Құнанбаева Д.Ə


-cурет. Кəсіпорында шығындарды басқару функцияларының өзара байланысы Шығындарды реттеу жəне координациялау –



бет6/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
шб кытап ()

1.1-cурет. Кəсіпорында шығындарды басқару функцияларының өзара байланысы

Шығындарды реттеу жəне координациялау нақты шығын- дарды жоспарланған деңгейімен салыстыру, ауытқуларды анық-


тау жəне сəйкессіздіктерді жою бойынша жедел шараларды қа- былдау. Уақытылы жасалған координация жəне шығындарды реттеу кəсіпорынға айтарлықтай кəсіпорын қызметінің жоспар- ланған экономикалық нəтижелеріне жету үдерісін сəтсіздікке ұшырауының алдын алады.
Есеп шығындарды басқару элементі ретінде дұрыс шешім қабылдауға ақпаратты дайындау қажет. Нарықтық экономикада есепті екі түрге бөліп қарастырады: басқарушылық жəне қаржы- лық есеп.
Басқарушылық есеп кəсіпорынды басқарудың белсенді құ- ралы ретінде, жағдайды талдауға, тұтынушылық ақпаратты зерттеуге, стандартты шығындардан ауытқуды талдауға негіз- делген. Басқарушылық есеп жүйесінде менеджерлерге кəсіп- орын ішінде шешім қабылдауға қажетті ақпарат дайындалады.
Қаржылық есеп кəсіпорыннан тыс қолданушыларға ақпа- ратты табыстайды жəне пайданы анықтау үшін шығындар мен табыстарды салыстыруға негізделген.
Бақылау функциясы (мониторинг) шығындарды басқару жүйесінде жоспарланған жəне нақты шығындарды салыстыру үшін кері байланысты қамтамасыз етеді. Бақылаудың тиімділігі нақты шығындарды жоспарланған шығындарға келтіруге немесе егер олар объективті өзгерген өндірістік шарттарға сəйкес орындалмайтын болса, жоспарды нақтылауға бағытталған рет- теуші басқарушы əрекеттермен байланысты.
Шығындарды талдау шығындарды басқару жүйесінде бақы- лау функциясының элементі болып табылады. Ол басқарушы- лық шаруашылық шешімдер мен əрекеттердің алдында жасала- ды, оларды негіздейді жəне дайындайды. Талдау кəсіпорынның барлық ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалауға, өндіріске шығындарды төмендету резервтерін айқындауға, рационалды басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін материалдарды дайындауға мүмкіншілктер береді.
Сонымен қатар соңғы жылдары ұйымның мақсаттарына же- туге қызметкерлерді ынталандыру күшейді. Шығындарды бас- қаруға қатысты қызметкерлерді белгіленген шығындар жоспа- рынан ауытқымау үшін жəне оларды төмендету мүмкіндіктерін
табуға жігерлендіретін өндірістің қатысушыларына əсер ету əді- сі ретінде ынталандыру функциясы белсенді көріне бастады. Мұндай əрекеттерді мотивациялау үшін материалды жəне мо- ральді ынталандыру қолданылады. Шығындардың өсуіне байла- нысты жазалауға болмайды, мұндай жағдайда жұмысшылар жоспарланған шығындар сомасын жоғарылату мақсатында дау- ласуы мүмкін. Кəсіпорынның негізгі мақсатына жету – шығын- дарды төмендету арқылы максималды пайда табу қиын болып кетуі мүмкін.
Сонымен, шығындарды басқару – бұл мақсаты кəсіпорын қызметінің жоғары экономикалық жетістіктеріне жеткізетін, ті- келей жəне кері басқарушылық əрекеттен тұратын динамикалық үдеріс болып табылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет