Әдебиеттегі гуманизм мәселелері
Жетекші: ф.ғ.д., профессор
Жұмағали Задан Тасқалиұлы
М.Горький іргесін қалаған кеңестік әдебиеттің қайраткерлері мен шет елдердің бір алуан қаламгерлерінің өздерінің творчестволық сапарында күні кешеге дейін талайымыз ең озық ең гуманистік әдіс деп асқақтата аспанға көтерген социалистік реализмге арқа сүйегені мәлім. Белгілі жағдайға байланысты оның таптық партиялық делінетін принциптерінің әдебиеттің, өнердің танымдық, эстетикалық ерекшеліктеріне жанаспайтынын, тек саясатқа, әкімшілікке құлдық ұрғызатын айла-амал екенін сезінсек те, тіс жарып жөнді ештеңе айта алмадық. Дүрмектен қалмауға тырыстық. Егер біреу-міреу жазатайым осы қалай дей қалса, бар бәлені үйіп-төгіп аяусыз қуғынға салдық. Оның есесіне социалистік реализм дүниенің, қоғамның даму заңдылықтарын ашып қана қоймай, Адамның мүддесіне, талап-тілегіне орай оны қалай қайтадан жасау керек екенін түбегейлі тұжырымдаған марксизм-ленинизм қағидаларынан туындайтын баптардан тұратынын жарыса «дәлелдеп» бақтық. Сыншыл реализм заманның, дәуірдің қатпар-қыртысын, таптық қайшылықты, жеке мен әлеуметтік құрылыстың арасындағы сәйкессіздікті кеңінен сипаттағанымен, адамды тіршілік етіп отырған ортасынан бөліп, дербес қарастыра алмағанын, яғни сомдаған кейіпкерлері қанша бұлқынғанымен сол қоғамға тәуелді болып қала бергенін, кемшілікке сайып, социалистік реализмнің мәселені төтесінен қоятынын, оның геройларының соншама қабілеттілігін, қажет болса, төңірегін түгелдей өзгертуге дейін тайсалмай баратын «жойқын құдіретін» зор ерлік ретінде дәріптеумен болдық. Мұны, қысқасы, оның Адамның өзінің табиғи мүмкіндігіне сай, барлық жағынан да жарқырай көрінуіне бөгет жасайтын кедергі-жайсыздықтардың қайсысымен де қирата, бұза-жара күрес жүргізуін белсене қолдайтын озық та үздік қасиеті деп марапаттадық.
Бірақ қалай десек те, халқымыздың алғашқы он - он бес жылдың өзінде жаппай сауаттануына байланысты, маңдай алды қайраткерлерінің жолсыз жазаға ұшырағанына қарамастан, әдебиет, өнер, мәдениет, ғылымның тоқыраушылықтан тез айығып, үлкен қарқынмен дамығаны, өткен-кеткеніміз бен бүгінгімізді еуропалық өлшем-үлгі деңгейінде өрнектейтін, төрт тақтасы түгел сан алуан рухани дүниелердің өмірге келгені тағы рас. Бұл — әкімшілік-тоталитарлық жүйенің қаншама қатал, қатыгез болғанымен өсу, ілгерілеу процесін түп-түгел тұмшалай алмағанының белгісі.
Кеңес өкіметі кезінде жаңалық, жақсылық көрген емеспіз, бір өңкей қиянат-қысымнан көз ашпадық демесек те, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеп, оның ешкімнің табанына тапталмай, еркіндікте, теңдікте тұрмыс шегуін армандаған азаматтардың ақ-қарасы жан-жақты тексерілмей, қараңғы қапасқа қамалуы, талай жылдар бойы жат, жаулардың тізіміне тіркелуі — арқаны аяздай қаритын жағдайсыз жайт. Өмірбақи ұмытылмайтын, шектен шыққан өрескелдік деп білеміз.
Бүгіндері байқастай қарасақ, қаншама көтермелей сөйлесек те, тымақпен ұрып алатын мөлшерден алысқа ұзамаппыз. Таз кепешімізді шекемізге шікірейте киіп, көсемдердің өсиеттерін сарнатудан өзгені ойластырып жарытпаппыз. Бәрінен бұрын байлықты, барлықты сынап, жамандаймыз деп жүріп, бәз-баяғы бөстегіміздің маңайын шиырлаудан әрі аса алмағанымыз зор өкініш. Ал көршілеріміз болса, сиынары мен сүйінерін, біз сияқты киіз кітаптардан іздемей, өмірдің өзінен тауып, ілгерілей беріпті, дами беріпті. Қайшылық-қақтығыстың ем-домын да естен шығармапты. Басқасы басқа, кешегі өзіміз ордасын ойрандап, күл-қоқысқа көміп кеткен елдерден кеусен сұрағандай күй кешіп отырғанымызды нендей уәжбен бүркемелемекпіз? Бұл сықылды кереғарлықтың түпкі жауырды жаба тоқу, қазіргімізді бір ыңғай көптірі мақтап, өткендегімізді кептіре жамандау тенденциясының кешікпей айықпас дертке айналғаны соншама, одан күні бүгінге дейін жөнді айықпай келе жатқанымыз алыс-жақынның бәріне аян.
Қазір демократияның арқасында, оң-солымызды айқындап, бұрынғы кеткен қате-кемшіліктерді жөндеп-түзетуге тырмысып жатқандай жайдамыз. Кешеге дейін тек мадақталумен болған большевиктер партиясы мен олар жүргізген іс-қимылдарды белсене қолдаған: «Тар жол, тайғақ кешу», «Советстан», «Ботакөз», «Ақ Жайық», «Өскен өркен», «Миллионер» және тағы басқаларды сөреден аластап, жылы жауып тастаймыз ба? Итбай, Абылаев, Қоянжырықтарды таза қиялдың, әсіре солақай әкімшілдіктің жемісіне балап, авторлардың оларды түбегейлі өңдеуін, жөндеуін талап етеміз бе? Дауыс шықса, алды-артына қарамай қанатын бірден қаға жөнелетін кейбір пысықайлар ашықтан-ашық: Жамбыл, С.Сейфуллин, С.Мұқановтар бүкіл өмір бойы социализм үшін ат салысты, коммунистік партияны, Ленинді, совет өкіметін жырлаудан ауыздары босаған жоқ, сондықтан оларды оқу бағдарламаларынан шығарып, кітаптарын қолданыстан алып тастау керек деген ұсыныстар айтуда. Ал былайғыларымыз үшін Амантай, Асқар, Тоқаш, Хакім, Еламандар — туған халқының бүгінгісі мен болашағы, бостандығы мен еркіндігі жолында басын бәйгеге тігуге дейін барған айдынды да ардақты гуманистер. Сан жылдар бойы үлкен-кішімен ең жақын ет бауырындай сырласып келген, қиын-қиын ситуациялардан жол тауып шығудың ақылға сай, көңілге қонымды жөн-жобасын ұсына білген қадірменді жандардың жиынтық бейнесі. Оларды дәл, сол қалпында адамзаттың тағдырына бөтен позициядан қарағандарға, еліміздің өмірінде орын алған сан қилы жөнсіздіктерге, апат, қасіреттерге қатысы бар деуге еш негіз жоқ. Ендеше ол шығармаларды сөз еткенде ғасырға жуық тарихымызға топырақ шашпай, қаламгерлердің кейбір әсірелеулерге, иіп-бүгуге бару себептерін саяси-әлеуметтік жағдайлармен сабақтастыра отырып салқын қандылықпен әңгімелеу қажет. Сонда ғана сөз өнерінің мақсат-міндетін айқынырақ сезініп, адам баласына тән жақсылық пен жарасымдылықтың — гуманизмнің — тереңіне бойлаңқырай түсеміз, дұрыстыққа, әділдікке жақындай түсеміз. «Міне осындай да заман болды» деп өткен-кеткеннің қателігін жіпке тізсек, оны бірден жөндеуге, түзетуге кірісудің орнына, бір алуан күш-жігерді қудалау, күстәналау әрекетіне жұмсасақ, берекелі ештеңе таппаймыз. Бұл — тәжірибеде сан рет дәлелденген ақберен ақиқат.
Жұмыс нәтижесі
Зерттеу жұмысының нәтижесі — Филол. факультеті студенттеріне мамандандыру пәні ретінде ғылыми ой-пікірлердің жүйелі түрде оқытылуында.
Сонымен қатар көптеген курстық жұмыстар мен дипломдық жұмыстар нәтижелі қорғалды және қорғала бермек.
Жарияланған еңбектер
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде 4 монографиялық еңбек және 50-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.
Монография және оқу құралы -
Өршіл гуманизм өнегесі, 1977.
-
Уақыт және әдебиет, 1999.
-
Замана сазы, 2002.
-
Жылдар, ойлар, 2004.
-
Шындық және көркем әдебиет, 1993.
-
Кезең және әдебиет, 2004.
Ғылыми мақалалар -
Дауылды жылдар шежіресі. — Алматы: Жазушы, 1987.
-
Отты жылдар елесі: Аспиранттар мен ізденушілер жин., 1963.
-
Бандыны қуған Хамит // Қазақстан мектебі. — 1964.—№ 11.
-
Ерлік өмір бейнесі. — Аспиранттар мен ізденушілер жин., 1965.
-
Жаңа өмір үшін күрес хикаялары // Жұлдыз. — 1966. — № 8.
-
Дәуір шежіресі туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің жин. — VІІІ шығ. — 1971.
-
«Тар жол, тайғақ кешудің» екі нұсқасы // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. — 1973. — № 6.
-
Деректі шығармалар туралы // Жұлдыз. — 1973. — № 2.
-
Тарихи кезең және реалистік тұлға // Жалын. — 1974. — № 2.
-
Ардагер ақынның көркем бейнесі // Қазақстан коммунисі.— 1974. — № 11.
-
Өскен әдебиеттің өрелі тақырыбы // Қазақ тілі мен әдебиеті. — ҚазМУ. — ІV шығ. — 1974.
-
Жалындап өткен жақсы өмір: сб. науч. тр. по гуманит. наукам. — Вып. І. — Караганда: Изд. КарГУ, 1974.
-
Өмір сырынан бір белес: сб. науч. тр. по гуманит. наукам. — Вып. І. — Караганда: Изд. КарГУ, 1974.
-
Ұлы күрес дәуірі және көркем әдебиет // Гуманитарные науки: сб. ст. — Вып. 2. — Караганда: Изд. КарГУ, 1975.
-
Ұлы Октябрь және әдебиет // Жұлдыз. — 1977. — № 2.
-
Сыр туралы сыр // Білім және еңбек. — 1978. — № 1.
-
Әдебиетіміздің биік белесі // Қазақ Филол.сының мәселелері: жин. — Алматы: КазМУ, 1979.
-
«Өмір мектебі» өрнектері // Жалын. — 1980. — № 2.
-
Өмір өзегі // Қазақ әдебиетінің мәселелері: жин. — Алматы: ҚазМУ, 1982.
-
Қазақ прозасындағы халық образы // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. — 1982. — № 3.
-
Прозадағы лиризм туралы кейбір ойлар // Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі: ҚазПИ жин. — 1982.
-
Лирикалық проза туралы кейбір ойлар // Литература и фольклор Казахстана: жин. — Карағанды: Изд. КарГУ, 1983.
-
Сәкен туралы бірер сөз // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. — 1984. — № 2.
-
Революциялық гуманизм және көркем әдебиет // Қазақ әдебиетінің стиль проблемалары: жин. — Алматы: ҚазМУ, 1986.
-
Ж.Аймауытовтың суреткерлігі хақында бірер сөз: ХV ғыл.-практ. конф. баянд. тез. — ІІІ б. — Қарағанды, 1990.
-
Пушкин және Шәкәрім: Респ. ғыл.-әдіст. конф. баянд. тез. — Қарағанды, 1991.
-
Пушкин және Шәкәрім // Поэтика жанра: ҚарМУ жин. — 1992.
-
Ізгілік пен ірілік иірімі // Историческая поэтика: сб. науч. тр. — Караганда, 1993.
-
Сурет сыры // Ученые записки. — КарПИ, 1994. — Т. І.
-
Кезең шындығынан бір елес // Жанрово-стилевые процессы в фольклоре и литературе: сб. науч. тр. — Караганда, 1995.
-
Абай мұрасының танымдық, тағылымдық мәні: Абайдың саяси-құқықтық мұрасы және жаңа кезең: ғыл. еңб. жин. — Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1995.
-
Ұлылық ұлағаты // Қарқаралы. — 1998.— № 1,2; — 1999. — № 1–2.
-
Өрнек сыры. С.Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман: жин. — Петропавл, 2000.
-
Замана өрнегі // Қарқаралы. — 2000. — № 1, 2.
-
Ойтолғақ // Азия-транзит. — 2001. — № 6.
-
Ж.Аймауытовтың танымдық, эстетикалық әлемі // Азия-транзит. –2001. № 10, 11.
-
Сөз және сурет. М.Әуезов және әлем әдебиеті: Халықарал. ғыл.-теор. конф. материалдары. — Алматы: ҚазМҰУ, 2002.
-
Елін сүйген есіл ер // Азия-транзит. — 2002. — № 2, 3.
-
Асыл қазына // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2002. — № 4.
-
Бұлыңғыр бағдар, бұлдыр тағдыр // Азия-транзит. — 2002. — № 9, 12.
-
«Боранның» қазақшасы хақында. Ғ.Мұстафин және қазіргі қазақ прозасы: жин. — 2002.
-
«Тулаған толқында» повесінің көркемдік сипаты // Қазақ тілі мен әдебиеті.— 2002. — № 11.
-
Шәкәрім — аудармашы. «Шәкәрім дәрістері»: ІІІ респ. ғыл.-тәжір. конф. — Семей, 2002.
-
Кең өрісті кемел жанр. Қазіргі таңдағы қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері: жин.– Қарағанды, 2002.
-
«Абай жолы» эпопеясының тіл көркемдігі // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2003. — № 4.
-
Ерлік пен елдік толғамы // Азия-транзит. — 2003. — № 9, 10, 12.
-
Көркем әдебиеттегі Қарағанды бейнесі. Сыр сандығым Сарыарқа: «Орталық Қазақстандағы халық шығармашылығы мен әдебиеттің қалыптасуы және дамуы» атты респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 44–46 - б.
-
«Абай жолы» — елдік, өркениеттілік жаршысы // Азия-транзит. — Қарағанды, 2005. — № 10 — 12.
-
А.Байтұрсынұлы — аудармашы. Ахметтану бастамалары. — Қарағанды: Болашақ баспа, 2005. — 141–148 – б.
Ақпараттық байланыс
100028, Қарағанды қ., Мұқанов көш-сі, 1,
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ. Филол. факультеті.
Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы кафедрасы.
8 (3212) 77–04–32
phil_faculty@ksu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |