Құнанбаева Д.Ə



бет61/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Шығынсыздықты талдау мəнін көрсетіңіз. Шығынсыздықты талдау ба- рысындағы қандай негізгі жорамалдар мен шектеулер қойылады?

  2. Шығынсыздық нүктесінің экономикалық мəні неде?

  3. Шығынсыздық нүктесін графикалық əдіспен анықтау тəртібін көрсетіңіз.

  4. Шығынсыз өндіріс көлемін математикалық əдіспен есептеу. Натуралдық жəне құндық өлшеммен залалсыздық нүктені есептеу тəсілдері.

  5. Маржиналдық табыс түсінігі жəне экономикалық мəні.

  6. Біртекті өнім өндіретін жəне кең ассортиментті өнім өндіретін кəсіп- орындарында шығынсыздық нүктені есептеу ерекшелігі.

  7. Операциялық тұтқа түсінігі жəне операциялық тұтқа əсерінің көрінісін келтіріңіз.

  8. Операциялық тұтқа жəне кəсіпкерлік тəуекел арасындағы өзара байла- нысты сипаттаңыз.


  1. тарау


ШЫҒЫНДАРДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ


    1. Шығындарды стратегиялық басқару мəні мен ерекшеліктері


Шығындарды стратегиялық басқару тұжырымдамасы, одан əрі CSM ағылшынша Strаtegic Cost Mаnаgement, салыстырмалы түрде жақында пайда болды жəне қазіргі уақытта жетекші кон- салтингтік фирмалармен практикалық қолдану үшін ұсыныс ре- тінде жиі пайдаланылады. Осы жүйенің негізгі ережелері кəсіп- орын стратегиясының негізіне оралады жəне стратегиялық бас- қарудың негізгі ұғымдары мен принциптеріне негізделеді.
Шығындарды стратегиялық басқару – ұйымның стратегия- лық басқаруына анық бағытталған шығындар туралы ақпаратты басқаруда пайдалану.
Шығындарды стратегиялық басқару – кəсіпорынның бəсеке- лестік стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тəсілдер мен əдістер жүйесінен тұрады. Тəсілдер мен əдістер кəсіпорын өндіретін өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде рацио- налды шығындар деңгейін болжауға, өндірістік үдерісте шы- ғындардың қажетті деңгейде қамтамасыз етілуін бақылауға жə- не сол шығындар деңгейін реттеуге, басқару шешімдерін қабыл- дағанда ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкін- дік береді. Шығындарды стратегиялық басқару өзі мақсат болып табылмайды, керісінше ұйымның стратегиялық мақсаттарына жету құралы ретінде көрінеді.
Стратегиялық басқаруда өнімді өндіру шығындары фактор ретінде өседі, өйткені ол кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігіне əсер етеді. Өнімді өндіру жəне өткізуге жұмсалатын шығын- дардың құрылымын білу кəсіпорынды тұрақты бəсекелестік ар- тықшылыққа жету жолдарын іздеуде едəуір алға шығаруы мүм- кін. Сондықтан кəсіпорында шығындар есебі жүйесі маңызды болып табылады.
Экономикасы дамыған елдердің кəсіпорындарында шы- ғындарды есепке алу мен бақылау тəжірибесі өзіндік құнды дəл- ме-дəл есептеуге аса назар аударылатынын көрсетеді, өйткені бұл кəсіпорынды тиімді басқару үшін қажет. Қандай өнім пай- далы, ал қандай шығынды болып табылады, сұранысқа ие, бірақ пайдалылығы төмен өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін қан- дай шаралар қабылдау қажет екенін білу керек.
Шығындарды дəстүрлі басқарудан стратегиялық басқаруға көшуді анықтайтын негізгі ерекшеліктер мен өзгерістер 12.1-кестеде келтірілген.
Шығындарды стратегиялық басқару (CSM) мен дəстүрлі тə- сіл арасындағы маңызды айырмашылық шығындарды басқару үдерісіне қатынасы туралы мүлдем басқа көзқарас болып табы- лады. Шығындарды басқару парадигмасы өзгерген деп айтуға болады.
Шығындарды дəстүрлі немесе стратегиялық басқару бойын- ша көзқарастың негізгі айырмашылықтарына назар аударамыз.
Мақсаты бойынша айырмашылық. Дəстүрлі көзқарастың мақсаты – негізгі бəсекелестік артықшылықтарды ұстап қалу жəне жаулап алудың негізгі тəсілі ретінде шығынды кез келген жолдармен азайту. CSM шеңберінде бұл мақсат та орын алады, бірақ шығындарды басқару жүйесін жоспарлау компанияның негізгі стратегиялық позициясына байланысты күрт өзгереді: шығындар бойынша көшбасшылық немесе өнімді саралау стра- тегиялық позициясы. Сонымен қатар əрбір стратегиялық бағыт шеңберінде шығындарды құндылық тізбегінің кез келген бөлі- гінде ұлғайтуды жоспарлауға болады, егер бұл басқа құндылық тізбегінің бөліктерінде жұмсалатын шығындарды барабар тө- мендетуге немесе фирманың басқа да бəсекелестік артықшы- лықтарына əкелетін болса.
Шығынды талдау тəсілдері бойынша айырмашылық. Дəс- түрлі тəсілде өнім бірлігінің өзіндік құны есептеледі. Осылайша, кəсіпорынның ішкі жағдайына ерекше назар аударылады. Қо- сылған құндылықтар (немесе құны) тұжырымдамасы маңызды рөл атқарады. Еске салайық, осы тұжырымдамаға сəйкес, шы- ғындарға əкелетін барлық іс-шаралар қосымша құндылықты алып келеді (жəне қосымша құндылық олардың қолжетімділігін ақтайды) жəне қосымша құнды əкелмейді деп бөлінеді. Соңғы
(қосымша құн əкелмейтін) шығындардың төмендеуі бойынша ең перспективалы болып саналады. CSM шеңберінде құн жалпы құн тізбегінің түрлі сатыларының тұрғысынан қарастырылады, оның ішінде кəсіпорын жəне оның бөлімшесі болып табылады. Қосылған құн тұжырымдамасы өте тар жəне тіпті қауіпті деп саналады.
12.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет