Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:
Калькуляциялау түсінігі, түрі жəне оның шығындарды басқаруда атқа- ратын рөлі.
Өзіндік құнды калькуляциялау əдістерінің негізгі жіктелу белгілері жə- не түрлері.
Тапсырыс бойынша калькуляциялау əдісінің мəні неде?
Үдеріс бойынша калькуляциялау əдісін қолдану ерекшелігі?
АВС əдісінің дəстүрлі шығындарды есепке алу əдістерінен айырмашы- лығы, артықшылығы мен кемшілігі.
Нақты жəне нормативтік өзіндік құнның шығындарын есепке алу əдіс- терінің сипаттамасын келтіріңіз.
Директ-костинг жүйесі қандай жағдайда қолданылады жəне оның ар- тықшылығы неде?
Таргет-костинг əдісі мен кайдзен-костинг əдісі арасындағы байланыс жəне айырмашылық.
тарау ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
Кəсіпорынның шығындарын талдау мəні мен мазмұны
Шығындарды талдау бақылау функциясының маңызды эле- менті ретінде кəсіпорынның барлық ресурстарының тиімді пай- далануын бағалауға, өндірісте шығындарды төмендету резервте- рін айқындауға, шығындар бойынша жоспарларды дайындау жəне оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпарат жи- науға көмектеседі.
Шығындарды талдау бақылау функциясының маңызды эле- менті болып табылады жəне шығындарды жоспарлау үшін ақпа- рат дайындайды. Талдау шығындарды басқару жүйесінде бір уа- қытта қызметтік циклдің соңы жəне басы болып табылады. Шы- ғындарды талдау жалпы кəсіпорын бойынша, сонымен қатар өн- дірістік бөлімшелері бойынша, шығындардың экономикалық элементтері жəне калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірлігі, өндіріс үдерісінің кезеңдері мен басқа да есепке алу объектілері бойынша жасалады.
10.1-суретте кəсіпорынның негізгі қызметі бойынша шы- ғындарды талдау мазмұны көрсетілген.
Шығындарды талдау үшін ақпарат көздері болып табыла- тын келесілер:
бухгалтерлік балансқа қосымша («Əдеттегі қызмет бойын- ша шығыстар» бөлімі);
кəсіпорынның статистикалық есеп беруі;
жоспарлы жəне есептік шығындар сметасы мен калькуля- циясы;
синтетикалық жəне аналитикалық шығындар есебінің жə- не өзіндік құнның мəліметтері.
Шығындарды талдау объектілері келесілер:
жалпы жəне шығындар элементтері бойынша өнімнің то- лық өзіндік құны;
өндірілген (өткізілген) өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейі;
өнімнің, жұмыстың, қызметтің жеке түрлерінің өзіндік құ-
ны;
кешендік шығындар элементтері;
кəсіпорынның жауапкершілік орталығы (ЖО).
Достарыңызбен бөлісу: |