Құнанбаева Д.Ə



бет62/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
шб кытап ()

Шығындарды дəстүрлі жəне стратегиялық басқару жүйесінің салыстырмалы сипаттамалары









Шығындарды дəстүрлі басқару

Шығындарды стратегиялық басқару

1

Бағдары

Ішкі

Сыртқы

2

Болашағы

Қосылған құн

Құндылықтар тізбегі

3

Шығындарды талдау бағыттары

Өнімнің, тұтынушы- ның, позициясынан, функционалды.
Қосылған құн негізгі ұғым болып
табылады.

Фирма үшін жəне жекелеген операциялар бойынша құнды- лықтар тізбегінің əртүрлі сатылар тұрғысынан. Қосылған құн тым тар ұғым ретінде
қарастырылады

4

Шығындар тасымалдаушы

Шығындар – бұл өнім көлемінің функциясы

Құрылымдық тасымалдау- шылар: көлемі, масштабы, техно- логия, тəжірибе, күрделілігі жəне т.б. Операцияларға арналған тасымалдаушылар (мысалы: жаппай сапасын басқару, еңбек ресурстарының қатысуы). Біре- гей шығындар тасымалдаушылар қызметтің ерекшеліктеріне
байланысты

5

Шығындарды қысқарту фи- лософиясы

Шығындарды азайту оған жауапты орталықтарымен
қамтамасыз етіледі

Шығындарды азайту қызметтің əрбір түрі бойынша қамтамасыз етіледі

6

Басымдық
мақсат

Өзіндік құнын
анықтау

Өзіндік құн, баға жəне пайда
арасындағы байланыс

7

Басқару негіз- дері

Дəйектілік, реактивті-
лік, ең төменгі тəуе- кел дəрежесі

Көшбасшылық, стратегиялық, тəуекелділік

Шығындардың əрекет ету сипаттамасы тұрғысынан алып қарағандағы айырмашылықтар. Дəстүрлі жүйе бойынша шы- ғындар, негізінен, өнім көлемінің функциясы ретінде қарасты-


рылады. Осыған байланысты айнымалы, тұрақты жəне аралас шығындардың мұқият талдауы жүргізіледі. Өнім көлемі шығын- дарды қалыптастырудың сыни факторы ретінде қарастырылады. CSM тұрғысынан шығындар ең алдымен стратегиялық таңдауға тəуелді. Жəне осыған байланысты шығындар əлдеқайда жалпы құрылымдық жəне функционалдық факторлардың функциясы болып табылады.
CSM-ның пайда болуы стратегиялық басқарудың үш бағы- тын біріктірудің нəтижесі болды:

  1. Құндылықтар тізбегін талдау.

  2. Стратегиялық позициялау.

  3. Шығындарды құрайтын факторларды талдау жəне бас- қару.

М. Портер бойынша, құндылықтар тізбегі деп кəсіпорын- ның жабдық-таушылары үшін шикізат көздерінен бастап, соңғы тұтынушыға жеткізілген дайын өнімге (соның ішінде тұтыну- шыларға қызмет көрсетуді де) дейінгі кəсіпорынға құндылық қалыптастыратын іс-əрекеттердің келісілген жиынтығын ай- тамыз. Фирмада болған процестерге ғана емес, сонымен бірге белгілі бір кəсіпорынның шекарасынан тыс жерлерге шығуға да көп көңіл бөлінеді.
Стратегиялық позициялау бəсекелестік артықшылықтарды жасаудың стратегиялық таңдауына байланысты кəсіпорынның шығындарын басқаруға əсер етеді. Портердің айтуынша, кəсіп- орын бəсекелестікке қабілетті болуы төмендегі жағдайлар бойынша мүмкін:

  • төмен шығындарды қолдау арқылы (шығындарға негіздел- ген көшбасшылық);

  • тұтынушыларға əртүрлі, бəсекелестердікінен асып түсетін, өнімді (өнімнің саралану стратегиясы) ұсыну арқылы;

Шығындарды басқару тəсілдері стратегиялық ұстанымға байланысты өзгереді.
Шығындарды құрайтын факторлар CSM шеңберінде кеңірек қаралады. Олардың тізімдері бизнес-үдерістер мен қызметтің элементтерінің белгілі бір кезеңіне сəйкес шығындарды тасы- малдаушылармен бітпейді. Бұл факторлар құрылымдық жəне функционалды болып бөлінеді жəне жалпыға ортақтықтың жет- кілікті жоғары деңгейіне ие. Мысалға, ең маңызды функционал-
дық факторлардың бірі – қызметкерлердің үздіксіз жетілу бойынша міндеттемелерді өзіне алуына кіретін жұмыс күшінің тартылу факторы. Шығындарды құрайтын факторлар да кəсіп- орынның өз саласының көшбасшысы болуға немесе көшбасшы- ның артынан еруді таңдауға негізделген стратегиялық бағдар- лануына байланысты.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет