Құнанбаева Д.Ə



бет4/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
шб кытап ()


тарау


КƏСІПОРЫНДА ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Шығындар мəні, шығындарды басқару мақсаты жəне міндеттері


Өндірістің дамуымен бірге шығындарды зерттеу экономика- лық ғылымы мен тəжірибесі де бірге дамуда. Жалпы тəжірибе- лік тұрғыдан қарағанда, кəсіпорын шығындары белгілі мерзімде өнім өндіру жəне сату үшін пайдаланатын ресурстардың ақша- мен есептелетін өлшемін сипаттайды жəне өнімнің өзіндік құ- нына айналады.


Көп жағдайда, экономикалық əдебиет пен тəжірибеде «шы- ғын» термині мен бірге «шығыс» термині қолданылады. Əдетін- ше, осы екі термин синоним ретінде сəйкестендіріледі, олардың арасында айырмашылық көрсетілмейді. Бірақ біз бұл терминдер экономикалық мазмұны жағынан əртүрлі ұғымды білдіреді де- ген пікірлерге қосыламыз.
Кəсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайда- ланумен анықталады. Яғни шығындар белгілі мерзімде өнім өн- діру мен сату барысында қанша жəне қандай ресурстар жұмсал- ғанын көрсетеді. Екіншіден, шығындар пайдаланатын ресурс- тардың ақшамен есептелетін өлшемін көрсетеді. Үшіншіден, пайдаланатын ресурстардың ақшамен көрсетілетін өлшемі кəсі- порын немесе оның өндірістік бөлімшелерінің өнім өндіру жəне сату негізгі қызметі бойынша есептеледі.
Өнім өндіру жəне сату шығындары өндіріс алдындағы шы- ғындарды, тікелей технологиялық операцияларды орындау, өн- дірістік жабдықтар мен машиналарға қызмет көрсету жəне олар- мен жұмыс жасау, өндірісті басқарумен байланысты өндірістік шығындарды, жалпы əкімшілік басқару жəне өнім сатумен бай- ланысты басқару жəне коммерциялық шығындарды қамтиды.
Кəсіпорынның шығысы сипатына, жүзеге асыру шарттары- на жəне өндіріс қызметінің бағытына қарай келесілерге бөлінеді:

  • əдеттегі қызмет түрі бойынша шығыс;

  • операциялық шығыс;

  • өнімді сатудан тыс шығыс;

  • төтенше жағдайдың шығысы.

Шығыс кəсіпорынның төлем қорларын немесе басқа мүлігін азайтады жəне төлем мезгіліндегі есепке алуда көрсетіледі. Ал шығын шығыспен салыстырғанда, кəсіпорынның өндірістік үде- рісінде жұмсалу мезгіліндегі есепке алуда көрсетіледі.
Шығыс пен шығынның өзара байланысын сипаттайтын жағ- дайларды қарастыратын болсақ, біріншіден, кəсіпорынның бел- гілі жұмыс мерзімінде шығыс шығыннан көп болуы мүмкін. Мысалы, алдын ала қорға алынған шикі затпен материалдардың төлемі өткен немесе болашақ кезеңдегі жұмыс үшін қызметкер- лерге жалақы төлеу жəне т.б.
Екіншіден, белгілі жағдайда кəсіпорынның шығысы шы- ғыннан аз болуы мүмкін. Мысалы, алдын ала сатып алынған шикі зат пен материалдарды өңдеу шығындары, т.б.
Үшінші жағдайда, кəсіпорынның шығысы мен шығыны бір- біріне тең болады. Мысалы, бір есептік мезгілде сатып алынған жəне өңделген шикі зат пен материалдар төлемі, т.б.
Шығындарды басқару – бұл шығындарды тұрақты бақылау жəне азайтуды ынталандыру барысында түрлері, пайда болу ор- ны жəне тасымалдаушылары бойынша шығындарды мақсатты қалыптастыру үдерісі. Шығындарды басқару кез келген кəсіп- орынның экономикалық механизмінің маңызды қызметі.
Шығындарды басқару нысаны өнімді жобалау өндіру, өткі- зу, пайдалану жəне жоюға жұмсалатын əртүрлі шығындар бо- лып табылады.
Шығындарды басқару субъектілері кəсіпорынның жəне өн- дірістік бөлімшелердің (цехтардың, бөлімдердің, учаскелердің жəне т.б.) басшылары мен мамандары болып табылады.
Басқару нысаны ретінде шығындардың ерекшеліктері:

  • динамизм – шығындар ұдайы қозғалыста, өзгерісте бола- ды. Нарықтық жағдайда сатып алынатын шикізат пен мате- риалдардың, жинақтаушы бөлшектер мен бұйымдардың, электр қуаты пен қызметтің (байланыс, көлік жəне т.б.) бағасы үнемі

өзгеруде. Жұмыс шығыны мен материал шығынының нормасы қайта қаралады, өнім жаңарады, ал бұл өз кезегімен өнімнің өзіндік құны мен шығындардың деңгейіне əсер етеді. Сондық- тан шығындарды тұрақты қалыпта қарастыру нақты жағдайды сипаттамайды жəне шартты болып саналады;

  • көптүрлілік, өз кезегімен шығындарды басқару əдістері мен тəсілдері де əртүрлілігімен сипатталады. Шығынның көп түрлілігі олардың жіктелуінде анықталады (2-тарау). Шығындар жіктелімі, біріншіден, кəсіпорынның қызметінің экономикалық нəтижесіне бөлек шығындардың əсер ету деңгейін анықтау, екіншіден, сол немесе басқа да шығындар түрлерінің деңгейіне əсер ету мүмкіндікті бағалау, соңғысы, өнімге оны өндіру мен өткізуге қажет шығындарды ғана жатқызуға мүмкіндік береді. Ең маңызды жəне күрделі мəселе – кəсіпорынның қызметінің бөлек түрлері мен өндірістік бөлімдеріне кететін шығындарды дұрыс бөлу;

  • шығындарды мөлшерлеу, есепке алу жəне бағалау қиын- дығы. Шығындарды мөлшерлеу жəне есепке алу абсолютті дəл əдістердің жоқтығы;

  • шығындардың экономикалық нəтижеге əсер ету қиынды- ғы жəне қарама-қайшылығы. Мысалы, ағымдағы өндірістік шы- ғындарды төмендету арқылы кəсіпорынның пайдасын жоғары- латуға болады, ал бұл өз кезегімен, ғылыми-зерттеу жəне кон- структорлық жұмыстарға шығындарды көбейту арқылы қамта- масыз етіледі.

Шығындарды басқару мақсаты ең тиімді тəсілмен белгілі нəтижеге жету үшін жұмсалған шығындардың мөлшерін дұрыс анықтау болып табылады.
Кəсіпорынның шығындарын басқару келесі негізгі міндет- терді шешуге бағытталған:

  • қызметтің экономикалық нəтижесін жоғарылату фактор- лары ретінде шығындарды басқару рөлін айқындау;

  • негізгі басқару функциялары бойынша шығындарды анық-

тау;

  • кəсіпорынның операциялық жəне географиялық сегменттері,

өндірістік бөлімшелері бойынша шығындарды есептеу;

  • өнімнің (жұмыстың, қызметтің) бірлігіне кететін қажетті шығындарды есептеу;

  • шаруашылық шешімдерді таңдау жəне қабылдау кезінде шығындарды бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттық база дайындау;

  • шығындарды бақылау жəне өлшеу техникалық əдістері мен тəсілдерін айқындау.

  • кəсіпорынның өндірістік процесінің барлық этаптарында жəне барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды төмендету резервтерін іздеу;

  • шығындарды нормалау əдістерін таңдау;

  • кəсіпорын жұмысының шарттарына сəйкес шығындарды басқару жүйесін таңдау.

Шығындарды басқару міндеттерінің кешенді түрде шешілуі кəсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне əкеледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет