Науқастарды эндоскопиялық ЖӘне рентгенологиялық зерттеулерге дайындау науқасты бронхоскопияға даярлау



бет11/11
Дата12.09.2023
өлшемі29.89 Kb.
#477358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКС

Пиелографияны дәрігер жүргізеді.


Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.

  2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.

  4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.

  5. Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін науқасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.

  6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігітуралы науқасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.

  7. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.

  8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

  9. Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.



Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  2. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

  3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

  4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет