154
155
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ
Хабаршысы, ISSN 1811-1831
Педагогикалық сериясы № 1. 2018
болады, сол себепті мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына назар аударылуда.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен
қолданылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жаңа технологиялардың қатарына әдіскер ғалымдар жасақтаған
«Модульдік оқыту технологиясы» (М. Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар»
(Ж. Қараев), «Сатылай кешенді талдау» (Н. Оразақынова) т.б. технологияларды
жатқызуға болады. Жаңа технологияларды қолданып өткізілетін сабақтарды
жоспарлаудың негізгі талаптары мынадай: психологиялық ахуал туғызу;
оқушылардың сабаққа
деген қызығушылықтарын тудыру; ақпараттық-
коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету; сыныптағы
әр деңгейлі оқушылардың ескерерілуі; өзіндік тұжырым келтіру; өздігінен
орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету;
оқушылар өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе
талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік жасауды туғызу [1].
Оқыту технологиялары мен әдістерінің кез келген жаңа түрін белсенді
әрекетке айналдыру оқытушының әдіскерлік шеберлігіне, шығармашылық
ізденісіне байланысты екені мәлім. Осыдан оқыту үрдісінде жеке, топтық,
ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен оқу мақсатына сәйкес және үйлесімді
жүргізудің қажеттілігі туындайды, сол жағдайда ғана оқыту жүйесінде әртүрлі
жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер бере алады.
Сабақ
барысында қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды, олардың ішінде
модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба, дамыта оқыту,
деңгейлеп-саралап оқыту сияқты әдістерді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты таңдап қолдану аса маңызды [2].
Әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен
жетістіктерге жетелейді. Мысалы, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың
элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше
көңіл бөлуге болады. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндіктеріне
бағытталған. Ғалымдар Л. Выготский, В. Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны
түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған.
Деңгейлеп-саралап оқытуды айтсақ, сабақ барысында әрбір оқушы 1-деңгей
тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдің тапсырмаларын
орындауға құқылы. Осы деңгейлеп-саралап оқытудың басты бір қажеттілігі –
оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, оның шығармашылық бейімділіктерін әрі
қарай дамыту [3].
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуы, белсенділігі, білімін өмірлік
іс-тәжірибеде қолдануы, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешуінің
негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы деуге болады.
Заманауи педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі
– модульдік оқыту технологиясы. Осы технология қазіргі қазақ тілі пәнін
оқытудағы тиімді әдістердің біріне жатады. Тілдік материалды модульдік
оқыту жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді, әрі оқушылардың практикалық
жолмен жұмыс жұмыс жасау дағдысын жетілдіреді. Олар әртүрлі тақырыптар
бойынша дайындалған тірек кестелерімен, мәтіндермен, басқа да ізденімпаздық,
шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік
дағдыларын одан әрі қалыптастыра алатын болады. Осы тұрғыдан қарағанда,
қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек
ұсыну, ойын түрлерін беру, оны содан соң практикалық тәжірибеде қолдана
білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін береді. Бұл, әсіресе, оқу сабақтарында
модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін
сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа,
ізденімпаздыққа жетелейді.
Жаңа әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
технологиясы. Бұл технологияның көптеген елдің оқыту тәжірибесіне енгізілгені
мәлім. Аталмыш технология оқушылардың сабаққа
қызығушылығын арттырады,
ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын
қалыптастырады. Осы сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану
арқылы сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, әр түрлі
стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап
іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық, ұялмай айта білуге тәрбиелеуге болады.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте
тиімді, бұл жоба келесі үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны
тану, ой толғанысы. Ең маңыздысы – осы әдісте бұрынғы білім мен жаңа ұғым
ұштастырылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану
арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына
сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу, заман қажеттілігіне сай ізденімпаз тұлғаны
қалыптастыру іске асады. Оқыту үрдісінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ
беру шеберлігіне, сабағын қызығушылықпен жүргізіп, зейін қойдыра білуіне,
оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Кез келген жаңа
әдістер мен технологиялар оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін
ұялатады, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына,
сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпалын тигізеді, білім сапасын одан әрі арттырады.
156
157
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831
Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Жаңаша оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын
арттырып қана қоймай, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз әсерін
молынан тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана
білу арқылы оқушыларға сапалы білім бере алатын боламыз. Сондықтан
оқытушы сабақтың өткізу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп,
сапасын арттырып, жаңа әдістерді тиімді пайдалануға барлық күшін жұмсауы
тиіс.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1
Жанпеиісова, М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде. – Алматы, 2006.
2
Айтбаева, А. Б. Білім берудегі жаңа технологиялар. – Алматы : Қазақ
университеті, 2011.
3
Құрман, Н. Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. Монография.
– Астана, 2008.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
Г. Е. Жусупова
Достарыңызбен бөлісу: