлкен тəуе- келге тап болады. Шығындар бойынша көшбасшылыққа бағыт- тануда шығындарды жоспарлау мен басқаруға қатынас тым қа- тал, барлық нормативтерді жəне жоспарланған көрсеткіштерді қатаң сақтаумен тəуекелді төмендетуші болып табылады. Мұнда алдыңғы бөлімдерде көрсетілген шығындарды талдаудың жəне басқарудың барлық амалдары жарамды.


Өндірісті əртараптандыру стратегиясы шартында, кəсіп- орын жиі қолданыстағы өнімдерді түрлендіру жəне (немесе) жаңаларын іске қосу қажеттілігіне тап болады. Мұндай жағ-
дайларда белгісіздік дəрежесі жеткілікті жоғары. Кəсіпорын үл- кен тəуекелге ұшырайды. Жоспарлауға жеткілікті түрде толы- ғырақ қарау жəне жоспарларды орындаудың қатаң бақылауын жүзеге асыру мүлде негізсіз, өйткені əлсіз қолжетімді болып табылады. SCM идеологиясы, мəні бойынша, жалпы құрылымға жəне басқару үдерісін нақтылау дəрежесіне əртүрлі талаптарды қою арқылы шығындарды бақылау мен бюджеттеу жүйесін құ- руға алғышарттарын жасайды.
    1. Шығындарды құрайтын факторлар тұжырымдамасы


Стратегиялық шығындарды басқару шеңберінде өзіндік құн бір-біріне əсер ететін көптеген факторлармен анықталады жəне басқарылады. Дəстүрлі басқарушылық есепке алу жəне шығын- дарды басқару кезінде бір фактор ескеріледі: белгілі бір өндіріс- те немесе коммерциялық үдерісте шығындарды тасымалдаушы- лар мен бірге өнім көлемі. Бұл, əрине, маңызды, бірақ шығын- дарды басқару нəтижесіне шектеулі əсер етеді, өйткені ол шы- ғындарды айнымалы жəне тұрақтыға бөлуге, маржиналдық та- быстың, қауіпсіздік қордың жəне сондай сияқты бизнес көрсет- кіштерінің мəнін белгілеуге негізделеді.


Стратегиялық шығындарды басқару блогы үшін олар шы- ғындарды құрайтын факторлар бойынша жіктеледі.
Шығындарды құрайтын факторлар экономикалық қызметтің əрбір түрі үшін шығындарды өзгертетін факторлар болып та- былады.
Жалпы, олар екі топқа бөлінеді:

  1. сыртқы, кəсіпорынның қызметіне байланысты емес. Олар- дың əсері ресурстардың (шикізат, материалдар, жабдықтар, энергия, су, көлік жəне басқа да материалдық ресурстар) бағасы деңгейінде, жалдау төлемі ставкаларында, амортизациялық ау- дарым нормаларында, салық салу жүйесінде, заңнамадағы өзге- рісте де көрінеді;

  2. ішкі, өнімді өндіру мен өткізу көлемі, еңбекке ақы төлеу нысаны мен жүйесі, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік ресурстарды пайдалануды жақсарту, инновацияларды енгізу.

Дж. Шанк жəне В. Говиндараджан шығындарды құрайтын факторлар тұжырымдамасының авторлары болып табылады. Олар стратегиялық басқару мақсаттары үшін оларды екі санатқа бөлуді ұсынды:

  1. құрылымдық факторлар;

  2. функционалдық факторлар.

Əрбір фактор өнеркəсіптік кəсіпорынға таңдау мүмкіндігін береді (мысалы, ірі сериялы немесе майда сериялы өндірісті ұйымдастыру) жəне бұл таңдау шығындар деңгейін жəне дина- микасын анықтайды. Тиісті таңдау жасау үшін əр фактордың шығындарын дəл нақты есептеу қажет.
Кəсіпорындар үшін құрылымдық факторлардың тұрғысы- нан алғанда, кез келген өнім тобына арналған шығындар құры- лымымен байланысты таңдаудың бес стратегиялық нұсқасы бар (12.3-сурет).
Құрылымдық факторларды қарастырайық. Олар:

    • масштаб факторы – өндіріске, зерттеулер мен əзірлемелер- ге, маркетингтік жəне қарастырылып отырған өнімді өндіруге қажетті басқа да ресурстарға инвестиция көлеміне сипаттама бе- реді. Көптеген жағдайларда масштаб факторымен көлденең ин- теграция байланысты;

    • диапазон факторы – кəсіпорынды басқарудың кеңеюін (тік интеграция деңгейі) сипаттайды;

    • тəжірибе факторы – өткен уақытта кəсіпорын қазірдің өзінде де жасайтын əрекеттерін қанша рет істегенін көрсетеді;

    • технология факторы – кəсіпорын қызметінің əр түрі бойынша технологиялық үдерістерді көрсетеді;

    • күрделілік факторы – өнімнің ассортименттік жиынтығын сипаттайды.

Əрбір құрылымдық фактор шығындарды басқаратын кəсіп- орын жасайтын таңдауды білдіреді.
Құрылымдық факторлардың əрқайсысы үшін «көп» деген
«жақсы» дегенді білдірмейді (мысалы, өндіріс масштабы немесе өндірілетін өнімнің диапазоны өзгергенде, сонымен бірге бір бағытта шығындардың тиімділігі де өзгеруі міндетті емес).
Функционалдық факторлар кəсіпорынның шығындарын ті- келей басқарады жəне оның бəсекеге қабілеттілігін анықтайды. Құрылымдық факторларға қарағанда іс-əрекеттің нəтижелеріне
тікелей əсер етеді. Функционалдық факторлардың əрқайсысы үшін «көп» əрқашан «жақсы» дегенді білдіреді.




12.3-сурет. Шығындарды стратегиялық басқарудағы шығындарды құрайтын факторлар

Функционалдық факторларды қарастырайық. Олар:



    • мотивация мен еңбек нəтижелері үшін жауапкершілік. Бұл фактор еңбек нəтижелері үшін қызметкерлерді ынталандыру, қызметтің нəтижелеріне менеджерлердің жауапкершілігі жəне өндірістік үдерістерді үздіксіз жетілдіру үшін қызметкерлердің міндеттемелерді алу бойынша тұжырымдамасын əзірлеуді талап етеді;

    • өнімнің сапасына байланысты жетістіктерді ынталандыру. Өнім мен өндірістік үдерістердің сапасына байланысты жетіс-

тіктерді ынталандыру арқылы сапаны кешендік басқару жүйесін
(Totаl Quаlity Mаnаgement – TQM) құруды білдіреді;

    • өндірістік қуаттарды оңтайлы қолдану технологиялық сипаттамаларға негізделген қолжетімді баламаларды таңдауды білдіреді;

    • кəсіпорынның іс-əрекетін тиімді жоспарлау, жоспарлық көрсеткіштер жүйесін нормалармен салыстыру – функционал- дық құрылымының басты элементі;

    • конфигурация факторы нақты жобаның немесе есептеудің (бизнес-жоспар) тиімділігін көрсетеді;

    • кəсіпорын шығындары тізбегі тұрғысында жеткізушілер- мен жəне тапсырыс берушілермен қарым-қатынастарды пайда- лану – бұл шығындарды құрайтын факторлардың ең маңызды факторларының бірі болып табылады.

Жалпы, құрылымдық факторларға қарағанда функционал- дық факторлар едəуір күшті жəне динамикалық əсер етеді. Атал- ған құрылымдық жəне функционалдық факторлардың əрқайсы- сының əсері стратегиялық шығындарды басқаруда маңыздылы- ғына байланысты əртүрлі салдарға алып келеді.
Шығындарды стратегиялық басқарудағы шығындарды құ- райтын факторлардың идеясы құндылықты тудыратын эконо- микалық қызметтің əрбір түрі үшін шығындардың айырмасын түсіндіретін өзгеру факторларын белгілеу болып табылады. Шы- ғындарды талдау кезінде шығындар пайда болу себептерінің не- ғұрлым жоғары деңгейіне көтерілуі керек. Бұл жағдайда, жоғар- ғы деңгейде дұрыс стратегиялық шешім қабылдау (мысалы, тех- нологиясын өзгерту) арқылы төменгі деңгейдегі факторлардың (өнеркəсіптік немесе коммерциялық шығындар тасымалдаушы- лары) үлкен санынан «бір деммен» құтылу əлеуетті мүмкіншілі- гі бар. Бұл идея, əсіресе жоғары деңгейдегі басшылардың көзқа- расынан, өте тартымды көрінеді. Маңызды стратегиялық ше- шімдер жиі инвестициялық шығындардың үлкен көлеміне əке- летінін есте сақтау қажет жəне инвестициялық жобаларды қа- растыру кезінде əрбір нақты жағдайда бұл шешімді мұқият тек- серу жəне негіздеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет