«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет97/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

 
Әдебиеттер тізімі 
1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене 
мәдениеті» сериясы, -Алматы, 2012.- № 3 (34), 3-4 б. 
2. Туманян, Г. С. Школа мастерства борцов, дзюдоистов и самбистов: учеб. 
пособие для студ. высш. учеб. заведений / Г. С. Туманян. – М.: изд. центр 
«Академия», 2006. – Б. 53–61. 
3. Алиханов, И. И. Техника спортивной борьбы / И. И. Алиханов. – М.: 
Физкультура и спорт, 1977. – 216 б. 
4.Медведь, А. В. Совершенствование подготовки мастеров спортивной 
борьбы / А. В. Медведь, Е. И. Кочурко. – Минск: Полымя, 1985. – 144 б. 
5. Спортивная борьба: учеб. для ИФК / А. П. Купцов [и др.]; под общ. ред. А. 
П. Купцова. – М.: Физкультура и спорт, 1978. – 424 б. 


292 
ӘОЖ 821.512.122.09:37.09 
ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР 
Мамиева С.К. 
Ғылыми жетекші: Сейпутанова А.Қ. 
С. Амнжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: S-mamieva@mail.ru 
 
XXI ғасыр – әлемдік жаһандану ғасыры. Әр халық өзінің ұлттық мәдениеті 
мен дәстүрін, тілі мен дінін сақтай отырып, білімі мен ғылымын тұтастандыруы 
қажет. Жаңа білім парадигмасы баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның 
тұлғасын, білім алу арқылы дамуын алдыңғы орынға қойып отыр. Қазіргі 
педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған 
жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы болып отыр. Жаңа білім беру 
технологиясының басты қағидалары – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын
дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға 
қалыптастыру. 
Отандық білім беру жүйесінде жаңа бағыт іздеу, оқыту формасын жаңартуға 
бет бұрды. Жаңашылдық өзгерістер, әлемдік педагогикалық тәжірибені ғылыми, 
технологиялық тұрғыдан талдау білім беруді дамытудың жаңа бағдары жаңа 
стратегияны таңдауға себеп болып отыр. Қазақстандық білім жүйесін 
модернизациялаудың басты бағыттарының мақсаты – оның қазіргі нарықтық 
экономика жағдайында, жаһандануды ескере отырып, жаңа мазмұнын қамтамасыз 
ету болып табылады.
Білім – адам үшін берері көп, мағынасы кең ұғым. Ғылыми әдебиеттерде білім 
– айналадағы дүниенің, адамның практикалық және танымдық қызметі үшін 
қажетті жақтарын бейнелеу делінсе, келесі әдебиетте білімді тиісті объектілер 
туралы біздің алған хабарларымыз, ақпараттарымыз деп қарастырады. Білім 
ұғымына қатысты қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде білім – оқу, үй ренумен санаға 
қонатын ақиқат жайлы түсінік, ал қазақ кеңес энциклопедиясында білім бүкіл 
танымның даму үрдісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының 
жиынтығы делінген. Осылайша білімге берілген анықтамалардың барлығының 
мағынасы біреу болып табылады, яғни адам баласының іс-тәжірибесінде, рухани 
өмірінде жинақталған ақпарат, шындық жүйесі. Адамзат баласының төңірегіндегі 
дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа толы, уақытпен санасатын жаңа білімді 
игеруімен байланысты жүріп отырады. Дүниежүзілік қауымдастықтың бiртұтас 
бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша талпынуы – 
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына жинаған саналы да 
парасатты тұлғаны тәрбиелеп шығаруы. Осы тұрғыдан алғанда, білім мен ғылым 
барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде 
қалыптасатынын айтуға болады. 
Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тілі мен діні, жері қаншалықты маңызды 
болса, оның рухани дүниесі де соншалықты мән-мағынаға ие. Ұлттық мәдениет сол 
халықтың дәстүрлі дүниетаным, тарихи-мәдени және эстетика-этикалық 


293 
ұстанымын, тілі мен дінін, болмыс-бітімін айғақтап, әлемдік өркениеттегі орнын 
айқындайтын рухани құндылықтардың мәйегі. Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше 
сипатқа ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу 
үрдісі қоғамның тіршілік әрекеттерінен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды 
іске асыратын арнайы кәсіби мамандардың пайда болу кезеңінен бастау алған. Білім 
қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және 
ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім – 
тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар 
болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал, 
ғылыми білім – терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана 
шектелмейді. Ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді сырттай 
сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді 
жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын 
айқындайды.
Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі, 
сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді 
мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда 
полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, 
қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын қайта 
қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны 
жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда. Жаңартылған бағдарлама 
бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны 
баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. 
Осы уақытқа дейін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар 
күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық 
таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай 
отырғаны бәрімізге мәлім. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу 
бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі 
мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша 
құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. 
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, 
білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық 
тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Ұлттық тәрбие деп, жеке 
тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл 
мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. 
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда 
ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-
қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық 
құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер 
рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен 
кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – 
ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды 
іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани 
байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, 


294 
мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін 
көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. 
Өз 
ұлтын 
қадірлеп-қастерлеген, 
ұлт 
қадірін 
білген 
азаматтың 
бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет