Құнанбаева Д.Ə



бет8/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. «Шығын» мен «шығыс» ұғымдарына түсініктеме беріңіз. Шығындар- дың шығыстардан айырмашылығы неде?

  2. Шығындарды басқару мақсаты неде?

  3. Кəсіпорында шығындарды басқарудың нысаны мен субъектілерін атаңыз.

  4. Басқару заты ретінде шығындардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  5. Кəсіпорында шығындарды басқару қандай міндеттерді шешуге бағыт- талған?

  6. Шығындарды басқару функциялардың өзара байланысын сипаттаңыз.

  7. Кəсіпорында шығындарды басқару қағидалары қандай?


      1. тарау


ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ


    1. Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны. Өнімнің өзіндік құнының мəні, түрі


Əрбір коммерциялық ұйым өнімді өндіруді бастамас бұрын қандай табыс, қандай пайда алатынын анықтайды. Кəсіпорын- ның пайдасы екі көрсеткішке байланысты болады: өнімнің баға- сы жəне оны өндіру шығындары. Өнімнің нарықтағы бағасы сұ- раныс пен ұсыныстың өзара байланысының нəтижесі. Нарықтық баға белгілеу заңдарының əсерінен еркін бəсекелестік шартында өнімнің бағасы өндіруші немесе сатып алушының талабына сəй- кес жоғары немесе төмен бола алмайды, автоматты түрде теңе- седі. Басқаша жағдай – өнімді өндіру шығындары. Олар тұтыны- латын еңбек немесе материалды ресурстардың көлеміне, техни- каның, өндірісті ұйымдастыру деңгейіне жəне басқа да фактор- ларға байланысты жоғарылайды немесе төмендейді. Сондықтан өндіруші шығындарды төмендетудің көптеген сан алуан, дұрыс басқару негізінде қолдана алатын тетіктерге ие.


Өнімді өндіруге жəне сатуға белгілі ресурстар түрі натурал- дық нысанда жұмсалады: материалдық, еңбектік, ақпараттық. Кəсіпорын қызметінің тиімділігін анықтау үшін, осы шығындар- ды құндық (ақшалай) түрде бағалау керек. Құндық (ақшалай) түрдегі өндіріс факторлардың шығындары өнімнің өзіндік құны көрсеткішінде көрінісін табады. Бұл көрсеткіш ақшалай өлшем- де барлық материалдық шығындарды, еңбекақы шығындарын жəне тағы басқа өнімді өндіру жəне сату үшін қажет шығындар- ды сипаттайды.
Сонымен, кəсіпорынға қандай да бір өнімді, тауарды өндіру жəне тұтынушыға дейін жеткізу қаншалықты қымбатқа немесе арзанға түскенін бейнелейтін экономикалық көрсеткіші өзіндік құн болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіндік құн бұл
ұйымның өнімін өндіру жəне өткізумен байлынысты барлық шығындардың құндық бағасы.
Өзіндік құнның экономикалық мəні жұмсалған шығындардың орнын толтыру жəне барлық өндіріс элементтерінің қарапайым қайта өндіру қабілетін қалпына келтіру болып табылады. Өзіндік құнның мəні жүзеге асыратын қызметімен айқындалады:

  • өзіндік құн өнім құнының салмақты бөлігі болып табы- лады. Онда өндірістің жалпы шығындарының бестен төрт бөлігі кіреді. Бұл дегеніміз өзіндік құн арқылы өндіріс қаражаттары- ның шығындалуын қамтамасыз етеді;

  • өзіндік құн көтерме баға құру базасы болып табылады, оны есепке алмай дəлелді баға белгілеу мүмкін емес;

  • өзіндік құн негізінде өнімнің жеке түрлерінің пайдасы жə- не рентабельділігі есептеледі, яғни өнімді шығару мақсаттылы- ғы;

  • өзіндік құнда кəсіпорынның техникалық жабдықталу дең- гейі, негізгі қорларды, материалдарды, энергияны, жұмыс күшін пайдалану дəрежесі, еңбекті ұйымдастыру əдістерінің жетілдіруі жəне өндірісті басқару көрініс табады.

Өзіндік құн – кəсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызме- тінің сапалық көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы арқы- лы пайда мен рентабельділік сияқты тиімділіктің негізгі көрсет- кіштерін анықтауға болады.
Өзіндік құн – кəсіпорынның қызметінінің барлық жақтарын олардың бірлігі мен өзара байланысын сипаттайтын синтетика- лық жалпылама көрсеткіш.
Есепке алатын шығындардың көлемі бойынша өзіндік құн- ның 3 түрін ажыратады:

  1. цехтық өзіндік құн (ӨҚ цех.) – цех шегінде өнімді өндіру- ге кететін шығындар;

  2. өндірістік өзіндік құн (ӨҚ өндір.) – цех шегінде өнімді өндіруге кететін шығындар мен бірге жалпы өндірістік шы- ғындар (ЖӨШ);

ӨҚ өндір = ӨҚ цех. + ЖӨШ.




ЖӨШ – кəсіпорынды басқару, қосалқы жəне қызмет етуші өн- дірістік бөлімшелерді немесе шаруашылықты ұстау шығындары.

  1. толық өзіндік құн (ӨҚ толық)

ӨҚ толық = ӨҚ өндір + ӨТШ,


мұндағы ӨТШ – өндірістен тыс шығындар, яғни өнімді өткізу- мен байланысты шығындар.


Сонымен қатар өзіндік құнды есептеу үшін қолданылатын деректер көздеріне байланысты жоспарлы, нақты, күтілетін, нормативтік жəне сметалық өзіндік құнды ажыратады.
Жоспарлы өзіндік құн жоспарлық нормалар мен көрсеткіш- тер негізінде жоспарланатын мерзімге календарлық уақыттың басында есептеледі жəне кəсіпорынның əлеуметтік, экономика- лық даму жоспарының құрылымдық бөлігі болып табылады.
Нақты өзіндік құн өнімді өндіру мен өткізу шығындарының бухгалтерлік есебі деректері бойынша есептік мерзімнің соңын- да анықталады. Оның жоспарлы өзіндік құнынан айырмашылы- ғы болуы мүмкін, себебі нақты өнімді өндіру жəне өткізу шы- ғындарын сипаттайды. Бұл айырмашылықтың мөлшері еңбек өнімділігіне, кəсіпорынның негізгі жəне айналым қорларын тиімді пайдалануға, сыртқы экономикалы факторларға байланысты.
Күтілетін өзіндік құн 9 айдың нақты шығындары есебі жəне 4-кварталдың күтілетін шығындары есебі негізінде анықталады. Бұл көрсеткіш өндірісті басқару қызметінде кеңінен қолданыла- ды. Кəсіпорындардың басшылары мен мамандары күтілетін өзіндік құн көрсеткіштерін қолдану арқылы жыл соңына дейін қалған уақытқа ары қарай өнімнің өзіндік құнын төмендету жə- не өндіріс рентабельділігін арттыру бойынша шараларды құру мүмкіндігіне ие болады.
Нормативтік өзіндік құн материалдық ресурстардың шығын нормасы, сонымен қатар еңбек шығыны мен еңбеқақы нормасы бойынша есептеледі. Осы нормалары бойынша өндіріске мате- риалдық ресурстары жіберіледі, еңбекақы есептеледі. Норматив- тік өзіндік құн көрсеткіші нақты шығындардың нормалардан болған ауытқуларын жедел бақылау үшін қолданылады.
Сметалық өзіндік құн нақты бұйымдарды өндіруге кеткен шығындарды немесе бірақ рет орындалатын жұмыстарды сипат- тайды. Əдетінше, сметалық өзіндік құн күрделі жөндеуге немесе бөлек объектілердің құрылысына жасалады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет