Құнанбаева Д.Ə


Экономикалық элементтер бойынша шығындарды талдау



бет54/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
шб кытап ()

Экономикалық элементтер бойынша шығындарды талдау


Экономикалық элементтер бойынша шығындарды талдау негізгі қызмет түрлері бойынша өнімді өндіру жəне өткізу шы- ғындарын экономикалық элементтері бөлісінде зерттеуді қарас- тырады. Талдау экономикалық элементтері бөлісіндегі есептік кезеңнің нақты шығындарының үлес салмағын өткен кезеңнің нақты шығындарының үлес салмағымен немесе сондай-ақ жос- парланған көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі (10.1-кесте).



    1. -кесте

Кəсіпорынның шығындарын экономикалық элементтер бойынша талдау



Шығындар элементі

Алдыңғы кезең

Есеп беру кезеңі

Ауытқу (+,-)

Өсу қар- қыны,
%-пен

мың теңге

қоры- тындыға
%-пен

мың теңге

қоры- тындыға
%-пен

мың теңге

қоры- тындыға
%-пен

1. Материал-
дық шы- ғындар






















2. Еңбекақы
шығындары






















3. Əлеумет- тік қажетті- ліктерге
аударымдар






















4. Амортиза- ция






















5. Басқа шы-
ғындары






















Қорытынды






















Мұндай тəсіл шығындар құрылымдағы өзгерістерді анық- тауға жəне өнімнің материалсыйымдылығының, қорсыйымды- лығының, еңбексыйымдылығының өзгерісін айқындауға мүм- кіндік береді. Еңбекақы шығындары үлес салмағының төмендеуі еңбек өнімділігінің жоғарылауын білдіреді. Өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіру жəне өткізу шығындарының жалпы сомасында материалдық шығындар үлесінің өзгерісін талдау барысында сыртқы қызметақы шығындарының өсуіне ерекше назар аудару керек жəне олардың өсу себептерін анықтау қажет. Салыстырмалы түрде еңбекақы шығындары үлесінің өсу барысында материалдық шығындар үлес салмағының төмендеуі


өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістермен байланысты.
Шығындардың жалпы сомасында амортизация үлесінің өз- геруі өндірістің қорсыйымдылық жəне жұмысшылар еңбегінің қормен жарақтандырылу динамикасын, сондай-ақ аммортиза- цияны есептеу жаңа əдісін қолдануды көрсетеді. Амортизация- лық шығындар үлесінің төмендеуі негізгі қорлардың жаппай тозуын немесе олардың істен шығуын көрсетеді, өйткені бұл
жағдайда амортизациялық аударымдар есептелмейді, тоқтаты- лады. Амортизациялық шығындарының нақты төмендеу себебін кəсіпорынның негізгі қорларының жағдайы мен пайдалануын арнайы талдау көрсетеді.
Негізгі қорлардың амортизациялық шығындары үлесінің өсуі техниканың жеделдетілген амортизациясын қолданумен не- месе өндіріске жаңа техника енгізумен байланысты.
Егер кəсіпорында бір есептік кезеңде негізгі қорлардың (əсі- ресе негізгі қорлардың белсенді бөлігі) амортизациялық шы- ғындары үлесінің төмендеуі еңбекақы шығындары үлесінің тө- мендеуімен қатар бірге жүретін болса, қызметкерлердің еңбек қарқындылығының өсуі байқалады. Ал бұл өз кезегімен əлеу- меттік шиеленістің өсуіне жəне ең жоғары білікті мамандардың жұмыстан кетуіне əкеліп соғатыны сөзсіз. Сондықтан осында талдау нəтижелеріне ерекше назар аудару керек.
Материалдық шығындарды талдау үшін кəсіпорынның есептік мəліметтері бойынша арнайы келесі кестені құрған жөн болады.

    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет